Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Практикалық маңызы бар есептерді шешу факультативтік курс 6-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қызылорда облысы
Арал ауданы
№81 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Практикалық мазмұнды есептер шығару»
Бағыты: жаратылыстану-математика
Бейіні: математика
2019-2020 оқу жылы
Қаралды: Сараптамалық кеңестің №_____ хаттамасы
Оқу әдістемелік кеңестің №____ хаттамасы
Педагогикалық кеңестің кеңесте қаралып, мектеп директорының
№ ______ бұйрығымен бекітілген.
Құрастырған : Математика пәнінің мұғалімі
Қуанышова Н.С
Кімдер үшін: 6-сыныптар үшін
Факультативтік курс: Математика 6-сынып
Тақырыбы: «Практикалық мазмұнды есептер шығару»
Түсініктеме хат мазмұны
«Практикалық есептер шығару» курсы 6 сыныпқа арналған математикадан стандартты курстың толықтырылуы болып саналады.
Курстың мақсаты:
• Оқушылардың жалпытанымдық көзқарастарын кеңейту, математикалық қабілеттерін дамыту;
• Пәнді оқып-үйренудегі сенімді құлшыныстарды дамыту, теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Курстың міндеті:
• Оқушылардың математикалық білімдерін қалыптастыру;
• Оқушылардың жалпы мәдениеттік көзқарастарын кеңейту;
• Өзіңнің қаншалықты икемді екеніңді анықтауға және алдағы перспективаға жету мүмкіндіктеріңді бағалау мен дамыту;
• Есептерді шешудің негізгі және стандартты емес әдіс-тәсілдерімен танысу;
• Білім мен іскерлік дағдыны кеңейту, түрлі проблемалық ситуацияларды шешу дағдыларына үйрену.
Курстың өзектілігі:
Кейбір оқушылардың математикаға деген көзқарастары өте кең, сондықтан да оларға мектеп бағдарламасы аздық етеді. Ұсынылып отырған бағдарлама оқушылардың математикаға деген қабілеттерін, ақылдың кеңін, тез ойлау мен есептеу мүмкіндіктерін тек терең білімнің нәтижесінде ғана қол жеткізе алатынын көрсетеді. Сондай-ақ білімді шоғырландырып, жалпы тайталасқа, өзіне сенімді оқушыларды даярлауға бағытталады. Бағдарлама 6 сыныптарға лайықталып жасалынған.
Курсқа логикалық есептер, болжам жасауға арналған есептер, жиындар теориясына және комбинаторика элементтеріне есептер, Дирихле принципі мен Эйлер дөңгелектері көмегімен шығарылатын есептер еңгізілген, сол себепті осы курс оқушының алған білімін негізгі курс бойынша кеңейтеді, тереңдетеді және жүйелейді. Теориялық материал типтік есептерді талдаудан тұрады, өзіндік жұмыстарға арналған жаттығулар, өзін-өзі тексеру сұрақтары, негізгі формулалар, тарихи деректер бар. Әрбір бөлім жобамен аяқталады. Оқушылар логика тәсілдері мен логикалық ережелерді оқып үйренеді. Курстың қолданбалылығы мен практикалылығы адамның әртүрлі сферадағы өмірімен байланыстырылған есептерден, ертегі және ойын түрінде берілген есептерден, тарихи есептер, құюға байланысты, жиындар мен комбинаторика есептерінен тұрады. Бұдан басқа ұлы математиктердің өмірі мен ашқан жаңалықтары, соның ішінде қазақ математиктері жайлы мағлұматтарды жинаумен айналысады. Білім жаңа деңгейге көтерілген сайын оқушылар үшін де қиындықтар туындайды. Математика – баланың ой-өрісін дамытатын инструмент, сол себепті осы курстың мақсаты – баланың потенциалын ашу, оны заманның қарқынына ілесе алатындай етіп шығару. Осы курс пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруға, математикаға қабілеті бар балаларды анықтауға және болашақта математикамен байланысты мамандықты таңдауға мүмкіндік береді.
Мазмұндық бөлім.
Кіріспе. (1с)
Кіріспе.
Ойлауға, талдауға берілген есептер. (3с)
• Ертегілер әлеміне саяхат.
• Мәтіндік есептер.
• Фигураларды санауға берілген есептер.
Дирихле принципі. (3с)
• Дирихле принципі туралы түсінік
• Жалған монеталарды табуға есептер.
• Шаршыға байланысты есептер .
Логикалық есептер. (5с)
• Графтар туралы түсінік.
• Эйлер дөңгелектеріне есептер.
• 5 пен 10-ға бөлінгіштік белгілері.
• 3 пен 9-ға бөлінгіштік белгілері.
• Кітап беттеріне байланысты есептер.
Жарыс сабақтар. (3 с)
• Бөлінгіштікке есептер.
• Ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселікке есептер.
• Сандар тізбегінің заңдылығына берілген есептер.
Эйлер дөңгелегі. (2 с)
• Эйлер дөңгелегін қолданып шығарылатын есептер.
• Көбейту ережесі.
• Қосынды мен көбейту ережелеріне есептер.
Дирихле принципі. (2 с)
• Логикалық есептер және Дирихле принципі.
• Соңынан бастап шығарылатын есептер
Логикалық есептер. (3 с)
• Логикалық есептер және графтар.
• Цифрларды табу жолдары.
• Шешім табылмайтын жағдайлар. Шешім бар..
Есептерді шешудің геометриялық әдісі. (2 с)
• Ромб, квадрат және үшбұрыш- барлығы көпбұрыш.
• Берілген саннан пайыз табу. Пайызға есептер шығару..
Жорамал есептер. (4 с)
• Жорамалдау әдісі.
• Логикалық есептер және кестелер..
• Тапқырлыққа есептер.
• Шырпыға байланысты есептер.
• «Жұмысқа» байланысты есептер.
Жиындар. Жиындарддың қасиеттері және оларға амалдар қолдану. (3 с)
• Жиындар. Бос жиын. Жиындардың қиылысуы. .
• Орналастыру
• Алмастыру.
• Теру. Ғажайып қашықтықтар.
Логикалық есептер. (3 с)
• Кесте арқылы шығарылатын логикалық есептер.
• Санау жүйелері.
• Эйлер дөңгелегімен шығарылатын есептер.
• Қорытынды сабақ.
Нормативтік бөлім.
Курсты оқып-үйрену барысында оқушылар:
• «Практикалық есептер шығару» негіздерін білуі тиіс;
• Есептер шығаруда теориялық білімдерін қолдана білулері қажет;
• Стандарт емес есептерді шығарудың дағдыларын меңгеруі тиіс;
• Математикалық мәдениеті мен білім сапасын арттыруы тиіс;
Сабақты өткізудің формалары: дәстүрлі сабактар, лекциялар, семинарлар, іскерлік ойындар,шығармашылық есептер, интеллектуальды турнирлер, математикалық жарыстар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, топпен.
Курс оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастырудың негізі болуы мүмкін.
Күтілетін нәтиже:топта бірлескен жұмысқа дағдыланады, білімді функционалдық және шығармашылықпен қолдана алады; сыни ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізуге машықтанады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; әртүрлі коммуникация түрлерін қолдану дағдылары дамиды.
Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік іс-әрекеттері үшін төмендегі тақырыптарды ұсынуға болады:
1. Жиындарға қолданылатын амалдар.
2. Комбинаторика тарихынан.
3. 7 сыныпқа арналған, экономикалық мазмұнды есептер.
4. 5-7 сыныптарға арналған Дирихле принципіне есептер.
5. 6 сыныптарға арналған комбинаторлық есептер.
6. Эйлер дөңгелегі.
7. Жорамалдау әдісіне есептер.
8. Графтар теориясына есептер.
9. Бөлінгіштікке берілген есептер.
10. Қууға байланысты есептер.
11. Процентке берілген есептер.
Курс материалынан жақсы меңгерту үшін компьютерлік технологияны (презентациялар, флипчарттар, геогебра мүмкіндіктерін)қолданған жөн.
Бағдарлама мектеп курсының математика пәнінің оқу материалына сәйкес алынып, оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін ескеріп құрастырылған. Курс тапсырмалары оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға, ойлау қабілеті мен логикасын жетілдіруге, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Күнтізбелік жоспар
Р/с |
Тақырып |
Сағат саны |
Өткізілу түрі |
Мерзімі |
Білім өнімі |
||
Барлығы |
Теория |
практика |
|||||
1 |
Кіріспе |
1 |
|
|
|
6.09 |
|
2 |
Ойлауға, талдауға берілген есептер. Ертегілер әлеміне саяхат. Мәтіндік есептер. Фигураларды санауға берілген есептер. |
3
|
1 |
2 |
Практикум |
13.09 20.09 27.09 |
Тақырыпқа сәйкес есептер құру |
3 |
Дирихле принципі. Дирихле принципі туралы түсінік. Жалған монеталарды табуға есептер. Шаршыға байланысты есептер. |
3 |
1 |
2 |
Практикум |
4.10 11.10 18.10 |
Тақырыпқа сәйкес есептер талдау |
4 |
Логикалық есептер. Графтар туралы түсінік. Эйлер дөңгелектеріне есептер. 5 пен 10-ға бөлінгіштік белгілері. 3 пен 9-ға бөлінгіштік белгілері. Кітап беттеріне байланысты есептер. |
5 |
1 |
4 |
Практикум |
25.10 8.11 15.11 22.11 29.11 |
Тақырыпқа сәйкес есептер құру |
5 |
Жарыс сабақтар. Бөлінгіштікке есептер. Ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселікке есептер. Сандар тізбегінің заңдылығына берілген есептер. |
3 |
1 |
2 |
Практикум |
6.12 13.12 20.12 |
Тақырыпқа сәйкес есептер құру |
6 |
Эйлер дөңгелегі. Эйлер дөңгелегін қолданып шығарылатын есептер. Көбейту ережесі. Қосынды мен көбейту ережелеріне есептер. |
2 |
1 |
1 |
Практикум |
27.12 10.01 |
Тақырыпқа сәйкес есептер құру |
7 |
Дирихле принципі. Логикалық есептер және Дирихле принципі. Соңынан бастап шығарылатын есептер. |
2 |
1 |
1 |
Практикум |
17.01 24.01 |
Тақырыпқа сәйкес есептер құру |
8 |
Логикалық есептер. Логикалық есептер және графтар. Цифрларды табу жолдары. Шешім табылмайтын жағдайлар |
3 |
1 |
2 |
Практикум |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |