400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Практикантқа мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогикалық практикадан өткен студентке жазылған мінездеме.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Дүтбаева атындағы

Атырау гуманитарлық колледжі

«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

мамандығының 3(9) ЖК тобының

студенті Хайрбеков Мақсат Хайрбекұлына

Мінездеме


Хайрбеков Мақсат 2020 жылы 28 қаңтар – 16 наурыз аралығында Атырау қаласы Жұмыскер мөлтекауданындағы И. Тайманов атындағы орта мектебінде іс-тәжірибеден өтті.

Мақсатқа 8б сыныбы бекітілді. Осы сыныпқа қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Алғашқы күндері әдістемелік көмек көрсетіліп, күнтізбелік жоспармен таныстырылды, қысқа мерзімді сабақ жоспарын қалай құру керектігіне кеңес берілді.

Мақсат мектебімізде болған алғашқы күннен бастап өзін жақсы жағынан көрсете білді. Ол өз ісіне тиянақтылығымен, ізденімпаздығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті. Мақсат сабаққа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Өзіне тапсырылған жұмыстарды тиянақты орындап, өзінің жауапкершілікті жете сезінетіндігін көрсетті. Өзінің ашық мінезімен оқушыларды баурап алды.

Ол колледжде алған теориялық білімін тәжірибеде ұштастыра білді. Әр сабағын жан-жақты дайындықпен өткізді. Сабақтарында оқушылар қызығушылығын оятатындай белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып отырды, топтық жұмыстар ұйымдастырды. Көрнекіліктерді де сабақ мазмұнына сай пайдаланып, уақытты тиімді пайдалана білді. Қазақ әдебиетінен Д.Исабековтың «Әпке» драмалық шығармасы тақырыбына ашық сабақ өткізді.

Сонымен бірге мектебімізде 8-сыныптар бойынша Ұлы ақын А.Құнанбайұлының

175 жылдығына орай жоспарланған апталықтың жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысты. Апталық аясында «Табиғаттың дарынды жаратылыс дарабозы» тақырыбында кеш өткізді. Сонымен бірге Әбу Насыр әл-Фарабидің

1150 жылдығына арнап 8-сыныптар арасында Ә.Әбішевтің «Ұстаздың оралуы» шығармасы бойынша сахналық қойылым өткізді.

Бұл тәрбиелік шаралар мазмұндылығымен, жүйелілігімен, әсерлі де тартымды өткізілуімен ерекшеленді. Тәрбиелік шаралардағы көрнекіліктердің эстетикалық талғаммен қолданылуы Мақсаттың іскерлігінің бір қыры деп білемін.

Тәрбиелік шаралар өз мақсатына жетіп, мұғалімдер тарапынан «өте жақсы» деп бағаланды.

Тәжірибе кезінде Мақсаттың оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары: өзіне деген сенімділігі, өзін еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктерінің эстетикалық талапқа сай болуы, өзара сабаққа қатысуы.

Мақсаттың болашағынан үміт күттірер білікті ұстаз бола алатындығына сеніміміз мол.

Жоғарыда аталған жайларды ескере отырып кезектен тыс педагогикалық кеңестің шешімімен машықкер Хайрбеков Мақсаттың тәжірибесін 5(өте жақсы) деген бағамен бағалаймыз.

Мектеп директорының

міндетін атқарушы: ______________ Карабалина М.С.

Пән мұғалімі ______________ Айтжанова Г.Е.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
40 ұстаз жүктеп алған
17.02.2024
8231
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі