Материалдар / PowerPoint бағдарламасы. Негізгі ұғымдары. (ашық сабақ)

PowerPoint бағдарламасы. Негізгі ұғымдары. (ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика мұғалімдеріне арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Сабақтың тақырыбы: PowerPoint бағдарламасы. Негізгі ұғымдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: PowerPoint бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдаланып компьютерлік презентация құруға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға,

уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамыту, жеке және жұппен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту және практикада қолдану сабағы.

Сабақтың технологиясы: Ақпараттық технология

Сабақтың әдісі: Жобалау әдісі

Сабақтың бағдарламалық жабдығы: Microsoft PowerPoint бағдарламасы, суреттерді

қарауға арналған бағдарламалар.

Сабақтың құрал – жабдығы: Дербес компьютер, интерактивті тақта, сандық

фотоаппарат, үлестірмелі қағаздар.


Жоспар:

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).

2. І кезең. Жобаның тақырыбын таңдау. Шығармашылық топтарды құру. Әр топтың міндеттерін бөлу. Тақырып бойынша жаңа материалды түсіндіру. (10 мин).

3. ІІ кезең. Жобаға қатысушылардың жеке жұмысы және шығармашылық топтармен жұмыс. (15 мин).

4. ІІІ кезең. Жұмысты қорғау. Ұжым болып талдау (15 мин).

5. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма (3 мин).

Жобамен жұмыс кезінде кезеңдер бойынша оқытушымен студенттің іс – әрекеті.

Кезеңдер

Оқытушының іс - әрекеті

Студенттің іс - әрекеті

І. Жобалау тапсырмасын әзірлеу

1.1 Жобаның тақырыбын таңдау

Жобаның тақырыбы. «Кел, танысайық!» Оқытушы ұсынады.


1.2 Жобаның тақырыпшаларын таңдау.

Оқытушы 5 тақырыпша ұсынады:

1. «Біздің колледж»;

2. «Біздің топ»;

3. «Біздің топ жетекші»;

4. «Біздің топ басшы»;

5. «Біздің мамандық».

Студенттер келіседі немесе өз тақырыпшаларын ұсынады.

1.3 Шығармашылық топтарды ұйымдастыру

Оқытушы студенттердің іс-әрекеттерін үйлестіріп, кеңес береді

Студенттер өз рөлдерін анықтайды (редактор, дизайнер, фото тілші, оператор) және сәйкесінше жұптарға бөлінеді: 5 жұп, әр жұп (редактор және безендіруші) бір слайд өңдейді

1.4 Жұмыс жасауға материалдар таңдау.

Оқытушы жаңа материалды баяндайды, сонымен қатар әр жұптың тапсырмаларын тұжырымдайды, материал таңдау көздерін көрсетеді.

Студенттер жаңа материалды дәптерлеріне түртіп алады, оқытушымен бірге талқылайды, өз жұбының тапсырмаларын жазып алады.

ІІ. Жобаны құру және безендіру.


Оқытушы кеңес береді, жеке көмектер көрсетеді.

Студенттер жұптары бойынша жұмыс жасайды.

1. Редакторлар мәтін құрастырып тереді және оны өңдейді.

2. Дизайнерлер слайдты безендіруге шаблондар даңдайды, суреттер іздейді.

3. Фото тілші керек фотосуреттерді дайындап әр компьютерге желі арқылы жібереді.

4. Оператор сабақ барысын бейне таспаға түсіреді.

ІІІ. Жобаны қорғау


Оқытушы жұптардың жұмысын қорғауды ұйымдастырады.

Студенттер өз жұптарымен жобаларын қорғайды. Берілген критерии бойынша жұптардың жұмыстарын бағалайды және ұпайларын кестеге толтырады.

IV. Қорыту


Жұптарға қойылған бағаларды қорытады.

Студенттер үлестірме қағазға жаңа сабаққа баға береді.


Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлематсыздар ма қонақтар, студенттер! Бүгін «Компьютерлік технология» пәнінен сабақты мен жүргіземін. Осы сабақта Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдаланып мультимедиялық компьютерлік презентация құруды үйренеміз. Мультимедиялық технологияның көмегімен бір электронды құжатқа ақпараттың қандай түрлерін біріктіруге болатын білетін боламыз.

Жаңа сабақты бастамас бұрын тақтаға назар аударып бүгін жұмыс жасайтын тақырыптарымызбен танысайық.

1. «Біздің колледж»;

2. «Біздің топ»;

3. «Біздің топ жетекші»;

4. «Біздің топ басшы»;

5. «Біздің мамандық».

Көріп тұрғанымыздай берілген тапсырманы өз атымыздан емес топтың атынан жасаймыз.

Осы тапсырмаларды орындай үшін бізге кімдер керек солармен танысайық.

  • 1 топ редакторлар 5 студенттен тұрады. Олар тақырыпқа сай мәтін құрайды, оны өңдейді.

  • Мәтін қаншалықты қызық жазылса да безендірілмесе әдемі көрінбейді. Сондықтан бізге дизайнерлер керек. (5 студент)

  • Заманауи етіп безендіру үшін суреттер және фотосуреттер керек. Бізге көмекке фото тілші керек (1 студент)

  • Сабағымыздың барысын бейне таспаға түсіру үшін бейне оператор керек (1 студент).


Студенттерге нөмірленген түрлі-түсті үлестірмелі қағаздар таратылады:

  • Көк түсті (1 ден 5 ке дейін) үлестірмелі қағаз алған студенттер тілші редакторлар тобын құрады.

  • Қызыл түсті (1 ден 5 ке дейін) үлестірмелі қағаз алған студенттер безендіруші дизайнерлер тобын құрады.

  • Сары түсті үлестірмелі қағаз алған студенттер фото тілші мен оператор рөлін атқарады.

Бір слайдты екі студент өңдеп шығарады: редактор және безендіруші. Үлестірмелі қағаздарындары цифрлары бірдей студенттер жұп құрайды.


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Microsoft Office пакетінің PowerPoint бағдарламасы – әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

PowerPoint бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған.

Әрбір презентация слайдтар жиынынан тұрады. Слайдтың құрамына графикалық фонда орналастырылған тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді.

Power Point бағдарламасын іске қосу жолдары:

1. Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft PowerPoint

(Пуск - Программы - Microsoft Office – Microsoft PowerPoint).

2. Жұмыс үстелінен ярлыгын екі рет шерту арқылы

3. Жұмыс үстелінде мәтінмәндік мәзірден Құру - Microsoft PowerPoint (Создать - Microsoft PowerPoint) әмірлерін орындау.

Презентация құру 5 кезеңнен тұрады.

  1. Слайдқа объект (мәтін, сурет, фотосурет, фигура, аудио, видео т.б.) орналастыру.

  2. Слайдты безендіру.

  3. Анимация құру.

  4. Слайдтар арасындағы ауыстырылым

  5. Гиперсілтеме қою.

1 кезең. Слайдқа объект орналастыру.

PowerPoint бағдарламасында макеттердің дайын үлгілері бар. Негізінде бос слайдпен жұмыс жасаған ыңғайлы. Сондықтан бос слайд таңдаймыз. Создать слайд – пустой слайд. Біз бүгін слайдқа мәтін және суреттер орналастырып және оларды безендіріп үйренеміз.

Мәтін енгізу үшін: Вставка – Надпись әмірін орындаймыз. Формат бөліміне барып жазған мәтінімізді безендіреміз.

Сурет енгізу үшін: Вставка – Рисунок әмірін орындаймыз. Сурет орналасқан папканың жолын көрсетіп керек суретімізді таңдаймыз. Формат бөлімінде суретімізді безендіреміз.

2 кезең. Слайдты безендіру.

Слайдтың фонын безендіру үшін Дизайн бөліміне барамыз. Дайын фонды безендірудің үлгелері берілген. Өз талғамымызбен безендіргіміз келсе Дизайн – Стили фона - Формат фона әмірін орындаймыз немесе мәтінмәндік мәзірден Формат фона әмірін таңдаймыз.

Сплошная заливка бөлімінде фонға тұтас түс қоямыз.

Градиетная заливка бөлімінен фонға градиетті бояулар құямыз.

Рисунок и текстура бөлімінен Файл әмірін таңдап керек суретімізді қоямыз.

ІІ. Жобаны құру.

Тілші редакторлар жобаның тақырыбына сай мәтіндер теріп, өңдейді. Безендіруші дизайнерлер нөмірлеріне сәйкес редакторлармен жұптасып, слайдтарды безендіреді. Фото тілші керек фотосуреттерді жеткізіп қамтамасыз етеді.


Мақал - мәтелдер

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім.

(Аттың сыры иесіне мәлім)

5. Веб-дизайншының өз еркі сайтты қалай жасаса да.

(Қазаншының өз еркі қайдан шығарса да)

6. Білмесең «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

7. Антивирусы күштіні вирус ала алмайды.

(Досы күштіні жау алмайды)

8. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

9. Компьютерде екі колонка дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

ІІІ. Жұмысты қорғау.

Интерактивті тақтада жұптар жобаларын қорғайды. Редакторлар құрастырған мәтіндерін оқиды. Студенттер жұптардың жұмыстарын бағалайды, берілген критерийлер бойынша кестеге ұпай сандарын толтырады. (қосымша №1) Қорытындысы шығарылады.

ІV. Сабақты қорытындылау.

Бүгін біз сабақта компьютерлік презентация құруды үйрендік. Сонымен презентация құрудың қандай кезеңдерімен таныстық?

(Слайдқа объект орналастыру және слайдты безендіру)

Слайдқа объектілерді қалай қоямыз?

(Вставка – надпись, вставка – рисунок т.б.)

Слайдты қалай безендіреміз?

(Дизайн бөлімінен даңдаймыз)

Әр студент үлестірмелі қағаздардағы сұрақтарға жауап береді. (қосымша №2)


V. Үйге тапсырма

«Менің қызығушылығым» тақырыбына компьютерлік презентация құру.





Қосымша №1

Бағалау критерилері

5 ұпайлық жүйемен жұптардың жұмысын бағалаңыз

1 жұп

2 жұп

3 жұп

4 жұп

5 жұп

  1. Мәтіннің мазмұны.






  1. Мәтінді безендіру.






  1. Фонды безендіру.






  1. Фото, сурет таңдау.






  1. Жобаны қорғауы.






Барлығы:








Қосымша №2

Сабақтың тақырыбы:

Студенттің аты - жөні


Сізге сабақ ұнады ма?

ұнады

ұнамады


Сіз сабақтан көп нәрсе білдіңіз бе?

көп

толық емес

ештеңе ұқпадым

Сабақтағы өзіңіздің жұмысыңызды бағалаңыз.

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық




03 Маусым 2018
1162
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі