400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Презентация: "Қолайсыз атмосфералық құбылыстар" 7- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ кезінде дайын көмекші құрал. география сабағында қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жетібай ауылының №3 орта мектебі» КММ













Ашық сабақ

Тақырыбы: Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Сыныбы: 7 «В»

















Дайындаған: География пәнінің

мұғалімі

Нәрік Ақшолпан






2017-2018 оқу жылы

Сабақ жоспары


Бөлім 3: Физикалық география

Shape2

Бөлімше: 3.1 Атмосфера






Мектеп: «Жетібай ауылының №3 орта мектебі» КММ

КShape3 үні: 23.11.2017 жыл


Мұғалімнің аты-жөні: Нәрік Ақшолпан Тангатарқызы


Сынып: 7 «В»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандарсаны:


Сабақ тақырыбы

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.7 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады

Сабақ мақсаттары

Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды анықтайды

Қолайсыз атмосфералық құбылыстың пайда болу жолдарын талдайды

Қолайсыз атмосфералық құбылыстан сақтану шараларын ұсынады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар :

Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың түрлерін біледі.

Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың пайда болу жолдарын талдай алады

Атмосфералық қолайсыз құбылыстардың зияндылығына баға береді, шешу жолдарын ұсынады.

Тілдік мақсаттар


Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар: Өз ойларын ауызша және жазбаша жеткізе білуге, мәтіннің мазмұнын әңгімелеуге үйрету.

Оқылым: Мәтінді оқи отырып, қолайсыз атмосфералық құбылыстарды зерделейді.

Тыңдалым: Шағын топтарда бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

Негізгі терминдер мен ұғымдар:

  • Үсік

  • Шаңды дауыл

  • Тұман

  • Құрғақшылық

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылығы

Өмір бойы білімдерін толықтырып, білім алуы;

Құрмет –Сабақ барысында өзгенің пікірін құрметтеуге, тыңдауға үйренеді

Пәнаралық байланыстар

Биология – қолайсыз атмосфералық құбылыстардың тірі табиғатқа тигізетін әсерін айтады

Қазақ әдебиеті – академиялық тілдерді дұрыс қолдану ғылыми негіздеп сөйлеуді ұсынады

Бастапқы білім


Атмосфераның құрамы мен құрылысы, метеорологиялық көрсеткіштер.

Сабақ барысы

Кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут
























1 минут
































1 минут

  • Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқушыларға «Вlob tree» парағы ұсынылады. «Сіз өзіңізді қай жерден көресіз?». Әр тапсырманы орындағаннан кейін міндетті түрде «Вlob tree» парағын бояп отырады.


  • Білім алушыларды партаның астында жабыстырылған стикерлер арқылы 4 топқа бөлу.

І топ: «Қар» тобы

ІІ топ: «Ыстық» тобы

ІІІ топ: «Жаңбыр» тобы

IV топ: «Бұршақ» тобы


Топқа бөлініп, отырғаннан соң «Бастағы қалпақ» әдісі арқылы топ басшысын сайлаймын.(Әуен қосылады, әр топтағы 1білім алушының басына қалпақты кигізіп кетесін. Ол екінші оқушыға кигізіп, ары қарай жалғасады. Әуен тоқтап, қалпақ кімнің басында қалса сол топ басшысы болып сайланады) Топ басшысына бағалау парағын ұсынамын.

«Пицца» әдісі арқылы өтілген тақырыптарды қайталау.


«Қар» тобы:

1. Белгілі бір жерде, белгілі бір аймақта болып тұратын атмосфераның жай-күйі? (Ауа райы)

2. Ауа райын болжау ........................ ұдайы бақылау жүргізудің нәтижесінде жүзеге асады. (Метеостансыларда)

3. Климат құрушы факторлар? (Географиялық ендік, жердің төсеніш беті, ауа массаларының қозғалысы)


«Ыстық» тобы:

1.Бұлттың қандай түрлері бар? (Шарбы бұлт, будақ бұлт, қабатты бұлт)

2.Бірдей температуралардың арасын біріктіретін сызық? (Изотерма)

3.Күміс тәріздес бұлттар қалыптасатын атмосфера қабаты? (Мезосфера)


«Жаңбыр» тобы:

1.Әлі толық зерттелмеген атмосфера қабаты? (Экзосфера)

2. Ауа райын болжаумен айналысатын метеорологияның бөлімі? (Синоптикалық метеорология)

3. Климат деген не? (Белгілі бір ауа райы режимімен анықталатын, және сол жерге тән атмосфераның жай-күйі)


«Бұршақ» тобы:

1. Күн радиациясы дегеніміз не? (Күннен келетін сәулелі қуат)

2. Желдің түрлері? (Бора, фен, бриз)

3. Судың сұйық күйден газтәріздес күйге енуі қалай аталады?

(Булану)


Мадақтау арқылы бағаланады


«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа шығамын.

1. Қыста жылымықтан кейін суықтың қайта түсуінен жер бетінің мұз болып қатуы (Көктайғақ)

2. Ыстық күнде, ауаның ылғалдылығы төмен болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі (Құрғақшылық)

3.Қоршаған ауаның орташа плюстік температурасының бірнеше күн бойы 10 және одан да астам градусқа артық болуын айтады. (Қатты ыстық)


-Бұл жаттығу/ жұмбақтар сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?

-Бүгін біздің ауылымызда қандай ауа райы?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?


Сұраққа жауап алғаннан кейін, сабақтың мақсаттарымен таныстырамын

«Вlob tree» парағы, А3,маркер, бағалау парағы, стикерлер, қалпақтар, презентация



















Пицца парағы

7минут













2 минут




5 минут











































Прямая соединительная линия 1

4минут

1тапсырма: «Галереяға саяхат» әдісі арқылы топтарға мәтінді бөліп беремін: (Әдісті түсіндіремін)

2 минут уақыт ішінде топтар мәтінді түсініп оқып шығады;

3 минут ішінде постер салады;

2 минутта топтардың спикерлері постерді галереяға саяхат жасауға келген қонақтарға түсіндіреді. Топ мүшелері постерге стикер арқылы пікір жазып қалдырады. Мәтінді түсініп болғаннан кейін топтар бірін-бірі смайликтер арқылы бағалайды.


«Қар» тобы: Қар жауу, үсік, қарлы боран

«Ыстық» тобы: Құрғақшылық, ыстық, шаңды дауыл

«Жаңбыр» тобы: Нөсер жауын, аңызақ желдер, тұман

«Бұршақ» тобы: Бұршақ, найзағай, құйын


Талқылау жүргізу

Тақырыпты жақсы қорғаған топқа смайлик беремін



2-тапсырма: «Лото» әдісі

  • Оқушыларға сандары жазылған парақша таратылып беріледі;

  • Лото тастарының номеріне сәйкес сұрақтарды оқимын;

  • Лотосында бар тастардың сұрағына сол топ жауап беріп, лото тасын ұтып алып, лотоны толтыруы керек.

  • Қай топ көп толық жауап берсе, сол топ жеңімпаз атанады


1. Атмосфера дегеніміз не? (Жердің ауа қабығы)

2. Атмосфераны ластаушы негізгі заттар (Көмірқышқыл газы, азот оскиді, күкіртті газдар, улы шаң, ыс және т.б.)

3.Ірілі-ұсақ түйіршік мұз түрінде жауатын атмосфералық жауын-шашын (Бұршақ)

4. Жорамал бойынша температурасы +20000с-қа жететін атмосфера қабаты (Экзосфера)

5. Атмосфераның құрамы (Азот, оттегі, көмірқышқыл газы)

6. Ыстық дегеніміз не? (Берілген аймақтағы белгілі бір жыл мезгіліне тән ауа температурасынан айтарлықтай жоғары температура)

7. Қыс кезінде орын алатын, жел жылдамдығы сағатына 56 шақырымға жететін дауылдар (Қарлы борандар)

8. Шаңды дауылдар әкелетін негізгі зияндар (Шаңды дауылдар әкелетін негізгі зиян – топырақты құнарлы қабатының жойылуы, олар өсімдіктердің тамырларын жалаңаштандырады және осылайша ауылшаруашылығына үлкен зиян әкеледі)

9. Құйынның салдары қандай? (Күшті құйындар ондаған шақырымды артқа тастайды және шатырларды жұлады, ағаштарды тамырларымен жұлады, автомобильдерді ауаға көтереді, телеграф бағандарын құлатады және үйлерді қиратады. Егер күшті құйын кезінде уақытында жасырынып үлгермесе, ол адамды 10 қабатты биіктікке дейін көтеріп, лақтыра алады, оған ұшып жүрген заттарды, сынықтарды бағыттап, ғимарат қиратындыларымен басу мүмкін)

10. Өздеріңе таныс қауіпті табиғат атауларын атаңдар

11. Ауа температурасы әр 1км көтерілгенде неше градусқа төмендейді? (6ºС-қа төмендейді)

12. Жер бетіне жақын, тығыз орналасқан атмосфера қабаты (Тропосфера)

13. Тұман дегеніміз не? (Тұман – бұл ұсақ су бөлшектерінің ауадағы жиынтығы)

14. Жер бетін ультракүлгін сәулелерден қорғайды (Озон қабаты)

15. Адамдардың климатқа әсері қандай?

16. Найзағай жарқылымен қабаттаса жүретін дыбыс (Күннің күркіреуі)


Қосымша тапсырма: топтық жұмыс

  1. Құрғақшылық, үсік, бұршақ, көктайғақ ұғымдарын сәйкестендіріңіз.

  2. Қалай пайда болатынын түсіндіріңіз

  3. Сақтану жолдарын сипаттаңыз

  4. Осы құбылыстардың зиянын айтыңыз

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Суреттер

Құрғақшылық

Көктайғақ

Үсік

Бұршақ

AutoShape 2


Бағалау критерийі

Дескриптор

+/-

Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың пайда болу жолдарын талдай алады

Ұғымдар мен суреттерді сәйкестендірді


Пайда болу жолдарын анықтады


Қолайсыз атмосфералық құбылыстардын сақтану жолдарын сипаттады


Оқушы өзін-өзі бағалайды. (Әр топтың 1 мүшесі тапсырманы талқылайды)

Оқулық, Тапсырма, суреттер, смайликтер














Лото қағаздары мен тастары, презентация









































Тапсырма парағы

Сабақтың соңы

6 минут

  1. Үйге тапсырма беру: «Менің ауылымдағы қолайсыз ауа райы» туралы 1 минуттық әңгіме-сипаттама дайындаңдар

  2. Сабақтағы кері байланыс:

Сабақтың соңында оқушылар өздерінің қай деңгейге жеткенін бояйды. Түсінбеген, қиналған жерлері болса көмек алады.

  1. Бағалау: Топ басшылары тобындағы оқушыларды бағалайды

«Вlob tree» парағы


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылар сабақтың орта кезеңінде тапсырмаларды орындау арқылы тақырып бойынша толық мәліметтер алады.


Өзара топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, мадақтаулар арқылы бағаланады

Сыныпта оқушылардың қабілеттерін ашу, шаршап-шалдығу мәселесін болдырмау үшін қолайлы эмоционалды-психологиялқ ортаны құру. Қауіпсіздік техникасы ережесін ескеру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
5673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі