Материалдар / Презентация "Жүректің құрылысы" 8 сынып

Презентация "Жүректің құрылысы" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жүректің құрылысы" тақырыбында ұстаздарға пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
840
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат Курс мектеп бағдарламасындағы адам анатомиясы және физиологиясы курсына негізделіп жасалды, бағдарлама тереңдетіліп жан-жақты түсініктерді қамтиды. Беріліп отырған курс оқушылардың білім, білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін ғана дамытып қоймай сонымен қатар білім сапасын да арттырады. Курстың мақсаты: адамды биосоциалды түр ретінде толық түсінік қалыптастыру мақсатында, оқушылардың адам анатомиясы және физиологиясы курсы бойынша білім аясын тереңдетіп кеңейте түсу; алған білімдерін оқушылардың функциональдық дайындықтарын жүзеге асырудың негізгі құралдары ретінде пайдалану және денсаулықтарын сақтауға қолдану. Курстың міндеттері:
  • адам ағзасының өмір сүру принциптері және негізгі заңдылықтарымен танысу;
  • атқаратын қызметіне байланысты адам ағзасындағы жекелеген ұлпаларды, мүшелер және мүшелер жүйесін оқып зерттеу;
  • жалпы биологиялық түсініктер жүйесін қалыптастыру;
  • адам анатомиясы және физиологиясы ілімінің даму, зерттеу тарихымен және осы салада көп үлес қосқан ұлы ғалымдармен танысу;
  • салауатты өмір салтын ұстануға және гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу;
  • Оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу;
  • Пән бойынша білім сапасын арттыру.
Бағдарламаның өзектілігі: адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым ол «Адам анатомиясы» медицинаға негіз болады.Сабақтың оқу – әдістемелік қамтылуы: ауызша, көрнекілік плакаттар, жазба жұмыс, қалыптастырушы бағалау, жекелеме сұрау, мәтінмен жұмыс, тақтада мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс, әңгіме, маңыздылығын дәлелдеу, жаппай сұрау, өзара тексеру, өзіндік тексеру. Күтілетін нәтижелер:
  • білім алушылардың жалпы адамның ішкімүшелерінің құрылысын анықтай білу дағдысын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана біледі.
  • бағдарлама мен оқулықтағы білім негіздерін оқып, үйренеді;
  • адам ағзасының құрылысы туралы біледі;
  • қосымша дерек көздерінен және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді;
  • өзіндік жұмыстарды, тесттік тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана біледі;
  • орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана біледі;
  • биологиялық әдіс-тәсілдер мен терминдерді түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлық танытады;
  • компьютерлік тапсырмалар және зертханалық жұмыстарды орындауда шапшандық, танымдылық таныта біледі, деректерді салыстырады;
  • логикалық ойлау қабілеті дами түседі.


































ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ8 – сынып(34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

1.Кіріспе. Анатомия пәніне анықтама беру және оның басқа биология ғылымдарымен байланысын оқып білу. Анатомия бөлімдері. Анатомиялық зерттеу әдістері. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуында анатомия саласындағы білімінің маңызы.2.Адамның табиғаттағы орны. Адам және омыртқалы жануарлардың ұқсастық белгілері. Адам ұрығы дамуының бастапқы сатысы. Жануарлар жүйесіндегі адамның биологиялық түр ретіндегі орны.3.Адам ағзасындағы ұлпалар. Ұлпа туралы түсінік. Ұлпалардың түрлері. Эпители, дәнекер, бұлшықет, жүйке ұлпасы және олардың құрылысы. Практикалық жұмыс №1. Дайын микропрепараттарды қолдану арқылы эпителий және дәнекер ұлпаларының құрылыс ерекшеліктерін қарау.4.Остеология. Тірек – қимыл аппараты, құрамы және маңызы. Сүйектің сыртқы және ішкі құрылысы. Сүйектің химиялық және физикалық қасиеттері.5.Сүйек байланыстары. Қимылсыз, жартылай қимылды және қимылды сүйек байланыстары. Буындардың құрылысы және классификациясы. Қаңқа аурулары және олардың алдын алу.6.Кеуде қаңқасы. Қаңқа құрылысына әртүрлі факторлардың әсері. Омыртқа қисайуының алдын алу. 7.Қол сүйектері. Онтогенез. Еңбекке және тік жүруге байланысты адам қолының құрылыс ерекшелігі.8.Аяқ сүйектері. Адам құрылысындағы ерекшелігі. Жалпантабандылықтың алдын алу.9.Миология. Белсенді тірек – қимыл аппараты, оның маңызы. Бұлшықеттің жіктелуі. Бұлшықет жұмысының негізгі ерекшеліктері.10. Ішкі мүшелерге жалпы сипаттама. Адамның асқорыту жүйесі, құрамы және құрылысы. Асқорыту жүйесінің бөлімдері, олардың құрылысы. Ауыз қуысы ауруларын алдын алу. И.П. Павловтың асқорыту жүйесін зерттеудегі жұмыстары. Дұрыс тамақтану және асқорыту гигиенасы. 11.Тынысалу жүйесі. Тыныс алу мүшелерінің жүйесі, тынысалудың маңызы. Тынысалуды реттеу. Тынысалу мүшелерінің гигиенасы. 12.Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің жүйесі. Қалыпты өмір сүру үшін зәр шығару құбылыстарының маңызы. Зәр шығару мүшелерінің гигиенасы және ауруларды алдын алу.13. Қан айналым жүйесі. Жүрек: орналасуы, сыртқы құрылысы. Жүректің ішкі құрылысы. Жүрек жұмысы. Жүрек жұмысының реттелуі. Адам қан айналымының жалпы сызбасы. Практикалық жұмыс № 2. Физикалық жүктемелер кезіндегі жүрек жұмысын бақылау. 14.Артериалдық және веноздық жүйе. Лимфа жүйесі: құрамы және құрылысы. Иммунитет, оның түрлері. Қан айналым мүшелерінің гигиенасы, жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары және оларды алдын алу жолдары. Практикалық жұмыс№3. Қан кеткен кездегі алғашқы көмек.15.Эндокриндік жүйе. Ішкі секреция бездері. Гормондар. Эндокриндік бездердің мүшелер қызметін реттеудегі маңызы. 16.Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Жүйке жүйесінің эмбриогенезі. Жұлын. Ақ және сұр заты. И.П. Павлов жұмыстары. Адам ми құрылысының ерекшелігі. 17.Шеткі жүйке жүйе. Шеткі жүйке жүйе. Соматическалық және автономды жүйке жүйесі. Ес, ойлау, зейін.18. Сезім мүшелері. Сенсорлы жүйе. Анализаторлар туралы ұғым. Көру мүшесінің ұүрылысы.Көру рецепторлары. Көру мүшесінің гигиенасы және оның бұзылуы. Есту анализаторы. Есту мүшесінің құрылысы.Практикалық жұмыс №4. Көздің көргіштігін анықтау.











Тақырыптық – күнтізбелік жоспар
р/рБөлім тақырыбыСағат саны




теориялықлабораториялық
1Кіріспе

1

2Адамның табиғаттағы орны

2

3Адам ағзасындағы ұлпалар



1
4Остеология

1

5Сүйек байланыстары

2

6Кеуде қаңқасы

2

7Қол сүйектері 2

8Аяқ сүйектері

2

9Миология

2

10Ішкі мүшелерге жалпы сипаттама

2

11Тынысалу жүйесі

2

12Зәр шығару жүйесі

2

13Қан айналым жүйесі

11
14Артериалдық және веноздық жүйе

11
15Эндокриндік жүйе2

16Жүйке жүйесі және сезім мүшелері2

17Шеткі жүйке жүйе2

18Сезім мүшелері. Сенсорлы жүйе

21


Жалпы: 34 сағат 30 сағат4 сағат
ГЛОССАРИЙ

Тірі дене (Living organism)– биополимерден (ақуыздар мен нуклеин қышқылдарынан) тұратын өзін өзі реттеп қалпына келтіріп отыратын ашық жүйе.Остеология (Osteology) анатомия бөлімі, сүйек ұлпасын, жеке сүйектерді және жалпы қаңқаны зерттеуге арналған.Гигиена (Hygiene) медицина бөлімі, өмір сүру және еңбек жағдайының адам денсаулығына әсерін зерттеуге арналған. Анатомия (Anatomy) – ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым.Физиология (Physiology)мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттейтін ғылым.Гуманизм (Humanism) демократиялық, этикалық өмір сүру қағидаты.Цитология (Cytology) тірі жасушаларды зерттейтін биология саласы.Эмбриология (Embryology) ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым. Миология (Myology) бұлшықет туралы ғылым.















Оқушыларға арналған әдебиет
  • Мамонтов С.Г. Биология. Пособие для поступающих в вузы. М.:Высшая школа, 1991.
  • Справочник школьника и студента/ Под ред. З Брема и И. Мейнке. – М.: Дрофа, 2000.
  • Қасымбаева Т., Мухамбетжанов К. Жалпы биология : жалпы білім беретін мектептің 10-сыныпқа арналған оқулық.-Өнд., толықт. 2-бас.-Алматы: Мектеп, 2010.-272 б. Сур.
  • Ә.Бейсенова, Ж.Шилдебаев. Экология. Алматы «Мектеп» 2005 жыл.
  • Сағымбаев Ғ. Атмосфералық ауаны сақтау. «Экология негіздері» Алматы 1995 жыл.




Мұғалімдерге арналған әдебиет

  • Мамонтов С.Г. Биология. Пособие для поступающих в вузы. М.:Высшая школа, 1991.
  • Воронцов Н.Н. Сухорукова Л.Н. Эволюция органического мира Просвещение 1991г.
  • Қасымбаева Т., Мухамбетжанов К. Жалпы биология : жалпы білім беретін мектептің 10-сыныпқа арналған оқулық.-Өнд., толықт. 2-бас.-Алматы: Мектеп, 2010.-272 б. Сур.
  • Байханов С. «Табиғатым тағдырым». Алматы, «Қайнар» 1991 жыл.
  • Сағымбаев Ғ. Атмосфералық ауаны сақтау. «Экология негіздері» Алматы 1995 жыл.






























Қосымша 1

№1 Практикалық жұмыс. Дайын микропрепараттарды қолдану арқылы эпителий және дәнекер ұлпаларының құрылыс ерекшеліктерін қарау.

Мақсаты: ұлпалардың құрылыс ерекшеліктері, қасиеті және қызметтерімен танысу.

Құрал – жабдықтар: микроскоп, эпителий және дәнекер ұлпаларының дайын микропрепараттары.

Жұмыс барысы:
  • Микроскоп арқылы адам жасушасының құрылысын қарау
  • Жасуша суретін салып және негізгі бөліктерін белгілеу
  • Ұлпалардың дайын микропрепараттарын қарау


Жұмысты қорытындылау: көрген ұлпа микропрепараттарының суретін салу, таблицаны толтыру.

Ұлпа (tissue)Ұлпа құрылысыonstruction of tissue)Орналасқан жері (iocation)Қызметі (service)










Қорытынды: Жасушаның құрылыс ерекшелігі оның атқаратын қызметіне байланысты болама?Көпжасушалы организмдер үшін жасушалардың алуан түрлілігінің маңызы неде?

Сурет 1





Сурет2

2 Практикалық жұмыс. Физикалық жүктемелер кезіндегі жүрек жұмысын бақылау. Мақсаты:  Тамыр соғуының физикалық жүктемелерге байланысын анықтау.  Құрал – жабдық: секундомерЖұмыс барысы:
  • Тыныштық кезіндегі жүрек соғысын анықтаңдар. Ол үшін 10с ұзақтығындағы лүпіл санын санау және шыққан санды 6 көбейту керек. Тыныштық кезінде осындай өлшемді 3 рет жүргізіп орта шамасын алады. 1 минутта қалыпты жағдайда 65 – 79 рет соғуы байқалады.
  • 20 рет отырып тұрыңдар.
  • Жаттығу жасалып болған соң 10 с ішінде лүпіл санын санаңдар. Осындай санауды 1,2,3,4,5 өткен соң санаңдар. Алынған нәтижелерді дәптерге жазыңдар.
Жүректің соғу жиілігі

Тыныштық кезде (when peace)Физикалық жүктемеден кейін (exercise stress) 1 мин өткен соң 2 мин өткен соң 3 мин өткен соң 4 мин өткен соң 5 мин өткен соң

Орташасы (average of)___

Бір минутта---------------- х6=--------------



Көрсетілген жүктемеден кейін жүрек жұмысының қалпына келу графигін құрыңдар.

Ордината осіне тыныштық кезіндегі жүрек соғысын түсіріңдер және горизонталь сызығын жүргізіңдер. Жүрек соғысының физикалық жүктемеден кейінгі көрсеткішін және 1,2,3,4 мин өткен соңғы көрсеткішті абцисса осіне көрсетіңдер. Қисық сызыңдар. Бұл көрсеткіштерді қ.ж көрсеткіштермен салыстырыңдар. Егер ЖСЖ кем дегенде 1/3 дейінгі көрсеткіште көбейсе – нәтиже жақсы, егерде одан көп болса – нәтиже жаман. Жүктемеден кейін лүпіл (pulse) қалыпты жағдайға 2 мин ішінде келу керек. Бастапқы жағдайдың уақытша төмендеуі сау организмнің қалыпты реакциясы болып табылады.

3 Практикалық жұмыс. Қан кеткен кездегі алғашқы көмек.

Мақсаты: қан кеткен кезде алғашқы көмек көрсетуді үйрену, практика жүзінде бекіту.Құрал – жабдықтар 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