праздничный концерт к 8 марта «Арулар. Аяулылар. Ардақтылар!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

праздничный концерт к 8 марта «Арулар. Аяулылар. Ардақтылар!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай ұйымдастырылған бұл шараның негізгі мақсаты – мектептегі ұстаздар мен қыз балаларға құрмет көрсету, оларды мерекемен құттықтау, мейірімділік пен ізеттілікті насихаттау. Сондай-ақ, оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмысқа баулу және мектеп ішінде жағымды мерекелік атмосфера қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Фанфары

  2. Видеоролик

  3. Выход ведущих

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2-ведущий: Здравствуйте, любимые!

3-ведущий: Всем нам необходимые!

2-ведущий: Педагоги классные —

3-ведущий: Женщины прекрасные!

4-жүргізушіҚұрметті аналар, мектебіміздің ұстаз, арулары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!
1-жүргізуші:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жастамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

4-жүргізуші

Көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,

Той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ күнімен аяулы аналарды, сүйкімді аруларды, асыл қыздарды құттықтау үшін сөз мектеп директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына беріледі.

1-жүргізуші: (за кулисами)

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

  1. «Болашақ» тобының орындауында- Ән «Мама». Қарсы алыңыздар!

  2. Видеоролик «Какая красота!» (мальчики 10 Б)

  3. Выход ведущих

Ведущий 2:       

Милые женщины, сегодня вы действительно очаровательны и прекрасны! Мы рады видеть ваши теплые улыбки и искрящиеся взгляды. Поэтому мы говорим вам:

Ведущий 3: 

Милые женщины, пусть вы и разные,

Одно, несомненно – все вы прекрасны!

От чистого сердца желаем вам счастья,

В семье и работе – любви и согласья!



Ведущий 2: 

Чтоб дней вам счастливых в жизни не счесть!

Оставайтесь такими -

Вместе:     - какие вы есть!

3-ведущий : В нашей стране праздник наших мам отмечается ранней весной.

Каждый учитель для нас - вторая мама. И лучший подарок для Вас -это наши успехи, наши достижения, наши улыбки, наши песни.

2-ведущий: Мы хотим, чтоб мамы наши становились еще краше!

3-ведущий : Чтобы всех счастливей были Наши мамы дорогие!

4-жүргізуші: 

Ару, қыздар сендер көктем гүлісің,

Ақындардың өлең арнар жырысың.

Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,

Ғасырларға жалғасады бұл ісің.



Монтаж

1.Жақын тартқан жанына жан баласын,

Ұстаздардың ісіне таң қаласың

Ұштастырып негізін тәрбиемен,

Ұқтырады білімнің сан саласын.

Ұстаз-ана біздердің анамыз дай

Көрсететін сара жол данамыз дай.

Анамыздай ақылын айтқан кезде,

Әр сөзінің түбіне саламыз ой.


2.Ұстаз-ана мен сізге қарыздармын,

Алақаның ыстық-ақ жүрегіңдей.

Орындалса өтеуі парыздардың,

Сонда ғана қуанып күлеміз ғой.

Ұлағатты, сіздерге алғыс айтам,

Шәкірттерге ұлгілі ұстаз-ана.

Аумай қалған анамның сұлбасынан,

Құтты болсын мейрамың, ұстаз-ана!


3.Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңілінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.


4. Ана
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын. 
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.


5. Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».


6.Сегодня звонок как-то трепетно сладок!
Как будто всё тот же учебный порядок,
Но входит учитель, и словно бы солнце
Сквозь мартовский дождик пробилось в оконце.
Мы Вас поздравляем с Днём женским, особым,

Ведь женщина самой чистейшей Вы пробы!
Для Вас всё вокруг распускается ярко!
Для Вас все сегодня цветы и подарки!


7.Дорогие педагоги,
Чистой истины зерно!
Среди вас мужчин немного,
Но, как вам предрешено,
Вы работою горите –
То ругая, то хваля,
Вы людей из нас творите!
Так что, зрители, замрите:
С Женским днем, учителя!


8.Учить людей — труд крайне тяжкий,
Но вы за нас всегда «горой»!
Кому «пятерку», кому «три» с натяжкой,
Вы ставите, жалея нас порой.
Сегодня, в день восьмого марта,
Хотим спасибо вам сказать!
И пожелать, чтобы достойная зарплата,
Вам позволяла нас и дальше обучать!


9.За труд благородный,
За труд ваш огромный
Примите сегодня
Букетик наш скромный.
И простите за то, что порою в ученье
Доставляли — нечаянно! — вам огорченья.
Вы нам в самом деле как мама вторая.
Учили серьезно,
Учили, играя,
Учили наукам,
Учили добру,
Собой прикрывали
На жизни ветру.
Так пусть вам весенний несет ветерок
Улыбки привета — на каждый урок


10.С днем женским хотим

Вас сегодня поздравить,

И труд ваш спешим

Мы сегодня прославить.

Вы знайте –

Мы вас никогда не забудем.

И не забывайте –

Мы вас очень любим!



1-жүргізуші:  (за кулисами)

Мың бұралу  аз екен бұл өнерде,

Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге.

Бар сезімді көрерменге жеткізу,

Мақсат екен орындалған әр биде.

  1. Танец в исполнении девочек 10А и 10Б классов

  2. Видеоролик – пародия (10 А)

  3. Выход ведущих

2 ведущий: 

Все начинается с женщины! Веселье, смех, дуэли, разочарованья, любовь, забота, тепло, боль и многое другое - все это из-за вас и для вас, наши дорогие! В каком бы вы ни были возрасте, вы всегда будете оставаться лучшей половиной человечества.


3 ведущий: 

Жизнь - не всегда весёлая штука. Женщины нервничают, грустят, устают. И задача настоящего мужчины - развеселить свою любимую, подарить ей любовь и цветы. Настоящих мужчин у нас, увы, не хватает. Но отрадно, что среди нас они есть.


  1. Видеоролик «Одним словом»

Поздравление от учителей - мужчин физического и трудового воспитания


  1. Выход ведущих

1-жүргізуші: 

Аналарым, әжелерім ақ маңдай, 

Сүйсіндіріп, ағарып таң атқандай. 

Бар табиғат құлпырып-ақ кетіпті, 

Сұлулыққа басын иіп жатқандай. 


4-жүргізуші: 

Әділ ! Аналар демекші, анаңа осы мереке күні қандай сыйлық берейін деп жатырсың?  


1-жүргізуші: 

Білмеймін әлі. Бәлкім гүл алатын болармын

4-жүргізуші: 

Әпкең мен әжеңе ше? 

1-жүргізуші: 

Айта бермеші, онсыз да басым қата бастады. Тез өтіп кетсе екен...

4-жүргізуші: 

Жылына бір келетін мерекені тез өтіп кетсін дегені несі, қой қайта қуану керек. Аналардың мерекесі ғой. 

1-жүргізуші: 

Нұрислам! Бір нәрсе айтайыншы, қызыңа не аласың?  


4-жүргізуші: 

Ойбу, мереке тез өтіп кетсе екен... 

1-жүргізуші: 

Әрине, мұның бәрі әзіл. Біз концертімізді әрі қарай жалғастырамыз! Және – көңілдеріңіз әр дайым көтеріңкі болсын деп сіздерге келесі бейнесюжетімізді арнаймыз!


4-жүргізуші: Иә, баршаңызды бүгінгі мерекелік көңіл-күймен экранға назар аударуды сұраймыз!


  1. ВИДЕОРОЛИК про учителей (интервью от детей учителей)

  2. Выход ведущих

1-жүргізуші: 

Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар
.


4-жүргізуші: 

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — 
ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — 
 жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

1-жүргізуші: 

Ана – өмірдің шуағы, мейірімнің кәусары болса, әже – сол мейірімнің бұлағы, отбасының шырағы. Әженің әлдиімен тербетілген әрбір ұрпақ мейірімді, жүрегі кең, баталы болып өседі. Әже – отбасының ғана емес, бүкіл ұлттың тәрбиешісі, ұрпаққа өткеннің өнегесін жеткізуші алтын қазына.


4-жүргізуші: 

Өздерінің даналығымен, жылы жүрегімен, мейірімге толы сөздерімен шаңырақтың берекесін кіргізіп отырған- ол, әрине, біздің асыл әжелеріміз!



  1. Көрініс «Әже мен немере»

  2. Ән «Әжетайым»

1-жүргізуші: (за кулисами)

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, айтқандай «Әжетайым» әнін орындағандар

Айжұлдыз Қалдымұратова , Шырай Бакиева, Жаннұр Өмірзақ







  1. Видеоролик (Администрация)

  2. Выход ведущих

2 Ведущий: Все это, конечно, шутка

3 Ведущий: (улыбаясь) Но не забывай, Мейрлан, в каждой шутке есть доля правды

2 Ведущий: Наши прекрасные, незаменимые и самые лучшие учителя! Ваша профессия — это огромный труд, говорить о пользе которого бессмысленно, так как все слова меркнут перед Вашим делом жизни.

3 Ведущий: И всё же, в первую очередь, Вы женщина, красивая, добрая, понимающая, относящаяся к своим ученикам, как к собственным детям. Зачастую вы уделяли нам внимание гораздо больше, чем собственной семье.

1-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең

4-жүргізуші: 

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

1-жүргізуші: 

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.


  1. Поздравления от 11-х классов

  2. Выход ведущих

2 Ведущий: Милые и очаровательные женщины, дорогие учителя, хотим еще раз пожелать вам, чтобы ученики всегда вас любили и уважали, а руководство ценило ваш нелегкий, но такой благородный и важный труд!

3 Ведущий: Берегите здоровье и почаще улыбайтесь! Пусть в вашей жизни будет море радости, а грусти – лишь короткие мгновенья

2 Ведущий: Желаем вам: красоты, спокойствия, профессиональной реализации, женского счастья. Талантливых учеников, доброты, замечательного настроения.

1-жүргізуші: :

Ақ тілегін ақтарған жуығына
Өмірдің көніп ыстық-суығына
Алпыс қанат ақ орда бұл елімнің
Шаңырағы сендерсің, уығы да
Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! –дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі
отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін!

3 Ведущий: Пусть наш весенний праздничный букет вместе с теплыми словами и нежными песнями останется у вас в душе, а память о нашем празднике, мы надеемся, оставит яркий след на весь год, до следующего дня Восьмого марта.


2 Ведущий: Мы уверены, что таких букетов у вас в жизни будет немало, и мы вам готовы снова и снова дарить их в знак признательности и любви к вам.


3 Ведущий: Почувствуйте его благоухание, пусть льются музыкальные звуки, теплые слова и веселый смех. Сохраните его, и у вас в душе всегда будет светло и тепло от нашей любви к вам.



4-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Ведущий 2: На этом наш праздничный концерт подошел к концу.


Ведущий 3:  Мы прощаемся с вами и говорим вам:


Вместе: До новых встреч!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.03.2025
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі