400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нүсқау:Балалардағы эндокринді жүйенің аурулары

Материал туралы қысқаша түсінік
: Студенттерге эндокринді жүйенің оның ішінде қант диабетінің даму ерекшеліктері, клиникасы, диагнозы, емі, күтімі, гипо- және гипергликемиялық кома кезінде көмек көрсету, алдын- алу туралы үйрету.Студенттерді теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ













Практикалық сабаққа арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Тақырыбы: «Балалардағы эндокринді жүйенің аурулары.

Қантты диабет».


(оқушыға арналған)


Пән: «Балалар аурулары»

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі» біліктілігі 0301013 «фельдшер»

4 курс 7 семестр





Құрастырған: Балалар аурулары

пәнінің оқытушысы

С.Қ.Жанбатырова.










АҚТАУ 2017


Тақырыбы: Балалардағы эндокринді жүйенің аурулары. Қантты диабет.


Сабақтың мақсаты:

1. Оқыту: Студенттерге эндокринді жүйенің оның ішінде қант диабетінің даму ерекшеліктері, клиникасы, диагнозы, емі, күтімі, гипо- және гипергликемиялық кома кезінде көмек көрсету, алдын- алу туралы үйрету.Студенттерді теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге үйрету.

2. Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, жауапкершілікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу,науқастарға мейірімділікпен қарауды қалыптастыру.

3. Дамыту: Әртүрлі инновациялық ойындарды қолдану арқылы студенттерді топпен және өз бетімен ізденуге үйрету, есте сақтау, ойлау, тыңдай білу қабілетін дамыту, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

Көрнекі - құрал жабдықтар:

  • ОӘК

  • Әдістемелік нұсқау

  • Жағдаяттық есептер

  • Деңгейлік тапсырмалар

  • Дидактикалық материалдар

  • Слайдтар

  • Интеракивті тақта

  • Суреттер

Сабақ түрі: Практикалық сабақ..


Сабақтың құрылымы мен хронокартасы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут

  2. Теориялық білім деңгейін тексеру 50 минут

  3. Практикалық дағдыларды көрсету кезеңі 40 минут

  4. Оқушылардың өзіндік жұмысы 100 минут

  5. Жаңа тақырыпты бекіту 30 минут

  6. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау 10 минут

  7. Үйге тапсырма 5 минут


Сабақтың жүрісі:


І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.

Оқытушы аудиторияның сабаққа дайындығын тексереді.


ІІ. Теориялық білім деңгейін тексеру - 50 минут. Қант диабеті туралы түсінік, қант диабеті ауруларының ерекшеліктері мен емдеу әдістері. Осы тақырып бойынша алған білімдерін, студенттердің сабаққа дайындығын тексеру мақсатында оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып, оларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.

  1. Қант диабеті тақырыбына байланысты теориялық білімдерін тексеру мақсатында тесті сұрақтары беріледі. 10 минут. Тест сұрақтары тіркелді.

  2. «Қарлы кесек ойыны- 40 мин.». Студенттердің қант диабеті ауруларының ерекшеліктерін еске түсіру үшін және тез ойлап, тез жауап беру қабілетін арттыру үшін қолданылады.

Ойын мақсаты: Студенттерді 3 топқа бөліп, әр топтың атын белгілеу (тапқырлар, болашақ, достық) үш топтың тапсырмалары 3 түрлі деңгейде берілген, яғни жеңіл сұрақтан күрделі сұраққа дейін шектелген. Әр топ сұраққа жауап бергеннен кейін келесі деңгейлі тапсырманы орындау үшін орындарын ауыстырып отырады. Әр студенттің бағасы нақты жауабына қарай қойылады.

Ойын сұрақтары:


І деңгей: 1. Ұйқы безі қандай қызмет атқарады?

2. Қант диабеті қандай ауру?

3. Қант диабетінің түрлері?


ІІ деңгей: 1. Қант диабетінің типтері?

2. Қант диабеті этиологиясы?

3. Қант диабеті патогенезі?


ІІІ деңгей: 1. Қант диабетінің клиникалық түрлері?

2. Қант диабетінің негізгі белгілері?

3. Қант диабетінің асқынулары?


ІІІ. Практикалық дағдыларды көрсету кезеңі – 20 минут.

Не істей білу керек:

  1. Қандағы қанттың мөлшерін анықтау;

  2. Зәрдегі қант мөлшерін анықтау;

  3. Гипогликемиялық комада алғашқы көмек көрсету;

  4. Гипергликемиялық комада алғашқы көмек көрсету;

  5. Зәрдегі ацетон мөлшерін анықтау,

  6. Тәуліктік диурезін және су балансын анықтау;

  7. Инулин егу ережелері;

  8. Иньекция орнын таңдау

  9. Қантты диабеттің алдын алу шараларын жүргізуді;

  10. Науқасты рентгенологиялық тексеруге дайындау.


1.Қандағы қанттың мөлшерін анықтау.

Әзірле:

Глюкометр, мақта шариктерін, спирт ерітіндісін.

  1. Науқас ыңғайлы отырғызылады.

  2. Сол қол, 4-ші саусақтың сыртқы қырын тесіп, қан алынады.

  3. Аспапта орналасқан индикатор қағазына қан тамшысын сүртіп, енгіземіз.

2.Зәрдегі қант мөлшерін анықтау.

Әзірле:

Тест лентаны, 0,5 л таза шыны ыдысты.

  1. Қақпағын ашып, лентаны 3,5 – 4 см тарт.

  2. Лентаны тартып тұрып, қақпағын жауып, лентаны жыртып ал.

  3. Лентаның 4/1 бірін кіші дәретке батырып, тез суырып ал. Лентаның бір басы дәрімен толық ылғалдансын да, бір басы құрғақ күйінде қалуы керек.

  4. Бір минут күт, лентаның түсі өзгереді. Егер сары түс болса, онда зәрде қанттың болмағаны.

  5. Тез арада лентаның түсін қорапшадағы көрсетілген түстермен салыстырыңыз. Егер нәтижесі 1-2% болса, тағы 1 минут күтіп, қайта салыстыр.

  6. Лентаны 2 минуттан артық ұстауға болмайды, оның түсі керісінше өзгере бастайды.

3.Гипогликемиялық комадағы алғашқы медициналық көмек.

Алгоритм әрекеттері:

  1. Егер науқастың есі болса оған бірнеше кесек қант, 1-2 ас қасық бал, кәмпит, тәтті шәй беру.

  2. Егер ессіз болса венасына шапшытып 15-20 мл 20 % глюкоза ерітіндісін құйу.

  3. Терінің астына 0,1 мл кофеин ерітіндісін егу.

  4. Дымқылданған оттегі беру.

  5. Ауру есін жиғасын тамақтандыру.

4 . Гипергликемиялық комадағы алғашқы медициналық көмек.

Алгоритм әрекеттері:

  1. Көк тамырға 150-200 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісін қосып әр кг дене салмағына 0,1 Б есебінен үздіксіз етіп инсулин құйылады.

  2. Асқазан 5% сода ерітіндісімен жуылады

  3. 4% сода ерітіндісімен тазартқыш клизма қою

  4. Рингер ас тұзының физиологиялық ерітіндісін тамшылатып 2-3 литрге дейін құю.

  5. 3-4 сағаттан кейін ауруды оңай сіңетін тамақтармен тамақтандыру.


5. Зәрдегі ацетон мөлшерін анықтау.

Әзірле:

Кетефан жиынтығы, таза шыны ыдыс.

  1. Кетафан жиынтығындағы тілім қағаздарды (бір ұшында сарғыш белгісі бар) белдеу батқанша зәрге аз уақыт батыр.

  2. 1 минуттан соң, жинақтың сыртындағы көрсетілген түсіне байланысты зәрдегі ацетон шамасын анықта.

  3. Егер зәрде ацетон пайда болса, инсулин өлшемін 20 % көбейту керек.


6.Тәуліктік диурезі мен су балансын анықтау іс әрекеттері.

Әзірле: сыйымдылығы 2-3 л таза шыны ыдысты.

  1. Сырқат таңертеңгі сағат 7-де дәретке отырып, қуығын босатады.

