"Қатынас" білім беру саласы
1-2 жас
"Қатынас" білім беру саласының
базалық мазмұны-сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу
қызметінде жүзеге асырылады.
"Қатынас" білім беру саласының
мазмұны баланың тілін дамытуды, коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыруды, белсенді және пассивті сөздік қорын, тілдің
грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетін, баланың байланыстырып
сөйлеуін басқа білім салаларымен кіріктіру арқылы жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Мақсаты тілдік қарым-қатынасқа
қажеттілікті қалыптастыратын жағдайлармен қамтамасыз ету болып
табылады.
Міндеттері:
қарым-қатынастың
коммуникативтік дағдыларын және тыңдау мәдениетін
қалыптастыру;
тілдің сөздік қорын
дамыту;
тілдің грамматикалық
құрылымына, сөзді дыбыстау мәдениетіне және байланыстырып сөйлеуге
үйрету.
"Сөйлеуді дамыту"
ұйымдастырылған оқу қызметінде Бірінші жартыжылдықтың маңызды
міндеті ересектердің сөйлеу тілін түсінуін дамыту болып табылады.
Екінші жартыжылдықта белсенді сөйлеуін дамытуға баса назар
аудару.
Сөйлеуді
дамыту Бірінші жартыжылдықта
балалардың сөздік қоры заттардың атын, тіршілік иелерінің
қимыл-әрекетін (ұйықтайды, тамақ жейді, ән айтады, тыңдайды және
тағы басқа), сонымен қатар, балаларға таныс заттардың белгілерін
білдіретін (үлкен, кіші, қызыл және тағы басқа) сөздермен
кеңейтіледі.
Балалар:
1) өзінің, жақын туыстарының
есімін, киім, жиһаз, ыдыс-аяқтардың, кейбір көлік құралдарының,
бірнеше таныс жануарлар мен өсімдіктерді
атауды;

2) өзінің (қол, аяқ, бас,
ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене мүшелерін
ажыратып, атай білуді

3) құрылымы және мазмұны
бойынша қарапайым сөз тіркестерін түсінуді, өтініштерді орындауды,
ойыншықтармен күрделі емес шағын қойылымдар көрсетуді,тұрмыстық
және қызықты жағдайларды суреттейтін 1-3
әрекетті;
4) тілді көрнекіліксіз түсіну,
заттарды табу және оларды суреттен тану, елеулі белгілері бойынша
заттарды іріктеуді, тапсырмаларды орындауды;

5) сәйкес суреттерді, ойы
ншықтарды, іс-әрекеттерді көрсету арқылы кейіннен көрнекіліксіз
мазмұны бойынша шағын, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді,
санамақтарды түсінуді;

6) шығармаларды тыңдау, оны
қабылдау, мазмұнына эмоционалды жауап беруді
үйренеді.
Күтілетін
нәтижелер:
өзінің, жақын адамдарының
есімдерін біледі, киімні, жиһазды, ыдыстарды, кейбір қозғалыс
құралдарын атай біледі;
кейбір жануарлар мен олардың
қимылдарын біледі, заттардың белгілерін, жай-күйлерін, орналасқан
орындарын атайды;
өзінің дене мүшелерін
ажыратады және атайды, дыбыстық еліктеуіш сөздерді жалпы
қолданылатын сөздермен ауыстырады;
мазмұны қарапайым сөз
тіркестерін, ойыншықтармен күрделі емес шағын қойылымдарды
түсінеді;
сөзбен немесе қысқа сөз
тіркесімен өз өтінішін білдіреді;
дауысты дыбыстарды және
түсінікті артикуляциялық қатынастағы дауыссыз дыбыстарды анық
айтады;
тұрғын үй бөлмелерін атайды,
бөлменің ішін бағдарлай алады;
атауы,түсі,айтылуы бойынша
таныс заттарды топтастырады;
үлкендерді мұқият тыңдай
алады, оның нұсқауын орындайды, екі-үш іс-әрекеттен тұратын күрделі
емес тапсырмаларды есте сақтайды және орындайды, онда, оған көмекші
сөз құрылымдарын түсінеді;
қоршаған ортамен (керек болып
тұр, бер, жібер, жылжы) өзара қарым-қатынасты реттеу мен қалауын
білдіру үшін қажетті сөздерді қолданады.
Көркем
әдебиет
1) сабақтың негізгі міндеті
шығармаларды тыңдау, мазмұны бойынша түсінікті ертегілер,
әңгімелер, өлеңдер, тақпақтарды түсіну үшін жағдайлар
жасау;
2) шығарма кейіпкерлеріне
деген жанашырлық дағдыларын, халықтық шығармалар, тақпақтар,
өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоциялы түрде жауап беруді
қалыптастыру;
21. Көркем
әдебиет
1) шағын қарапайым мазмұнды
әңгімелерді, тақпақ, бесік жырларын сурет, ойыншық, түрлі әрекеттер
және аудио-бейнематериалдар арқылы тыңдау мәдениетін және оларды
түсіну дағдыларын қалыптастыру; 
2) көркем мәтінді тыңдау және
оның мазмұнын белсенді қабылдау дағдыларын
дамыту;
Күтілетін
нәтижелер:
қысқа, қарапайым әңгімелер,
өлеңдер, тақпақтарды тыңдайды және
түсінеді;
көркем туындылардың
мазмұнындағы сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды
түсінеді;
қайталап оқу кезінде мәтіндегі
сөздерді айта алады;
шағын өлеңдер, ертегілер,
әңгімелерге эмоционалды көңіл-күй
танытады;
шығарма кейіпкерлеріне
жанашырлық танытады.
Шығыс Қазақстан облысы білім
басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел
ауылындағы «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК
Ерте жас тобында
«Қатынас» білім беру саласы нені
оқытады?
Ерте жас
тобы
Дайындаған педагог-модератор:
Г.М.Макишева
2020-2021оқу
жылы