жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Презентация "Өмір белестері" 9 сынып
Мектеп: Мерзімі: .09.2019ж. №1 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӨМІР ЖОЛЫН ТАҢДАУ Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қарапайымдылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
||||
Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру; Дамытушылық: - өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу; Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдес сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
||||
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап. Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру. - Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер? - Сағыныш дегенді қалай түсінесіңдер? - Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар? - Өздерің бір жасқа есейгендеріңді қалай түсінесіңдер? |
Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ -жауап |
||||
3. Дәйексөз « Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.» Д. Дидро
|
|
||||
4. Әңгімелеу Ахмет Байтұрсынов Әдебиет танытқышы (үзінді) Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше өзгеден өзін айырмайды, өзгенің істегенін істеп, дегенімен болады . Есейген сайын өзінің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық(1) шығара бастайды. Ержеткен сайын дүниенің ісіне өзінше сүйініп, өзінше күйініп, өзінше жол тұтып, өзінше өміріне жол белгілеп, жақсылық , жамандық қа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, өзінше пікірлейтін болады. Өз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, мүддесі болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріс- кен жерде тысқы ғаламға(2) тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғалам екеуі кездесе ді. Сонда ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей , екеуі ілінісіп, ұстаса кетеді. Задында(3), тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң, оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды, көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолында ғы ғамалы да адамына қарай түрлі болады, неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Ұсақ адам- ның мақсаты да ұсақ болады. Біреу жер жүзін өзіне қарату, бағындыру талабында болады , біреу дүниеге атағын жаю талабында болады; біреу дүние нің сырын танып, адамның көзін ашып, білімін арттыру талабында болып, сонымен өмірін өткізеді. Біреу адам бала сын теңгеріп, арасына әділдік орнатып дүниеден жұмақ жасау талабында болып, өмірін сонымен өткізеді. Біреулер тек дүние жию, бай болу мақсатпен өмір өткізеді; әйтеуір тілеусіз, мақсатсыз адам жоқ. Аз болсын, көп болсын әркім нің мұраты бар. Ұлы болсын, ұсақ болсын әркім нің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң, талас- сыз, тартыссыз да адам жоқ. Әркім әліне қарай таласады, тарты сады. Талас, тартыс – табиғаттың негізгі заңының бірі. Табиғат тас жүрек, қанша өтініп жалынсаң да, жағынсаң да, өзінің заңынан бұрылмайды. Табиғаттың заңы қатты, үкімі рақымсыз: жолы толып жатқан кер4 мен кедергі; ісі шынжыр қатар тіркес кен себеп пен салдар болып, алды-артыңды ораған шырмау. Өз еркім өзімде, өз ісіме өзім қожа, өзім себеппін деп жүрген адам тұрмыс ісінің орауы нан, шырмауынан әрі аса алмайды. Табиғат заңы мейірімсіз, мерзімсіз бір тағдыр: дауылды тоқтатуға, жазды ұзартуға, қысты қысқартуға, суды жоғары ағызуға еш адамның қолынан келмейді; сол сияқты табиғат заңы адамда, адам әлеуметінде де бар. Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһарман, қайратты болса да, әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болмақ. 1. Мәтіндегі «... тіпті мүддесі жоқ адам болмайды» деген тұжырымды қалай түсінесіздер? Жауаптарыңызды нақты мысал келтіріп, дәйектеңіздер. 2. Автордың «ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп, ұстаса кетеді» деген ойы нені білдіреді деп ойлайсыздар? Өз пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. 3. «Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады» деген пікірмен келісесіздер ме? Неліктен кейбір адамды ұсақ адам деп атайды? 4. Адам қандай қасиеттері арқылы өзінің өмір жолын белгілеп, жақсылық, жамандықты айырып, өзінше сынап, өзінше бағалай алады деп санайсыздар? 5. Сіздің ойыңызша, мәтінде қандай жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айтылады? Аз болсын, көп болсын әркімнің мұраты бар. Ұлы болсын, ұсақ болсын әркімнің мұраты бар. 6. Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Мысал келтіріңіз. 7. Өзіңіздің өмірлік мақсатыңыз қандай? Мақсатыңызға жетудің жолдары қандай деп санайсыз? |
(1)Қитар лық, қияң- қылық. (2) Бүкіл жер жүзі, әлем. (3) Тегінде, негізінде. |
||||
5. Шығармашылық жұмыс 1 - тарсырма: . Қанатты сөздердi оқып, негiзгi ойын анықтап, бүгiнгi өмiрмен байланыстырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. • Фалес: «Ең қиын іс – өзіңді-өзің тану, ең оңай іс – басқаға ақыл айту». • И. Гете: «Өзіңді қалай танып білуге болады? Тіпті де құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өзіңнің борышыңды орындап көрсең болды, өзіңді тани кетесің». • Абай: «Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» . • М. Горький: «Мен армандағыш, ізденгіш, жаны тыным таппайтын кісілерді ұнатамын. Ал дегеніне жетісімен тоқтай қалған адамның мен үшін ешқандай қызығы жоқ». • Л. Фейербах: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» . • Б. Момышұлы: «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады».
2-тапсырма. Кестеде берілген ұғымдарға сәйкес мағыналарын табыңыздар.
3-тапсырма: Өмір жолын таңдаудың қаншалықты күрделі әрі жауапты екендігін түсіну үшін төменде берілген мәтінмен танысып шығыңыздар және «Өмір жолын таңдау» тақырыбы бойынша пікірталас ұйымдастырыңыздар. Пікірталас үшін сұрақтар дайындап, төмендегі нұсқауларды басшылыққа алыңыздар. Пікірталасқа қатысушы үшін нұсқаулар: 1. Сөз сөйлер алдында, өз ұстанымыңызды нақты белгілеп алыңыз. 2. Мәселенің мәнін дұрыс түсініп тұрғаныңызды тексеріп алыңыз. 3. Қарсыласыңызды мұқият тыңдағаннан кейін ғана өз көзқарасыңызды білдіріңіз. 4. Дау туғызбайтын деректер ғана күшті дәйек болатынын ұмытпаңыз. 5. Қарсыласыңызды сендірудің ең жақсы тиесілі нақты дәйектеме мен мінсіз логика екенін ұмытпаңыз. 6. Әділ әрі шын жүректен бәстесіңіз, қарсыласыңыздың ойлары мен сөздерін бұрмаламаңыз. 7. Анық, нақты, қарапайым, түсінікті етіп, басқалардың емес, өз сөзіңізбен сөйлеңіз. 8. Сіздікі дұрыс болмаған жағдайда, қарсыласыңыздың дұрыс екендігін мойындауға батыл болыңыз. 9. Ешқашан дөрекі сөйлеп, қарсыласыңыздың намысына тиетін, оны қорлайтын сөздер айтпаңыз. 10. Сөзіңізді аяқтай келе, қорытынды шығарыңыз. |
|
||||
6. Топпен ән айту Сөзі: Арман Дүйсенбі Арман жолдар Әні: Ұлықпан Жолдасов Жол – жетелейді арман мен мұраттарға, Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға. Сен адастырма, арманым, жол бастаған, Үйреттің өмір сырын алғаш маған. Сен – қиялы құсым сапарға алып ұшқан, Сен – арман ару, жаралған сағыныштан. Сен – жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың, Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын. Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнімді. Сен – ұрлап алып кетпеші жастығымды. Сен – қол жетпейтін тұратын сағымнансың, Жолдарда жүріп өткен әнім қалсын. |
|
||||
7. Үй тапсырмасы. 1. Тоқтар Әубәкіров туралы түсірілген «Биіктерді бағындырған» атты деректі фильмді көріп, «Адамның еркі, тек қана берік адамның еркі – ғаламат күш» тақырыбында эссе жазыңыз («Ozin-ozi-tanu.kz» интернет-порталы) 2. . «Қыран қазақ» Нұртөре Жүсіп мәтінін оқып келу. |
|
||||
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп: Мерзімі: .09.19ж. №2 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӨМІР ЖОЛЫН ТАҢДА Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, зиянды әдеттерден аулақ болу, әділеттілік. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
||||
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет ақылдылардың құралы туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету ; Дамытушылық: - зиянды әдеттерден аулақ болуға, өсек айтпауға шақыру; Тәрбиелік: - әділеттілікке тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгелдеу |
||||
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап. Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Қыран қазақ» Нұртөре Жүсіп мәтінін оқып келу тапсырылған, сұрақтарға жауап беру;
4. Мәтінде Тоқтар Әубәкіровтің бойынан қандай асыл құндылықтарды, кісілік пен адамгершілікті байқадыңыздар? 5. Өз өміріңізде мақсатқа жету үшін саналылықпен тәуекелге бел буған сәттеріңіз болды ма? |
|
||||
3. Дәйексөз «Ақылды адам қателессе, өз басынан көреді. Ақылсыз қателессе, жолдасынан көреді» (Мақал)
|
|
||||
4. Әңгімелеу Таңдау қиындығы Бақытгүл Салыхова Шешім қабылдаудан шаршадыңыз ба? Маңызды мен маңызы жоқты, қауырттық пен жайбасарлықты, негізгі мен қосалқы нәрсені ажырата алмай басыңыз қатты ма? Әлбетте, өмір тест сұрақтарының жауабы емес, бір дұрыс жауапты таңдай алмайсыз. Сондықтан шешім қабылдаудың жылдамдығы мен сапасы сай келуі де, келмеуі де мүмкін. Бірақ өмір көп таңдау жасатады, сондықтан шешіміңізге өкінбейтіндей болуыңыз керек. Өмірінің бір кезеңінде тамақ, киім таңдаудан бастап, мамандық, өмірлік жар таңдау сияқты мәселелерде шешім шығару кезінде барлық адам бірдей қиналады. Өйткені салыстыр малы түрде, бірінен бірі жақсы, тіпті керемет нәрселерден таңдап алу қиын, оған қоса көп ойланған сайын шешім қабылдау да қиындай түседі, содан әйтеуір кез келгенін таңдай салып, соңын -да риза болмай, көңіл-күйің түсіп кететін кездер болады. Психоло гияда бұл «шешім қабылдаудан шаршау» деп аталады. Ал ол өз кезегінде таңдау нұсқаларының тым көп болуына және оны игере алмауымызға байланысты. Жиі таңдау жасау қажет болған сайын шешіміңіздің сапасы да нашарлай түседі, дейді мамандар. Ең басты мақсатты «табысқа жету» деп ойлайтын адам көбінесе мынадай үш сенімді басшылыққа алады екен: «мен міндеттімін», «мұның барлығы маңызды», «мен осының барлығын немесе екеуін де істей аламын». Сөйтіп жүріп өзіне тым көп жүктеме алып қойғанын байқамай қалады, дер кезінде тоқтап сараптауға да уақыты болмайды. Сондықтан көп шаруа атқарып жатқанымен ешнәрсенің түбіне дейін зерттеп, жете білетін маманы бола алмайды немесе ешқандай нәтижені көрмей бәрінен көңілі қалады, тығырыққа тіреледі. Ондай адамдар өте көп, бірақ тиімсіз жұмыс істейді. Осындай таптаурын5 ойдан арылып, «азырақ, бірақ жақсырақ» теориясын қабылдауды жазушы және психолог Грег МакКеон «эссенциализм» деп атайды және «Эссенциализм. Қарапайымдыққа жол» кітабында өз әдістемесі қалай жұмыс істейтінін сипаттайды. Эссенциализм – «көп нәрсені аз уақытта жасау туралы емес, істеуге тиіс нәрсені ғана жасау туралы», – дейді Грег МакКеон. Бұл үшін ең маңызды мәселелерді анықтап, бар күшті соны жүзеге асыру жолына жұмсау қажет. Сіз үшін не маңызды? Өз өміріңізде маңызды нәрселерді ретретімен қойма- саңыз, оны сіз үшін басқа адамдар жасайды да сіздің өміріңіз өзіңізге тиесілі болмай қалады. Сондықтан қандай жағдай болса да ойланып, өзіңізге қажетті басымдықты мақсат етіп қойыңыз, өміріңіздегі маңызды нәрселерге талдау жасаңыз. Қалай болғанда да басымдық қойып, маңыздыны таңдай білуге үйренуіміз керек, бұл тек уақыт үнемдеуге ғана септігін тигізбейді, өзіңіздің өмірлік миссияңызды дұрыс тауып, бақытты өмір сүруге мүмкін- дік береді. Ал өмірде бақытты өмір сүруден басқа қандай басым- дық болуы мүмкін? Қазір біздің алдымызда көп таңдау тұр. Бұл мемлекетке де, билікке де, қоғамға да, ұлтқа да қатысты. Осы сындарлы кезеңде таңдаулардың дұрыстығы бізді нығайтуға, алға жылжуға, дамуға айтарлықтай жәрдемін тигізетінін естен шығармағанымыз абзал.
|
|
||||
5. Шығармашылық жұмыс 4-тапсырма: Өзіңіздің өмір жолыңызды таңдау жоспарын жасап, сыныптастарыңызбен ортаға салыңыз. Жүсіпбек Аймауытов
5-тапсырма. Төмендегі сұхбатты оқып, сұрақтар бойынша өз шешімдеріңіз бен ой-тұжырымдарыңызды айтыңыздар. Талғат Сүйінбайдың кітабында Елбасы мен Тоқтар Әубәкіровтің арасындағы әңгіме түйіні былай көрініс тапқан. «Қалайда осы қазір ұшуға тиіссің», – деді Елбасы. «Ұшамын!..» – дедім мен. «Қазағың үшін басыңды қауіп-қатерге тігесің». – деді ол. «Тігемін!..» – дедім... • Тоқтардың орнында болсаңыз, қалай жауап берер едіңіз? Неліктен? • Сертке адал болу адам бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттерді арттырады? Қалайша?
6-тапсырма: Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің студенттермен болған кездесуде айтқан сөздерін оқып шығып, өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен шынайы борышыңызды қалай түсінетініңізді ортаға салыңыз.
7-тапсырма: Өтілген тақырыпқа байланысты сөздерді еске түсіріп, «Өмір жолын таңдау» атты сөзжұмбақты шешіңіздер.
Қорытынды: Әрбiр адам өзiнiң өмiр жолын табуға талпына- ды, көпшiлiгi зор жетiстiкке жетудi армандайды. Бiрақ барлығы бiрдей ойлағанына жете алмайды. Бұл нелiктен? Себеп түрлiше. Көптеген адамдар қиындыққа кездескенде үмiтсiздiкке салына -ды , өмiрлiк жоспарынан оңай бас тартып, мүмкiндiктерiм сарқылды деп ойлайды. Ондай адамдар өздерiнiң дене және рухани күштерiн жете бағаламайды. Адам өз мүмкiндiктерiн жетiлдiрiп қана қоймай, оны байыта түсу керек екендiгiн де әрдайым есте ұстағаны абзал. Әр адам өзiмен жұмыс iстеудi неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым iрi жетiстiкке жетедi, себебi адамның жас кезiнде икемдiлiгi, яғни өзгерiске және дамуға қабiлеттiлiгi жоғары болып келедi. Кейбiр адамдардың белгiлi бiр қызметтегi, ғылым мен өнер саласындағы таланттары мен қабiлеттерi кемел шақта да ашылып, дамуы мүмкiн. Сол себептi де өз бетiнше әрекет етiп, жетiстiкке жете бiлу еш уақытта да кеш болмайды. Дегенмен толық жеңiс үшiн бiлiм мен тiлек жеткiлiксiздеу, өйткенi бiлiм алуда, қайсар мiнез бен барынша дамыған ерiк жоқ болса, тiлек орындалмаған арман, қалықтап жүрген қиял боп қала бередi. Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз келмейді. Адам еркі, тек қана берік адамның еркі – ғаламат күш. Ақыл еріктің жолын жарықтандыра ды, ал ерік дұрыс әрекетке әмірін жүргізеді. Осы айтылғандар дың бәрі адамның болмысын, мүмкіндіктерін барынша пайдала- ну оның өмірде жеке тұлға болып қалыптасуына, өз болашағына дұрыс таңдау жасап, өмірдегі дұрыс әрекеттеріне ықпал ететін- дігін көрсетеді. |
|
||||
6. Топпен ән айту Ойлан балам С: Шөмішбай Сариев. Ә: Кеңес Дүйсекеев. Ойлан, балам, өмір деген өтпелі, Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді. Қайырмасы: Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары, Ойлан, балам! Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі. Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған Ойлан, балам, алда үміт, арманың, Ойлан, балам! Алда сенің нұрлы күнің, таңдарың. Қайта оралмас жас шағымның көзіндей, Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың. Ойлан балам, елің-жерің, салтың бар, Мұратына жетер адам талпынған. Таудай биік азаматы болсаң да, Биікпін деп айтпа, балам, халқыңнан! |
|
||||
7. Үй тапсырмасы. 1. «Өмірдің мәні неде? Не үшін өмір сүремін?» тақырыбына эссе жазып, мазмұнына байланысты сурет салыңыздар.
|
|
||||
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: 09.19ж №3 сабақ Сабақтың тақырыбы: МӘНГЕ ТОЛЫ ӨМІР Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
||||
Сабақтың мақсаты: Адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке толы болса ол адамның жан дүниесі сұлу. Міндеттері: Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету ; Дамытушылық: - кешірімді болуға, кеңшілік танытуға баулу; Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу, түгелдеу, . |
||||
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап. Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Өмірдің мәні неде? Не үшін өмір сүремін?» тақырыбына эссе жазып, мазмұнына байланысты сурет салыңыздар. |
|
||||
3. Дәйексөз Неге біз алға, үнемі алға ұмтыламыз? Өйткені өмірдің мәні – тек жаңалық ашу ғой. Л.Н.Толстой
|
|
||||
4. Әңгімелеу Нағыз адам туралы Сламбек Тәуекел 1. «Мақсаттар, армандар, жоспарлар, өзін өнер тіршіліктері мен ағымдарынан басқа жерде елестету мүмкін емес… Не істеу керек? Тек ішіп жеу мен тыныстану үшін өмір сүрем бе? Жоқ! Бұл мен үшін емес! Мені ат үстінен аударып түсіру мүмкін емес!..» деген сөздер актердің қандай асыл қасиеттеріне дәлел болады деп ойлайсыздар? 2. Қиын тағдырлы актерді қызмет істеп, әлеуметке пайда келтіру іне оның бойындағы қандай құндылықтары мен қасиеттері жете -леді? Оның өмірінің мәні неде болды деп санайсыздар? 3. Актердің ұлы Ілиястың әкесіне деген сүйіспеншілігі оның қандай әрекетінен көрініс табады? Нақты мысал келтіріп айтыңыз. 4. Айналаңызда өз мүмкіндіктері мен қабілетінің арқасында биік нәтижелерге қол жеткізіп, мағыналы өмір сүрген адамдарды білесіз бе? Мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз. 5. Өзіңіз өмірдің мәнін ұғыну жолыңда қандай адамгершілік ұстанымдарды басшылыққа аласыз? Неліктен? |
|
||||
5. Шығармашылық жұмыс 1 – тарсырма: Елбасының Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі қарсаңында қойылған «Өмірдің мәні неде?» деген сұраққа берген жауабын оқып шығыңыздар. Бұл сұраққа өздеріңіз қалай жауап берер едіңіздер? Айнұр Ракишева Baq.kz сайтынан Адамдардың барлығы өмірдің мәні неде екендігін білгісі келетіндігін айтқан Елбасы: – Мен аз өмір сүрген жоқпын, өмірлік тәжірибеме қарасам, өмірдің мәні туралы ойлай беру құр бекер іс. Өмірдің мәнін Жаратушымыз туғанымызда біздің генімізге салып берген және біздің қай уақытта не істейтіндігіміз жазылып қойған. Сондықтан да өмірдің мәнін түсінуге тырысудың қажеті жоқ. Тағдыр деген бар. Алайда тағдыр екен деп қарап отыруға болмайды. Адам су тасқыны болса, жер сілкінісі болса немесе қарама-қарсыңда көлік келе жатса жолдың шетіне шығып қауіптен қорғанамыз ғой. Яғни тағдырымыз жазылып қойылғанымен, ол өз қолымызда. Өткенде нені қате жасадық деп ойланып бұрыңғымен немесе 10-20 жылдан соң не болар екен деп болашақпен өмір сүруге болмайды. Бүгінмен өмір сүру қажет. Тіпті ертең не болатынын ешкім білмейді. Біздің жеріміз қарасаңыз галактиканың кішкентай ғана бір бөлігі. Оған қашанда космостан да, жер астынан да, бетінен де түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Адам басына да келетін нешетүрлі бәле бар. Оның барлығын ойласаң өмір сүре алмайсың. Алла бізге жан беретін кезде қашан өлетінін ешкімге айтқан жоқ. Оны білетін болсақ өмірдің өзі сұмдық болар еді ғой. Барлық діндерде Жаратқанға, Аллаға құлшылық ету керек делінген. Алайда өкінішке қарай барлығы олай істеп жатқан жоқ... Өмірдің мәні – жақсы өмір сүру, жақындарыңды, достарыңды, Отаныңды жақсы көру! Балалардың болашағы үшін жағдай жасау! – деді. 2-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, адамның өзін-өзі тануы, өмірдің мәні туралы өз тұжырымдарыңызды жасаңыздар. Өмірмен байланысты мысалдар келтіріп, кестені дәптерге толтырыңыздар. Ақселеу Сейдімбек Жерден бауырын көтерген адамзат әулеті өзін-өзі тануға талпынуын бір сәт тоқтатқан емес. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, ақ пен қараның, жер мен көктің кереғарлығы сияқты, таным жолында да даналық пен шалалық, махаббат пен ғадауат мәңгілік текетірес күй кешіп келеді. Сөз жоқ, көзді ашып, көкірекке сенім ұялатқан талайталай тарихи кезеңдер адамзат әулеті -нің басынан өтті. Өмірдің мәні мен сәні, адам-құдіреттің тарихи-әлеуметтік болмысы сараланып, талай шындықтың шалғайына қол тиді. Әрбір кез-кезең өзіндік сыр-сипатын көлденең тартады. Адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен адамзат туралы әр уақыттың өзі шешер түйіндер бар. Әр кез-кезеңде уақыттың өзі тудырар махаббат пен ғадауаттың6, даналық пен шалалықтың бітіспес күресі бар.
3-тапсырма. «Өмірдің мәні неде? Не үшін өмір сүремін?» тақырыбына эссе жазып, мазмұнына байланысты сурет салыңыздар. Өмірдің мәні неде? Сағындық Ордабеков Ия, өмірдің мәні неде? Не үшін өмір сүресің? Осы бір сұрақ төңірегінде ой қозғасақ, кім не айтпайды, тәйірі. Сұрақ біреу болғанымен әркім өзінің сана түйсігіне, ой-қиялына қарай жауабын сан жаққа жүгіртіп, әрқалай жауап беретіні белгілі. Ия, сонымен кім, не үшін өмір сүреді? Есімі тарихта қалған австриялық психоаналитик Виктор Франкл: «Біз өмірге айналадағы жұртты қуанту үшін ғана келдік. Қасыңдағы адамның түріне, жынысына, мәртебесіне, діни сеніміне, әлеуетіне қарамастан оған шаттық сезім сыйлау үшін ғана туылғанбыз», – дейді. В.Франкл дәрігер болып жүргенде мынадай сезімнің соңына түседі. Ол ақша табу үшін байларға ақылы қызмет көрсететін. Ал, түстен кейін жағдайы жоқ кедейлерге тегін қарасады. Яғни, оларды емдегені үшін ақы алмайды. Кедейлер оған риза болып, алғысты жаңбырша жаудырады. Франкл олардан алғыс алған . Менің пікірім Өмірмен байланысты мысалдар сайын бақытқа бөленетін. Кеудесі шаттыққа толып, бейне бір бұлттың үстінде қалқып жүргендей болады. Әрине, қалталы пациенттер де алғыс айтуды ұмытпаған. Бірақ еңбегіне ақы алған соң жанды балқытып тұратын ләззатты таба алмай өмір сүруге деген ынтығы азаяды. Клиникасының ақшаға тәуелді екенін біліп тұрса да, адамдардан алғыс есту үшін ақысыз қызмет көрсетуге құмартып алады. Жағдайы жоқ мұқтаж жандарға тегін қарасқан сайын оның өмірге құштарлығы арта береді. Осылай ша Франкл шыбын жанға толассыз шабыт сыйлайтын шаттық сезімді кеудес інен шығарып алмау үшін барлық адам ұрпағына риясыз қызмет ету керек тігін ұғына түседі. Сонымен, «Өмірдің мәні не?», «Бізді тіршілікке ғашық етіп, ажалмен айқасуға батылдық беретін қандай күш?» деген сұраққа Франкл: «Өмірдің мәні – өзгеге қуаныш сыйлау. Өмір жолында саған серік болған адамды қуанту. Оның көңіл-күйін шаттық сезімге толтыру. Адамдар- ға риясыз қызмет ету арқылы өзіңді де, оны да шаттыққа бөлеу», – дейді. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қартайып шау тартқанша адамдық борышың, адам ұрпағына қуаныш пен шаттық сыйлау. Кез келген адамға жаның ашып, оның нәсіліне, ұлтына, түріне, дініне, тіліне, жынысына қарамастан оларға адал қызмет етіп, еткен қызметіңе мақтау, бодау7, ақы күтпестен шаттық сезімге шомылып жүру – өмірдің негізгі мәні болып табылмақ». Бұл Виктор Франклдің өлер алдында берген ең соңғы жауабы. |
|
||||
6. Топпен ән айту Өмір жолы Нұрбол Бимұрзаев Өмір деген тылсым жол, таусылмайтын сырлары, Белең алар бұл жолда, сан алуан қырлары, Өткелі көп, баршылық, құздарымен шыңдары Аяқ бассаң аңдамай, жетерлік өмір сындары. Өмір жолы ол сынақ, шыңдайтұғын адамды, Бейнеті де бары хақ, бейнетсіз ниғмет болмайды, Тіпті мектеп баласы да, күн түн демей алдағы, Емтиханды өту үшін дайындығын қамдайды. Өмір жолы егістік, еккеніңді оратын, Таңдау, талдау, сан шешім қабылдаудан тұратын, Ексең егер жақсылық, бақыт құсы қонатын, Жаман болса амалың, мәңгі азап тұнатын. Өмір жолы дария уақыт ағыс сарнаған, Адам кеме ондағы ағысында самғаған, Өкініші өткеннің кеудені жеп жалмаған, Үміт берер ертеңге мұрат мақсат сан арман. Өмір жолы өте қысқа, мәңгі болмақ ахірет, Қапы қалып ақиқаттан тартып жүрме қасірет, Ата-ана мен ұстазыңның батасын ал, қыл құрмет, Біліп білмей жасап қойған күнәларға тәубе ет! |
|
||||
7. Үй тапсырмасы. Құрбы-құрдастарыңыздың арасында «Адамға ең қымбаты – өмір, өмір сүруге асығу керек» тақырыбында сауалнама жүргiзу. |
|
||||
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: .09.19ж № 4 сабақ Сабақтың тақырыбы: МӘНГЕ ТОЛЫ ӨМІР Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: Ызақорлық; сараңдық; жалқаулықты қадағалай білу, өзін-өзі алдамау; шыдамдылық, байсалдылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Ішкі әлемнің тыныштығын сақтау көркем мінезділіктің негізі туралы түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - Ызақорлық; сараңдық; жалқаулықты қадағалай білуді үйрету ; Дамытушылық: - өзін-өзі алдамауға ықпал жасау; Тәрбиелік: - шыдамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап. Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Орманға саяхат».
2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Құрбы-құрдастарыңыздың арасында «Адамға ең қымбаты – өмір, өмір сүруге асығу керек» тақырыбында сауалнама жүргiзу, оны оқу. |
|
3. Дәйексөз
|
|
4. Әңгімелеу Артыма қараған уақытта екі нәрсеге қуанам Жұлдыз Әбділда 1. Әңгіме кейіпкерінің өз мақсатына жетуіне адамның адами қасиеттері қалай әсер етті деп ойлайсыздар? 2. Атақты математиктің рухани-адамгершілік қасиеттері өмірде қалай көрініс тапты? Нақты мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз. 3. Өзіңіз күнделікті өмірде жоғарыда аталған адамгершілік қасиеттерді басшылыққа аласыз ба? Қалай? 4. Өз бойыңыздағы мүмкіндіктерді ашуға көмектескен жағдай болды ма? Ол мүмкіндіктерді толығымен пайдаланып жүрсіз бе 5. Абырой, өзінің қадір-қасиетін сезіну сияқты ұғымдар сіз үшін нені білдіреді? |
Мәтінді оқып Сұраққа –жауап беру. |
5. Шығармашылық жұмыс 1 - тарсырма: Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өмірі өнегелі, мағыналы тұлғаға мінездеме беріп, оның портретін жасаңыздар. Тапсырманы дәптерде орындаңыздар. Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: мақсат, бейімділік, зеректік, қызығушылық, сүйіспеншілік, ізгілік, мүмкіндік, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты, зерттеу, өзін-өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болу. 5-тапсырма: Мәтінді оқып, сыныптастармен пікір алысыңыздар. Өмірдің бір сәті (Тәмсіл) Әкесі ұлының жастық шағын бекер өткізіп жатқандығына қамығып, бала сын серуенге шақырады. Ашық та желсіз күн еді. Көлге келгенде әкесі ұлы- на: – Айналаңа көз салшы: аспан да, күн де, таулар да, барлығы суда көрінеді Қолын суға салады да, қолында қалған су тамшыларын жерге сілкиді. Ұлына жердегі тамшының біреуіне қарауын өтінеді: тамшыда қоршаған ортаның бәрі де көрінеді.. – Уақыт та осындай, ұлым, – дейді әкесі, – адамның өмірінің бір сәті барлық өмірдің көрінісі іспетті. Бір сәт сенің бір күніңнің көрінісі болса, бір күнің барлық өміріңнің көрінісі. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бағалай біл. • Өзіңіз үшін өмірдің бір сәті не болып табылады? Неліктен? • Өз өміріңіздің әрбір сәтін дұрыс бағалай білуге қандай қасиеттеріңіз көмектеседі? 6-тапсырма: Жоғарыда оқыған тәмсілдегі «... Бір сәт сенің бір күніңнің көрінісі болса, бір күнің барлық өміріңнің көрінісі» деген жолдарды басшылыққа алып, төмендегі рөлдерді қатыстырып, сахналау ұйымдастырыңыздар. • Дәнекер (өмірмен байланыстырады). • Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздерді тауып айтады). • Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды) . • Реттеуші (реттеп отырады). 7-тапсырма: Құрбы-құрдастарыңыздың арасында «Адамға ең қымбаты – өмір, өмір сүруге асығу керек» (Н.А.Островский) тақырыбында төменде берілген сұрақтар бойынша сауалнама жүргiзiңіздер. Сауалнама нәтижесiн «Менің құрдастарым» жобасына сәйкестендіріп жазыңыздар. 1. Сіз не үшін өмір сүресіз? Сіз үшін өмірдің мәні неде? 2. Сіздің өміріңіз бүгінгі күнге қалай сәйкес келеді? 3. Қандай сәттерде шынымен өмір сүріп жатырмын деп ойлайсыз? Осы минуттар, сағаттар, күндер неден тұрады? 4. «Адамға ең қымбаты – өмір, өмір сүруге асығу керек» деген пікірмен келісесіз бе? Неліктен? 5. Кімді сүйесіз? Кімге немқұрайды қарайсыз және неліктен? 6. Сізді қатты толғандырған, ой салған не? Мүмкін ол сырт көзге білінбесе де, жаныңызды ауыртып, өміріңізді күрт өзгерткен нәрсе шығар? 7. Сіз әлемді қалай өзгертер едіңіз? 8. «Адамның өмірінде алға қойған мақсаты адамға кез келген жағдайда көмектеседі» деген тұжырымға қалай қарайсыз? 9. Байлық, жақсы жұмыс, отбасы адамды әрқашан да бақытты жасай ма? 10. Ақша мен билік адам өмірінің мәні бола ала ма? Ойланыңыз: байлық – өз арманыңның орындалып, мақсатқа жетудің құ ралы ма? 11. Өзбетіңізше ойланып, тиісті шешім қабылдай алатындығыңызға сенімдісіз бе? 12. Сіз өзіңізді тұлға деп санайсыз ба? Қандай жағдайда болсын тәуелсіз тұлға болып қалуға күшіңіз жете ме? |
|
6. Топпен ән айту Өмір жолы Нұрбол Бимұрзаев Өмір деген тылсым жол, таусылмайтын сырлары, Белең алар бұл жолда, сан алуан қырлары, Өткелі көп, баршылық, құздарымен шыңдары Аяқ бассаң аңдамай, жетерлік өмір сындары. Өмір жолы ол сынақ, шыңдайтұғын адамды, Бейнеті де бары хақ, бейнетсіз ниғмет болмайды, Тіпті мектеп баласы да, күн түн демей алдағы , Емтиханды өту үшін дайындығын қамдайды. Өмір жолы егістік, еккеніңді оратын, Таңдау, талдау, сан шешім қабылдаудан тұратын, Ексең егер жақсылық, бақыт құсы қонатын, Жаман болса амалың, мәңгі азап тұнатын. Өмір жолы дария уақыт ағыс сарнаған, Адам кеме ондағы ағысында самғаған, Өкініші өткеннің кеудені жеп жалмаған, Үміт берер ертеңге мұрат мақсат сан арман. Өмір жолы өте қысқа, мәңгі болмақ ахірет , Қапы қалып ақиқаттан тартып жүрме қасірет , Ата-ана мен ұстазыңның батасын ал, қыл құрмет, Біліп білмей жасап қойған күнәларға тәубе ет! |
|
7. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма: Берілген сөзтізбекте қажет әріпті орнына қойып, дұрыс шешсеңіздер, Абайдың қанатты сөзін оқуға болады. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: .10.19ж № 5 сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМ ОЙЫНЫҢ, СӨЗІ МЕН ІСІНІҢ БІРЛІГІ Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, зиянды әдеттерден аулақ болу, әділеттілік. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: Өмірде дұрыс әрекет жасау адамның басты қағидасы болып табылатынын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - өмірде басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету ; Дамытушылық: - зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу; Тәрбиелік: - әділеттілікке тәрбиелеу. |
Сәлемдес сабақтың мақсаты мен міндеті таныстыру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап. Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру. 3-тапсырма: Берілген сөзтізбекте қажет әріпті орнына қойып, дұрыс шешсеңіздер, Абайдың қанатты сөзін оқуға болады.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3. Дәйексөз Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Шәкәрім
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. Әңгімелеу Парасатқа құштарлық Сағат Әшімбаев 1. Адамгершілік ұғымымен таныса отырып, өздеріңіз өмірлік қандай ой түйдіңіздер? 2. Сіздердің айналаңызда ойы, сөзі мен ісі бір, ерік-жігері мықты, кемелденген адамдар бар ма? Сіздер оларды неліктен үлгі тұтасыздар? Мысал келтіріңіздер. 3. Адамгершілік арқылы жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрініс табады? 4. Өзіңіздің өмірлік ұраныңыз ретінде қандай сөздерді таңдар едіңіз? Неліктен? 5. Өзіңіздің рухани дамуыңызға даңғыл жол неден басталады деп ойлайсыз? |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. Шығармашылық жұмыс 1 - тарсырма: Төменде берілген ой-тұжырымдарды оқыңыздар. Өздеріңіз үшін адамгершілік қағидаларын анықтап, ой-пікірлеріңізді дәйектеп айтыңыздар. • Әл-Фараби: «Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат». • Махатма Ганди: «... адамның өзін-өзі тазарту жолы азапты да ауыр жол. Кіршіксіз тазалыққа жету үшін оның ойында, сөзі мен ісінде әділдік болып, махаббат пен ғадауат, жақындық пен жаттық секілді кереғар құмарлықтардан жоғары тұруы керек». • Шәкәрім: «Адамға адамшылық неге керек? Адамшылықтың негізгі тірегі – рақымшылық, мейірім емес пе?! Ендеше рақымсыз, мейірім таратпай қалай өмір сүруге мүмкін? Біреуге жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам құлаған бір бәйтерек емес пе?!». • Ыбырай Алтынсарин: «Адамгершілік жолындағы жеті жақсы қасиет: Бiрiншi: Имандылық. Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк. Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк. Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық. Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру. Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық. Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық». • Мырзагелді Кемел: «Адамгершілік деген – ұлы сөз. Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық, татулық – осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті. Адамгершiлiктің биіктігі адамдық ардың биіктігінен, адамдық ар-намысты ардақтай білуден, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылудан көрінеді». 2-тапсырма: «Ойға алғанның бәрін адамның ынта-жігерімен жүзеге асыруға болады» деген халық даналығын «көзқарас–себеп–мысал– қорытындылау» әдiсiмен талқылаңыздар.
6. Топпен ән айту Ұстазым Аманжол Шамкенов Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын Зердемді сен ашпасаң не етер едім, Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Өмірден сыбағасыз өтер едім. Есімде әліппені жаттатқызып Ғажайып дүниенің сырын жайып Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. Қияға қызықтырып жетеледің. Қайырмасы: Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Өзіңнен өмірге азық ала бердім, Қалдырған ізің мәңгілік Ұшырып мені алысқа қала бердің. Жадымда тұрар жаңғырып Бойымда отың кетті ұшқын атқан, Ұстазым, менің ұстазым! Келеді жана бергім, жана бергім! |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7. Үй тапсырмасы. Өздеріңіз рухани кемелденген, өмірі мәнді деп ойлайтын адамдар (ата-анаңыз, туысқандарыңыз, ұстазыңыз, белгілі адамдар және т.б.) туралы альбом, слайд немесе қолдан шағын кітапша әзірлеңіздер. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп Мерзімі: .10.19ж № 6 сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМ ОЙЫНЫҢ, СӨЗІ МЕН ІСІНІҢ БІРЛІГІ Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: барлығынан жақсыны көру, жақсыдан жаманды ажырата білу, өз-өзіне адал болу, шыншылдық, қарапайымдылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9«а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Өмірдің кірпішін ақиқатпен қаласаң алынбайтын қамал болатындығын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - барлығынан жақсыны көріп, жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету ; Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға ықпал ету; Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгелдеу,
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап. Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру. Өздеріңіз рухани кемелденген, өмірі мәнді деп ойлайтын адамдар (ата-анаңыз, туысқандарыңыз, ұстазыңыз, белгілі адамдар және т.б.) туралы альбом, слайд немесе қолдан шағын кітапша әзірлеген, қорғаймыз. |
|
3. Дәйексөз «Адамның бар өмірі өзін-өзі жұбату, өзін-өзі алдау» Қадыр Мырза Әли
|
|
4. Әңгімелеу Татьяна Квашнина Маңызды шешім (Өмірде болған оқиға) 1. Балалы әйел қарт кісіні неге өзімен бірге алып кетті? 2. Сіздің пікіріңізше, балалы әйелдің нақты шешім қабылдауына оның қандай қасиеттері әсер етті? 3. Жас келіншектің вокзалдағы әрекетін жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсіндіресіз? 4. Сіздің өзіңіз осындай жылдам шешім қабылдаған кезіңіз болды ма? Ол қандай қажеттіліктен туған еді? Жауабыңызды мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз. |
|
5. Шығармашылық жұмыс 1 - тарсырма: Көп нүктенің орнына мағынасына қарай тиісті сөздерді қойып, Ж.Баласағұнның өлеңін оқыңыз. Ақын дұрыс іс-әрекеттің мәнін қалай ашады? Сұраққа жан-жақты, толық жауап беріңіз. Қажет сөздер: жақсы, төзімділік, толық, ізгілік, зерек, ізгі, ақылдылық, білім. Ізгілік пен ... қылық – амалы, Мұнымен ер екі дүниені алады. Сен ізгілік тілер болсаң, одан да, Кел, ... қыл, сөзді доғар да. Егер қолың ұзын болса – халыққа Қылық, сөзді ... қылып, жарылқа! Ерге керек ... , күш-қайрат, Тұру керек Күн мен Айдай нұр жайнап. Жомарттық һәм салмақтылық қажетті, Білімділік, ... қажетті. Ақыл керек ... таңдап аларға, Білім керек іске жақсы қарарға Жарамды мен жарамсызды аңдаса, Керектіні керексізден бөлерге, Барлық іске ... болса, парықтап, Ала білсе өз керегін анықтап. Сонда ... болар ісің, пішінің, Білімді асты жейді баппен пісіріп. Мұндай кісі тілегіне жетеді, Қос жаһанда ісі оң боп өтеді. 5-тапсырма: Берілген ой-тұжырымды мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтар бойынша өз пікіріңізді білдіріп, «Менің құрдастарым» жобасының күнделігіне жазып қойыңыз. Адам тек өз қарабасының қамы, мұң-мұқтажы жайлы ғана емес, бақытты өмір сүрсем деген жұпыны талап-тілегінен бастап, өз ортасы, төңірегі, елі, жері, жарық дүние, бүкіл әлем тағдыры туралы ойланған. Зейнолла Серікқалиұлы • Ал сізді толғандыратын басты мәселе қандай? Өмірде өзіңізді қатты толғандырып, ой салған не? Мүмкін ол сырт көзге білінбесе де, жаныңызды ауыртып, өміріңізді күрт өзгерткен нәрсе шығар? • Бұл мәселені шешудің жолдары туралы ойландыңыз ба? Өзбетіңізше ойланып, тиісті шешім қабылдай алатындығыңызға сенімдісіз бе? • Ойыңыздың, сөзіңіз бен ісіңіздің бір жерден шығуы үшін қандай қасиеттердің болуы тиіс деп санайсыз? |
|
6. Топпен ән айту Сөзі: Мөлдір Айтбай Бір ел болса Әні: Ұшқын Жамалбек Жазира кең байтақ қазақтың даласы, Сыр менен Еділдің арасы. Арманы тауындай асқақ қой қарашы, Қалдырған ержүрек бабасы. Шүкір деп жазылды көбінің жарасы, Ешкімнің жоқ оған таласы. Осынау далада жыламай анасы, Өссе екен қазақтың баласы. Қ-сы: Бір ел болса біздей болсын Алатаудай айбары, Көгіндегі қыран құстай желбіреген байрағы. Бір ел болса біздей болсын азаттықтың айғағы, Татулық пен берекенің бұзылмаған қаймағы. Көліне, шөліне, көгіне тамсанам, Жүректің үнімен ән салам. Сағынып жете алмай Отанын аңсаған Шетте жүр қаракөз қанша адам Әр қазақ жалғызым деп бүгін жар салам, Әніммен жететін жол салам. Әлемде кім қазақ бауырмын мен соған, Құшақтай айғара қарсы алам. |
|
7. Үй тапсырмасы. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
№75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .10.19ж № 7-сабақ Сабақтың тақырыбы: ДАНАЛЫҚТЫҢ САРҚЫЛМАС КҮШ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: Оқушыларғдың бақыт жолындағы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: - өмір бақытының кілті Кішіпейіл, кешірімдіде екндігін үйрету; Дамытушылық: - өмірде риясыз қызмет етуге, бақыт сыйлай білуге баулу; Тәрбиелік: - жанашырлыққа, шынайылыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгелдеу,
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті: «Су астына саяхат» шығамыз. 2. Үй тапсырмасын тексеру.
|
Музыка қойылады
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
3. Дәйексөз Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге – дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Нұрсұлтан Назарбаев
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
4. Әңгімелеу Бұқардың соңғы өсиеті («Ел аузынан» кітабынан)
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Даналық туралы өсиет сөздермен танысып, өз ойларыңызды білдіріңіздер. Израиль патшасы Дәуіттің ұлы Сүлейменнің өсиеттері (үзінділер) 1. Ұлым менің! Сөзіме тоқтап, менің өсиетімді ұға біл: 2. Тұла бойыңа даналық дарып, ақыл-ойды жүрегіңмен қабылдасаң; 3. Білім нәрімен сусындап, парасатпен пайымдасаң; 4. Соны асыл тас, қазына деп білсең; 5. Сонда сен ақиқатты, әділдікті, турашылдықты, ізгі бағытыңды табасың. 6. Жүрегіңнің түкпіріне даналық қонса, жаның біліммен рахат табады. 7. Сол кезде ақыл мен парасат сені қорғайтын болады: 8. Жауыздың жолынан, өтірікті айтатын адамнан; 9. Жауыздықты жасауға үйірлерден, азғындыққа тамсанатындардан; 10. Жолы қисық, адасқандардан сақтайды.
2-тапсырма: Мәтінді көңіл қойып оқып шығып, берілген сұрақтарға жауапты дәптерде орындаңыздар. «Әлемге деген соңғы сый»
3-тапсырма: Сөзтізбекті дұрыс шешсеңіз, Жүсiп Баласағұнның қанатты сөзін оқи аласыз
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
6. Топпен ән айту Сөзі: Т. Әшімов Қазағымның дәстүрлері-ай Әні: Н. Адамбеков Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай, Көптен күткен халқымыздың асығып арман еді-ай. Берекелі қазақ жері - ел мерекелі, Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі. Қ-сы: Шілдехана, бесік той, Тұсау кесер, сүндет той, Ай, шіркін-ай. Құда түсіп, сырға салу, Беташарым-ай. Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, Қыз-бозбала кең даланы Әнімен елітіп тербеткен. Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден, Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле. Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын, Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
7. Үй тапсырмасы. 1. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
№75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .10.19ж. № 8-сабақ Сабақтың тақырыбы: ДАНАЛЫҚТЫҢ САРҚЫЛМАС КҮШ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
||||
Сабақтың мақсаты: Жаратылыстағының барлығын өзіңдей жақсы көріп сүйіспеншілігімізді арнағанда үйлесімді қарым-қатынас болатынын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет ету керектігін үйрету; Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста шынайылықта болуға шақыру; Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгелдеу,
|
||||
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті: «Су астына саяхат» шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Сүйіспеншілік елінде» тақырыбына эссе жазып, коллаж, салған суреттерін қорғайды. |
Музыка қойылады
Үй тапсыр масын тексеру |
||||
3. Дәйексөз Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.
|
Оқушылар пікірлерін білдіреді. |
||||
4. Әңгімелеу Қазақ қазынасы Қорғанбек Аманжол 1. Ата-бабаларымыздың көшпенділер өркениетінің қымбат құндылықтарын «жеті қазына» деп бөлек құрметтеуінің себебі неде деп ойлайсыздар? 2. Автордың «Күн мен ай, аспан мен жер, от пен су жалпыадамзаттық жеті қазынаның ішінде» деген пікірін қалай түсінесіздер? 3. Мәтін авторының «Ал енді бір сәт қазіргі замандағы қазақ қазынасы хақында ойлансақ қайтер еді? «Қазына» сөзінің байыбына барып жүрміз бе?» деген сұрақтарына қалай жауап берер едіңіздер? 4. «Қазынаның үлкені адамның өз бойында, басты қазына адамның жүрегінде» деген пікірге көзқарасыңыз қандай? 5. Өз өміріңізде рухани құндылықтардың алатын орны қандай? Жауабыңызды мысалдар келтіріп, дәйектеп түсіндіріңіз.
|
|
||||
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: «Жылу» Серік Үсенұлы мәтінді рөлдерге бөліп оқып, әңгімені қалай аяқтауға болатынын ойластырыңыздар.
2-тапсырма: Өтілген тақырыпқа байланысты сөздерді еске түсіріп, «Даналық» сөзжұмбағын шешіңіздер.
6-тапсырма. «Даналық» тақырыбына синквейн жазыңыз. Синквейн – бес жолдық өлең түрі, оның құрылымы төмендегідей: 1-жол – сипатталатын нәрсе, зат есім; 2-жол – сол зат есімді сипаттайтын 2 сын есім; 3–жол – осы зат есімнің әрекетін білдіретін 3 етістік; 4-жол – зат есімнің мағынасы туралы негізгі ойды білдіретін 4-6 сөзден тұратын сөйлем; 5-жол – зат есімнің синонимі.
7-тапсырма: Атақты суретші Н. Хлудовтың картинасының репродукциясын қарап, халықтың өмір салты, тұрмысы, дәстүрлері жөнінде ойыңызды білдіріңіз. |
|
||||
6. Топпен ән айту Сөзі: Т. Әшімов Қазағымның дәстүрлері-ай Әні: Н. Адамбеков Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай, Көптен күткен халқымыздың асығып арман еді-ай. Берекелі қазақ жері - ел мерекелі, Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі. Қ-сы: Шілдехана, бесік той, Тұсау кесер, сүндет той, Ай, шіркін-ай. Құда түсіп, сырға салу, Беташарым-ай. Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, Қыз-бозбала кең даланы Әнімен елітіп тербеткен. Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден, Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле. Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын, Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін. |
Мұғалім әнді оқушылар мен бірге орындайды |
||||
7. Үй тапсырмасы. 1. |
|
||||
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: .11.19ж. № 9-сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Жаратылыстағының барлығын өзіңдей жақсы көріп сүйіспеншілігімізді арнағанда үйлесімді қарым-қатынас болатынын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет ету керектігін үйрету; Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста шынайылықта болуға шақыру; Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу |
Сәлемдесу,түгелдеу,
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену» 2.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Музыка қойылады
|
3. Дәйексөз «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.» Абай
|
|
4. Әңгімелеу Менің досым Бейбіт Қойшыбаев 1.Әженің әңгімелері адамды қандай әрекеттерге жетелейді деп ойлайсыздар? Олардан жалпыадамзаттық қандай құндылықтарды байқауға болады? 2. «Ол Русланды аяйтын көрінеді. Естимісіз, аяйды! Ал, ендеше! Руслан мұны шыбын құрлы көрмейді, ал ол... Күлемісіз, күлмеймісіз?!» деген жолдардан Көбей мен Русланның қандай қасиеттерін көресіздер? 3. Әңгіме кейіпкерінің «... робот адамгершілік сабағына мұқтаж емес... Қажет нәрсенің бәрі бағдарламаланған...» деген ойын тарқатып түсіндіріп беріңіздер. 4. Әженің аңыздарын қайта оқып шығуға Көбейде қандай қажеттілік болды деп санайсыздар? 5. Адам бойындағы қандай қасиеттер оның жеке басын сыйлы етеді? Неліктен? 6. Адамның өзін және өзгелерді сыйлауының мәні неде деп ойлайсыз? 7. Өзіңіз көпшілік алдында қандай қасиеттеріңізбен сыйлы болып жүрсіз? Қандай қасиеттеріңізден арылғыңыз келеді? |
Сұрақ –жауап(пікірталас)
|
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Төменде берілген қанатты сөздерді мұқият оқып шығып, ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. Өзіңіз үшін қандай қасиеттерді иемденгіңіз келеді? Неліктен? • Конфуций: «Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет, кеңпейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді; Екіншісі – барлығын бағындырады; Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады; Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді; Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады». • Ахмет Ясауи: «Адамға ащы татпай тәтті қайда? Тер төгіп тапқан абзал адал пайда. Әркімді жаратпаған тәңір жайға Өлшемі адамшылық, туралықта!» • М. Пришвин: «Асқан ұлы бақыт – өзін ерекше санамай, барлық адамдар сияқты болу». • Т. Фонтане: «Қарапайымдылық – ең тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе де».
2-тапсырма: Кестеде берілген ұғымдар мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір ұғымның өзіне сәйкес келетін анықтамасын табыңыздар.
3-тапсырма: «Қарапайымдылық дегеніміз – өзінің адамдық қадірқасиетін түсіну» (П. Буаст) деген қанатты сөзді «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдісімен талқылап, мәнін түсіндіріңіздер.
4-тапсырма: Берілген жағдаятпен танысып шығып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Өзіңіздің ой-тұжырымдарыңызды «Менің құрдастарым» жобасының күнделігіне толтырып жазыңыз.
|
|
6. Топпен ән айту «Сен маған сүюді үйреттің» Әні-Ербол Байырбеков, Сөзі-Ақмарал Леубаева) Сен маған сүюді үйреттің, Ұмытып кеткен едім. Басымды июді үйреттің, Тәкаппар өктем едім ... Шынайы күлуді үйреттің, Нөсерлі көктем едім. Өмірді сүруді үйреттің, Ұстазсыз мектеп едім. Қ-сы: Сен маған ұшқанды үйреттің, Тордағы бұлбұл едім. Сезіммен құшқанды үйреттің, Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет) Кім дос, кім дұшпанды үйреттің, Уайымшыл бір мұң едім. Иіскеп қысқанды үйреттің, Құшақсыз бір гүл едім. |
|
7. Үй тапсырмасы.
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: № 10-сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық (кеңпейілділік), ақжарқындылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Ар-ұжданмен өмір сүру, өмірде күресе білу абройын сақтаған адам, айналасына қиянат жасамайтынды ғын түсіндіру Міндеттері: Білімділік: - қоғам меншігін қамқорлауға үйрету; Дамытушылық: - қоршаған ортаны қорғауды міндетім деп түсінуге баулу; Тәрбиелік: - толеранттылыққа (кеңпейілділікке), ақжарқын -дылыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгелдеу,
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Музыка қойы лады
|
4. Әңгімелеу Ұлы ұстаздың соңғы лекциясы Өтеген Күмісбаев 1. Мұхтар Әуезовтің рухани өзін-өзі жетілдіруінің мәнін қалай түсіндіресіздер? 2. Ұлы ұстаздың өмірінде риясыз сүйіспеншілік қалай көрініс табады? 3. Кемелденген, толық адам, ақылды, парасатты деп қандай адамдарды атайды? Мұндай тұлғаның бойынан қандай қасиеттерді атап өтесіздер? 4. Қарым-қатынастағы өзара сыйластық, түсінушілік адам бойындағы қандай құндылықтардың көрінісі? 5. Өмірде адамның шынайы адамдық табиғаты қалай көрінеді? 6. Автордың өзін және өзгені тануы мен бағалауы арқылы қандай құндылықтарды байқадыңыздар? 7. Автордың «... бірегей, бітімді бәйтерек қашанда халықпен бірге жасайды» деген тұжырымына қатысты өз ойыңызды ортаға салыңыз. 8. Өзіне сенімнің, риясыз сүйіспеншіліктің күнделікті өмірдегі көріністерінен нақты мысалдар келтіре аласыз ба? |
Сұрақ –жауап(пікірталас)
|
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: (68-беттегі) Cөздер шоғырын мұқият қарап шығы ңыздар. Оларды мағынасына қарай орнын тауып қойсаңыздар, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов туралы екі сөйлем оқуға болады. Бұл қандай сөйлемдер? Айтылған ойды одан әрі өрбітіп, бүгінгі өмірмен байланыстырыңыздар.
2-тапсырма: Мақалдарды аяқтап жазыңыздар және оларды біріктіретін идеяны табыңыздар • Адамның ұяты бетінде , ... . • Қайырымдылық жасасаң, ... . • Адамгершілік болмай, ... . • Айырылмастай досыңа, ... . • Өзіңді өзің сыйламасаң, ... . • «Сіз» деген – әдеп, ... . • Ұлық болсаң, ... . • Кішіпейілділік – ... .
3-тапсырм:. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің ұлағатты сөзін мұқият оқып, мағынасын түсіндіріңіздер: «Адам бойында кішіпейілділікті басқа қасиеттерден оқшау қалыптастыру мүмкін емес: кішіпейілділік, сыр мінезділік – еңбекті кісілік сипатына, рухани өмірінің бір саласына айналдырған адамның ғана қолынан келеді».
4-тапсырма: «Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» (Махмұд Қашқари) тақырыбында пікірталас өткізіңіздер. Жеке тұлғаның мәдениеті адамның адамгершілігінің көрінісі екендігін, адамдардың үйде, ұжымда, қоғамда бірін-бірі түсінуіне не кедергі жасайтынын талқылаңыздар.
5-тапсырма: Төмендегі әңгіме үзіндісін оқып шығыңыздар. Сыныптастарыңыздың күнделікті өмір тынысы, демалысы, қызығушылықтары туралы өздеріңіз байқаған деректерді «Менің құрдастарым» жобасына сәйкестендіріп, Жоба күнделігіне толтырыңыз. |
|
6. Топпен ән айту Сөзі: Айсәуле Бейсенхан Құштармын Әні: Данияр Сағынтаев Күлімдесе көкжиектен шыққан күн Қабағымды жадыратар қысқа мұң. Піспегіне қарай бергім келеді, Жылы жақтан келе жатқан құстардың. Шағаладай шаттық жырын сыйлаған, Бірін-бірі мұңайтуға қимаған Достарымды аялағым келеді, Жарық күннен тек жақсылық жинаған. Қ-сы: Әуеніне әуен қосып құстардың, Қанат байлап мен де биік ұшқанмын. Жанарынан жан сәулесі төгілген, Жүзі нұрлы адамдарға құштармын, Жүзі нұрлы адамдарға құштармын. Талаптанып үміттеніп бақ қудым, Қайырмасын айта берем гәккудің. Жер бетіне махаббатын тілеймін, Адалдықтан айнымайтын аққудың. |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» тақырыбында эссе жазыңыздар. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар. |
|
Өзін – өзі тану сабақ жоспары
№75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .11.19ж №11 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ, РӨЛІ Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, отбасындағы, мектептегі парызын орындау, ұқыптылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Әрбір сөзінде, ісінде жауапкершілікті сезіне білуді дұрыс әрекет құндылығымен жасағанда нәтижелі болатынын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - өміріне жауапкершілікпен қарай отырып басқа- лар туралы жамандық ойламауға үйрету; Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындау әрбір оқушы міндетім деп тануға ықпал жасау; Тәрбиелік: - ұқыптылық пен жауапкершілік егіз деп танып, тәрбиелеу. |
Сәлемдесутүгелдеу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тәртіп ,Талап Тыныштық,Тазалық, Татулық Тыныштық сәті: «Су патшалығына ойша саяхат»
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» тақырыбына жазған эсселерін оқиды. |
Музыка қойылады
|
3. Дәйексөз Не іске де әйел араласса, бәрі жақсы аяқталатынына сенімдімін. Әйел әлемді басқаратынын түсіндім. Габриэль Гарсиа Маркес
|
|
4. Әңгімелеу Шанханайдың шынары Әли Ысқабай 1. Халқына адал қызмет етіп, бақытын еңбектен тапқан, мәртебесін еңбекпен биіктеткен Зылиха Тамшыбаева туралы не білдіңіздер? 2. «Жақсыны күшінен таныма, ісінен таны. Күш ақымақта да бар. Ұрыны көзінен таны, кісіні сөзінен таны. Сөзі түзудің өзі түзу болады» деген әке сөзін қалай түсінесіздер? 3. Зылиханың бойынан көшбасшыға тән қандай қасиеттер көрінді? Басшылар оған неліктен сенім білдіріп отырды? 4. Автордың «Шанханайдың биік шынары Зылиханың шырағының биікте жұлдыздай жарқырай беретіндігі күмәнсіз» деген ойын одан әрі өрбітіп, өз ой-пікіріңізді дәлелдеңіз. 5. «Сіз өмірді лайықты сүру дегенді қалай түсінесіз?» деген сауалға өзіңіз қалай жауап берер едіңіз? 6. Әңгіме кейіпкері қандай құндылықты бойына сіңіріп өсті деп ойлайсыздар? 7. Сізді Зылиха Тамшыбаеваның қандай ізгі қасиеттері ерекше сүйсіндірді? Өзіңіз үшін оның қандай қасиеттерін аламын деп ойлайсыз? Неліктен? 8. Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам болу үшін қандай қасиеттерді өз бойыңызда дамытқыңыз келеді? Әңгімелеп беріңіз |
Сұрақ –жауап(пікірталас) |
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Төменде берілген мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, айтылған басты идеяны табыңыздар. • «Гүл өссе – жердің көркі, Қыз өссе – елдің көркі». • «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, Жақсы жі- гіт – төбедегі жұлдыз». • «Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер». • Мұхтар Әуезов: «Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді». * Пьер де Бомарше: «Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің». 2-тапсырма: Төменде берілген мәтін үзіндісін оқып, қазақ қызының тәрбиесі, оның адамгершілік бейнесі туралы өз ойлары- ңызды ортаға салыңыздар. Айтылған ойдың бүгінгі өмірімізбен байланысы туралы әңгімелеп беріңіздер. «Қазақ қызы» (үзінді) Өмірзақ Айтбайұлы
3-тапсырма: «Біздің сыныптың қыздары» тақырыбына таныс тырылым даярлаңыз. Сыныптас қыздардың қызығушылықтары, жетістіктері, ұмтылыс, мақсаттары туралы айтыңыз. Олардың болашағын қалай елестетесіз? Жинақтаған материалдарыңызды «Менің құрдастарым» жобасымен сәйкестендіріңіз. |
|
6. Топпен ән айту сөзі :М.Шаханов Кешікпей келем деп ең әні: Ш.Қалдаяқов, Аңсаған бақытым сияқтанып, Ай туып келеді қияқтанып. Жол жаққа қараймын, Сен жоқсың , арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет
Қайтемін кінәләп бұған сені, Сағатың алдаған шығар сені. Нұр ойнап көзіңде Уәделі кезіңде. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет Көшеде сырласып, шалқып басып. Құрбылар барады қолтықтасып. Тағатым таусылды, Аңсадым даусыңды. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет |
бейнеклипМұғалім әнді оқушы лармен бірге орын дайды |
7. Үй тапсырмасы.
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін – өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .11.19ж №12 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ, РӨЛІ Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, жақсыдан жаманды ажырата білу, отаншылдық, шыншылдық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Жауапкершілікті сезініп ақиқатпен өмір сүру керектігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі жауаптылықты нығайтатындығын ұқтыру; Дамытушылық: - жақсыдан жаманды ажырата білу қабілетін дамыту; Тәрбиелік: - Шыншылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгелдеу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын тексеру. Қайдасыңдар достарым Бірге тойлап, бірге өткізген Бәрімізде таптық бүгін Жалындаған жас шағын. Бақыт жолын іздеген. Талай қызық күнді өткізген Дос үміті – достық сенім Қайдасыңдар, достарым ? Әрқашанда біізбенен. Қайырмасы: Достар, достар жүрсің қайда? Жүрсек-дағы қиыр шетте, Бірге еді ғой жанымыз. Досты ұмытқың келмейді. Еске алысып осындайда Достық жалын бір жүректе Кел, шырқайық бәріміз. Суымайды, сөнбейді. |
Музыка қойылады
|
3. Дәйексөз «Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.» Альфред Адлер
|
Дәйексөз мағынасын ашу,оқушы өз пікірін білдіреді. |
4. Әңгімелеу Өлімді жеңген ана Ғабит Мүсірепов 1. Ананың баласына, өмірге деген сүйіспеншілігінің мәні неде? Оған қуат беріп, қайраттандырған қандай күш деп ойлайсыздар? 2. Ананың әрекеттерінен жалпыадамзаттық құндылықтар қалайша көрініс береді деп санайсыздар? 3. Ананың «Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем. Сені жеңем! Сондықтан сен маған әділ бола аласың!» деген сөздері оның бойындағы қандай қасиеттердің айғағы? 4. Айбатынан ай жасырынған қаһарлы Ақсақ Темірді орнынан тұрғызып, әйелге басын идірген қандай күш? 5. Сіздің пікіріңізше, ананың сөздері ұлы әміршінің бойындағы қандай қасиеттерінің жарыққа шығуына себеп болды? Жауабыңызды мысал келтіріп, дәйектеңіз. 6. Ата-ананың үмітін ақтау үшін қандай қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек? Әңгімелеп беріңіздер. |
|
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Төменде берілген өлең шумақтарын оқып, ондағы айтылған ой мен сөздің, отбасы мүшелерінің, атап айтқанда әйел мен қыздың орны, рөлі туралы айтып беріңіздер. Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. Төле би
Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. Сүйінбай Аронұлы
6-тапсырма: Ғабиден Мұстафиннің нақыл сөздерін оқып, отбасы мүшелерінің қандай дұрыс әрекет жасайтынын талдап, отбасындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды тауып, әңгімелеп беріңіздер. 1. Анаң – асыл қазынаң, әкең – асқар тау. 2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. 3. Бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. 4. Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын махаббат.
7-тапсырма: (83-беттегі) Сөзтізбектегі әріптерді тауып, орнына қойсаңыздар, мақалды оқуға болады. 1. Туынды сын есім. 2. Зат есім (Атау септік). 3. 3ат есім (Барыс септік). 4. Етістік (Есімше тұлғасы. 5. Туынды сын есім. 6. Зат есім (Атау септік). 7. Зат есім (Барыс септік). 8. Етістік (Есімше тұлғасы).
|
Жағдаяттарды сахналау |
6. Топпен ән айту Мен қазақ қыздарына қайран қалам Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған. Қыз өссе – елдің көркі – деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. Намысын бермеу үшін жатқа қолдан, Арулар аз болды ма атқа қонған. Көңілде қалған сыз бар өткен күннен, Өмірде қалған із бар Ақтабаннан. Жасырмай айтар болсам жан сырымды, Тағдырың қарауылға қанша ілінді. Ерліктің қос қанаты деп білем мен, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді. Сүймеген сені азамат, азамат па? Көңілің тәрізді аппақ таза мақта. Бәрін айт, бірін айт та лайықсың, Қазақтың қызы деген ғажап атқа. |
Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды |
7. Үй тапсырмасы.
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: .12.19ж № 13-сабақ Сабақтың тақырыбы: ЕР АДАМ – ПАРЫЗДЫ,
ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ТӘРТІПТІ ІСКЕ АСЫРУШЫ
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ұқыптылық,өзіне - өзі сенімді болу,әдепті болу, отбасындағы, мектептегі парызын орындау . Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі,ұрпақтар парызы екендігі туралы түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - отбасындағы, мектептегі парызын орындау туралы білім беру; Дамытушылық: - өзіне - өзі сенімді болуды баліс-әрекетінде дамыту; Тәрбиелік: - ұқыптылыққа, әдепті болуға тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгелдеу, |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену». 2. Үй тапсырмасын тексеру.
|
|
3. Дәйексөз Бұқар жырау Қалқаманұлы Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы.
|
Мағынасын ашып, өз пікір лерін білдіреді. |
4. Әңгімелеу Үміт үзгім келмейді (Үзінді) Немат Келімбетов 1. Қаратай ағаның жұбайына бір минуттық қуаныш сыйлау үшін соншама тер төккен әрекетін жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан түсіндіріңіздер. Бұл оның бойындағы қандай қасиеттерінің көрінісі? 2. Әңгіме кейіпкерінің қадір-қасиеті мен абыройын асқақтатып, дұрыс әрекетке жетелеген қандай күш деп ойлайсыздар? 3. Әйел адамды сыйлау дегенді қалай түсінесіздер? Ол үшін адамның қандай қасиеттері жарыққа шығуы тиіс? 4. Кейіпкердің «Тер сіңбеген бұйымның көк тиындық құны бола ма?!» деген сөздерімен келісесіз бе? Өмірден мысал келтіріңіз. 5. Қазіргі уақытта бұл қаншалықты өзекті деп санайсыз? Нақты мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз. 6. Осы әңгімеден өзіңіз қандай ой түйдіңіз? Пікіріңізді ортаға салыңыз. |
|
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма : Төменде берілген сұхбаттан үзіндіні мұқият оқып шығып, ер адамның отбасы үшін жауапкершілігі туралы ойды «Арлы азамат болу – парызым» тақырыбында өрбітіп жазыңыз.
2-тапсырма: Шағын топтарға бөлініп, әр топ төменде беріл ген тұжырымдардың біреуі бойынша ой-пікірлеріңізді ортаға салып, оларды біріктіретін қандай идея екендігін анықтаңыздар. • И.Гете: «Өзіңді қалай танып білуге болады? Тіпті де құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өзіңнің борышыңды орындап көрсең болды, өзіңді тани кетесің». • Л.Н. Толстой: «Өзіңнің борышыңды орындауға тырыс, сонда сен өзіңнің неге тұратыныңды дереу біліп аласың». • Л. Фейербах: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» . • С. Смайлс: «Борыш сезімі нұрландырмаған өмірдің шын мәнінде ешқандай бағасы болмас еді». 3-тапсырма: Ұлдарға арналған өсиетті оқып шығып, өз құрбықұрдастарыңыздың, жалпы жасөспірімдердің бойында қандай қасиеттердің болуы тиіс екендігі жөнінде пікір алысыңыздар. |
|
6.топпен ән айту
|
|
7. Үй тапсырмасы. «Мен жарық дүниеде не үшін өмір сүремін?» тақырыбында эссе жазыңыздар. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
№75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .12.19ж № 14-сабақ Сабақтың тақырыбы ЕР АДАМ – ПАРЫЗДЫ, ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ТӘРТІПТІ ІСКЕ АСЫРУШЫ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9«а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресус |
|
Сабақтың мақсаты: Тәрбиені сүйіспеншілікпен қабылдау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету; Дамытушылық: - кешірімшіл болу қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу. |
Сәлемде сабақты мақсаты міндеті таныстырды |
|
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті: «Су патшалығына ойша саяхат» 2. Үй тапсырмасын тексеру. «Мен жарық дүниеде не үшін өмір сүремін?» тақырыбында эссе жазыңыздар. |
Музыка қойылад
|
|
3.Дәйексөз Ер жігіттің екі сөйлегені , өлгені. |
|
|
4. Әңгімелеу Риза Исаева Бақытжан Ертаев: «Батыр таққа таласпайды, батыр тақты қорғайды» 1. Батырдың «Біз – намысқой халықпыз. Біз – батыр, қаһарман халықпыз. Біз – рухты елміз» деген сөздері қандай жалпыадамзаттық құндылықтардың дәлелі деп ойлайсыздар? Өмірден мысал келтіріп, түсіндіріп беріңіздер. 2. Адам мінез-құлқының қалыптасуы қандай факторларға байланысты деп санайсыздар? Жауаптарыңызды дәйектеу үшін мысал келтіріңіздер. 3. Сұхбаттасушының сөздері оның бойындағы қандай қасиеттердің көрінісі деп ойлайсыздар? 4. «Өмірден абыроймен өту» деген сөздің мәні неде? Өз ойыңызды ортаға салыңыз. 5. Адам өмірде қалайша өзіне жүктелген жауапкершілікті атқарып, парызын өтейді, абыройға қол жеткізеді? Мысал келтіріңіздер. 6. Күнделікті өмірде абыройларыңызға нұқсан келмеуін қаншалықты қадағалап жүресіздер? Әңгімелеп беріңіздер |
Сұрақ –жауап(пікірталас) |
|
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың өлеңін оқып шығып, парыз, борыш сезімі туралы түйген ойларыңыз ды сыныптастарыңыздың пікірімен салыстырып, қорытындылаңдар. Сендерге айтам, жас ұрпақ! Орнына оқтың гүл өнген, Сендерге айтам, жас ұрпақ! Тыныштық деген не екенін, Жауқазын ғұмыр, жасыл бақ. Қан кешіп келген білем мен. Тәуелсіздігім бүгінгі, Түсіме енер өлгендер, Бабалар күткен ғасырлап. Ауғанда жанын бергендер. Даламның мынау кеңдігі, Тесілген жүрек орынын Бабаларымның өрлігі. Бекіте алмас ордендер Таныса әлем қазақты Кешегі өткен асылдар, , Елбасымыздың ерлігі. Жарқылдап жанған жасындар Сары алтын сынды сабырым, Біздерге сенім жүктеді, Ақылға қайрат жаныдым. Бауыржан менен Қасымдар. Тозақты бір рет сезбеген, Осынау бейбіт күн үшін, Жұмақтың білмес қадірін. Шашылмау үшін ырысың, Тәуелсіздігім тұғырлы, Тәуелсіздігім – тынысым, Егемендігім бүгінгі, Жас ұрпақ – барша ұлысым Сыйлады, қалқам, сендерге Мәңгілік елдің жолында Жұмақтай мынау ғұмырды. Ұлт болып қалу – ұлы сын! Қап-қара бұлттар түнерген,
6-тапсырма. Қазіргі заманның ер азаматының ауызша портретін жасаңыздар. Оған қорғаушының көзімен қарап, қазіргі уақыттағы замандас, құрдасқа тән адамгершілік жақсы қасиеттерді, содан кейін кейіпкеріңізге прокурордың көзімен қарап, оның бойындағы түзетуге тиіс қасиеттерін анықтаңыздар. Қорытындысында портрет кейіпкеріне деген өз пікір, қарым-қатынастарыңызды білдіретін шешім шығарып, «Менің құрдастарым» жобасының күнделігінде көрсетіңіздер. |
|
|
|
||
6. Топпен ән айту Сөзі: Қуаныш Смағұл Сарбаздар маршы Әні: Қайырбек Сәтиев Қырандай түлеп ұшқан арманымыз Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз. Ант алып ар алдында сапқа тұрып, Қорғаймыз туған жердің ар-намысын. Қ-сы: Алға бас, қарышта, жас ұлан, Қанаты талмайтын, жас қыран. Жастықтың жігері бойында, Өзендей күші бар тасыған. Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз, Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз. Дұшпанға қатал болған, досқа берік, Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз. Қара жер қаны сіңген бабалардың Қорғауға шақырады балаларын. Сапқа тұр,сарбаздары туған елдің, Қиынға қайыспайтын қара нарым. |
|
|
7. Үй тапсырмасы. Күнделікті өмірде еркін адам ретінде не істей алатыныңыз туралы ойланып, монолог даярлаңыз. Өз монологіңізді мына сөздермен бастаңыз: Еркін адам ретінде мен ... |
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
Сабаққа Белсене қатысып, сыр бөліс кені үшін алғыс айту. |
|
Мектеп Мерзімі: .12.19ж № 15-сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ ЕРКІНДІГІ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресус |
||||||
Сабақтың мақсаты: Қоғамға қызмет етудегі тәрбиені сүйіспен- шілікпен қабылдау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету; Дамытушылық: - кешірімшіл болу қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу. |
Оқулық, дәптер, қалам, түрлі- түсті қағаз. |
||||||
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын тексеру. Күнделікті өмірде еркін адам ретінде не істей алатыныңыз туралы ойланып, монолог даярлаңыз. Өз монологіңізді мына сөздермен бастаңыз: Еркін адам ретінде мен ... |
Музыка қойылад
Тыныштық сәті
|
||||||
3.Дәйексөз Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік. Әл-Фараби
|
|
||||||
4. Әңгімелеу: Гүлжиһан Нұрышева Біз үшін игі нәрсе не? Ақиқат еркіндіктің не екендігі туралы 1. Эпиктеттің «Менің рухым еркін, сондықтан да мен өзім қалай қаласам, солай өмір сүре аламын» деген тұжырымын қалай түсінесіздер? 2. Өзі қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүретін адамды ғана еркін адам деуге бола ма? Пікіріңізді нақты мысал келтіріп дәйектеп айтыңыз. 3. Сіздің ойыңызша, толық еркіндікке жету деген нені білдіреді? Бұл мүмкін бе? 4. «Адам еркіндікке күйбең тірліктерін қанағаттандыру арқылы жетпейді; керісінше, осындай тілектерден құтылу арқылы жетеді» дегенді қалай түсінесіздер? 5. «Мен өзінің ар-ұятына жүгініп әрекет жасайтын, ешқандай да қырсықтар мен азаптардан, тіпті өлімнің өзінен де қорықпайтын адамды ғана еркін адам деп атаймын» деген тұжырыммен келісесіз бе? Неліктен? 6. Адам үшін жауапкершілікті қабылдау адам бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттерді арттырады? Қалайша? 7. Еркіндік пен жауапкершілік бір-бірімен қаншалықты байланысты? 8. Осы мәтіннен өзіңіз үшін маңызды және пайдалы не алдыңыз? |
Сұрақ –жауап |
||||||
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: «Менің еркін болғым келеді». Еркіндікті екі түрлі түсінуге болады: бір нәрседен «азат, еркін, тәуелсіз болу» және бір нәрсе үшін «еркін, азат, ерікті болу». Сіз үшін осы екі ұғым нені білдіретіні туралы ойланып, кестені толтырыңыз.
3-тапсырма. Төменде берілген тапсырмамен мұқият танысып шығып, сахналық қойылымдар дайындаңыздар. Оқушылардың шағын топтары (3-5 адамнан) адамның басты құқықтары мен бостандықтары көрсетілген карточкалар алады. 7-10 минут ішінде карточкадағы сөздермен аяқталатын жағдаят ойлап, оны сахналау қажет. Әр топ өзі даярлаған сахналық қойылымын көрсетеді. Карточкалар: • Әрбір азаматтың өз пікірін және ойын айтуға құқығы бар. • Әрбір азаматтың қай жерде тұрғысы келсе, сонда тұра алады. Әрбір азаматтың өз елінен кетуіне және қайтып оралуына құқығы бар. • Әрбір адам өз елінің азаматы болу құқығы бар. Ешкім азаматтығынан айрылу немесе азаматтығын өзгерту құқығынан айрылған жоқ. • Ешкім басқа біреудің құлы бола алмайды. • Әрбір азамат билік органына сайлауға және сайлануға құқықты. Сайлау жалпыға бірдей, еркін және тең болуы тиіс! • Ешкімнің басқа адамды ренжітуге, кемсітуге және аяусыз жазалауға құқығы жоқ! • Әрбір азаматтың мүлікке ие болу құқығы бар және оған тиісті мүлікті ешкімнің тартып алуға құқығы жоқ! • Ешкімнің басқа азаматтардың жеке өміріне араласуына, рұқса тсыз бөтен үйге кіруге және бөтен хаттарды оқуға құқығы жоқ! • Әрбір азаматтың мектепке барып, тегін білім алуға құқығы бар! • Барлық адамдар тең және азат болып туады, барлығының бірдей құқықтары мен қадір-қасиеті бар. Барлық адамның ақылы бар және олар бір-біріне аға мен қарындас сияқты қарауы керек ... • Сенің түр-түсіңнің қандай екені, қай ұлтсың және қай тілде сөйлейсің, саяси көзқарасың қандай, дінің қандай, қандай отбасы нансың, байсың ба, кедейсің бе, әйелсің бе, ер адамсың ба, қандай елде тұрасың – Декларацияда көрсетілген барлық құқықтар мен бостандықтар әрбір азаматқа тиісті |
|
||||||
6.топпен ән айту Жігерлендіру Мұхтар Шаханов Сен жыладың жігітім Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын. Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым, Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп Жә-жә жарар, өткен күн оралар ма, Қарау керек, бауырым саған алға, Басыңдағы бөрік пе, орамал ма, Көтер қане басыңды, бұл қай қылығың, Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының. Көтер қане басыңды, күніңді босқа өткізіп пе едің, Тағдырың неге сыр айтты саған Өмірдің барлық сәтсіздіктерін Бақытсыздық деп кім айтты саған, Кім айтты саған, Тұлпарды сүрінбейді деп, Асауды мінілмейді деп, Ақ көйлек кірлемейді деп, Қара ешкі мүжіген ағаш, Қайта гүлдемейді деп, Кім айтты саған, Жұрттың бәрі, мейірбан, арайлы деп, Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп, Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп. Қиналып бекер алаңдадың-ау Ойыңды шығар өріске, Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау Жеңудің бәрі жеңіс пе Жігітке арман жеткізіп пе еді, Өз сорын өзі жеңбесе. Өмірдің барлық сәтсіздіктері, Бақытсыздық емес ендеше. |
|
||||||
7.Үй тапсырмасы.
|
|
||||||
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
.
|
Мектеп Мерзімі: .12.19ж № 16-сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ ЕРКІНДІГІ Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Қоғам азаматы ретінде еліне, жеріне қиянат жасамау әр бір азаматтың міндеті екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - Мәдени мұраны құрметтеуге үйрету; Дамытушылық: - қоғам меншігін қамқорлау ға баулу; Тәрбиелік: - қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. |
Сәлемдесусабақтың мақсаты міндеті таныстырылады. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. Отан , ел туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру. 2. «Көк тудың желбірегені» А.Ахметбекұлы
Көктудың
желбірегені - Көктудың
желбірегені - |
Музыка қойылады
Үй тапсыр масын тексеру. |
3. Дәйексөз Джон Кеннеди «Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей аламын деп сұра»
|
|
4. Әңгімелеу: Жадыра Аққайыр Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы: халыққа алғысымды осылай білдіргім келеді. 1. Сұхбат кейіпкерінің «Өмірін күреске, бос уақытын жаттығуға арнаса, әлбетте, нәтиже шығады. Шыңға шығудың оңай әдісі болмайды» деген тұжырымынан қандай ой түйдіңіздер? 2. «Әркімнің несібесі, ырзығы бар, істеген ісін өлшеп, еңбегін бағалайды» деген пікірді қалай түсіндіңіздер? 3. «Олимпиадаға дейін алдымызда екі үлкен біріншілік бар. Сол жерде көк туымызды желбірететіндер көп болса екен» деген сөздерден кейіпкердің бойындағы қандай қасиеттерді байқауға болады? 4. Сіздің ойыңызша, ата кәсіпті қолға алу арқылы адам кейінгі ұрпаққа үлгі бола ала ма? 5. Кейіпкер неліктен халыққа алғыс айтады? Халықтың оны сыйлап жатқанын қайдан көруге болады? 6. Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Бұл орайда еркіндік қаншалықты маңызды? Мысал келтіріңіздер. 7. Белсенді өмірлік ұстанымы бар адамның әрекетінде жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрініс береді деп санайсыз? |
Сұрақ –жауап(пікірталас) |
5.Шығармашылық жұмыс 6-тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға қатысты пікіріңізді ортаға салыңыз. Алпамыс Шаримов Димаш Құдайбергенов – Тәңірдің қазақ халқына бере салған үлкен сыйы. Димаштың өнерге деген махаббаты мен адалдығы на еріксіз таңғаласыз. Оның бүкіл мақсат-мүддесі өзінің өнерін жетілдіру. Одан басқа жаққа бұрылмайды да, одан өзгеге алаңда майды да. Ақшаға да, алтын бұйымға да, өзге де жылтырақтарға да қызықпайды. Өзінің өнерін жетілдіру жолында 48 сағат ұйық тамауға әзір. Қазақ халқының көсемі Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ зиялыларының ұлтқа қызмет етуі - білімнен емес, мінез ден!» дейтіні бар еді ғой. Сол сияқты Димаштың өнерге деген риясыз адалдығы, өнерге құлай берілуі мінезден ғой деп ойлай мын. Ә. Бөкейхановтың «мінез» деп адамның шыққан ортасын, тегін меңзеп отырғаны да аян. • Димаш жөнінде белсенді өмірлік ұстанымы бар деп айтуға бола ма? Неліктен? • Димаштың өз әрекеті үшін жауапкершілігін қалай түсінесіз? Нақты мысал келтіріңіз. • Өнерпаздың өнерге, еліне деген махаббаты мен адалдығына қандай қасиеттері мен әрекеттері дәлел болады?Оның еркіндігі туралы не айтасыз?
7-тапсырма. Сіз өзіңіздің ойыңыздағы еркін адамның эмблемасын салыңыз. Суретке тұлғаның еркіндігін білдіретін символдарды енгізіп, сәйкес ұран ойлап табыңыз. Шығармашы лық жұмысыңыздың нәтижесі ретінде таныстырылым даярлаң ыз. Адамға риясыз сүйіспеншілік танытатын ұрпақтың өкілі ретінде адамзат үшін не істей алатыныңызды Жоба күнделігіне жазыңыз. |
Ойларын ортаға салу. |
6.Топпен ән айту Сөзі: Есенқұл Жақыпбек Біздің елдің жігіттері Әні: Жәкен Омаров Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі, Солар жайлы ағайын-жұрт, не білесің сен осы? Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден, Өйткені олар –ақиқат пен шындық сөздің жебесі. Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі, Біздің елдің жігіттері – ұлы мұхит кемесі. Осы жұрттан бақ пен Қызыр қашпаса екен деп тілеп, Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі. Біздің елдің жігіттері – жігіттердің сырттаны, Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы. Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған, Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны. Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр, Солар жүрген жолдарменен дәтің болса, жүріп көр. Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған, Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер. |
|
7.Үй тапсырмасы. 1. БІЛІМДІ БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫН ОРЫНДАУ: |
Үй тапсыр маларын белгілеп алады. |
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабақ жоспары Мектеп Мерзімі: .01.20 ж. № 17 –сабақ Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – ҚОҒАМДАҒЫ ТАТУЛЫҚ
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: білім іздеу, өз өзіне адал болу, бәрін жақсы көру. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның отбасы алдындағы азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрете отырып ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: - отбасы ұғымдары туралы түсінік беріп өзіне адал болуға үйрету; Дамытушылық: - отбасының бәрін жақсы көруге баулу; Тәрбиелік: - отбасымен саналы қарым- қатынас орната білуге тәрбиелеу. |
Сәлемдесу түгелдеу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстыр ылады. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтау, Талап. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену. «Орманға саяхат» 2.Үй тапсырмасын тексеру 1. Тест сұрақтарына берген жауаптарын оқиды 2 Суретші Карим Муллашевтің «Ана мен әже» (Аялы алақан) картинасының репродукциясын қарап, өз отбасы құндылықтарыңыз туралы пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. |
Музыка қойылады
Тыныштық сәті
|
3. Дәйексөз Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Ы.Алтынсарин ● Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңыздар |
Дәйексөз талқылау. Сұрақ -жауап |
4. Әңгімелесу Әкпаржан Ақылбай Қайран менің жан анам... (Үзінді) 1. Ананың бойынан қандай ізгі қасиеттерді байқадыңыздар? 2. Мәтіндегі «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөзді қалай түсінесіздер? 3. Ата-ананың бойындағы қандай қасиеттер бала өмірге келген де оны ізгілікке, дұрыс әрекетке жетелейді? 4. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген нақыл сөзден қандай ой түюге болады? 5. Сіздің пікіріңізше, отбасындағы қандай құндылықтар бала тәрбиесінде маңызды? 6. Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады деп ойлайсыздар |
Сұрақ –жауап
|
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Ұлы адамдардың ой-тұжырымдарын оқып, отбасы өнегесі туралы ой-пікірлеріңізді ортаға салып айт.. Әл-Фараби: «Ғылымды игерген, бірақ тәрбие көрме ген адам қоғамды қайғы-қасіретке жетелеуі мүмкін». Б. Момышұлы: «Ата-ананың қадірін білмеген–ел қадірін біле алмас, ел қадірін білмеген– ата-ана қадірін біле алмас». С.В.Михалков: «Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады». М.Әуезов: «Үлкен алдында жас қарызы, Ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый». 3-тапсырма: Ақын Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңін оқып, өз аналарыңызға деген сүйіспеншіліктеріңіз туралы айтып беріңіздер. Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жол ның қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқта ман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білем ін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көр генде. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойын дағы алғашқы адамгерші лік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарымқа тынаста, мәдениетті лікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәр семен өзгертуге (ауыстыруға) бол майтын баспалдақ. Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуаны шқа толы болуы да соған байланысты. Қазақ отбасында арнай жазылып бекітілмеген «заңдары» – әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, ата мен келін нің, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысы әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі. |
|
6.Топпен ән айту Ата – Әже Нұржан Төлендиев Қалмасын деп қатардан Қанша көрдім дегенмен, Ойлайтынын сезем мен. Көрмегенім көп менің Айналайын әжемнен Қанша білдім дегенмен, Айналайын атамнан. Білмегенім көп менің Мақтанбаймын бекер мен, Мен дегенде ештеңе Өшпейсіңдер санамнан Аямайтын осылар Айналайын әкемнен Таңертең де кешке де Айналайын анамнан. Аялайтын осылар Күн сияқты ашылар Қалай жаман боламын Қамқоршымда осылар. Мен бақытты баламын Қ-сы: Атаааааааа Әжеееееее Мен сіздерді сүйіп өтемін Анааааааа Әкеееееееее Сыилаймынғой бәріңді Мен сіздерге қарап өсермін |
|
7.Үй тапсырмасы. 1. «Қамқор әке», «Мейірімді ана», «Ақылды бала» тақырыбында өз ойларыңызды постерге салып, қорғаңыздар.
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабақ жоспары Мектеп Мерзімі: .01.20 ж. № 18 –сабақ Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – ҚОҒАМДАҒЫ ТАТУЛЫҚ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Кешірімшіл болу, татулық, отбасындағы сүйіспеншілік Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Отбасы ынтымағы, бірлігі, оның отбасындағы жақсы қасиеттерден екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - өмірдің мәні кешірімді болуда екендігін үйрету; Дамытушылық: - отбасындағы сүйіспеншілікті айналаңдағы қарым-қатынаста көрсете білуге ықпал ету; Тәрбиелік: - татулыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу. |
Сәлем десу,түгелдеу. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Орманға саяхат»
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Қамқор әке», «Мейірімді ана», «Ақылды бала» тақырыбында өз ойларыңызды постерге салып, қорғаңыздар. |
Музыка қойыладТыныштық сәті (топқа бөліну) |
3. Дәйексөз «Атаңа не істесең алдыңа сол келер»
|
Сұрақ -жауап |
Жалғасқан өмір 1. Отбасындағы үлкендердің өсиеті адам өмірінде қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар? 2. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөзді қалай түсінесіздер? 3. Сіздің пікіріңізше, отбасында ұлттық құндылықтардың сақталуы қаншалықты маңызды? Неліктен? 4. Отбасы жарастығына қалай қол жеткізуге болады деп санайсыз? 5. Сіз өз отбасыңызға деген сүйіспеншіліктеріңізді қалай білдіресіз? 6. Өзіңіз шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата-анаңызбен еркін сыр бөлісіп, ақылдаса аласыз ба? Мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз. |
Сұрақ –жауап (пікірталас) |
5.Шығармашылық ж ұмыс 5-тапсырма: Мәтінді мұқият оқып, ондағы негізгі ойдыанықтап өз тұжырымдарыңызды жасаңыздар. Отбасы ошағы (аңыз)
6-тапсырма: «Отбасы – татулық мекені» тақырыбы бойынша ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме құрастырып, суретші ретінде сурет салыңыздар. Қорытынды: Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік бола ды. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай Көрі ніп, қалыптасады. Отбасы сүйіспеншілікті сезіне білуге үйретеді, жақсылыққа жетелейді, үлкендерді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелейді, Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Адам бала сының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе, ол әдепті, ақылды азамат болып шығады. «Анасына қарап, қызын ал», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. Әр баланың көкірегінде адалдық пен мейірім ділік, жауапкершілік пен кешірімділік отбасында орын алады |
|
Топпен ән айту Сөзі: Бауыржан Есебаев Перзент парызы Қандай шаттық сыйласам екен, Ұл өсірдім сендерге қарап, Әлем нұрын жинасам ба екен. Қыз өсірдім тұлымын тарап. Ұл-қыздарың жаныңда Менің ғазиз мекенім, Ай-күн алақаныңда, Сенен үлгі етемін Алтын тойың қанат қағуда. Қартаюдың өнер екенін. Қ-сы: Шашылайын шұғылаң болып, Шырқа көңіл бүгін ән болып. Аман-есен жүрсеңдер екен, Бет түзейтін құбылам болып. Ақ қыраудай шашыңды көрем, Басын иген ғасырды көрем. Бәрі сенің жеңісің, Бәрі сенің жемісің, Ұрпағыңа бақыт кенісің. |
|
7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: «Менің отбасым» тақырыбына эссе жазып келу.
|
Күнделікке белгі леп алу. |
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар. |
|
Өзін-өзі тану сабақ жоспары Мектеп Мерзімі: .01.20 ж. № 19 –сабақ Сабақтың тақырыбы: ҰЖЫМДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, командада (топпен) жұмыс істеу, бірлік . Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
||||
Сабақтың мақсаты: жымда дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат жасамау өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: - командада (топпен) жұмыс істеуді үйрету; Дамытушылық: - ешкімді ренжітпеуге, үнемі көмекке келе білуге ықпал жасау; Тәрбиелік: - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
||||
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: (Баяу музыка) Су патшалығына ойша саяхат 2. Үй тапсырмасын тексеру. «Менің сыныбым, менің мақтанышым» тақырыбында жазып келген эсселерін оқиды. |
Музыка қойылады
Үй тапсыр масын оқу |
||||
3. Дәйексөз Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді. Халық даналығы ● Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңыздар. |
Дәйексөзді талқылау. Сұрақ -жауап |
||||
4. Әңгімелеу: Сансызбай Сарғасқае Алға, командир! (Үзінді) 1. Алғашқы күнгі Мақанның іс-әрекетінен қандай қасиеттер байқадыңыздар? 2.Мақанға сыныптастардың қандай қарым-қатынасы әсер етті? 3. Мақанның ұжымға кіруіне не түрткі болды деп ойлайсыздар? 4. Бауыржан Момышұлының «Жақсы сөз жан сүйсіндіреді» деген нақыл сөзін қалай түсінесіздер? 5. Сіздерді сыныптастарыңыздың арасындағы қандай қарымқатынас қуантады? |
|
||||
5.Шығармашылық ж ұмыс 1-тапсырма: Жағдаяттармен танысып, ұжымдағы қарымқатынас туралы өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. Әсел сыныптағы озат оқушы, мінезі де ашық жарқын. Үнемі сыныптастарына көмектесіп жүреді. Бірақ соңғы кездері мінезі тұйықталып, сабақ үлгерімі де төмендеп кетті. Осы жағдайда сіз не істейсіз? *** Досыңыз қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сіздер не істер едіңіздер? *** Сіздің сыныбыңызға жаңа оқушы келді. Оның мінезі тұйық, көп сөйлемейтін. Ұжымға бірден енуі қиынға соқты. Үнемі оқшауланып жүреді. Алғашқыда оған ешкім мән бере қоймады. Жаңа ортаға келгендегі қалыпты жағдай деп ойлады. Уақыт өте берді. Бірақ бұл жағдай жалғаса берді. Сіз қалай көмектескен болар едіңіз?
2-тапсырма. Сыныптастарыңыздың алдындағы жауапкер -шіліктеріңіз туралы тізбектеп жазыңыздар. 3-тапсырма. «Алға, командир!» әңгімесінде әсер еткен ойды және өз ұсыныстарыңызды жазып, төмендегі кестені толтырыңыздар.
|
|
||||
6. Топпен ән айту Сөзі:Тұманбай Молдағалиев Жан досым Әні:Сейдолла Бәйтереков Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн, Кiм бар екен бала күнгi досыңнан! Қ-сы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн. Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн! Қос бұтағы секiлденiп ағаштың, Қатар жүріп сырымызды сан аштық. Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық, Адассақ та бiрге жүрiп адастық. |
|
||||
7.Үй тапсырмасы. 1. «Менің құрдастарым» тақырыбынды ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын көрсететін сахналық көрініс әзірлеңіздер. |
. |
||||
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: .02.20 ж № 20-сабақ Сабақтың тақырыбы: ҰЖЫМДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Жарасымды ұжым негізі сүйіспеншілік- те екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: сыныптастарға риясыз қызмет етуге баулу; Дамытушылық: - досқа кешірімді көзқараспен қарауға ықпал ету; Тәрбиелік: - жанашырлыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар Оқулық, бейнефильм, дәптер т.б. |
||||
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: (Баяу музыка) Жағымды күйге ену, «Ата-әжеміздің жайлауына барамыз»
2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Менің құрдастарым» тақырыбынды ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын көрсететін сахналық көрініс әзірлеңіздер. |
Музыка қойылады
Тыныштық сәті (топқа бөліну)
|
||||
3.Дәйексөз Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді. Халық даналығы ● Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңыздар. |
Дәйексөзді талқылау. |
||||
4.Әңгімелеу: Мектеп бағында Сапарғали Бегали 1. Мәтіндегі «Мен Темір үшін істемеймін, біздің отрядтың абыройы үшін істеймін. Егер мына ағаштар өспей бүлінсе, ол кемшілікке бәріміз ортақпыз» деген ойдан қандай қорытынды жасауға болады? 2. Темір Ерденмен арадағы болған жағдайдан қандай сабақ алды деп ойлайсыздар? 3. Досқа адал, қамқор болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп санайсыздар? 4. Осы әңгімеден қандай қасиеттер мен құндылықтарды байқадыңыздар? Әңгімелеп беріңіздер. 5. Өз сыныбыңызда оқушылар арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба? Әңгімелеп беріңіздер. |
Ролик көру Сұрақ –жауап (пікірталас)
|
||||
5.Шығармашылық ж ұмыс 4-тапсырма: Төменде берілген қасиеттер мен ісәрекеттердің қайсысы адамдар арасында жақсы қарымқатынас құруда маңыз ды деп ойлайсыздар? Өздеріңізге маңыздыларынан бастап орна ластырыңыздар: құрметтеу, сыйлау, қолдау көрсету, көңілін аулау, демеп жіберу, әдептілік, инабаттылық, шынайылық, ізгі ниет, түсінісу, бағалау, есептесу, санасу. 5-тапсырма: Тақырып бойынша өтілген материалды қайталап, «Ынтымақтастық» сөзжұмбағын шешіңіздер.
|
|
||||
6.Топпен ән Сөзі:Тұманбай Молдағалиев Жан досым Әні:Сейдолла Бәйтереков Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн, Кiм бар екен бала күнгi досыңнан! Қ-сы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн. Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн! Қос бұтағы секiлденiп ағаштың, Қатар жүріп сырымызды сан аштық. Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық, Адассақ та бiрге жүрiп адастық. |
|
||||
7.Үй тапсырмасы. 1 . «Менің сыныптасым» тақырыбында эссе жазып келу. |
|
||||
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: .02.20 ж. № 21 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӨЗГЕЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ-ӨЗІҢЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, командада (топпен) жұмыс істеу, бірлік . Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Ұжымда дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат жасамау өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: - командада жұмыс істеуді үйрету; Дамытушылық: - ешкімді ренжітпеуге, үнемі көмекке келе білуге ықпал жасау; Тәрбиелік: - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгелдеу, |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру. 1 . «Менің сыныптасым» тақырыбында эссе жазып оқиды.. |
Музыка қойыла ды
|
3. Дәйексөз Шынайы сүйіспеншілік басқа адамның тағдыры үшін алаңдаған жүректе ғана туындайды. Василий Сухомлинский ● Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңыздар. |
|
4.Әңгімелеу: Серік Әдбірайымұлы Дінмұхамед Қонаев: «Өзге елдің оты өз еліңнің түтініне де татымайды» (Үзінді) 1. Димаш Ахметұлының игілікті іс атқаруының мәні неде деп ойлайсыздар? 2. Биліктің шыңына көтеріліп, бірақ кісілігін жоғалтпауы қандай құндылықтардың көрінісі? Нақты мысал келтіріңіздер. 3. «Қанағатшыл адам» дегенді қалай түсінесіздер? 4. Дінмұхамед Ахметұлының бойынан өзіңіз үлгі тұтарлық қандай ізгі қасиеттерді байқадыңыздар? 5. Өзіңіздің риясыз қайырымдылық жасаған кездеріңіз болды ма? Мысал келтіріңіздер. |
Сұрақ –жауап (пікірталас)
Мәтінді талдау. |
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Төмендегі берілген қанатты сөздерден негізгі ойды анықтап, өз ойларыңызды түйіндеңіздер. Ы. Алтынсарин: «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе». Ж. Де Лабрюйер: «Жақсылық жасау–әрекет жасау деген сөз». Р. Роллан: «Қайырымдылық – ғылым емес, әрекет». Ж. Ж. Руссо: «Қайырымдылықтан басқаның бәріне қарсы тұруға болады». М. Монтень: «Қайырымдылық ғылымын игермеген адамға басқа кез келген ғылым тек зиянын тигізеді». Н. Чернышевский: «Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім».
2-тапсырм: «Кеңпейілділік»,«қайырымдылық»,«жанашырлық» сөздеріне қатысты сөздерді топтастырып жазыңыздар.
3-тапсырма: «Жақсылық – жан шуағы» тақырыбына қайырымдылық іс-шара жоспарын жасаңыздар. – Жоспарлардың ішінен ең шыншыл және тиімдісін таңдаңыздар. – Іс-шараны іске асырыңыздар. |
|
6. Топпен Асыл арман Бәкір Тәжібаев Арманым, ақ сәулелі күнімбісің, Әлде бір алаулаған гүлімбісің, Әлде бір желпіп өткен самал ма едің, Арманым айтарым көп саған менің. Қ-СЫ: Асыл арман, асыл арман, Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің? Асыл арман, аспанымда жарқылдаған құсым ба еді, Мен сенің құдіретіңе, Мен сенің құдіретіңе түсінбедім Арманым, құздан құлар бұлақпысың, Әлдебір күлімдеген шырақпысың. Әлдебір албыраған ай ма екенсің, Арманым, айтшы маған қайда екенсің? Арманым жүрегімнің жыры ма едің, Жас ару жанарының нұры ма едің. Әлдебір сазы ма едің домбырамның, Қиялды асқар шыңға қондыратын. |
|
7.Үй тапсырмасы 1. «Жомарт адам бергенін айтпас» атты тақырыпқа ойтолғау жазыңыздар. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: .02.20 ж. № 22 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӨЗГЕЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ-ӨЗІҢЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Ұжымда қарым-қатынасты шынайы сүйіспеншілікпен бере білунағыз адами көрініс екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуді үйрету; Дамытушылық: - кешірімді болуға, шынайылыққа баулу; Тәрбиелік: - шынайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. |
Ресурс Сәлемдесу түгел деу |
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті: «Теңіз астына саяхат» Үй тапсырмасын тексеру.
|
Музыка қойылады
|
3. Дәйексөз Ғ.Мүсірепов. «Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге өмір сүреді»
|
|
4. Әңгімелесу Демеуова Мария Қайырымдылық қазақ халқына тән қасиет пе? 1. «Қайырымдылық» деген ұғымды қалай түсінесіздер? 2. Қамқорлық көрсету, басқалардың қамын ойлау, жанашырлық таныту қандай құндылықтардың көрінісі деп ойлайсыздар? 3. Қайырымдылықтың, жанашырлықтың көрінісі қандай ұлттық дәстүрлерде байқалады? 4. Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не? 5. Жомарттық малмен бола ма, жоқ пейілмен бола ма?– деген сұрақты қалай түсінесіздер |
Сұрақ –жауап пікірталас Мәтінді талдау. |
5. Шығармашылық жұмыс 4-тапсырма: Төмендегі тапсырма бойынша өз бойыңыздағы жақсы қасиеттердің бірін таңдап, сөйлемді аяқтаңыз. Өз өміріңіз ден мысал келтіріп, түсіндіріңіз. Үлгі: Мен жақсылық жасай аламын, себебі мейірімдімін. 1. Мен жақсылық жасай аламын, себебі...
5-тапсырма: Төмендегі сұрақтармен байланыстырып «Менің түсінігімдегі қайырымдылық» тақырыбына ой-пікірлеріңізді сыныптастарыңызбен бірге талқылап, өз тұжырымдарыңыз ды жасаңыздар. 1. «Кеңпейілділік» деген ұғымды қалай түсінесіздер? 2. Қайырымды адамның ұстанымдары қандай болады?
7-тапсырма. Құрбы-құрдастарыңыздың немесе кез келген жасөспірімнің, сыныптасыңыздың өзара қарым-қатынаста достарына, сондай-ақ айналасына қайырымдылық, кеңпейілділік, жомарттық танытып, риясыз қызмет еткен оқиғаларын байқадыңыздар ма? Бақылауларыңыздың нәтижелерін «Менің құрдастарым» жобасының күнделігіне жазып көрсетіңіздер. |
|
6. Топпен ән айту Сөзі: Жадыра Байбұланова Мен сені сүйем, өмір Әні: Роза Әлқожа Өмір, өзіңді таппай іздеп өзек талса да, Өмір, мен кешкен мөлдір таза мезет қаншама. Өмір, жанымда бақ пенен зор кезек болса да, Мен сені сүйемін, өмір, мен сені сүйемін, өмір. Қ-сы: Алдымнан мұнартып шақырды дала-ау, Жарыққа күнә ғой жақындамау. Әлі де сөнбеуге хақым бар-ау, Мен сені сүйемін, өмір. Берерін білмеймін әлі ертеңнің, Өткеннің үзігін әрең тердім, Сонда да келеді тағы өртенгім. Өмір жеткенде бір биікке құлап қалсам да, Өмір бойдағы қайта тұрар қуатты алса да, Өмір алдына талай сыңсып жылап барсам да, Мен сені сүйемін, өмір, мен сені сүйемін, өмір. Өмір, күз болып салдым әнін сағыныштардың, Өмір, аппақ қар болып кейде алып ұшқанмын. Өмір, көктемдей саған бірақ әлі құштармын, Мен сені сүйем, өмір, мен сені сүйем, өмір. |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. Айналадағы табиғаттың сұлулығын қалай қабылдайтыныңызды көрсетіп, «Табиғат» тақырыбында синквейн жазыңыз. |
|
8. Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: .03.20 ж. № 23- сабақ Сабақтың тақырыбы: БАҚЫТ – БІРЛІКТЕ Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Жаратылысты сүю әр адамның парызы екендігін ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - өмірде өз-өзіне адал бола білуді үйрету; Дамытушылық: - жаманнан жақсыны ажырата білуге баулу; Тәрбиелік: - өмірде шыншылдыққа тәрбиелеу. |
Сәлем-десу түгел деу |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. Айналадағы табиғаттың сұлулығын қалай қабылдайтыныңызды көрсетіп, «Табиғат» тақырыбында синквейн жазыңыз. |
Музыка қойы лады
|
3.Дәйексөз Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді. Анатоль Франс ● Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңыздар. |
|
4. Әңгімелеу: Құрманбай Толыбаев Күлімде, Күн, күлімде! 1. Қоршаған ортаны қабылдауда адам қандай сезімдерге бөленеді? 2. Табиғатты анаға теңеудің сыры неде деп ойлайсыздар? 3. Айналамыздағы әсемдікті сезіну үшін адам бойында қандай қасиеттер көмектесе алады? 4. Адам мен табиғаттың үйлесімінің нәтижесі қандай болады? 5. Адамның қоршаған ортамен байланысы қандай құндылықтардың көрінісі деп ойлайсыздар? 6. Өздеріңіз табиғатпен, қоршаған ортамен қандай байланыстасыздар? 7. Табиғатқа қандай қамқорлық көрсетіп жүрсіздер? 8. Өзіңізді әлемнің, табиғаттың бөлшегі ретінде сезінесіз бе? |
|
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Мәтінді оқып, табиғат пен адам арасындағы үйле сімділік туралы ой-толғау жазыңыздар. Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: Күнана, Жер-ана, ауа мен су. Адам зат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Сондықтан адам зат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн – барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Оның нұры-сәулесі, құдіретті күші – от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты халық қастерлеп, «отты баспа», «отпен ойнама», «отқа түкірме» деп, ырым, тиым жасап, кесір-қырсықты отпен «аластап», отқа табынған. Отбасы, отағасы, отау деген сөздер отты қастерлеуден шыққан.. Ал Жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Халық Жер-ананы әулие тұтады. «Баптағанға – жер жомарт», «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік» деп, Жер-ананы аялаған. Жер-жаһандағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет – су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» дейді. «Судың да сұрауы бар» деп, суды ысырап жасамау керектігін өз ұрпақтарына ескертіп отырған. Жанды дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе – ауа. «Ауа – өмір тынысы», – дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені «ауадай қажет» деп, халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды. 3-тапсырма: Ақын Жұпаркүл Асылованың «Құдіретті Жер – Ана!» өлеңін оқып, ондағы айтылған ойды сыныптастарыңызбен талқылаңыздар. Ұлы далам,туып өскен мекенім, Топырағыңнан бойға қуат, нәр алып, Қасиетіңді тілге тиек етемін. Сенің арқаң осы күнге жеткенім. Бар тіршілік иесінің анасы, Өзіңнен мен алар едім кеңдікті, Құдіретіңді елге сыр ғып шертемін. Алар едім қайсарлықты, ерлікті. Өзіңде өндім, бүршік атып, көктедім, Талай нәубет көрсеңдағы міз бақпай, Сенде өтті қысым, жазым, көктемім. Көрсетпедің ұрпағыңа кемдікті. |
|
6.Топпен ән айту Сөзі: Ділбар Маликова Өзіңнен баста Әні: Марат Балмырза Бұл өмір сабырлы болғанды ұнатар, Сыны бар, кей-кезде қатігез жылатар. Адалдық туын көтеріп жүргеніңмен, Жалғанда жан көп шалып, сені құлатар. Уақыттың, түсін, қайта айналып келмесін, Қайтару мүмкін емес тағдыр кемесін. Адам боп (болып) өмір сүремін десең егер де, Алладан кейін тек өзіңе сенесің. Қ-сы: Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін өзіңнен баста. Өмірде жүрме ешқашан тым тәкаппар, Алдыңда күтер қашанда көп сынақтар. Басыңа қонған баққұсың бір күні ұшса, Жақыныңнан өзгенің бәрі жырақта. Арманыңның бағың бір биік белесін, Дәлелде, бәрі жақсыға теңесін. Өзгерткің келсе кенет жат мінезіңді, Өзіңді білдің, өзің ғана жеңесің. Түзу жолдан адаспай, көзіңді аш та, Амалың бар ма сірә, төзумен басқа. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін өзіңнен баста.
|
|
7.Үй тапсырмасы. 1. «Табиғатты қорғайық!» тақырыбына іс-шара жоспарын құрып, төмендегі кестені толтыру. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп Мерзімі: .03.20 ж. № 24-сабақ Сабақтың тақырыбы: БАҚЫТ – БІРЛІКТЕ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру, аянбай қызмет ету; ізгілік Пән мұғалімі Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Әлем және адамзат арасындағы байланыс сүйіспеншіліктен құралады. Міндеттері: Білімділік: Өзін-өзі жақсы көру ; Дамыту: - өмірде аянбай қызмет етуге баулу; Тәрбиелік: - өмірде шыншылдыққа, ізгілікке тәрбиелеу. |
Сәлм десу түгел деу |
||||
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру «Табиғатты қорғайық!» тақырыбына іс-шара жоспарын құрып, төмендегі кестені толтыру.
|
Музыка қойылады
|
||||
3. Дәйексөз Шыңғыс Айтматов «Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырды да өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне білді»
4. Әңгімелесу: Құттыбек Құрманов Сырлы да қазыналы әлем – табиғат (Үзінді) 1. Автор табиғаттың сұлулығын қалай суреттейді? 2. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігінің мәні неде деп ойлайсыздар? 3. «Адам – табиғаттың бір бөлшегі» дегенді қалай түсінесіздер? 4. Табиғат адамға нені риясыз береді? 5. Табиғат бізді неге үйретеді? 6. Айнала қоршаған ортаны аялап, сақтап қалуда жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрініс табады? |
|
||||
5. Шығармашылық жұмыс 5-тапсырма: Мәтінді оқып, «Төрт сөйлем» әдісі арқылы талдаңыздар. 1. Кіріспе. Мәтін туралы кіріспе сөз айтады. 2. Негізгі ой. Мәтіннің негізгі ойын табады. 3. Қорытынды. Мәтін бойынша қорытынды шығарады. 4. Толықтыру. Мәтінді өз ойларымен толықтырады. Жолcапар суреттері Генрих Гейне Мен өмір сүріп жатырмын! Менің кеудемде табиғаттың ұлы ырғағы соғып тұр, мен қуаныштан айқайлағанда, ол мың есе жаңғырып, маған жауап береді. Мен мыңдаған бұлбұлдың үнін естимін. Жерді таңғы ұйқысынан ояту үшін оларды көктем жіберіп отыр, жер беті шаттықтан шалқиды, оның гүлдері күнді қарсы алғанда айтқан әнұран секілді. Күн тым баяу қозғалады, менің оның от тұлпарларын тезірек шапсын деп қамшылағым келеді. Ал ол, ысылдап, теңізге түсіп, түн оны өз құшағына алып, өзінің сағынышқа толы жанарын ашқанда, сол кезде ғана мені шынайы қуаныш кернейді. Жұлдыздар маған бас изейді және мен кішкентай жер мен адамдардың кішкентай ойларынан жоғары көтеріліп, көкке самғаймын.
7-тапсырма: Сыныптастарыңызбен, достарыңызбен табиғат аясына шыққан уақытта олардың өздерін қалай ұстағаны, қоршаған табиғатқа қарым-қатынасы қалай болғанын, құрбы-құрдастары және табиғатпен бірлігі қалай көрініс тапқанын Жоба күнделігіне жазып толтырыңыз. |
|
||||
Топпен ән айту Сөзі: Ділбар Маликова Өзіңнен баста Әні: Марат Балмырза Бұл өмір сабырлы болғанды ұнатар, Сыны бар, кей-кезде қатігез жылатар. Адалдық туын көтеріп жүргеніңмен, Жалғанда жан көп шалып, сені құлатар. Уақыттың, түсін, қайта айналып келмесін, Қайтару мүмкін емес тағдыр кемесін. Адам боп (болып) өмір сүремін десең егер де, Алладан кейін тек өзіңе сенесің. Қ-сы: Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін өзіңнен баста. Өмірде жүрме ешқашан тым тәкаппар, Алдыңда күтер қашанда көп сынақтар. Басыңа қонған баққұсың бір күні ұшса, Жақыныңнан өзгенің бәрі жырақта. Арманыңның бағың бір биік белесін, Дәлелде, бәрі жақсыға теңесін. Өзгерткің келсе кенет жат мінезіңді, Өзіңді білдің, өзің ғана жеңесің. Түзу жолдан адаспай, көзіңді аш та, Амалың бар ма сірә, төзумен басқа. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін өзіңнен баста. |
|
||||
Үйге тапсырма 1. Түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, берілген ұғымдарының ара-жігін ажыратып, әрқайсысына анықтама жазыңыздар: данагөйлік, білімпаздық, данышпандық, кемеңгерлік, көрегендік, парасаттылық. |
|
||||
Соңғы тыныштық сәті Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар
|
|
Мектеп Мерзімі: .03.20 ж. № 25-сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМЗАТ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: қоршаған орта табиғатқа қиянат жасамау керектігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - кешірімшіл болуға үйрету; Дамытушылық: - адамдарға риясыз қызмет етуге ықпал ету; Тәрбиелік: - шынайылық тәрбиелеу. |
Сәлемдесу, түгел деу. |
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті: Су патшалығына ойша саяхат
2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, берілген ұғымдарының ара-жігін ажыратып, әрқайсысына анықтама жазыңыздар: данагөйлік, білімпаздық, данышпандық, кемеңгерлік, көрегендік, парасаттылық. |
Музык қойыла ды Тынш тық сәті |
3.Дәйексөз Сүйінбай Аронұлы Өмірде құны ескірмес, Бағасы құнды асыл сөз. ● Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар. |
Сұрақ -жауап |
4. Әңгімелеу: Төле бидің даналығы (Аңыз әңгіме) 1. Төле бидің сәлемін келіні қалайша дұрыс түсінді деп ойлайсыздар? 2. Қарақшыларға неліктен кешірім жасалды? 3. Төле бидің адамгершілік өсиетінен қандай ой түйдіңіздер? 4. Өмірде қандай құндылықтар адамды адастырмайды? Неліктен? 5. Теріс жолға түскен жолдастарыңызға қалай көмектесер едіңіздер? |
Сұрақ –жауап (пікірталас)
|
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Төменде берілген қанатты сөздердің мазмұнындағы негізгі ойды анықтап, адам даналығының бастаулары жайында қорытынды жасаңыздар. Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» . Л. Толстой: «Өнер – адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі». Абай Құнанбайұлы: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». М. Әуезов: «Көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді». Ж. Аймауытов: «Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр». Ғ. Мүсірепов: «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде – ұлт та ұлы бола алмайды». 2-тапсырма: Қазыбек бидің «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сауалға берген жауабын мұқият оқып, бүгінгі қоғамдағы құндылықтармен салыстырып, талдаңыздар. Тату болса, ағайын жақын Таусылмайтын дау қиын, Ақылшы болса, апайың жақын, Шанышқылаған сөз қиын, Бауырмал болса, інің жақын, Дәл осындай жағдайда, Инабатты болса, келінің жақын. Пана болмас өз үйің. Жан серігің жас кезіңнен, Жазылмаса, дерт қиын, Бәрінен де әйелің жақын. Іске аспаған серт қиын Алтын ұяң – Отан қымбат, Ақылыңнан адасып, Құт берекең – атаң қымбат. Өзің түскен өрт қиын Аймалайтын – анаң қымбат, Тентек болса, ұл қиын Асқар тауың – әкең қымбат. Не істеріңді – біле алмай Туып өскен елің қымбат, Ашиды сонда бас миың. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат.
|
пікірталасады. |
6.Топпен ән айту Бұл дүниенің мысалы Шал Құлекеұлы Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең. Айдынды жақсы аймен тең Өмірде көрген жақсылық Жомарт жігіт баймен тең Ұйықтап өткен түспен тең. Шешен жігіт дүрмен тең Атадан мирас ақылың, Иманды көңіл кірмен тең Түзік28 айтқан мақұлың Ақылы жоқ надандар Ләзім29 болған іспен тең. Іс бітірмес жамандар, Ағайының көп болса, Жүз болса да бірмен тең Бірлігі оның бек болса, Жамандық жер кез келсе, Жақсының айтқан ақылы Бір - біріне сеп болса, Қазулы сара жолмен тең Бүтін тұрған бұзылмай Жаманға айтқан ақылың Отыз екі тіспен тең. Ағып кеткен селмен тең. |
|
7.Үй тапсырмасы. 1. Адамзат тарихындағы өздеріңіз үлгі тұтатын ұлы тұлғалардың өнегелі өсиеттері мен жеке басының асыл қасиеттерін сипаттай отырып, «Даналыққа құштарлық» тақырыбында эссе жазыңыздар.
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар. |
|
Мектеп Мерзімі: .04.20 ж. № 26-сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМЗАТ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі; барлығынан жақсылықты көру; отаншылдық Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Табиғатпен үндестікте ақиқатпен өмір сүру керектігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - өмір сүруде ойдың, сөздің , істің бірлігін ұстануға үйрету; Дамытушылық: - барлығынан жақсылықты көре білуге баулу; Тәрбиелік: - Отаншылдыққа , кеңпейілділікке тәрбиелеу. |
Сәлемдесутүгелдеу, сабақтың мақсаты, міндетін таныстыру |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: «Жайлауға, ата-әжемізге барамыз»
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. Адамзат тарихындағы өздеріңіз үлгі тұтатын ұлы тұлғалардың өнегелі өсиеттері мен жеке басының асыл қасиеттерін сипаттай отырып, «Даналыққа құштарлық» тақырыбында эссе жазыңыздар. |
Музыка қойылады
|
3.Дәйексөз
|
|
4. Әңгімелеу: Ұлы даланың дана ойшылы Имантай Бектөлеу 1. Абай неліктен халықты білім мен ғылымға шақырды? 2. Өнер-білімді, мәдениет пен әдебиетті меңгеру адамның рухани кемелденуіне қалай ықпал етеді? 3. Адам бойындағы қандай қасиеттер мен құндылықтар оны надандықтан құтқарады деп ойлайсыздар? Неліктен? 4. Абайдың өмірі мен даналығынан қандай өнеге алуға болады? 5. Күнделікті өмірде ұлы ғұламалардың қандай өсиеттерін пайдаланып жүрсіздер? Әңгімелеп беріңіздер. |
Сұрақ –жауап
|
5.Шығармашылық жұмыс 4-тапсырма: Абай Құнанбайұлының отыз сегізінші қарасөзінен алынған адамгершілік өсиеттерді оқып, адам баласын қор қылатын теріс қасиеттерден аулақ болудың амалын талқылаңыздар. «...Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны». 5-тапсырм: Өлеңді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. Даналығың өлмейді Иса Байзақов Өлеңнен бұлақ ағызған, Халқың үшін қалдырған, Түрінен тұр туғызған, Адам мейірін қандырған Ақыннан – ақын Абайға, Інжумен егіз сөздерің, Ұлы халқың ардақтап, Бірі қымбат бірінен Тарихи белгі тұр сақтап, Алтын мен зүфар зерінен, Мың сан жылға, талайға. Өлеңмен салған іздерің Даналығың өлмейді, Іші-сырты, сыны бал Өлуге жол бермейді. Сыры терең, тілі бай.
|
|
6.топпен ән айту Қазақы дастарханым С:Ж.Боранбаев Бүгінгі ел ішінде Анаға ақ пейілді Дәстүрді
жалғастырған Иілсе, келін
балаң |
(бейнеклип) Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындай ды |
7.Үй тапсырмасы. 1. Дінмұхамед Қонаевтың «Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» деген қанатты сөзін басшылыққа ала отырып, эссе жазыңыздар. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп
Мерзімі: .04.20 ж.
№ 27 сабақ Сабақтың тақырыбы:
МӘҢГІЛІК
ІЗДЕНІС – МӘҢГІЛІК ЖОЛ
Құндылық:
Дұрыс әрекет
Қасиеттер:
басқалар
туралы жамандық ойламау; отбасындағы,
мектептегі парызын орындау; қанағатшыл
болу.
Пән
мұғалімі:
Сыныбы: 9
«а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
Сабақтың мақсаты: Адам ішкі әлемінің тазалығын сақтау туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету; Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындай білуге ықпал жасау ; Тәрбиелік: - қанағатшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» |
Сәлемдесутүгелдеу,
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. Дінмұхамед Қонаевтың «Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» деген қанатты сөзін басшылыққа ала отырып, эссе жазыңыздар. |
|
3.Дәйексөз «Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң. Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң. Жүсіпбек Аймауытов
|
Сұрақ –жауап |
4. Әңгімелеу: Мұхтар Құл-Мұхаммед Әл-Фараби (үзінді) 1. Әл-Фарабидің мәңгілік ізденіс жолына түсуіне не себеп болды? 2. Ілім үйрену жолында қандай жетістіктерге жетті? 3. Неліктен адам өмір бойы біліп алып, кемелденуі тиіс? 4. Білімге құштарлық адам бойында қандай қасиеттер мен құндылықтарды дамытады? 5. Өздеріңіз қаншалықты білімдеріңізді арттырып, адамгершілік тұрғыда өздеріңізді жетілдіріп жүрсіздер? Әңгімелеп беріңіздер. |
Сұрақ –жауап
|
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Берілген қанатты сөздердің мазмұнындағы негізгі ойды анықтап, тақырыппен байланыстырып, түйіндеңіздер. Конфуций: «Он бес жасымда мен білімге бет бұрдым. Отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда күмәннан арылдым. Елу жасымда көктің еркін таныдым. Алпыс жасымда шындық пен өтірікті ажырата бастадым. Жетпіс жасымда жүрегімнің қалауына ере бастадым». А. Йүгінеки: «Білген адам білімді өмір бойы іздейді». А. Құнанбайұлы: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды». А. Чехов: «Күндіз-түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет... Ол үшін әрбір сағат өте қымбат». Ф. Достоевский: «Оқы және үйрен. Маңызды кітаптарды оқы. Қалғанын өмірдің өзі түсіндіріп береді». Н. Лобачевский: «Адам табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін жаралған. Бірақ үстемдік құратын даналық оған туа бітпеген: ол ондай даналыққа білім арқылы жетеді». У. Черчилль: «Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек».
2-тапсырма: Өлеңді оқып, оның мазмұнында айтылған өнер-білім үйренуге қажетті қасиеттер мен іс-әрекеттерді теріп жазыңыздар. Өнер-білім қайтсе табылар Мағжан Жұмабаев Ер жігіт өнер табар ерте қуса, Құлақ тігіп, көз салып, жиып-терсе. Ерініп шаршамастай, белін буса, Көңіл көзі ашық жанды дос деп білсе, ЬІртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей,Мылқау, меңіреу,надандықасдепбілсе. Періште боп анадан қайта туса! Білімсіз қатқан жансыз тас деп білсе, Тынықпай, дамыл алмай ерте де кеш, Өнер-білім қарны ашқа ас деп білсе, Ізденсе, кідірмесе, жайланбаса. Дүниенің теңізінде адасқанға Дүниенің қайғысынан зарланбаса, Тура жол көрсететін бас деп білсе Көз қысып күлгеніне алданбаса, Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса, Жамандық – аты өшкірге жақын жүрмей, Басқаға мойын бұрса, көз салмаса Аяғын күндік жерден байқап баса. Өнер-білім жер астында болса-дағы Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе, Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе. Естіген сөз, көргенді бос тастамай, Бір жетер, жалықтым деп тастамаса.
Қорытынды: Білім – бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім – теңіз түбіндегі інжу-маржан. Білім көзі – іздену. Білім – бүкіл адамзатты сусындата алар шалқар көл, байлыққа, бақытқа бөлер таусылмас кен, рухани дерттің бәрін аластайтын, күш-қуат беретін дәру. Білім адамға оңайлық пен түспейді, оны меңгеру үшін өлшеусіз әрекет ету керек. Ғылымбілімге түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады. |
Пікір талас |
6.топпен ән айту Ән -аға Шәмшімен сырласу С: Қ.Құрманәлиев Жетті
ғой осы күнге ән болып есімің де |
|
7.Үй тапсырмасы. 1. Д.Қонаевтің өмір баянынан қызықты оқиғаларын жазып келу, |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп
Мерзімі: .04.20 ж.
№ 28 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
МӘҢГІЛІК ІЗДЕНІС – МӘҢГІЛІК ЖОЛ
Құндылық:
Сүйіспеншілік
Қасиеттер:
кешірімшіл
болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет
ету.
Пән
мұғалімі:
Сыныбы:
9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Адам жан дүниесін шынайылықпен қалағанда ған рухы биік болатынын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуді үйрету; Дамытушылық: - кешірімшіл болу кісілікке жетелейтіндігін ұқтыру; Тәрбиелік: - шынайылыққа тәрбиелеу. |
Сәлемдесу түгел деу,
|
||||||||
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. Д.Қонаевтің өмір баянынан қызықты оқиғаларын жазып келу, оқиды. |
|
||||||||
3. Дәйексөз
|
|
||||||||
4. Әңгімелеу: Шәкәрім Құдайбердіұл Мәнді сөздер 1. Шәкәрім қандай мақсатпен рухани кемелдену жолына түсті? 2. Адамды түзету үшін қандай амалдар қажет? Неліктен? 3. Адам баласы неліктен өзін-өзі рухани жетілдіруі тиіс деп ойлайсыздар? 4. Арлы ақыл мен ақ жүрек адамды қандай рухани белестерге шығарады? 5. Шәкәрім айтқан «Ар білімі» мен «Өзін-өзі тану» пәнінің арасында қандай байланыстар бар? 6. Өздеріңіз рухани кемелдену жолында қандай әрекеттерге талпынып жүрсіздер? Әңгімелеп беріңіздер. |
|
||||||||
5.Шығармашылық жұмыс 4-тапсырма: Cөздер шоғырын мұқият қарап шығыңыздар. Оларды мағынасына қарай орнын тауып қойсаңыздар, ұлы ойшыл Шәкәрімнің мәнді сөздерінен екі сөйлем оқуға болады. Бұл қандай сөйлемдер? Айтылған ойды одан әрі өрбітіп, бүгінгі өмірмен байланыстырыңыздар. 5-тапсырма: Әбу Насыр әл-Фарабидің «Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» деген қанатты сөзін «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдісімен талқылаңыздар. 6-тапсырма: Бойыңыздағы жағымды және жағымсыз қылықтар мен әдеттердің тізімін жасаңыз. Олардың қалыптасуына себепші болған жағдайларды ой елегінен өткізіңіз. Жақсы әдеттерді дамытудың, теріс әдеттерден құтылудың амалдарын ойластырыңыз. 7-тапсырма: Өз-өзіңізді жетілдірудің жоспарын құрыңыз. Ол үшін төменде берілген әрекеттердің үлгісін пайдаланыңыз:
|
|
||||||||
6. Топпен ән Сөзі: Ринат Зайытов Менің жолым Сан күйге бөленген, Тағдырмен таласпай, Айнымай қалған өлеңнен, Ертеңгі күнге бал ашпай. Өзіме ұнайтын бір айқын, Өмірге ғашықпын, асықтым Жалынменен келем мен, Уақытпен де санаспай Биікпен, төменмен. Қайғымен жараспай Таяздар менен тереңмен, Өкініп артқа қараспай, Бір бақыт табарыма сенем мен. Жолымда жүрсем деймін адаспай. Қ-сы: Басталатын арманнан, Жүрегіммен тандалған, Оңым менен солым бар, Менің де бір жолым бар, Тек өзіме арналған. |
|
||||||||
7. Үй тапсырмасы. 1. «Сүйіспеншілік әлемінде» тақырыбында постер құрастырыңыздар |
|
||||||||
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Мектеп
Мерзімі: .04.20 ж.
№ 29 сабақ
Сабақтың тақырыбы:СҮЙІСПЕНШІЛІК
– ЖОҒАРҒЫ АҚИҚАТ РЕТІНДЕ
Құндылық:
Қиянат жасамау
Қасиеттер:
Басқа
мәдениеттің құндылығын түсіну,мәдени
мұраны құрметтеу,қоршаған ортаны
қорғау,бірлік.
Пән
мұғалімі:
Сыныбы: 9
«а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресурс |
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жасампаздық,келешек туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік: - оқушыларды ізгі істерге баулып, шығармашылық қа, жетелеп, белсенділіктерін арттыру, Дамытушылық: - оқушылардың жаңа бастама, жақсы істер, ел болашағы жөнінде ұғымдарын дамыту. Тәрбиелік: - сүйіспеншілікке,жақсылыққа,сенімділікке тәрбиелеу. |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Сүйіспеншілік әлемінде» тақырыбында постер құрастырыңыздар
|
Музыка қойылад Тыныштық сәті
|
3.Дәйексөз Махаббат – әуелі адамның адамдығы. Абай Құнанбайұлы
|
|
4. Әңгімелеу: Сафуан Шәймерденов Ана ұлылығы 1. Бейіс ананың ұлылығының сыры неде деп ойлайсыздар? 2. Өгей шешенің балаларға деген қамқорлығынан қандай әсер алдыңыздар? 3. Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы сүйіспеншіліктің орны қандай? 4. Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер? 5. Жақындарыңыздың сүйіспеншілігіне бөленгенде қандай күйде боласыздар? 6. Өзгелерге сүйіспеншіліктеріңізді қалай білдіресіздер? Әңгімелеп беріңіздер. |
|
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма : Берілген қанатты сөздердің мазмұнындағы ортақ ойды анықтап, сүйіспеншіліктің маңыздылығы жайлы өз тұжырымдарыңызды жазыңдар. Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Мейірімділік, махаббат, қайырымды лық пен адалдық ақ жүректен шығады». Ілияс Есенберлин: «Егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да – бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада құрып бітер еді». Бауыржан Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс». Нұрсұлтан Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». Натали Фокс: «Сүйіспеншілік жеңе алмайтын қиындық жоқ. Сүйіспеншілік айықтыра алмайтын кесел жоқ. Сүйіспеншілік аша алмайтын есік жоқ. Біздің болашағымыз қаншама үмітсіз болса да, түйін қанша шатасып кеткен болса да сүйіспеншілікті сезіну барлық кедергілерді басып өтеді». 2-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер. Өмірде Сүйіспеншілік маңызды Мырзагелді Кемел *Барлық сезімдердің Сүйіспеншіліктен бас тартуларының себебі неде деп ойлайсыздар? • Неліктен сүйіспеншіліктің қадірін уақыт қана біледі? • Осы өсиет әңгімеден қандай ой түйдіңіздер |
|
6.Топпен ән айту Сөзі: Тұманбай Молдағалиев Отан – Ана Қиын жолдардан аман келеміз. Асыл заман, саған сенеміз. Жарқын өмір, жақсы күндер, Арнап сәлем береміз. Жерім құлпырды барын берем деп, Елім жасап-ау жатар ер еңбек, Ырысымыз тасып жатыр, Алға бастық жеделдеп. Қ-сы: Жайнап өмір жұлдыз көгінде, Тұр ғой жарқырап. Көңіл көзді көп арбайды, Қиялымды түгел тартып ап. Отан Анадан қуат аламыз Алға жеңіспен біз барамыз. Бақта бұлбұл сайрайды ұзақ, Жайнайды кең даламыз. |
|
7.Үй тапсырмасы. 1. «Сүйіспеншілік елі» тақырыбында эссе жазу. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар
|
|
Мектеп
Мерзімі: .04.20
ж. № 30 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
СҮЙІСПЕНШІЛІК – ЖОҒАРҒЫ АҚИҚАТ РЕТІНДЕ
Құндылық:
Дұрыс
әрекет
Қасиеттер:
жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу,
уәдеде тұру.
Пән
мұғалімі:
Сыныбы:
9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны |
Ресус |
Сабақтың мақсаты: Адам боп қалу шынайылықты қажет ететіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға түсініктерін қалыптастыру; Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау; Тәрбиелік: - уәдеде тұра білуге тәрбиелеу. |
Сәлемдесу түгел деу |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Сүйіспеншілік елі» тақырыбында жазып келген эсселерін оқиды. |
|
3.Дәйексөз Махаббат – әуелі адамның адамдығы. Абай Құнанбайұлы
|
|
4.Әңгімелеу: Махаббат Қайсар Қауымбек Сүрініпті өмір атты көкпардан, Сұм тағдырға кеудесінде кек қалған. Менің атам өле-өлгенше жан жарын, Сағынумен, зарығумен өткен жан. Алдап өткен ақ сағымдай ауып құт, Қайран ерді қарық қылмай, ғаріп қып. Құдай қосып алған жары әжеміз, Сәл ертелеу аттаныпты. Жарықтық! Тағдырына төніп содан тосын бұлт, Сүйрелесіп, түзепті, әйтеу, көшін жұрт. Әке де боп, шеше де боп бірақ ол, Ұрпағына көрсетпепті жетімдік. Сезді ме екен бір ажалдан озбасын, Сұм жалғаннан іздемепті өзге асыл. Күздің күрең бұлтындай боп түнеріп, Төгіп-төгіп біткен дейді ел көз жасын. Күн ауғанша қу жанында жоқ тыным, Күйбең тірлік күйдірді оның көп күнін. Мауқын басар, сәл сырласар тым құрса, Әжеміздің суреті де жоқ-тұғын. Бесінге ауып барған шақта күн бірден, Жайнамазға жығылатын зіл мұңмен. Тоқсан толғап тарататын тасбиғын, Оның сонда нені ойларын кім білген. Туы болмай жүрсе дағы қайта ұстар, Ол ешкімге көрген емес айтып зар. Кәрі еменнің тұғырындай түнеріп, Сөне берді күннен-күнге байқұс шал. Қайран жүрек тілім-тілім, тілім боп, Кәрі көздің қарашығы дірілдеп. Көз жұмарда кемпірінің есімін, Әлсін-әлсін айтып жатты күбірлеп. Шын сағынып өтті солай бір ғұмыр, Жүрегімде өнген содан мұңды жыр. Ана – жерге аманаттап соңғы рет, Қабірінің жауып қайттық түңлігін. Ұмыта алмай кетті, білем, дертті сол, Оны ойласам өзегіме өрт түсер. Көл-теңізге қимайтұғын махаббат, Он сегізге бермейтұғын жетпіс – ол! 1. Кейіпкер жарына деген сүйіспеншілігін неліктен өмір бойы жоғалтпады? 2. «Тек сүйіспеншілік қана жүректің аштығы мен шөлін қандырады» дегенді қалай түсінесіздер? 3. Риясыз сүйіспеншілік адам бойындағы қандай қасиеттерді кемелдендіреді? 4. Өз өмірлеріңізде риясыз сүйіспеншілікке куә болған кездеріңіз болды ма? Әңгімелеп беріңіздер |
|
5.Шығармашылық жұмыс 4-тапсырма: Оқыған әдеби шығармаларыңыздың, тамашалаған көркем фильмдеріңіз бен сахналық қойылымдардың мазмұнындағы сүйіспеншілік бейнесі туралы баяндап, ондағы кейіпкерлердің сөздері мен әрекеттерін талқылаңыздар. 5-тапсырма: Сүйіспеншіліктің негізгі түрлеріне (өзімшіл, өзара, риясыз) байланысты жағдаяттар ойластырып, сахналаңыздар. Өз рөлдерін таңдау және оларды орындау барысында сыныптастарың ыздың қандай қасиеттері көрініс бергені туралы ойыңызды Жоба күнделігіне жазыңыз. |
|
6.Топпен ән айту Сөзі: Тұманбай Молдағалиев Отан – Ана Қиын жолдардан аман келеміз. Асыл заман, саған сенеміз. Жарқын өмір, жақсы күндер, Арнап сәлем береміз. Жерім құлпырды барын берем деп, Елім жасап-ау жатар ер еңбек, Ырысымыз тасып жатыр, Алға бастық жеделдеп. Қ-сы: Жайнап өмір жұлдыз көгінде, Тұр ғой жарқырап. Көңіл көзді көп арбайды, Қиялымды түгел тартып ап. Отан Анадан қуат аламыз Алға жеңіспен біз барамыз. Бақта бұлбұл сайрайды ұзақ, Жайнайды кең даламыз. |
|
7.Үй тапсырмасы. 1. «Абайлаңыздар» Ринат Зайытовтің сөзіне жазылған өлең жолдарын оқып, өмірге деген өз көзқарасыңды жаз. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар
|
|
Мектеп Мерзімі: . 05.20 ж. № 31- сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ РУХАНИ СҰЛУЛЫҒЫ
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: өз-өзіне сенімді болу, басқалар туралы жамандық ойламау, уәдеде тұру. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Адам боп өмір сүру шынайылықты қажет ететіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға түсініктерін қалыптастыру; Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау; Тәрбиелік: - уәдеде тұра білуге тәрбиелеу. |
Сәлем десу,түгелдеу. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру 1. «Абайлаңыздар» Ринат Зайытовтің сөзіне жазылған өлең жолдарын оқып, өмірге деген өз көзқарасыңды жаз. |
Музыка қойылады
|
3.Дәйексөз В.А. Сухомлинский Рухани жағынан сұлу адамдар – бұлар ең алдымен бақытты адамдар.
|
|
4. Әңгімелеу: Марфуға Шапиян Жалғыз адамның әлемді өзгертуі мүмкін бе? 1. Неліктен Ганди қиянат жасамау ұстанымын басшылыққа алды? 2. «Кешіре білу – мықтыларға тән қасиет» деген сөздің мәні неде? 3. Гандидің соңынан миллиондаған адамдардың еруінің себебі неде деп ойлайсыздар? 4. Адам бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттер оны шынайы жетістікке жеткізеді? Неліктен? 5. Адамның шынайы сұлулығы неде? 6. Күнделікті өмірде жұмсақ мінезімен және табанды ерікжігерімен үлгі болып жүрген қандай адамдарды білесіздер? Әңгімелеп беріңіздер. |
|
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма : Ұлы тұлғалардың қанатты сөздерін оқып, рухани сұлулық туралы өз ой-тұжырымдарыңызды жазыңыздар. Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады». Ыбырай Алтынсарин: «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер». Әлихан Бөкейханов: «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден». Антон Чехов: «Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш болып келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды». Мұхтар Әуезов: «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі». Федор Достоевский: «Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет – ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой». 2-тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін естеріңізге түсіріңіздер. Онда үш жолаушы бұлақ басындағы тасқа жазылған «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол» деген жазбаға пікір білдіреді. «Бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лайқоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін» – деген әңгіменің түйінді сөзін талқылап көріңіздер. Адамның жан дүниесімен қаншалықты ұқсас? Адамның рухани кемелденуі мен бұлақтың арасында қандай байланыс бар? 3-тапсырма. Өздеріңіз үлгі тұтатын адамзат тарихындағы ұлы тұлғалардың өмір жолдары туралы айтып беріңіздер. Олардың қандай адамгершілік қасиеттері мен өмірлік ұстанымдарын жоғары бағалайсыздар? |
|
6. Топпен ән айту Абайлаңыздар Сөзі: Ринат Зайытов Неге келдік өмірге біз? Неге көңіл бөлудеміз? Дүниені ардан қымбат көрудеміз. Жалған мақтап өлгендерді, Тірілерді сөгудеміз, Адалдықты, адамдықты көмудеміз. Сыймай емес, сыйыса алмай, Қалып жүрміз көп пенде біз Көзге қарап, қарамаймыз көңілге біз, неге? Қ-сы: Абайлаңыздар, абайлаңыздар, Көкке емес, жерге қарайлаңыздар, Тәнге жан қонақ, соны ойлаңыздар, Ойлаңыздар, ойлаңыздар. Мансаппенен мақтанамыз, Жақындарға жат боламыз, «Пендеміз ғой, қайтеміз?» деп ақталамыз. Басынан аттап біреудің, Төрге шықсақ шаттанамыз, Сырттай аппақ, ішімізде қап-қарамыз. Бауырымыз бақыт тапса, Жарылуға шақ қаламыз, Жалған күлкі, жалған сезім, қаптамамыз біздің. |
|
7.Үй тапсырмасы. 1. «Өміріме ризамын» тақырыбында эссе жазу. 2. (179-бет) 7-тапсырма: Тақырып бойынша өтілгенді қайталап, «Жалпыадамзаттық құндылықтар» сөзжұмбақты шешу. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар |
|
Мектеп Мерзімі: . 05.20 ж. № 32- сабақ Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ РУХАНИ СҰЛУЛЫҒЫ Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: қарапайым өмір, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, жағымды ойла. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: жағымды ойлап қарапайым өмір сүру туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: - өзіне-өзі сенімділікпен қарапайым өмір сүруді үйрету; Дамытушылық: - өзін-өзі құрметтеу; Тәрбиелік: - жағымды ойлауға, құмарлықпен күресуге тәрбиелеу. |
Сәлем десу, түгел деу. |
||||||
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. (179-бет) 7-тапсырма: Тақырып бойынша өтілгенді қайталап, «Жалпыадамзаттық құндылықтар» сөзжұмбақты қорғау.
|
Музыка қойылады
|
||||||
3.Дәйексөз В.А. Сухомлинский Рухани жағынан сұлу адамдар – бұлар ең алдымен бақытты адамдар.
|
|
||||||
4. Әңгімелеу: Адамгершілік (Өсиет әңгіме) Ұстаз айтты: – Адамгершілік деген не? – Адамдарға махаббат. – Білім деген не? – Ол – адамдарды білу. Адал кісіні адал еместер ден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың. Ұстаз айтты: – Адам баласы жанымыздан ағып өтіп бара жатқан өзен суы сияқ ты: біздің жанымыздан өтіп кеткенмен күндіз-түні өзінің жүрісін тоқтатпайды. Ұстаз айтты: – Ғалым кісі табанды әрі тиянақты бол маса болмайды, өйткені оның өзіне артқан жүгі ауыр және жүрер жолы ұзақ. Оның жүгі – адамгершілік, ол ауыр болмай қалай бол сын. Ол өз жолын өлгенде ғана аяқтайды – бұдан ұзақ жол бар ма?! Ұстаз айтты: – Ақылды кісіні көрсең, соған ұқсауға ұмтыл. Ақыл сыз адамды көрсең, өзіңді онымен іштей салыстырып көр де, ойлан. Ұстаз айтты: – Оқымысты кісі деп мінезінде ұялу бар, өзге елге барғанда өз елінің абыройына қызмет етуге жарайтын, ата-анасына, үлкенге құрметпен қарайтын, сөзі шыншыл, әрекеті батыл адамды айтамыз. Ұстаз айтты: – Ізгі кісі мына ойды есінде тұтады: - қараған кезде анық байқады ма; - естіген кезде дұрыс естіді ме; - өзінің бет-әлпеті тартымды ма; - сөзі шын ба; - іске дұрыс көңілмен қарай ма; - күмән туса, ақылдасуға дайын ба; - ашуланса, соңы теріске айналып кетпей ме; - қандай жетістіктерге болса да жеткенде, онысы әділетті бола ма?Ұстаз айтты: – Адамдар үшін адал қызмет ете алдым ба? Мінез-құлқым жұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып отырмын ба? – деп мен өзімнен күніне үш рет сұраймын. Ұстаз айтты: – Жас адамдар ата-анасын ардақтау ға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне ыждағаттылықпен қарауға, халқына махаббатпен қарап, адамдарды бір-бірімен жақындасты руға міндетті. Осы міндеттерден арылған уақытта кітап оқысын. 1. Өмірде қандай адамдарға еліктеп, ұқсауға тырысуымыз керек екен? 2. Ізгі адам қандай қасиеттерімен ерекшеленеді? 3. Неліктен өзгелерге адамгершілік танытуымыз қажет? 4. Рухани сұлулық пен адамгершіліктің өзара қатынасы қандай? 5. Қандай құндылықтар мен қасиеттер адамды рухани сұлулыққа жетелейді? Неліктен? 6. Күнделікті өмірде қандай адамдарды рухани сұлу адам ретінде үлгі тұтасыздар? Неліктен? Әңгімелеп беріңіздер. |
|
||||||
5.Шығармашылық жұмыс 4-тапсырма: : Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. Өмір Ілияс Есенберлин Өмір деген үлкен той. Адам өкінішін той үстінде емес, той өткен соң айтады. Өкініш кімді болса да қайғы-азапқа апарып соғады. Ал ондай жанды күйзелтер өмір, қараңғы үйде сықсиған білте шам тәрізді, тек еміс-еміс сәулесі бар, жарқыраған жарығы жоқ. Мұндай күйге ұшыраған кісінің тек арманы ғана жолын көрсетер нұрлы шырағы. Бірақ арман қанша қусаң да жеткізбейтін бір қиял, түнгі от тәрізді, жақындаған сайын алыстай береді. Демек, өмір кейде сырын білмес тентек жылқы секілді, теуіп жібермес үшін қай жағынан келеріңді білмейсің. Аспанда жұлдыз, жерде құндыз көп, бірақ қайсы оның қолға жеңіл түсіп жатыр? Иә, жақсылық істеу қиын, жамандық – оңай. Әркімніңақ қолынан келеді. Дүние неге бұлай жаратылған? Ал адам баласы дүниеге бір-біріне тек жақсы лық істеу үшін ғана келеді емес пе? Неге адал жолынан таяды? Кей кісілер өмір қызығына аш қасқырдай қомағай, бүлдіргіш жараты латыны несі? Өмірді неге аямайды, неге мәпелеп кұрметтемейді? Бұл шіркін бір-ақ рет беріледі ғой. Ал түлкі тәрізді өзгелерді алдапарбап, үнемі рақатта өткісі келетіндер де көп. Бұлар тіпті адалдықтың не екенін білмейді. • Адам баласы үшін өмірдің мәні ақиқатты тану дегенмен келісесіздер ме? • Адал, тура жолдан таймау үшін адам баласы қандай қасиеттерді бойына сіңіруі керек?
5-тапсырма. Төменде берілген қасиеттерді пайдалана отырып, рухани сұлу кісіге мінездеме жазыңыздар. Қасиеттер: отансүйгіштік, әдептілік, бауырмалдық, қарапайымдылық, қайырымдылық, әділдік, адалдық, батылдық, жомарттық, ізеттілік, еңбекқорлық, рақымдылық, мейірбандық, кешірімділік, жауапкершілік, ержүректік және т.б.
6-тапсырма. Кестеге рухани сұлу адамның адамгершілік қасиеттерін, олардың өзіне және қоршаған ортаға тигізетін пайдаларын жазыңыздар.
|
|
||||||
6. Топпен ән айту Абайлаңыздар Ринат Заитов Неге келдік өмірге біз? Неге көңіл бөлудеміз? Дүниені ардан қымбат көрудеміз. Жалған мақтап өлгендерді, Тірілерді сөгудеміз, Адалдықты, адамдықты көмудеміз. Сыймай емес, сыйыса алмай, Қалып жүрміз көп пенде біз Көзге қарап, қарамаймыз көңілге біз, неге? Қ-сы: Абайлаңыздар, абайлаңыздар, Көкке емес, жерге қарайлаңыздар, Тәнге жан қонақ, соны ойлаңыздар, Ойлаңыздар, ойлаңыздар. Мансаппенен мақтанамыз, Жақындарға жат боламыз, «Пендеміз ғой, қайтеміз?» деп ақталамыз. Басынан аттап біреудің, Төрге шықсақ шаттанамыз, Сырттай аппақ, ішімізде қап-қарамыз. Бауырымыз бақыт тапса, Жарылуға шақ қаламыз, Жалған күлкі, жалған сезім, қаптамамыз біздің. |
|
||||||
7.Үй тапсырмасы. 1. 7- тапсырмада берілген «Жалпыадамзаттық құндылықтар» сөзжұмбағын шешу. |
|
||||||
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар
|
|
№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: . 05.20 ж. № 33- сабақ Сабақтың тақырыбы: АР-ҰЖДАН ҒЫЛЫМЫ
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылық көру; өз-өзіне адал болу; шыншылдық; Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Өмірдің әсемдігін сезіну үшін адамның өзінің жан дүниесі әсем болу керек екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі адамды жақсылыққа жетелейтінін түсіндіру; Дамытушылық: - барлығынан жақсылық көру жан сұлулығыңның көрінісі; Тәрбиелік: - өз-өзіне адал болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу. |
Сәлем десу түгел деу. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Музыка қойылады
|
3.Дәйексөз Ар-ұждан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты. Әл-Фараби
|
|
4. Әңгімелеу: Шәкәрімнің ар ілімі Мырзагелді Кемел Сіздің пікіріңізше, ар, ұждан деген не? Адам өмірінде ар, ұжданның маңызы қандай? 2. Даналық дегенді қалай түсінесіз? Сіз үшін даналыққа жетудің жолдары қандай деп санайсыз? Жауабыңызды түсіндіріп айтыңыз. 3. Автордың «Даналықтың арналары – ізгі ой, ізгі мінез-құлық және ізгі іс» деген сөздерін қалай түсіндіресіз? 4. Шәкәрім бабамыздың ар ілімі мен өзін-өзі тануды не байланыстырады деп ойлайсыз? Мысал келтіріп, түсіндіріңіз. 5. Оқылған мәтіннен өзіңіз қандай сабақ алып, ой түйдіңіз? |
|
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер. • Ұлы ойшыл Шәкәрімнің «Арманым байлық, мансап, мақтан емес, Ары зор, ата ұлы емес, адам ұлы» деген өлең жолдарын қалай түсіндіңіздер? • Өзіңіздің өмірлік арман, мұратыңыз қандай? • «Өзін-өзі тану» сабақтарынан не үйрендіңіз? Ойыңызды сыныптастарыңызбен бірге талқылаңыздар. |
|
Абайлаңыздар Ринат Заитов Неге келдік өмірге біз? Неге көңіл бөлудеміз? Дүниені ардан қымбат көрудеміз. Жалған мақтап өлгендерді, Тірілерді сөгудеміз, Адалдықты, адамдықты көмудеміз. Сыймай емес, сыйыса алмай, Қалып жүрміз көп пенде біз Көзге қарап, қарамаймыз көңілге біз, неге? Қ-сы: Абайлаңыздар, абайлаңыздар, Көкке емес, жерге қарайлаңыздар, Тәнге жан қонақ, соны ойлаңыздар, Ойлаңыздар, ойлаңыздар. Мансаппенен мақтанамыз, Жақындарға жат боламыз, «Пендеміз ғой, қайтеміз?» деп ақталамыз. Басынан аттап біреудің, Төрге шықсақ шаттанамыз, Сырттай аппақ, ішімізде қап-қарамыз. Бауырымыз бақыт тапса, Жарылуға шақ қаламыз, Жалған күлкі, жалған сезім, қаптамамыз біздің. |
|
7.Үй тапсырмасы. 1. (179-бет) 7-тапсырма: Тақырып бойынша өтілгенді қайталап, «Жалпыадамзаттық құндылықтар» сөзжұмбағын шешу. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар
|
|
Мектеп Мерзімі: .05.20 ж. № 34- сабақ Сабақтың тақырыбы: АР-ҰЖДАН ҒЫЛЫМЫ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, ізгілік. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Жан әсемдігі, жан сұлулығы тақырыбында сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: - аянбай қызмет етуге үйрету; Дамытушылық: - жақсы көру және кішіпейілдікке баулу; Тәрбиелік: - ізгілікке тәрбиелеу. |
Сәлем десу түгел деу. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. (179-бет) 7-тапсырма: Тақырып бойынша өтілгенді қайталап, «Жалпыадамзаттық құндылықтар» сөзжұмбақты қорғау.
|
Музыка қойылады
|
3. Әңгімелеу: Ырзамын Мұқағали Мақатаев Тағы да көрдім, Тағдырым, саған Тағы да көрем таң нұрын! Жүріппін босқа өкпелеп. Аязын қыстың, Өшпестей етіп, Аяулы жаздың жаңбырын. Өмірдің жазған бұл заңын. Алтынға,мейлі,толмай-ақ қойсынсандығым, Түсінбей кейде, Ырзамын саған! Тосырқап менің жүр жаным. Ырзамын саған, тағдырым! Кеудемде мына, Шаршаған шақта, Өзің сыйлаған бір жалын. Шақырып сені жекпе-жек Лапылдап жатыр, Басыма менің Тағдырым, саған ырзамын! Бақыттан басқа төкпе деп.
|
|
4. Топпен ән айту Сөзі: Ринат Зайытов Тек алға Әні: Маржан Арапбаева Тіршілік қайнап тұрса, Көңілің сайрап тұрса, Қ-сы: Арманың барда, Шаршама талма Жас жаның жайнап тұрса, Жасқанып қалма,Жүре бер тек алға Дала. Өмір сынаса, Көңілге алма. Сөндірме жан нұрыңды, Әніңді жалға,Жүре бер тек алға Жазғырма тағдырыңды, Бақытқа әр күніңді бала.
Қиналсаң анда - санда Үмітің алдаса да, Қ-сы: Бақ жұлдызың жанады, Өтпелі әрқашан да, Арманға қанат қағады. Бәрі. Сәтсіз күн оралмасын, Мұңайма ешқашан да өмірде, Қайғыға жоламасын, Әр адам бақыт алады. Жүректің жоғалмасын, Сәні. |
|
5.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген