2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ППҚ хаттама

ППҚ хаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
ППҚ хаттама
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 1-отырысының

-1 хаттамасы



16.09.2024ж

Өткізілген орны: Информатика кабинеті

Қатысқандар:Мектеп әкімшілігі,сынып жетекшілер,пән мұғалімдері

Күн тәртібінде:

  1. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттарын бекіту (ППҚҚ құру туралы бұйрық, ППҚҚ жұмысының жоспары);

  2. Мектепішілік оқуында уақытша қиындықтары бар оқушыларды анықтап, арнайы маманның тізіміне бекіту

Тыңдалды: Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша мектеп директоры ............... сөз алды. 2024-2025 оқу жылына мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамын таныстырып, ППҚҚ жылдық жұмыс жоспарын бекітті. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі оқу-тәрбиелеу үдерісінің барлық қатысушыларына көрсетілетін көмек пен қолдаудың ерекше түрі болып табылатынын айтты. Ол әрбір баланы мүмкіндіктері мен қажеттілігіне сәйкес табысты оқыту мен дамытуға арналған әдеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайларды құратын мамандардың бір тұтас, жүйелі түрде ұйымдастырылған әрекетін білдіретінін баяндады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша арнайы маман ............ қыркүйек айында жүргізілген диагностикалық жұмыстардың қорытындысы негізінде тізімге алынған оқушылар және олармен жүргізілген жұмыстар жайында баяндады.Жалпы мектепте диагностикалық бақылау сабаққа қатысу және «Жетістіктер картасы» арқылы жасалып, 2а,б формалары толтырылғанын айтты.1-6 сынып оқушылары арасынан оқуында уақытша қиындықтары бар 13 оқушыны атап,диагностикалық бақылаудың қорытындысын төмендегідей баяндады:


Аты-жөні

Арнайы маманның ұсынымы

Сыныбы


1


Жұмыс қарқыны тұрақсыз. Тез шаршап, әлсірейді,дисграфия байқалады

1сынып


2

Зейіні шашыраңқы, Жеткілікті деңгейде зерек емес: қарапайым тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беруге қиналады

2 сынып


3

Жазуы нашар, қисық, түсініксіз.оқуында қиындықтар бар,әріптерді буындап оқи алмайды

2 сынып


4


Өз бетінше сабаққа дайындала алмайды: сабақ үшін қажетті дәптер, оқулық, оқу құралдарын ұстай алмайды,жұмыс қарқыны төмен,дисграфия,дислекция жіне артикулярлы фонематикалық бұзылыстары бар

3 сынып


5


Сабақта көңіл күй тұрақсыз,жұмыс қарқыны ретсіз,сабққа өз бетімен дайындала алмайды,үнемі мұғалімнің көмегіне жүгінеді,есте сақтау қабілеті төмен

3 сынып

6


3 сыныпқа жаңадан келген оқушы,ұлты өзбек,бұрынғы мектебінде орыс тілінде оқығандықтан қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен оқу бағдарламасына үлгере алмайды

3 сынып


7



Оқу дағдысы бойынша сыныптастарының деңгейіне жетпейді,зейінішашыраңқы,жеткілікті деңгейде зерек емес

4 сынып

8



4 сыныпқа жаңадан ауысып келген оқушы,оқу бағдарламасына үлгере алмайды,оқуында,жазуында бірқатар қиынықтар бар

4 сынып

9



Оқу дағдысы бойынша сыныптастарының деңгейіне жетпейді,зейінішашыраңқы,жеткілікті деңгейде зерек емес

5 сынып

10


Оқу дағдысы бойынша сыныптастарының деңгейіне жетпейді,зейіні шашыраңқы,жеткілікті деңгейде зерек емес

5 сынып


11


Оқу дағдысы бойынша сыныптастарының деңгейіне жетпейді,зейінішашыраңқы,жеткілікті деңгейде зерек емес

5 сынып


12


Сабақта көңіл күй тұрақсыз,жұмыс қарқыны ретсіз,сабққа өз бетімен дайындала алмайды,үнемі мұғалімнің көмегіне жүгінеді,есте сақтау қабілеті төмен

6 сынып

13


Оқушыда оқу (дислексия), жазу (дисграфия), санау (дискалькулия) қиындықтары бар екені, сонымен қатар есте сақтау қабілетінің төмендігі байқалды.

6 сынып

Сөйледі: 3 сынып жетекшісі Нұрахмет А. сыныпқа жаңадан ауысып келген Е.Тілеубергенде отбасы жағдайына байланысты ,сабаққа енжарлықпен қарап,оқуындағы бірқатар қиындықтарды айтып арнайы маманның тізіміне алуға ұсыныс білдірді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Рахимова және әлеуметтік педагог А.Султан аталған оқушылардың әлеуметтік –тұрмыстық жағдайлары туралы баяндады.

Шешім:

  1. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттары бекітілсін;

  2. Арнайы маманның ұсынымдарына сәйкес оқушылар түзете-дамыту сабақтарымен қамтылсын

  3. Арнайы маманның тізіміне алынған оқушылармен жүргізілетін жұмыстар мектеп әкімшілігі тарапынан қадағалауға алынсын

  4. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың сапасы педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің мүшелерінен сұралсын



Жиналыс төрағасы

Жиналыс хатшысы



Жариялаған:
Ерген Мадина
01 Сәуір 2025
75
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі