400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Презентация: "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін саусақ театры арқылы дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі білім бөлімі тәрбиешілерге керекті ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

«№ 19 бөбекжай-бақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны»











Өзіндік жұмыс

Вариятивтық модуль


Тақырыбы:


Проблемалық технологияны іске асыру арқылы мектепке дейінгі білім беру кеңістігін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар .







Орындаған: Алтыбаева А.Ж.

№19 бөбекжай-бақшасы







Тараз 2019ж

Shape1

Проблемалық технологияны іске асыру арқылы мектепке дейінгі білім беру кеңістігін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар 


Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. 
Қазіргі кезеңде білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.  
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты–баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. 
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. 
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.
Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін атап өтсек те болады. Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқытут.б.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.
Ойын технологиялары. Аңықтама бойынша ойын-өз тәжірибесін жасау мен меңгеруге бағытталған жағдайдағы қызмет түрі. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын қызметі келесі жағдайда пайдаланады:

  • ұғымды, тақырып пен оқыту үдерісінің тарауын меңгерту үшін өздік технология ретінде

  • одан да кең технологияның элементтері ретінде

  • сабақ немесе оның бөлігі ретінде ( кіріспе,түсіндіру,бекіту,жаттығу, бақылай)

  • мәдени жұмыс технологиясы ретінде.

Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Педагогикалық үдерістің сипаты бойынша ойын келесі топтарға бөлінеді:

  • оқытушы, жаттықтырушы, бақылаушы және жалпылаушы

  • танымдық, тәрбиелік, дамытушылық

  • репродуктивті, продуктивті, шығармашылық

  • коммуникативті, диагностикалық,психотехникалық т.б.

  • Ойын типтері: пәндік, сюжеттік,рөлдік,іскерлік,имитациялық, драма-ойындар.

Дамыта оқыту технологиясы негізінде бастауын И.Г.Песталоцци, К.Д. Ушинский және т.б. еңбектерінде алатын теория жатыр. Негізгі мақсаты баланың дамуына бағдарланған және дамудың алдында жүретін оқыту идеясын ұсынған Л.С.Вьготскийдің еңбектерінде дамыта оқытудың технологиясы ғылыми негізделді.Оның болжамына сәйкес білім оқытудың ақырғы мақсаты емес, оқушылардың даму ортасы ғана болып табылады. Л.С. Вьготский идеялары іс-әрекеттің психологиялық теория шеңберінде А.Н. Леонтьев,Я.Гальперинмен және т.б. дайындалып,негізделді." Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек"-дейді Л.С. Выготский.Ол бала дамуында екі деңгейді атап көрсетті:1) Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің кқмегіңсіз істей алатые істері

2)Бала дамуының жақын аймағы-баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

Дамыта оқыту теххнологиясы :

  • Зейінің дамытуда есте сақтау қабілетін дамытуда

  • Ойлау қабілетін дамытуда

  • Тілің

  • Жеке тұлғасың дамытуда

  • Оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда

Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік сауаттылық емес, сонымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады. Балалардың онай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін  меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап өндей алады, ал көру органдары «қосылғанда» 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылды деген эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік  болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі. Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру және  оқуға деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын пассивті обьектісі емес, белсенді субьекті  болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы білім алуға әкеледі. Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі міндеттерді орындайды:

  • балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту;

  • сауық және ойын орталығы;

  • мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады;

  • балаларға және тәрбиешілерге жұмыстануға өте жағымды жағдайлар туғызады;

  • балаларды компьютерлік технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен таныстырады.

Интерактивті тақтаны пайдалану

Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың  пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді.   
Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады.
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.

Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет:

  • Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі

  • Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану

  • Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентациялар мен оқыту бағдарламаларын тауып алу).

Өздігінен даму технологиясы (Монтессории мектебі) - бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен  ойлау әрекетінің бірігуіне, мұнда оқыту бала дамуына сәйкес болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады. Итальян психологі М.Монтесори түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі - оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.
Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Балабақшада сабақ болмайды әр күн жалпы жиыннан басталады және жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне қарай үлкендермен бағаланады. Мұндағы басты мәселе, бала өз-өзін бағалайды. 
Балалар, әртүрлі жастағы топ болып жұмыстанады, мысалы 2 жастағы баланың қасында 4 жасар бала жұмыстанады, олар бір-біріне кедергі келтірмейді, керісінше бір-біріне көмектеседі. 
Монтессори – топ көп орталықтардан тұрады:


Бала сезімін дамыту орталығы

Баланың сезім тәрбиесі, баланың қабылдауын дамыту және қоршаған әлемдегі заттардың  қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру: пішіні, көлемі, түсі, салмағы, кеңістіктегі орны, иісі, шығаратын дыбысы, т.б. болып табылады.

Іс-әрекет жасау орталығы

Бұл орталықта балалар өздерін күтуге арналған заттар орналасады. М.Монтессори балаға өзбетімен жұмыстануға үйрету, баланың инттелектуальдық қабілеттерін дамыту, өз-өзін тәрбиелеу және жоғарғы баға беру күшті түрткіш болып келеді деп тұжырымдайды. Сонымен қатар практикалық жаттығулар орындау арқылы бала өзінің қимылын жетілдіреді.

Тіл дамыту және жазу орталығы

Материалдар баланың дұрыс тілін дамытуға көмектеседі, сөздік қорын байытады, қолын жазуға дайындайды, фонематикалық есту қабілетін дамытады, оқуға және жазуға үйретеді.

Математика орталығы

Математика орталығында балалар 10-ға дейін сандармен, жиынтықтармен, арифметикалық операциялармен танысады.

Осы орталықтың Монтессори-материалы балаға қиын абстрактылық математикалық түсініктерді және операцияларды түсінуге көмектеседі.

Проблемалық оқыту технологиясы- баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу материалына  баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.
Ынтымақтастық педагогикасы-педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау.
Бұл технологияның негізгі мақсаты-баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Қорыта келіп айтатын болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. 
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі