жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Презентация "Табиғатты қорғайық"
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Пән: қазақ тілі |
МЕКТЕП: №16 ЖББМ |
||||||||
|
ҰМЖ 12-тарау |
Ұлы Дала табиғаты |
||||||||
|
ТАҚЫРЫБЫ: |
Табиғатты қорғайық |
||||||||
|
КҮНІ: |
МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ: Жазыкбекова Т.Т |
||||||||
|
СЫНЫП: 5 |
ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: |
ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: |
|||||||
|
САБАҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚУ МАҚСАТЫ (МАҚСАТТАРЫ) |
А6. Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттауды үйрену: ТБ1.1 Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу. |
||||||||
|
САБАҚ МАҚСАТТАРЫ |
Барлық оқушылар: тірек сөздерді дұрыс қолдана алады. |
||||||||
|
Көпшілігі: мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі. |
|||||||||
|
Кейбір оқушылар: тірек сөздерді пайдалану арқылы еркін түрде иллюстрацияларды сипаттайды; жалпы, жалқы есімдерді өз шығар-шылықтарында анықтайды. |
|||||||||
|
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ |
Мәтіндегі тірек сөздерді дұрыс қолданады,иллюстрацияларды сипаттайды.Мәтіндегі жалпы және жалқы есімдерді ажырата алады. |
||||||||
|
ТІЛДІК МАҚСАТ |
Оқушылар: мәтін бойынша өз пікірлерін білдіріп,танымдық деңгей-дегі тапсырмалар барысында зат есімнің мағыналық түрлерін өз бет-терінше орындай алады. |
||||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: табиғат, адам, жер,тіршілік, зат есім |
|||||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
|||||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: |
|||||||||
|
Табиғаттың адамға деген пайдасы қандай? Табиғатты қалай қорғай-сыңдар? Оны көріктендіру үшін не істейсіңдер? Табиғаттың тазалы-ғын сақтау үшін, табиғат байлықтарын қорғау үшін сендер қандай үлес қосып жатырсыңдар? |
|||||||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: Берілген ақпарат арқылы жинақы мәтіндерден жалпы, жалқы есімдерді жазу. |
|||||||||
|
ҚҰНДЫЛЫҚ- ТАРҒА БАУЛУ |
Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті жүзеге асыру. |
||||||||
|
АЛДЫҢҒЫ ОҚУ |
Алдыңғы тақырып аясында оқушылар ұлы дала туралы жыр жайлы мәліметті кеңейте алады. |
||||||||
|
ЖОСПАР |
|||||||||
|
ЖОСПАРЛАН-ҒАН УАҚЫТ |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыздар) |
РЕСУРСТАР |
|||||||
|
Сабақ басы (8 минут) З минут 5 минут |
«Қызығушылықты ояту» Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
жүргізіледі. Психологиялық ахуал туғызу. Сынып (жер, күн, ауа) таңдаған сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді. «Миға шабуыл» кезеңі Оқушылар «Табиғатты аялайық» туралы бейне-баян көріп, ең маңызды ақпаратты анықтап, жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Ой қозғау (сұрақтар арқылы ) -Табиғат дегеніміз не? - Бізді қоршаған орта. - Табиғатты кім қорғауы керек? - Адамзаттың баласы, мына - біздер. - «Табиғат» дегенде сендердің ойларыңа не келеді? - Адам,өсімдік,жер,су,аспан,құстар,аңдар,орман. |
интербелсенді тақта https://www.youtube.com/watch?v=zZVw_srKlOk |
|||||||
|
Сабақ ортасы ( 30 минут) 6 минут 12 минут 12 минут |
«Мағынаны тану» кезеңі Айтылым ЖЖ. (жұппен жұмыс) «Пейзаж–көңіл күй айнасы» әдісі 1-тапсырма Суреттерді өзара жұпта талқылап, иллюстрацияларды сипаттап беріңдер.
Дескрипторлар: 1.Оқушылар берілген суреттерді жұптасып талқы-лайды, иллюстрацияларды сипаттап береді. 2.Жұппен жұмыс жасау барысында табиғат туралы өз ойларын білдіреді. ҚБ1 «Бағдаршам» арқылы бағаланады. Қызыл-түсініксіз, сары-қосарым бар, жасыл-бәрі түсінікті.
ТЖ (топпен жұмыс) «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі.Топтарға тапсырмалар ұсынылады. 2-тапсырма 1-топ. Берілген мәтіннен тақырыпқа қатысты тірек сөздерді теріп жазу; 2-топ. Мәтіннен жалпы есімдерді табу; 3-топ.Табиғатқа қатысты жер, өзен, көл, тау жалқы есімдерді атаңдар. Тірек сөздер: табиғат, ауа, су, жер, адам, қазына, Жалпы есімдер: жан-жануарлар мен өсімдіктер, орман-тоғайлар, өзен мен көлдер, жер мен ай, күн мен жұлдыздар. Жалқы есімдер: Балқаш, Қарқаралы, Іле, Сарысу, Ақтау т.б. Дескрипторлар: 1.Топпен жұмыс жасау барысында берілген мәтін-нен тірек сөздерді таба біледі. 2. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата алады. ҚБ2 «Өте жақсы», «жақсы» марапат сөздер арқылы бағаланады
Тілдік бағдар С. (сыныппен жұмыс) 3-тапсырма Оқулықтан «Табиғат – жаратылыс пернесі» Қ.Мырзалиевтің өлеңін мәнерлеп оқып, зат есімдері теріп жазыңдар.Қабілеті жоғары оқушыларға эссе жазу ұсынылады. Зат есімдер: далам, ұлың, өлең, ай,құлын. О, далам, менің байтағым, Далам деп өлең айтамын. Ұлың боп ойлап барам да, Құлын боп ойнап қайтамын.
О, далам, менің байтағым, Далам деп өлең айтамын. Солған Ай болып барам да, Толған Ай болып қайтамын. Дескрипторлар: 1.Өлең жолдардан зат есімдерді орынды қолда-нады. 2.Алған ақпаратқа өз беттерінше болжам жасайды 3.Берілген ақпаратты қолдана отырып 6 сөйлемді эссе жазады. ҚБ3 «Өте жақсы», «жақсы» марапат сөздер арқылы бағалау |
сурет
|
|||||||
|
Сабақ аяғы (7 минут)
6 минут
1 минут |
«Ойтолғаныс» Рефлексия «Өзіме хат» Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушылар жазбаша түрде талдау жасайды. Сабақ соңында «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» түйін айтылады. Үй тапсырмасы:
|
|
|||||||
|
Қосымша ақпарат |
|
|
|||||||
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға танымдық деңгейдегі тапсырмалар барысында жалпы, жалқы зат есім түрлерін өз беттерінше саралай алатын, тапсырмалар ұсынамын. Алған ақпаратқа қатысты шағын эссе жазуды тапсырамын. |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
ҚБ1 «Бағдаршам» арқылы бағалау Қызыл-түсініксіз, сары-қосарым бар, жасыл-бәрі түсінікті.
ҚБ2 «Өте жақсы», «жақсы» марапат сөздер арқылы бағалау
ҚБ3 «Өте жақсы», «жақсы» марапат сөздер арқылы бағалау
|
Пәнаралық байланыс
Биология, география, қазақ әдебиеті, АКТ-мен байланыс |
|||||||
Табиғат
Табиғат - тіршілік көзі. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат біздің асыраушымыз, біз барлығын табиғаттан аламыз.Сондықтан табиғатты зиянды заттардан сақтап, оған күтім жасауымыз керек. Табиғаттың тілі жоқ, яғни оны адамдар аялап, қорғау керек. Бізді қоршаған орта-табиғат. Жан-жануарлар мен өсімдіктер, орман-тоғайлар, өзен мен көлдер, жер мен ай, күн мен жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғатқа жатады. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап,өзен мен көлдердің, қоршаған ортаның ластанбауына ерекше мән берген. Табиғат пен адамды бір-бірінен бөлуге болмайды . Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алады. Табиғатқа ешқашан зиянын тигізбеген.Адамдар табиғатты сақтау керек және табиғат байлықтарын қорғауға міндетті.
Табиғат - күллі тіршілік атаулысының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз.Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер біздің қазынамыз, байлығымыз.







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген