жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Презентация: "Рәміздер- елімнің мақтанышы! "
Мақсаты:
1.
Білімділік: Жас
ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін
қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін
мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне
деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат
сезімін ояту;
2.
Дамытушылық: Отанын,
туған жерін қорғай білуге, халқымыздың
талантты ақындарының өлеңдері мен ата
- бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған
даналық сөздері арқылы оқушыларды
ұлтжандылыққа, атамекенін көздің
қарашығындай сақтай білуге, патриоттық
сезімге тәрбиелеу;
3.
Тәрбиелік: Ойларын
жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен
жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын
түсіне білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың
түрі: тәрбие
сағаты
Сабақтың
әдісі: сұрақ
- жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі,
көрнекілік,
суретке түсіру
Сабақтың
көрнекілігі: Елбасы
суреті, Қазақстан Республикасының
картасы, рәміздер, авторларының суреттері,
қанатты сөздер, слайд, сөзжұмбақ, тапсырма
жазылған карточка
Сабақтың
барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Қазақстан
Республикасының гимнің орындау
«Шаттық
» шеңбер:
Бір
шаңырақ
астында,
Қазақстанда
тұрамыз.
Бірге
сайран құрамыз,
Бір
үйде
біз тұрамыз.
Құт,
береке-шаңырақ,
Орын
алған
ол төрде.
Билігім
өз
қолымда-
Еркіндігім-
Елімнің!
ІІ.
Негізгі бөлім
Мұғалімнің
сөзі:
Біздің
Отанымыз-Қазақстан.
Мемлекетіміз тәуелсіздік
алғалы
Қазақстан
Республикасының
жетістіктері өсуде.
Осынау жылдарда елдігімізді танытып,
еңсемізді
көтерген
қаншама
ұлы
оқиғалар
бар. Қазақстан
Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда
өзінің
тәуелсіздігін
жариялап, дербес мемлекет болды. Осы
өткен
жолдарымызға
қарасаақ,
әр
жылдың
өз
шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті
бар. Қазақстанды
мекендеген барлық
халықтардың
ұлттық
мәдинетін
көркейтіп,
бірлігі мен ынтымағын
жарастырып отырған
ұлы
елміз. Осыған
орай «Менің
Отаным-Қазақстан!»
атты тәрбие
сағатымызды
бастаймыз
-
Балалар «Отан»-
деген сөздің мағынасы «Қазақ тілі
сөздігінде» былай анықталған: І.туған
ел, өскен жер;
2.үй-іші, отбасы,
«Отан» деген сөзді сендер қалай түсінесіздер ?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Олжас:
Көп
аузынан түспейтін, Отан - сенің ата -
анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың,
бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан
- өлкең, астанаң,
Достым білгің келе
ме? Отан - аудан, ауылың.
Дина:
Отан
- жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр
береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан
мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен
Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін
мен ата - анамды,
Мені өсірген
елімді.
Қазбек:
Отан деген -
атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан
- ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған
ел.
Кристина:
Отанды
біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені
оны мекен еткен
Бабамыз бен
атамыз.
Гүлжанар:
Отанды
жас - кәріміз де,
Туған жер деп
сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып,
өмір сүреміз
Мұғалім:
Балалар,
«Отан дегеніміз
не?»
Қазбек:
Отан дегеніміз- адамның
туып- өскен
жері, туған-
туысқандарымен,
жақындарымен,
бірге тұратын
атамекен. Қазақ
елінде тұратын
адамдардың
Отан- ҚР-сы.
Олжас:
Біздің
Отанымыз-ҚР-ның
жері өте
кең.
Жерінде тау да, жазық
та, ойпат та, қарат
та
кездеседі. Үлкен-үлкен
көлдер,
өзендер
бар. Республикамыз өсімдікке,
жануарларға
, қазба
байлыққа
бай.
Кристина:
Осы ҚР-ның
жас ұланы
екенімді мақтан
етем. Оның
бай тарихын зердеме түйіп,
ертеңгі
азаматыболу үшін
білім аламын, еңбек
етемін. Кешегі тарих жолында
елдің
ел болуына қызмет
еткен халқымыздың
асыл ұлдарына
ұқсап
өсемін.
Гулжанар:
Отаным менің
кең-
байтақ,
әрі
бай. Онда әр
түрлі
халықтар
тұрады.
Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ
халқы
ешуақытта
соғыс
тілемейді бейбітшілік үшін
күреседі.
Мұғалім:
-
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталатынын
тауып көрейік. Ол үшін
Сөзжұмбақ
шешу «Қазақстан» ата-ана орыс тілінде,
балалар ағылшын тілінде жауабын
табады
1. Қазақстанның
ауа райы (құрғақ,dry)
2. Қазақстанның
елордасы (Астана, Astana)
3.
Қазақстанның елбасы ( Назарбаев, Nazarbayev)
4.
Қазақстан қай құрылықта орналасқан?
(Еуразия, Euroasia)
5.
Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде
сөйлейді?(қазақ, Kazakh)
6.
Қазақстанның рухани астанасы(
Түркістан, Turkistan)
7.
Қазақстанның ұлттық валютасы
(теңге, tenge)
8.
Қазақстанның көршілерінің бірі
(Қытай, China)
9.
Қазақстан неге бай? (кенге, natural resources)
Сөзжұмбақтың
шешуі не болады? -
Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
-
Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі
бай.(слайд)
-
Дұрыс айтасыңдар, балалар
- Балалар,
біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз
тамған жер қалай аталады?
Қаратау.
Туған жеріміз Қаратау біздің Отанымыз
Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі
болып есептеледі. Біз
осы жерде өмір сүріп жатырмыз.
Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар.
Сүйем сені ,туған жер
Әжем жөргек жуған жер
Шапқан жауды елімнен
Батыр бабам қуған жер
Сүйем сені туған жер
Байлық, бақыт тұнған жер
Миллиард пұт астықты
Қамбаға жылда құйған жер
Сүйем сені ,туған жер ,
Өнер, білім қуған жер.
Ұшу үшін ғарышқа
Тоқтар
белін
буған
жер.
Біздің өз
туған жеріміз Қаратауды
сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау)
Мұғалім:
Қазақ
халқы
сөз
қадірін
білген, қасиетті
сөзді
қастерлеп,
аузынан тастамай, өнеге
ретінде данышпандығын,
өлең
өрнектерімен
өрнектеп
терең
мағыналы
сөз
өнері
арқылы,
өлең-жырымен
тәлім-тәрбиесін
зор ойлар айта білген.Қазақтың
мақал-мәтелдерінің
айтары- өсиет,
ұлағат,
тәлім,
парасат.
Туған
жерін сүймейтін
адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы
қандай мақал
- мәтелдер біледі екенбіз?.
1.
Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2.
Туған жердің күні де ыстық, түні де
ыстық.
3. Туған жер – алтын бесік.
4.
Туған жердің топырағы да ыстық.
5.Отан қуат отбасы шуақ
6.Отан елдің анасы Ел ердің анасы
Құралай:
Отан
дегеніміз - адамның туып өскен жері,
туған - туысқандарымен, жақындарымен
бірге тұратын атамекені. Қазақ
елінде тұратын адамдардың Отаны -
Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан
- Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Гимнімен айбатты.
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
Дина: Бұлт баспасын күнімді «Ту» суреті
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс - ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою-өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай –берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазбек: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
Олжас Бабам тұлпар жаратты «Елтаңба» суреті
Құлынын да танып ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өрке ниет өрінде
Нұр төгеді Елтаңба
Ақ Орданың төрінде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен, еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.
Мұғалім: Дұрыс балалар біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз,Әнұранымыз бар. Енди сіздерге сұрақ
Сұраққа –жауап
1.Елтаңбаның авторлары кімдер?
/Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков/
2.Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?
/тенге, 1993,15 қараша/
3. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж, 4 маусым/
4. Қазақстан Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/
5.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?
/1995 ж, 30 тамыз/
6.Біз онда қандай елміз? \ Егеменді Қазақстанбыз.
Олжас
Тас
жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде,
дінімде, ділімдесің.
Байлығым,
бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да,
түнім де, күнімдесің.
«Өз Отаның туралы не білесің ?» ойын ойнайық.
1.3аттың түсін білдіретін сөздерден басталатын қала атаулары (Ақтөбе, Ақтау,Көкшетау, Қызылорда,Ақмола,т.б.)
3. Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады?(130-дан астам)
4. Қазақ тарихындағы Тәуке хан жасаған заң жобасы қалай аталған? («Жеті жарғы»)
5. Қазақстанның астаналары ерте заманнан бастап (Түркістан, Орынбор,Қызылорда, Алматы, Астана)
6. Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі қашан аталады?(22-қыркүйекте)
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта білген.
Кең
байтақ Қазақстан менің туған өлкем,
оның асқар таулары мен айдын көлдері,
жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің
ақ бесігім. Сондықтан
да мен оны анамдай сүйемін.
Ү. Оқушылардың
шығармашылық жұмыстарын тыңдайық.
1.Шығармаларын
оқып, өз
ойларын ортаға салады.
2. Карта бойынша берілген тапсырма:
1\Қазақстан картасын сал және Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс қақпаларын көрсет.
2\Қазақстанның картасын сал және Қазақстанның батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейін ұзындығын көрсет. \ Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр\
3.Әріптердің орнын ауыстыру арқылы жасырылған сөзді тап.\карточка жасау\
МАТЫАЛ, АНАТСА, ОЛРА, ЕКТНМЫШ, НЕСӨМЕК, ҚАУТА, ЛАТЫДРОҚНАҒ
ҚР-да
14 облысқа
бөлінген
әр
облыстың
өз
байлығы
бар, соған
тоқталайық.
1-
оқушы.
Алматы-
жері жайсаң
облыс,
Ақтөбе-
өлке
ақ
тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан
мұнайы,
Жамбыл-жайлау,
қазыналы,
шұрайлы.
Жезқазған-кен,
бұзылмаған
қаймағы,
Көкшетау-
көп
көгілдір
көл
аймағы.
Қарағанды-қара
алтынның
қоймасы.
Қостанай-құт
қызыл
бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті
сыр сағасы,
Орал-көне
Ақ
Жайықты
жағасы.
Өскемен-өр
шығыста
Алтай аясы,
Павлодар- қара
Ертістің
саясы,
Семей-аңыз,
Шыңғыстаудай
қорғанды.
Ақмола-
Арқада
ыстық
алқабы,
Шымкент-
ыстық
оңтүстігім
мақталы
Қорытынды:
1.Бәрі: Қазақстан,
сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің
жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген.
Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар
перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап
қолға ұстайтын балаңбыз!
2.Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дей отырып,
Қадыр
Мырза Әлидің
«Не үшін»
өлеңін
түсіндіру.
-
Екі көзін
не үшін
керек?
- Жақсылықты
көру
үшін.
-
Екі қолың
не үшін
керек?
-Елге көмек
беру үшін
керек?
- Құлақ
деген не үшін
керек?
-Ақыл-кеңес
тыңдау
үшін
керек?
- Жүрек
деген не
үшін
керек?
- Жауларыңнан
қыңбау
үшін
.
-Тіл мен жағын
не
үшін
керек?
- Ақиқат
айту үшін
керек?
-Ал аяғың?....
-
Шетте жүрсем,
Туған
жерге қайту
үшін.
Мұқағали
Мақатаев атамыздың өлеңі
«Үш
бақытым»
Ең
бірінші бақытым-
халқым
менің,
Соған
берем ойымның
алтын кеңін.
Ол
бар болмаса, мен бармын, қор
болмаймын,
Қымбаттырақ
алтыннан нарқым
менің.
Ал,
екінші бақытым-тілім
менің,
Жас
жүректі
тіліммен тілімдедім.
Бақытым
бар үшінші
–Отан деген.
-Кім мықты?
– десе біреу «Отан» дер ем!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген