Материалдар / Презентацияларға арналған ақпарат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Презентацияларға арналған ақпарат

Материал туралы қысқаша түсінік
Презентацияларға арналған ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2024
111
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:


Білім беру ұйым атауы

«Бұлақты ауылындағы бастауыш мектебі» КММ

Бөлім

Презентациялар

Педагогтың аты-жөні

Жалғасбай Айдана

Күні

09.02.2024 ж.

Сынып: 4 «А,Ә,Б»

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Презентацияларға арналған ақпарат.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.3.1 слайд үшін макет таңдау;

4.3.1.1 ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі);

4.3.2.1 браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру);

Сабақтың мақсаты:

Презентация ұғымына анықтамасын береді

Презентацияға атау беріп, бумаға сақтайды

Интернеттен суреттерді жүктейді, слайдаттарды суреттермен толықтырады


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу.

Презентациялар көбінесе тыңдаушыға белгілі бір ақпараттын терең, ұтымды түрде жеткізу қажет болған жағдайда қолданылады.. Ақпаратты жай ауызша жеткізгенге қарағанда слайд түрінде әсемдеп көрсеткен әлдеқайда түсініктірек болады.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.




Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Презентация- таныстырылым, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын көрсету және дайын ақпараттармен бөлісу.

Презентацияға сурет. Мәтін, дыбыс, видеоларды да қажетімізге қарай тақырыпқа сай бейімдеп, қосуға болады. Презентацияны Power Point программасының көмегімен жасаймыз.

Іске қосу →Microsoft Office → Microsoft Power Point

Презентацияға арналған ақпараттардың кейбірін. Суреттер мен мәтіндерді көбінесе Интернеттен аламыз. Интернетке кірген кез келген жаңа қолданушы браузер ұғымымен таныс болу керек.

Браузер- «парақтау, қарау» деген сөзден шыққан атау. Интернеттегі веб-парақшаларды, мәліметтерді оқуға, іздеуге арналған программа. Браузерге бетбелгі қою үшін, Google Chrome браузерін іске қосып, қажет ақпаратты іздеу жолағына енгізіп Google Chrome-дағы Баптау және Басқару батырмасынан → Бетбелгілер (Закладки) жолынан → Бетбелгілерді қосу командасын орындаймыз. Бетбелгілер орнату қажетті ақпараттарды тез іске қосуға мүмкіндік береді.

Көрсетілім. Баптау және басқару батырмасының тағы бір мүмкіндігі тарихын көру. Сонымен қатар Интернеттен алынған ақпараттарды және жүктелген орнын бумадан көрсетеді.

Презентациядағы мәтіннің үзіндісін іздеуге, басқа сөздермен ауыстыруға болады. Құжаттағы мәтіннің ішінен қандай да бір сөзді немесе мәтіннің үзіндісін табу үшін Редакциялау тобынан Іздеу батырмасын қолданамыз.

Google Chrome браузерінде ақпараттардың тарихын қарап, жүктеулер, бетбелгі жасау үшін пернелер үйлесімін қолдануға да болады.

Ctrl+H – тарихын қарау

Ctrl+J – жүктелген файлды көрсету

Ctrl+D – бетбелгілерге қосу


Жеке жұмыс.Тапсырма.

«Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында 3-4 слайдтан тұратын презентация жаса. Интернеттен суреттер алып, оны толықтыр. Презентацияға атау қойып, бумаға сақта.


Дескриптор:

-Интернеттен суреттер жүктейді;

-слайдаттарды суреттермен толықтырады;

-презентацияға атау береді;

-бумаға сақтайды.


ҚБ: «Жұлдызша» әдісі

Мұғалімді тыңдайды















Жұмыс дәптерге командаларды жазады


















Пренелер үйлесімін жұмыс дәптерге жазады






Тапсырманы орындайды
















































Жұлдызша

Интербелсенді тақта/

Компьютер













Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

тапсырманы орындадым

тапсырманы толық орындай алмадым

тапсырманы орындай алмадым


Өзін-өзі бағалау.


Плакат слайд

Үй тапсырмасы

89 беттегі «Үйде орындайық» тапсырмасы







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!