Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Презентация.Өзін-өзі тану.3 сынып.Шаңырақ жарастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің мұғаліміне аса қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп № 30

Мерзiмі: 20.11.2014жыл.

11- сабақ

Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: сыйластық,татулық, кешірім

Мұғалiм: Абилдаева Айсулу Ембергеновна

Класс: 3 Оқушылар саны: 27

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға шаңырақтағы жарастықтың сүйіспеншілік құндылығынан туындайтынын ұғындыру.

Міндеттері:

- оқушылардың шаңырақтағы сыйластық туралы

түсініктерін кеңейту;

  • отбасындағы татулық қасиеттерін дамыту;

  • бір-біріне кешірімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио, жазбалар) интерактивті тақта,

музыка.


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

1.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:

Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

11-сабақ А.Асылбеков «Сүйіспеншілік» әңгімесін оқып келу,

48- бет. (Бірнеше оқушыдан әңгіменің мазмұнын сұраймын.)

  • Әйел есік алдынан кімдерді көрді?

  • Сүйіспеншілік әйелге қандай талап қойды?

  • Үй иесі мен әйелі қандай шешімге келді?

-«Сүйіспеншілік бар жерде байлық пен сәттілік бар»дегенді қалай түсінесіңдер?

-Сендер болсаңдар қайсысын таңдаған болар едіңдер?

-Шаңырақ жарастығының негізін тағы қандай қасиеттер арқылы қалауға болады?

3.Сергіту

Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.

Сабақ барысын талдау:

4.Дәйексөз.(Тақтаға дәйексөзді жазып қоямын.)

«Шаңырақ сәні - сыйластық»

Халық мақалы

Неге шаңырақ сәні сыйластықта дейді?

-Шаңырақтағы сыйластық,сүйіспеншілік,бірлік,ынтымақ,қамқорлық,

өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту. Дәптерге жазып аламыз.


5. Әңгiмелеу .(Мұғалімнің сыйы)

Отбасы татулығы

(Аңыз әңгіме)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар

саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді

таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты қариялардың орны төрде, уайым қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен.

Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай

жеткенін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз

рет «бірлік» деп қағазға жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

- Осы ақ па?

- Иә, - деді ақсақал. Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, - деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді

қосып қойды.

  • Елді отбасының қандай қасиеттері таңқалдырды?

  • Патша ауылдан қандай көріністі көрді?

  • Қарт қағазға қандай сөздер жазды?

  • Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

  • Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

  • Сүйіспеншілік қандай қасиеттерден бастау алады?

  • Қандай құндылықтар отбасы жарастығына негізделеді ?


-Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде сыйластық та, ынтымақ та, береке, бақ та, байлық та болады.


6.Ойын-жаттығу:Топтық жұмыс.

- «Әке», «Ана», «Бала» сөздері жазылған парақшалар арқылы оқушыларды үш топқа бөлемін.Осы сөздерді естігенде көз алдымызға нелер елестейді,отбасында олар қандай рөл атқарады? Ассоциация жасау.Өз ойларымызды жазып шығамыз.

DrawObject1 DrawObject2 DrawObject3



7.Шығармашылық жұмыс.Жеке жүмыс

«Бақытты отбасы» тақырыбына сурет салу.Топтағы барлық бала

ұйымшылдықпен, ауызбіршілікпен біріге отырып салуы керек.

Сонан соң әр топ өз суретін қорғап, шығармашылық бұрышына

іледі.


8.Топпен ән айту.

Әкем - әнім
Сөзін жазған О.Сүттібаев

Әнін жазған Ә. Сүлейменов

Ұшырдың баптап ұядан,

Кетпейсің ойдан,қиялдан.

Арманға биік қол созсам,

Тұрасың демеп жиі алдан.

Қ-сы:

Көңілім бүгін алаңды,

Күттің бе, әке,балаңды?

Шаттықпен жарқын тойыңа,

Сыйлаймын сазды бұл әнді.

Адалдық әркез көксеген,

Үйрендім,әке,тек сенен.

Ардақтап өтем мәңгілік,

Ғұмырда жалғыз жетсе дем.

Қ-сы:

Жүректі тербеп күй сынды,

Биікке ұшсам сүйсіндің.

Мойныңа көптен асылмай,

Сағындым,әке,иісіңді.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Көңіл күйіміз қандай болды?

-Тамырын тереңге жайған алып ағаш «Отбасы» ағашы.Отбасымыздың шаңырағы биік,мықты болуы өзіміздің қолымызда екен.

Әрқайсымыздың үйімізде шаңырақ жарастығы болуы үшін қандай қасиеттер керек екен,алдымыздағы жапырақшаларға жазып,отбасы ағашына ілейік.

-Тақтадағы смайликтерден бүгінгі көңіл күйімізді көрсетейік.

Алдымыздағы көңілді смайликтерге жүрегімізден шыққан ақ тілектерімізді жазып,бір-бірімізге сыйлайық.

Әрқашан көңілдеріңіз көтеріңкі болсын.


9.Үй тапсырмасы.

1. №11-сабақ, жұмыс дәптерінің 19-беттегі 1-тапсырмасын орындап келу.

2. № 12-сабақ. Оқулықтың 51-52-бетіндегі Е.Өтетілеуовтың

«Бірлік» әңгімесін оқып келу


10.Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
856
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12