  2. Бір тәуліктің ішінде (таңертеңгі сағат 9-дан келесі күнгі таңертеңгі 7-ге дейін) сырқаттың зәрін бір ыдысқа жина.

  3. Зәрі бар ыдысты салқын жерде сақта (кафельді едені бар даретханада).

  4. Сонымен қатар сырқаттың ішкен сұйығының мөлшерін есепте (сорпа, компот, жеміс-жидек пен көкеніс есептеледі).

  5. Келесі күні сағат 7-де су балансын анықта. Бір тәулікте ішкен сумен шыққан зәрді салыстыр.

  6. Алынған мәліметтерді қызу қағазына жаз (Т-лист).


7.Инсулин егу ережесі.

Иньекция алдында

  1. Қолды сабындап жуыңыз

  2. Инсулин шприцін инесімен дайындаңыз

  3. Инсулин флаконының тығынын спиртке малынған сальфеткамен сүрт

  4. Инсулин флаконының қақпақшасы болса, алып таста. Флаконды екі алақанның арасына салып, домалатып айналдыр. Бұл инсулиннің біркелкі таралуына, әрі дене температурасына дейін жылуына әсер етеді.

  5. Инсулиннің шприцін құрастыр. Инесінің тығынын алып қой (керек болады)

Шприцке сору

  1. Шприцке поршеньді тартып, инсулиннің керекті мөлшерін апар

  2. Инсулин флаконының резеңке тығынын инемен тес.Поршеньді итеріп,ішіндегі ауаны флаконға енгіз.

  3. Флаконды шприцімен бірге төңкеріп, көздің деңгейінде ұста.Инсулинді керекті мөлшерінен сәл асырып сорып ал

  4. Шприц ішінде ауа болса, ұқыпты түрде шығар.Поршеньді итеріп, инсулиннің керекті мөлшерін қалдыр. Ауа болмас үшін инсулинді сорғанда, поршеньді жәй тарту керек

  5. Инені флаконнан шығар. Иньекция жасауға дайынсыз


Иньекция жасау

  1. Иньекция орнын сүртіп, екі саусақпен жиыра ұста. Шприцті қалам ұстағандай ұстап, тез арада (4-5 секунд) инені толығымен тық. Ине 45 – 90 градуста салынады.

  2. Поршеньді итеріп, инсулинді енгіз

  3. Шпрцті шығар. Қанаса қолыңмен бірнеше секундқа жәй басып тұр. Уқалауға болмайды. (инсулин тез сіңіп кетеді)

  4. Иненің тығынын кигізіп тұрып, сақтық шараларын орындай отырып инесін сындыр.Коробкаға таста.


8. Иньекция орнын таңдау

Мына суретте инсулинді егуге болатын жерлер көрсетілген.

Инсулинді бір жерге қайталап салуға болмайды. Бұрынғы салынған жерден үш елі қашықтықта болу керек. Бұл инсулиннің біркелкі таралуына жағдай жасайды, әрі тері асты май қабатының зақымданунан сақтайды.Инсулин тері астына салынады.

9.Алдын алу шараларын жүргізу.

  1. Барлық қант диабеті науқастарды «Д» есепте тұрады.

  2. Дұрыс тамақтандыру, семіздікті болдырмау.

  3. Тамақтағы тұзды, майды, тез сіңетін көмірсуларды азайту.

10.Науқасты рентгенологиялық тексеруге дайындау.

Қант диабетімен ауырған науқастарға диагностикалық мақсатпен рентгендік тексеру жүргізіледі.

Процедураны арнайы R- кабинетінде дәрігер жүргізеді.

Пайдалы кеңестер

- Тек дәрігер нұсқауындағы инсулинді және керекті мөлшерін ғана қолданыңыз.

- Инсулин тамақ ішкенге дейін 30 минут бұрын салынуы тиіс. Кейде ұзақ мерзімге әсер ететін инсулин ұйықтар алдында салынуы мүмкін. Дәрігер нұсқауына мұқият қарау керек.

- Инсулиннің қолдану мерзіміне көңіл аудар!

- Тек инсулин шприцін қолдану керек.

- Инсулин тоңазытқышта +2 +8˚С та сақталады. Мұздатқышта, ыстық жерде ұстауға болмайды.

- Инсулинді иньекция алдында тексер. Қысқа мерзімге әсер ететін инсулиндер мөлдір болады.Ал орта және ұзақ мерзімге әсер ететін инсулиндер ақ, лайлы келеді.Егер инсулиннің түсі өзгерсе, мұздатқышта сақталса немесе таза болмаса қолдануға болмайды.


ІV. Оқушылардың өзіндік жұмысы – 90 минут.

Студенттер көрсетілген практикалық дағдыларды бір-біріне жасайды, оқытушы қателіктерін бақылап тексереді.


V. Жаңа тақырыпты бекіту – 20 минут.

«Қоржын » ойыны – 10 минут. Сабақты бекіту қоржын ойыны түрінде өткізіледі. Қоржын ойыны студенттерді сабақтан жалықтырмайды, қызығушылығын арттырады.

Қоржын ойыны: қоржынға сұрақтар, жағдайятты есептер жазылған парақтар жасырылып, әр бір студент қалаған сұрақты ашып жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Қалыпты жағдайда дені сау адамның 1 литр қанында қанша глюкоза болады?

  2. Қант диабетінде қандай гармон жетіспейді?

  3. Қант диабетінде қандай ағзалар зақымданады?

  4. Қант диабетіне тән синдромдар?

  5. Қант диабетінің негізгі шағымдары?

  6. Қанда қант мөлшері қанша болғанда глюкозурия дамиды?

  7. Қант диабетінің инсулинге тәуелсіз түрінде қандай дәрмектер қолданылады?

  8. Гипергликемиялық кома кезінде қандағы қант мөлшері нешеге дейін жетеді?


Жағдаяттық есептер:

Есеп 1. Емханаға 8 жасар қыз бала келді. Анасының айтуынша 3 ай бұрын бала эпидемиялық паротиттің ауыр түрімен ауырған.Аурудан соң көп сұйық (5 литрге дейін) ішетін болғасын және көп зәр шығаратынын анасы байқаған. Тәбеті жақсы болса да жүдеген, соңғы 10 күнде әлсіз, басы ауырады.

  1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

  2. Диагнозды бекіту үшін қажет анализдер қандай?

  3. Қандай маман кеңесі қажет?

  4. Фельдшердің тактикасы

  5. Балаға қандай асқыну қаупі бар?

Жауабы:

  1. Қантты диабет

  2. Қандағы қанттың мөлшерін анықтау

  3. Зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау

  4. Эндокринолог кеңесі

  5. Гипергликемиялық кома

Есеп 2. 12 жасар бала қант диабетімен ауырады, инсулин алады. Инсулиннің бір егуінен кейін жүрегі соғып, өзін әлсіз сезінді, қарны ашу пайда болды. Тексергенде: терісі боз, салқын тер шыққан, аяқ-қолы дірілдейді.

1. Баланың жағдайын бағалаңыз

2. Себебін айтыңыз

3. Қандай көмек көрсету керек?

Жауабы:

  1. Гипогликемиялық кома

  2. Инсулин дозасы артық болған

  3. Бірнеше кесек қант немесе 1-2 ас қасық бал, кәмпит, тәтті шәй беру.

VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың үй тапсырмасын, сабақты бекіту кезіндегі жауаптарын ескере отырып, білімдерін бағалау парағына белгілейміз. Оқытушы студенттердің түсінбеген сұрақтарына тоқталады.


VII. Үйге тапсырма: Қантты диабет тақырыбына байланысты материалдарды қайталау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. В.Д.Тульчинская. Семейная медсестра. Педиатрия. Ростов-на-Дону «Феникс» 2003

  2. Г.П. Матвейков. Справочник по лечению внутренних болезней.

Минск. «Белорусь». 1997

  1. Г.А. Шершень. Неотложные состояния. Минск. «Белорусь». 1998

  2. К.А. Жаманқулов, С.Ш. Шалхаров. «Ішкі аурулар». 1995

  3. Б.Н. Айтмамбет. «Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы». 2001

  4. Б.К. Калимурзина. «Ішкі аурулар». 2004






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі