Тақырыбы: «Біздің
Президентіміз».
Мақсаты:Елбасымыздың
туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен
кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен
таныстыру, президентіміздің ұстанымымен,
өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын,
халқын, жерін сүюге, батылдыққа,
азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Шаттық
шеңбері:
Отаным
менің кең - байтақ,
Жайнаған
сансыз қаласы,
Ел
- Отан біздің кең - байтақ,
Отанның
біздер баласы.
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы
облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған. Балалық шағы кейде айта
беретініміздей таршылық жағдайда өтті.
Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша
өсіруіне көмек көрсету керек болды,
шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы
оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты
құрмет тұтты.
2-ші
Жүргізуші: Отбасылық жағдайына келетін
болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы
бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991
жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Республикамыздың Президенті етіп
сайланды.
1992
жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер
Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында
Конституциялық заңымен мемлекетіміздің
Әнұраны қабылданды. Сөзін жазғандар: Жұмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын
жазған Шәмші
Қалдаяқов.
«Таңбасыз
ел болмайды, найзасыз ер болмайды», -
дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың
өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік
құжаттарға қойылады.
Елтаңбаның
авторлары – халқымыздың танымал ұлдары
- Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман
Уәлиханов.
Шаңырақ
–Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ
биік, босаға берік болсын деген мағынаны,
ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын
ниеттерімен қосыла танытқан елшілес
ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді
білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты
қос пырақ-арыстанның жүректілігін,
қыранның қырағылығын, өгіздің қара
күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы
қызыл түлкінің жауын жер соқтырар
айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты
жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз
жарқырай берсін» деген асыл арманды
арқалап тұр.
Ал,
мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында
шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің
біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында
қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау
биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің
жарқын болашағы.
-
«Қазақстан» атты жазу біздің қазақ
екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың
түсі – көк. Көк түс – адалдық пен
тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі.
Тудың ортасында күн мен қалықтаған
қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті
бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын,
дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты
бейнелеген.
Оюдың
бейнеленуі – қазақ екенімізді
білдіреді.
Түстерінің
сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
Астана
– Қазақстан Республикасының бас қаласы.
Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан
Республикасының президенттік мәдени
орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын –
сауық орталығы бар.
Енді
менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
-
Балалар, Отанымыз қалай аталады?
-
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
-
Президентіміз кім?
-
Қазақстан Республикасының президенті
Н. Ә. Назарбаев.
-
Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге
келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш
болуды армандаған.
Балалар,
рәміздер туралы кім тақпақтар
біледі?
Айару:
-
Көк аспандай көкпеңбек
-
Қазақстан жалауы
-
Көк емес ол тектен - тек
-
Елдің ашық қабағы.