Презентация

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға пайдасы тиема деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 1

Сауат ашу

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Жалау-флаг-flag


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, сынып ішінде жақсы көңіл күй қалыптастыру.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз.

Ренжісуді білмейміз.


Жарайсыңдар балалар. Орындарыңа жайғасыңдар.
Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.


Ережелер :
1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарға дұрыс жауап береміз
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз ойымызды ашық айтамыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтырады. 
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес»- деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.


Балалар, біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз ерекше өтеді. 2 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар

Әр дұрыс жауаптарыңа жұлдызша беріліп отырады..






Шаттық шеңбері
















( асық арқылы бөлу)

Сабақтың ортасы

8 минут


Өткен сабақты пысықтау.


1.«Сұрақты қағып ал» әдісі. Допты лақтыру әдісі арқылы өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап алайық. Мен сендерге допты лақтырып сұрақ қоямын сендер сұраққа жауап беріп отырасыңдар. Олай болса ойынымызды бастайық.


І топ

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

Қандай болып бөлінеді ?

Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

ІІ топ

Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Әріп дегеніміз не?

-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

-дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?


Өткен сабаққа шолу.
- Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
- С дыбысы қандай дыбыс?

І топ
1 - тапсырма: Ойын: «Кім тапқыр?» Құрамында С дыбысы бар суреттерді табу.

ІІ топ

«Екінші буыным қайда?» ойыны арқылы сөздердің екінші буынын табу

Доп лақтыру






Қызығушылық

ты ояту


Ал енді балалар мен сендерге кішкене әңгіме айтып берейін.

Далада құмырсқа келе жатып қоңызды көріп қалады.

- Сәлем қоңыз
- ж - ж - ж Сәлем құмырсқа
- Қайдан келесің?
- ж - ж - ж - Егістен. Балаларыма тамақ әкелемін.

- жарайсың қоңыз 
- Балалар, қоңыз қандай дыбыс шығарады? Бірге айтамыз. - Ж - ж - ж

1. Ж дыбысын дыбыстату.
Ж - дауыссыз дыбыс. Оны көк текшемен белгілейміз.

Ертегі айту, суретпен жұмыс



Мағынаны тану


2. Кеспе әріптен Ж- ның бас әрпі мен кіші әрпін көрсету. Тақтаға ілу.

Балалар қараңдаршы ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды?

Көбелекке кәдімгі,

Қарасаңыз анықтап.

Жаны бар ж ұшып жүр,

Жапырақша қалықтап. Көбелектің суретін көрсету.

3. Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі. Ж дыбысы-дауыссыз дыбыс.

І топ
4. « Сөз ойла, көп ойла ! » ойыны балалар ж дыбысы кездесетін сөздерді айтады

Мысалы: жұлдыз, жапырақ, жаңғақ т.б

ІІ топ сөздерден сөйлем құрайды













Сергіту сәті


аӘже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ж дыбысының орнын ажыратқызу.

ә) « Тез, әрі сауатты оқиық!» тапсырмасы бойынша оқулықтағы буындарды, сөздерді құратып оқыту.Жекелей оқу, барлығы хормен қайталап оқиды.

б) жазу жұмысы.
— Ж әрпінің баспа түрімен таныстыру.
— Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
— Ж әрпін ауада жазу.
— үлгі бойынша ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазу.

в) торкөздегі ж дыбысының орнына қарай сөз ойлап табу. (жай, жаға, жалау)


г) Сергіту сәті: 2 рет

Тербеледі ағаштар,

Жел еседі алдымнан.

Кіп- кішкентай ағаштар,

Үп- үлкен боп өседі.

Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек

Оқулық, дәптерлер.














Сергіту сәтіне арналған жинақ


Ой толғаныс

1. «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы

ІІ топ көп суреттің арасынан Ж дыбысы бар суреттерді тауып жіпке тізеді

І топ «Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша жіпке тізілген суреттегі атауларға қарап сөйлем құрастыру.

Мысалы: Жолбарыс жабайы жануар. Жүзім тәтті жеміс. Жаңғақтың сырты қатты. Жиһаз жұмсақ.

3. «Ұйқасын тап! » ойыны. Мен екі топқа екі түрлі жұмбақ жасырам топтар сол жұмбаққа ұйқас сөздерді табады.

І топқа 
— Іші тоған шәрбат,                               
Дәмі қандай әйбат,                                
Үзесің бірден жүзін,                            
Оның аты- …( жүзім )  

ІІ топқа

  • Сырты қандай қатты,

  • Дәні сондай тәтті.

  • Шағып қара таңдап,

  • Оның аты- .... (жаңғақ)   

Әртүрлі суреттер




Аяқталуы

«Алма жинау» дидактикалық ойыны арқылы сабағымызды қорытындылаймыз. – Мына алма ағашында алмалар пісіп тұр екен. Әр алманың артында сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Біз сол тапсырмаларды орындап себетке алмаларымызды жинайық.



Себет,алмалар суреті


Бағалау

- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.
- Балалар, сендер – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондықтан мен сендерге мынадай жұлдызша сыйлаймын. Алда бізде қандай мереке келе жатыр балалар. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздікке биыл 25 жыл болады.
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекені ел тоқсан,
Атамменен барған күн.
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше болып мәңгілік,
Ел жанында қалған күн


Сабақтың соңы


Рефлексия


Кеменің суреті

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.







Саралау


 Мен сабаққа жоспар құрмас бұрын өзіме үлкен мақсат қойдым: ол-осы бағдарламадан алған білімімді,үйренген әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді пайдалану және оқушылардың өздігінен білім алып,ізденушілік қабілеттерін дамытып, қызығушылықты арттыруға атсалысу және үлгерімі төмен оқушыларды үлгерімі жақсы оқушылардың санатына қосу. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді.  Сауат ашу пәнінен қысқа мерзімді жоспар құрып сабақ өткізуді жоспарладым.

Сaбaғымды бaстaр aлдындa мiндеттi түрде сыныптa тренинг өткiздiм.Тренингтi өткiзудегi мaқсaтым сaбaқтың aлдындa сыныптa ынтaлaндыру aтмосферaсын құру, жaғымды ортa орнaту, оқушылардың бір-біріне деген сенімдерін арттыру, жақындастыру.









Оқушылaрдың бiлiмге деген тиiмдi көзқaрaсын дұрыс бaғыттaуғa aпaрaтын бiрден –бiр жол сабағымның тaқырыбы "Ж дыбысы мен әрпі" болды. «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы допты лақтырып өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап алдық.



- Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
- С дыбысы қандай дыбыс?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не? -деген сұрақтар қойылып,мысалдар айту, мысалдарға сөйлем құраттым . «Кім тапқыр?» ойыны арқылы І топқа Құрамында С дыбысы бар суреттерді табу.ІІ топқа «Екінші буыным қайда?» ойыны арқылы сөздердің екінші буынын табу арқылы үй жұмысын қорытындыладым





Жаңа сaбaқтың тaқырыбын aнықтaудa оқушылардың қызығушыларын ояту әдісі бойынша "Құмырсқа мен қоңыз" әңгімесін айтып бердім. Тыңдалым дағдысы бойынша оқушылардан әңгімеде айтылған негізді ойды сұрақ жауап әдісі арқылы пысықтап бүгінгі сабақта "Ж әрпі мен дыбысын" өтетінімізді анықтап алдым.











Ой толғаныс стратегиясы бойынша «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы І топ оқушылары көп суреттің арасынан "Ж" дыбысы бар суреттерді тауып жіпке тізді.ІІ топ «Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша жіпке тізілген суреттегі атауларға қарап сөйлем құрастып, айтты.

Мысалы: Жолбарыс жабайы жануар. Жүзім тәтті жеміс. Жаңғақтың сырты қатты т.б.










Топтық жұмыс жүргізіп, екі топқа тапсырмалар беріп "Ұйқасын тап" ойынын өткіздім. Ойынның шешуін тауып, суретін тақтаға оқушылардың өздері ілді.



«Алма жинау» дидактикалық ойыны арқылы сабағымды қорытындыладым. – Мына алма ағашында алмалар пісіп тұр екен. Әр алманың артында сендерге арналған тапсырмалар бар екен деп себетке алмаларды жинаттым.











Сабақтың тиімді жағы. Бұл сабақ "Құмырсқа мен қоңыз" әңгімесі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды.


Кері байланыс. Оқушылар өздерінің нені білгенін , нені үйренгенін сабақтан алған әсерін кемені жасыл, сары , қызыл үске бояу арқылы білдірді.












Болашақта нені ескеруім керек. Топ басшылары бағалау кезінде көтеріңкі бағалап, менің көмегіме жүгінді. Әрине болашақта үйренеді, әлі де кемшілікті жоятын уақыт бар.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
573
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі