400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Президент жолдауы 2019: Қ.Тоқаевтың алғашқы жолдауындағы міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілері мен кураторларға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Президент жолдауы 2019: Қ.Тоқаевтың алғашқы жолдауындағы міндеттері

Үстіміздегі жылдың 2-ші қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы Қазақстан халқына жол тартты. Жолдауда мынадай міндеттер мен бағдарламалар атап көрсетілді: I. Заман талабына сай тиімді мемлекет. Мұнда саяси реформалар «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асырылатыны айтылды. II. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл тарауда сот шешімдерінің сапасын арттыру мәселесі жайында сөз қозғалды. III. Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика. Қазақстанның экономикасын алға ілгерілету мақсатында сегіз құрылымдық міндет атап көрсетілді. IV. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. Мемлекет басшысы мынадай бағыттарға баса мән беру керектігін айтты: білім беру сапасын жақсарту; отбасы және бала институтын қолдау; инклюзивті қоғам құру; медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету; мәдениет қызметкерлерін қолдау; әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту. Әсіресе еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына ерекше тоқталғысы келетінін ерекше атады. V. Қуатты өңірлер - қуатты ел. Бұл бағытта «Аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі билік жергілікті маңызы бар міндеттерді шешу барысында экономикалық тұрғыдан мейлінше дербес болуы тиіс. Олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі заңнамалық актілерде нақты белгіленуі керек» деді

Бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық роль білім беруге беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында республика ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.

Президент өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан «маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек нарығынан тыс қалмағаны жөн». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі «өмірден өз орнын табу», яғни жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерцияландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отыр.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында қоғам  мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған  мәселелердің бар екенін ашық айта келе, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынады, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді прагматикалық тұрғыдан бағалайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1019
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі