400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Презентация: Практикалық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Практикалық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 7

Күні: 27.11.17 ж

«Бекітілді»

Сабақтың тақырыбы:  Практикалық сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға растрлық графикамен жұмыс істеуге үйрету, түстер мен құралдармен жұмыс жасауды қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың әдісі:  Қайталау сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, Corel Draw X3 бағдарламасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару .

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Векторлық кескін дегеніміз не?

  2. Растрлық кескін деп нені айтамыз?

  3. Фракталдық кескін деп нені айтамыз?

ІІІ. Практикалық жұмыс

Оқушыларға жұмбақтар қойылады, жауабын тапқан оқушы компьютерге суретін салып көрсетеді.

  1. Қауаққа да ұқсаған,

Алмұртқа да ұқсаған.

Аузы бар, тілі бар

Білер көріп, ұстаған.
/Қоңырау/.

  1. Қабат – қабат қаттама,
    Ақылың болса аттама.
    /Кітап/.

  1. Қиналып көтеріп, 
    Өзінен ауырды.
    Жорғалап кетеді,
    Жүкшідей кәдімгі.
    /Құмырсқа/.

  1. Шіркіннің өзіне обал-ақ

Жүреді аяқта домалап

(доп)

  1. Үрлесең жеп-жеңіл,

Елпілдеп кетеді.

Ұшырсаң, көк-теңбіл,

Бұлтқа да жетеді

(шар)

  1. Бейбітшілік құсы деп

Атайды оны барша жұрт.

(көгершін)

  1. Ағайынды бәрі:

Шықса-көк,

Түссе сары.

(Жапырақ)

  1. Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр.

(Бағдаршам)

  1. Қыста киімін тастайды,

     Көктемде киіне бастайды.

(Ағаш)

  1. Аспанда алып доп,

Жарқырайды жарық боп.

(Күн)

ІV. Cергіту сәті.

А. Еңсеповтың «Мереке»күйін тыңдау арқылы жаттығулар жасау. Көз жаттығуларын жасау.

V. Сабақты бекіту

  1. Растрлық кескіндердің артықшылығы неде?

  2. Растрлық кескіндердің кемшіліктерін ата

  3. Сorel Draw бағдарламасында салу құралдарында қалай орнатамыз ?

  4. Түстер палитрасында қанша түстер бар?

VІ. Үйге тапсырма: Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі. Растрлық бейнелердің параметрлері. Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері. Түстер. Салу құралдары

VІІ. Оқушыларды бағалау.

VІІІ. Қорытынды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
880
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі