
Тақырыбы:Сын есімнің шырайлары
Дайындаған: Диханбаева А.

Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Сын есімнің шырайлары
2.2 Сын есімнің шырайларының түрлері
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сын есім — заттың сынын, сипатын, түрін,көлемін, салмағын,
сапасын білдіретін сөз табы. Мысалы: әдемі, үлкен, жеңіл, ауыр,
жасыл. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі зат есімді толықтыру
немесе анықтау.
Кіріспе

Заттың сыны мен сапасы әрқашан бірдей дәрежеде болмайды. Кей жағдайда
белгілі бір сынның әртүрлі деңгейін білдіру үшін арнайы тәсілдер қолданылады.
Мысалы, "ақ", "ақшыл", "ақшылтым", "ақтау", "өте ақ" немесе "көк", "көкшіл",
"көкшілтім", көгілдір" сөздері түстің әртүрлі реңін, түрлі деңгейін көрсетеді. Заттың
сынының осылайша әркелкі деңгейде берілуін шырай деп атаймыз. "Шырай" сөзі
мән, түр, кейіп, көрік, ажар сияқты ұғымдарды білдіреді. Сонымен, біртүрлі рең мен
түстің, сипат пен белгінің, иіс пен демнің алуан түрлі деңгейін шырай категориясы
аркылы жеткізуге болады.
Сын есімнің шырайлары
Мысалы:
Түр мен түс: ақ,қара, қаралау,көгірек, қып-қызыл, әп-әдемі.
Сапа: жақсы, жаман, тәуір,жақсырақ, жаманырақ, тәп-тәуір.
Көлем, салмақ: үлкен, кіші, ауыр, жеңіл, үлкенірек, кішірек, ауырырақ, жеңілірек.

01 03
02
КҮШЕЙТПЕЛІ ШЫРАЙ
04
АСЫРМАЛЫ ШЫРАЙ
ЖАЙ ШЫРАЙ
Сын есімнің
шырайларының түрлері
САЛЫСТЫРМАЛЫ
ШЫРАЙ

Жай шырай
Заттың жай ғана сындық
белгісін білдіретін сын
есім жай шырай болады.
Ереже
Ешбір қосымшасыз түбір
және туынды сын
есімдердің өзінен
жасалады.
Жасалу жолдары
биік,жақсы,үлке,тәтті,
қызыл
Мысал

Салыстырмалы шырай
Бір заттың сындық
белгісін екінші затпен
салыстырғанда кем не
артық екенін білдіретін
шырайдың түрі.
ауырырақ,кішірек,үлкендеу
жылылау,ақшыл,көгілдір
бозаң,қоңырқай,ұзынша
МысалЕреже

Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар
Жұрнақтар Мысалдар
(дауысты және үнді р, у, й дыбыстарынан соң)- лау, -леу, -
дау, - деу,-(соңғы дыбысы қатаң сөздерден кейін) - тау, -теу
(буын үндестігін сақтай отырып) жалғанады.
Көкше көктен гөрі көгірек тау екен.
Қаройға қарағанда Сұлутебе бойшаңырақ.
Өзінен сәл ғана биіктеу болғанмен, бітімі ерекше
көрінген балаға зер сала қарады.
(Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса)
-рақ, -рек, (сөздің соңы дыбысы дауыссыз болса)
-ырақ, -ірек (буын үндестігін сақтай отырып)
жалғанады.

Салыстырмалы шырай жасайтын өнімсіз жұрнақтар
Жұрнақтар Мысалдар
-ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -
қылтым, -шыл, -шіл, -шылтым, - шілтім,
-ғыш, -ілдір, -аң, -қай, -ша, -ше.
Бозғыл тұман, көкшіл тарту, қызғылт,сарғыш,
бозаң, тарту.

Күшейтпелі шырай
Күшейтпелі шырай - белгілі бір сындық белгіні бір нәрседен өте
артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі.
Жасалу жолы:
Сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы
жасалады.
Мысалы:сап-сары, үп-үлкен