400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Президент күні сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-шара өтілу барысында дайын түрінде барлық жағдай қамтылған деп ойлаймын көп мәліметпен оқушылар сусындайды
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Елбасымен еңселі қазақ елі!»


1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен қонақтар және оқушылар!

1- жүрг.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 -жүрг.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1- жүрг. Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекет тарихының мерейлі күні саналуға лайықты.


2- жүрг. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасымен еңселі-Қазақ елі!» мерекелік салтанатты жиын ашық деп жариялансын. ҚР Гимні орындалсын.


2- жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектеп директорының міндетін атқарушы Тәженова Шолпан әпкиге беріледі.
Келесі сөз кезегі мектепдиректорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Шардарбековаға беріледі.

Келесі сөз кезегі кәсіподақ ұйымының төрайымы Жоламанова Сая әпкиге беріледі.


2 – жүргізуші: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол, соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.


1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.


2 – жүргізуші: Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын - соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.
Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат - мақсатын айқындап берді.


1 – жүргізуші: Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік - экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде - бір өңірін, бірде - бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, Республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.
2 – жүргізуші: Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%- дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті.
1 – жүргізуші Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді.
1 – жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне қазақстан елін танытты десе болады.


Елбасына арналған өлең шумақтарын арнайды.
1 – Жомарт: Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.

2 – Балаби: Отаным Қазақстан,
Желбіреген туы бар.
Отаным Қазақстан,
Егеменді елі бар.
Отаным Қазақстан
Мөлдіреген өзені
Отаным Қазақстан
Жайнаған жасыл орманы
3 – Ерболат Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
4- Ерсұлтан Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
5 – Саламат Елімнің атын айтсам – Қазақстан
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан
Қойнауы қазынаға толы мекен
Байлығының атын айтсам – Қазақстан

6- Нұрислам Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – өзен, көлдер, теңіздер
Қазақстан – қала, жасыл ауылдар
Қазақстанның табиғаты тұнған байлыққа.

7 – Әлсайд Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Мен жырлайын,
Сөзбен өрнек өрнейін.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Басқарған аға Нұрсұлтан!


1 – жүргізуші:  Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде бақытты олар.


Би: «Қазақ биі»


2 – жүргізуші: Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.


Ән: «Біз бақытты баламыз»


1 – Асылай Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.

2 - Инабат Жасай берсін Елбасы
Қолдап – қорғап ел – жұртын.
Қанша жыл елді басқарып,
Тәуелсіздікті қолға алып.
Жасай бер елім, Қазағым!
Жасай бер ағам, Елбасым!


 3– Гүлай Қазақ жері қазаны толық дара,
Суы мол, тауы биік, кең байтақ ел,
Байтақ елдің өнуі, өркендеуі,
Президенттің көшбасшылық дарынынан.

4 – Алуа Әдемі қалалар бар өлкемізде,
Өскемен, Тараз, Алматы, Семейлерім.
Бәйтерегі биіктеп Астанамда,
Таң қалды әлем жұрт, көрші аумақта.


5 – Ақтоты Халықтың таңдауынан өткен дара,
Қиындықпен, белестерге жеткен дана.
Халқымыздың жағдайын жақсартатын,
Елбасымыз әрдайым асқақтасын.
Тәуелсіз елімізбен мақтанайық,
Әлемге «Алаш» атымен танылай



  1. Жүргізуші: Көрсетті Ол өз жұртымен бір екенін,

Көрсетті өзге жұртқа Ірі екенін.

Біз түгіл төрткүл дүние мойындады,

Сарабдал саясатын Нұрекеңнің.



2- Жүргізуші: Татулық та Елбасы арқасында!

Тыныштық та Елбасы арқасында!

1 – жүргізуші:   Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән - дей келе кезекті әнге берейік

Ән «Елбасы» Амангелді Балнұрдың орындауында

2 – жүргізуші:  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

5сынып оқушыларының тақпақтарын тыңдаңыздар.

1.Қазақстан – Отаным Кеңесбек Ақәділ

Сені жырлап толғаймын

Нұрсұлтандай атаның

Нұрлы үмітін жалғаймын


2. Асқақтаған астанам Жаңабек Мархабат

Тәуелсіздік жемісі

Әлемдегі жас қала

Нұр атаның жеңісі


3.Қазақстан мекенім Сұлтан Иманғали

Жаннатымсың жалғанда

Қадіріңе жетемін

Азаматың болғанда


4.Қазақстан –Отаным Шалабек Мерей

Бақыт, шаттық ордасы

Алыс кетер атағың

Аман болса Елбасы


5 Рәміздерім жаңғырып Шыназбек Ержан

Бақ дәулетті үйдімұң

Мәртебеміз мәңгілік

Ту,Елтаңбам Гимні


Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі

Ән «Елбасым елбағы» Көпбосын Гүлбаршынның орындауында
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!

Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!

Осымен салтанатты жиынымыз аяқталды. Сау болыңыздар!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 сәуір
856
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі