400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Позитивті ойлау - өміршеңдік көзі. Тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Позитивті ойлау - өміршеңдік көзі. Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Позитивті ойлау - өміршеңдік көзі

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Позитивті ойлау арқылы өмірімізді жақсы жаққа өзгертуге болатындығы жайлы түсіндіре отырып, оқушыларға ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Достар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құрдастар» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




«Миға шабуыл» әдісі

- Мен үшін қуат көзі не? Күшті, энергияны қайдан аламын?

- Мен не істей аламын?

- Менің мүмкіндіктерім қандай?

- Менің қолымнан нені жақсы істеу келеді?

- Сіз үшін позитивті ойлау деген не?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Позитивті ойлау — бұл өмірде жақсы бір нәрсе болғанда туындайтын сезім емес, - мұндай сәттерде өзіңді оптимист сезіну оңай. Ол қандай жағдай болмасын, өзіңдегі үмітті үзбеу және қызығушылықты жоғалтып алмау қабілетімен байланысты.

Позитивті ойлау — бұл эмоционалды зияттың негізгі бөлігі, себебі EQ эмоцияларды және жағымды жағдайларды басқарумен, сондай-ақ қандай да бір эмоциялардың ұнамды мағыналарын ұғынумен байланысты.



Сабақтың ортасы

26 мин.

Жағымсыз ойлайтын адамдар:

• Ішіне өкпесін сақтайды;

• Өзгелерді сынап, мінейді;

• Өз қателіктеріне басқаларды кінәлайды;

• Бәрін білемін деп ойлайды;

• Іштей «басқалардың қолынан келмей қалса екен» деп тілейді;

• Ашуға бой алдырғыш;

• Мақсаттары жоқ;

• Адамдарды сөз қылуа құмар;

• Оқиғалар мен ақпараттарды жасырады;

• Өзгерістерден қорқады;

• Өз жеңістерімен мақтанғыш.

Позитивті ойлайтын адамдар:

• Қошемет сөздер айтып жүреді;

• Өз қателіктеріне өзі жауапты;

• Кешірімді;

• Басқаларға сәттілік тілейді;

• Жаңа нәрселерге ұмтылады, үйренуден қашпайды;

• Мақсаттар қояды, оған қол жеткізуді жоспарлайды;

• Өзгерістерден қорықпайды;

• Өз білгенімен бөліседі;

• Идеяларды бақылайды, талдайды;

Басқаның жетістігіне қуанады, құрмет көрсетеді.


Біздің миымызға ең бірінші келетін автоматты ойлар:

- Бәрі немесе ештеңе де: «Мен емтихандардан үнемі құлап қаламын», «Мен өзімді жақсы көретін адамды ешқашан таба алмаймын».

- Асыра айту: «Менің тақтаға шыққаным ең нашары болды, бір сөзді дұрыс айта алмадым»

- Таңба ілу: «Мен жалқаумын, семізбін, ұсқынсызбын».

- Болашақты болжау: «Менің қолымнан келмейді», «Пойызға үлгермей қалам», «Менің жолым болмайды».

- Кемсітіп айту(көңілі толмайды): «Мен шахматтан ұттым, бірақ бұл жәй сәйкестік қой»

- Жекелеу (персонализация): «Мен оған болған жәйтті айтып жатсам, кетіп қалды. Мен бір нәрсені дұрыс айтпадым-ау»

- Өзгенің ойын оқу «Мені жауапсыз деп ойлайтын шығар», «Мені жолы болмайды деп ойлайды олар».




«Кері айтшы» ойыны


Жалқау


Еңбекқор

Қорқақ


Батыл

Сараң


Жомарт

Немқұрайлы


Қамқор

Ащы


Тәтті







Позитивті сөйлеуді қолданамыз. Төменде кестедегі сөз тіркесін позитивке айналдырыңыз.

Менің қолымнан келмейді



Мен істей алмаймын



Менің күшім жетпейді



Мен ақымақпын







Позитивті ойлаудың пайдасы:

- Ынтасының артуы;

- Өз мақсаттарына ұмтылу;

- Қарым-қатынасқа жақсы түсу;

- Күйзелісті жағдайларда төзімділіктің артуы;

- Қиындық, сәтісздік жағдайларға төтеп беру, оңай өту;

- Өзін-өзі бақылауы, өзін дұрыс бағалауы дамиды.


«Мен бүгін бақыттымын» жаттығуы

Бүгінгі күнді, қуанған сәттерді, артықшылықтарын, жақсылықтарын бағалауға, табуға үйретеді. Бүгін Не үшін қуанғанын есіне түсіріп, өзін-өзі бақылауға итермелейді.

«Менің идеалды күнім» жаттығуы

Берілген әдістемені америкалық психолог және позитивті психологияның негізін қалаушы Мартин Селигман ұсынды. Бұл техниканы мақсат қоятын кезде қолдану ұсынылады. Әдістеменің арқасында сіз өзіңізге жағымсыз нәрсеге емес, позитивке, талпынған нәрсеңізге ден қоясыз. Өзіңіздің мінсіз күніңізді барынша нақты сипаттаңыз. Өзіңіздің жеке қалауларыңыз бен өмірлік құндылықтарыңыз туралы ұмытпаңыз. Мысалы, сіз не қалайтыныңызды жаза аласыз: жақындарымның жанында болу, сүйікті хоббиіммен айналысу, табиғатта демалу, қызықты жобалармен айналысу. Сіз өзіңізге рақат сыйлайтын дүниелер туралы жазуыңызға болады. Әркімде бұл тармақтар әртүрлі. Осыдан кейін сізге бұның бәрін жүзеге асыру керек. Күніңізді мінсіз өткізуге тырысып көріңіз, сосын талдаңыз – нені істей алдыңыз, не нәрсе жасалмады.





Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды еске түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Әр уақытты шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді аша берсеңіздер болады. Келісі кездескенше сау болыңыздар.

Рисунок 23









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
47 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
988
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі