400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Практикалық сабақ "Көмірқышқыл газын алу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Практикалық сабақты өткізудің қысқа мерзімді жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді

(тексерушінің аты-жөні) қысқа мерзімді жоспар

Бөлім атауы:

7.3Химиялық реакциялар


Педагогтың аты-жөні:

Керімбай Бибигүл


Күні

05.05. 2025


Сынып: 8 Ә,В, Б

Қатысушылар саны Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Көміртектің оксидтері.П.ж.№7 «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу»


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

8.4.3.4 - көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу;


Сабақ мақсаты

кейбір карбонаттардың сұйытылған қышқылдармен реакцияларын зерттейді;

көмірқышқыл газының сапалық реакциясымен анықтайды;


Құндылықтарды дарыту

Бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5-минут

Ұйымдастыру Сәлеметсіздер ме!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу

Сенің білетінің: көмірқышқыл газына сапалық реакция

Сенің меңгеретінің:

Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесу реакциясын ;

көмірқышқыл газына сапалық реакция жасау (немесе

CO2 сапалық аңықтау.)

Дәптерлеріне сабақ тақырыбын жазады

Ынталандыру әдісі Мадақтау


Слайдтар 1 -9



Жаңа сабақ

30 минут

Ұжымдық жұмыс. Жаңа тақырыппен таныстыру;

Көміртек оксидтерімен таныстыру

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру;

бекіту тапсырмаларын орындату

Тапсырма

Тәжірибе № 1Сынауыққа бордың немесе мәрмәрдің бірнеше кесегін салып, үстіне 2 мл тұз қышқылы ерітіндісін құйыңыз. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жабыңыз.

Реакция теңдеуі Суреті

Қорытынды

Көмірқышқыл

газы түзіледі

Тәжірибе № 2

Түтіктің ұшын стаканға ба тырыңыз, газдың жиналға ның жанған шырамен анық таңыз. Жиналған газды бас қа стаканға ептілікпен құй ыңыз және екі стакандағы газды да жанған шырамен сынаңыз

CO2

газы жануды қолдамайтын газ

Тәжірибе № 3

Көмірқышқыл газы бар стаканға әкті су құйып, ерітіндіні шайқаңдар

Ерітіндінің лайланғандығы байқалады

Түтіктің ұшын 2-3 мл әкті суы бар басқа сынауыққа батырыңыз

Кальций гидроксиді+көмірқышқылгазы = кальций карбонаты+су

Ерітіндінің лайланғандығы байқалады

Тәжірибе № 2

Сынауыққа 2-3 мл дистильденген су құйып, үстіне бірнеше тамшы лакмус тамызыңыздар, су арқылы индикатордың түсі өзгергенше көмірқышқыл газын жіберіңіздер.

  • Көмірқышқылгазы+су= көмірқышқылы

Дистилденген суда лакмус күлгін түсті, ал көмірқыщқыл газы сумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі. Сондықтан лакмустын түсі қызылға ауысады

Тәжірибе № 3

Көмірқышқыл газын лайлы ерітінді толық түссізденгенше жіберіңіздер

Ca(OH)2 + CO2 + H2O → Ca(HCO3)2

Ұзақ уақыт CO2 газын жіберсе кальций гидро карбонаты түзіледі.

Оқушылар кестені толтырады, тәжірибені қорытындылайды

Дескриптор:

білім алушы - практикалық жұмыс тақырыбын және жұмыс барысын анықтайды; -

бақылау нәтижелерін жазады; -

-реакция теңдеулерін сөзбен жазады;

- реакция өнімдерін анықтап, қорытынды жасайды.


https://youtu.be/iVazrIHICDohttps://youtu.be/puRM1GO6xT8

Көмірқышқыл газын жинау

https://youtu.be/qrpSkCnKWjk

Көмірқышқыл газын шырамен тексеру

https://youtu.be/yulffYApXkI

Көмірқышқыл газының кальций гидроксидімен әрекеттесуі

https://youtu.be/161f3Ikex3g



Сабақтың соңы

5-минут

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;

Бекітуге арналған тапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу;

Бекіту тапсырмалары

  • 1. Борға тұз қышқылын қосқанда не болады?

  • 2. Көмір қышқыл газын ізбес суы арқылы өткізгенде алдымен ерітінді лайланып, сосын неге ериді?

  • 3. Көмір қышқылын дистилденген су арқылы өткізгенде не байқадыңыз

  • 4. Индикатордың қандай түрімен таныстыңыз?

  • 5.Фенолфталейн бейтарап ортада қандай түс береді?

  • 6.Лакмус қышқылдық ортада түсін өзгертеді ме?

  • 7.CO2 газы жануды қолдайды ма?


Мұғалімнің бағалауы 1-10 балдық жүйе бойынша

Қошеметтеу әдісі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.05.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі