400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
"Денсаулық" білім беру саласы бойынша ортаңғы топ тәрбиеленушілері бірінші және екінші жартыжылдықта нені оқып үйренуі керек. тәрбиешілерге арналған әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел ауылындағы «Балдырған» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны











Ортаңғы топта «Денсаулық»білім беру саласы

нені оқытады?













Дайындаған: педагог модератор :Ултаракова Н.З










2021-2022 оқу жылы





«Денсаулық» білім беру саласы 3-4жас


"Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: денсаулықсақтау технологиясын қолдана отырып балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

      қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру;

      денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділікті дамыту;

      жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындауды қалыптастыру;

      мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;

      салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

Денешынықтыру

І жартыжылдықта бала дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде

Жалпы дамытушы жаттығулардан көзбен бағдарлай отырып ,ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды тәрбиешілермен бірге орындап үйренеді.Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындайды.Қолға және иық белдеуіне,денеге,аяққа арналған жаттығулар қолдарын жоғары және жанына көтеру,шапалақтау,допты бір-біріне беру,жатқан қалыпта екі аяқты созу,оңға ,солға, алға қарай еңкею,құм салынған қапшықты алып,екі аяқпен секіру жаттығуларын орындайды.

Негізгі қимылдар .

Жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдылары қалыптасады. Сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі,тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып,бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру,шеңбер бойлап ,қол ұстасып,арқаннан ұстап,тоқтай қалып,жүрелеп, «жыланша»секіру,төбешікке шығып төбешіктен түсіп саппен жүруді үйренеді.

Жүгіру.Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастырады: сапта бірінің артынан бірі,аяқтың ұшымен,аралықты сақтай отырып,бағытты өзгертіп,шеңбер бойлап,тоқтай қалып, алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіруді меңгереді.

Секіру .екі аяқтап тұрған жерінен ұзындыққа, 5-10 см биіктіктегі зат арқылы жерде жатқан жалпақ шеңберге секіру дағдылары қалыптасады;

Picture 2 Picture 10

Лақтыру, тастау, қағып алукезіңде бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату, қақпадан асыра лақтыру, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, еденге (жерге) қарай төмен лақтыру, допты қағып алу машықтары қалыптасады.

Picture 8 Picture 9

Еңбектеу, өрмелеу. Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта, "жыланша", арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта бетімен, 40 см биіктіктегі доғамен, арқанмен, еңіс тақта бойымен, бөрене арқылы орындық аяқтары арасымен еңбектеу дағдылары қалыптасады.



Picture 4 Picture 6

Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен, еңіс тақта бойымен (20-30 см) жүру  , сапқа қайта тұру дағдыларын үйренеді(тәрбиешінің көмегімен, бағдар бойынша).

Спорттық жаттығулар

      1) шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктерін қалыптастыру;

      2) сырғанау. Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау дағдыларын қалыптастыру;

      3) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру;

           Сауықтыру-шынықтыру шаралары. Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.



Күтілетін нәтижелер:

      жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындай алады;

      негізгі қимыл түрлерін орындайды;

      биік емес төбешіктен сырғанайды, бір-бірін сырғанатады;

      үш дөңгелекті велосипедті тебудің дағдыларын меңгерген;

      өз-өзіне қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларына, салауатты өмір салты туралы түсініктерге ие.

ІI жартыжылдық Дене шынықтыру

      Жалпы дамытушы жаттығулар кезіңде: қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар: қолдарын жоғары, екі жаққа созып көтеру; затты бір қолдан екінші қолға алдыңғы жақтан, арқа жақтан, бастан жоғары жақтан ауыстыру; қолды алға созып, бастан жоғары көтеріп, артқа шапалақтау. Допты бір-біріне бастан асыра беру (алға-артқа), шалқасынан жатып, екі аяғын бірге көтеру, түсіру, велосипед теуіп келе жатқандай аяқтарын қимылдату, түрегеліп тұрып солға, оңға, алға, артқа еңкею, шалқасынан етпетіне аунап түсу және керісінше. Қатарынан 2-3 рет жартылай отырып-тұру, қолды алға созып, қолды тізеге таянып отырып-тұру, тізеден бүгілген аяқты кезек-кезек көтеру; жерге отырып, құм салынған қапшықты табанмен қармау, екі аяқпен секіру дағдылары қалыптасады.

Негізгі қимылдар кезіңде

      1) жүру. Нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа жүру, тізені биікке көтере отырып жүру;

      2) жүгіру. Әртүрлі бағыттарда, жылдам (10-20 метр) және баяу (50-60сек.) қарқында жүгіру дағдысын қалыптастыру;

      3) секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тура секіру; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру;

      4) лақтыру, тастау, қағып алу. Көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, тура нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1–1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру дағдыларын қалыптастыру;

      5) еңбектеу, өрмелеу. Еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу, доғаның астымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын қалыптастыру;

      6) тепе-теңдікті сақтау. Тура жолмен, тақтай бойымен, арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру;

      7) сапқа қайта тұру. Өз бетінше сапқа тұру, шеңбердегі өз орнын табу (бағдары бойынша) дағдыларын қалыптастыру.

      Спорттық жаттығулар

      1) шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктерін қалыптастыру;

      2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын жетілдіру;

      3) жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.

      Дербес қимыл белсенділігі

      Дербес қимыл әрекеттеріне, дене шынықтыру жабдықтары мен құралдарын пайдалану қызығушылығына қолдау көрсету.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

      Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.

      Күн тәртібіне сәйкес балалардың күн сайын таза ауада болуын қамтамасыз ету.

      Дағдыларын қалыптастыру:

      1) мәдени-гигиеналық шараларды орындау;

      2) ересектердің көмегімен шынығу тәсілдерін орындау дағдыларын

үйренді



Күтілетін нәтижелер:

негізгі қимылдарды орындайды;

бір-бірден, шеңберге қайта тұрады, саптағы өз орнын табады; денені жалпы дамытушы жаттығуларды орындағанда қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;

биік емес төбеден сырғанайды, бір-бірін сырғанатады;

үш дөңгелекті велосипед тебе алады;суға түседі, суда ойнайды;

 мәдени-гигиеналық дағдыларды орындауда дербестік танытады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі