400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Президент кунине арналған ертеңгілік ортаңғы топтарға

Материал туралы қысқаша түсінік
Президент кунине арналған ертеңгілік тақырыбы 1 – ЖЕЛТОҚСАН Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ортаңғы топтарға өткізуге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

1 – жүргізуші: - Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін 1 – ЖЕЛТОҚСАН Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, бүкіл халықтық мереке. Өздеріңізді осы айтулы күнмен

2 – жүргізуші бірге: ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

1 – жүргізуші:

Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып, буынған бел.

Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

2 – жүргізуші:

Шартарапта шаттығындай азат күн

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың.

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады).

1 – жүргізуші:

Көк байрақты туым бар,

Рухы биік елім бар.

Ырыс пен арды ойлаған

Ел басқарған ерім бар.

Егеменді Отанымның

Қасиетті қазағымның

Елбасы кім, айтыңдар?

Балалар: - Біздің елбасымыз, президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Елбасымыз қандай адам?

Дияр: Ұлағатты әке.

Ислам: Ұлтжанды азамат.

Айлұн: Мейірімді ата.

Таир: Өнер иесі.

Аяна: Жазушы.

Ерасыл: Ақын.

Набихамза: Қазақстанның тұңғыш президенті.

Санжар: Әнұранның авторы.

Алем: Көреген саясаткер.

Қ.Ислам: «Ғасыр адамы».

Әмір: Осы атамызға қарап маған бір ой келді: «Менде өскенде осы кісідей үлкен азамат болсам» деген.

2 – жүргізуші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар,елбасымыз өзінің ерен еңбегімен, кемеңгерлігінің арқасында елімізді әлем танитын елге айналдырды. Балалар, біз қай елде өмір сүріп отырмыз?

Балалар: - Қазақстан Республикасында.

1 – жүргізуші: «Қазақстан» сөзін естігенде сендерге қандай ойлар келеді?

Арсен: Тілі бар.

Айлин: Халқы бар.

Жанель: Жері бар.

Айерке: Мәдениеті бар.

Айзере: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Аяна: Салты бар.

Ибраһим: Қазақ ұлты бар.

С.Жәнібек:

Қазақстан дейтін менің бар елім

Алып жатыр жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл даланы алғаш көріп қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

2 – жүргізуші:

Елімнің атын айтсам – Қазақстан

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толы мекен

Байлығым атын айтсам – Қазақстан.

Ән: «Астанамыз-астана».

1 – жүргізуші: - Н.Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті. БҰҰ-на мүше болдық, республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, мемлекеттік Рәміздеріміз белгіленіп, Ата заңымыз қабылданды.

Балалар бүгінгі мерекеге арнап, жаттаған тақпақтарын айтып берсін.

Ақылжан:

Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз,

Халқымызға пана болған данамыз,

Әрқашанда мақтан етіп жүретін

Жазық маңдай кең пейілді данамыз.

Алижан:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз

Үлкен-кіші, ағайындар бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

Е.Томирис:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы

Астанамен айшықталған ортасы

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем

Бұның бәрі елбасының арқасы.

Әсел:

Гүлдене бер отаным

Көтерген тудың нұр ағам

Көбейткен достық қатарын

Нұр аға біздің ұлы адам

Айша:

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы

Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген

Елбасымыз нұрағаңның бастауы.

Анель:

Туды ұстап тура жолға түсіріп

Жас Отанның өмірінде түсініп

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай

Жасады-ау елі үшін көп тірлік.

Нурай:

Ел тынысы тереңінен танып тең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта,

Қалар анық өшпес алтын әріппен

Айназ:

Бар әлемге шын танылдық міне,біз

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан Нұрсұлтан

Нұрсұлтан Қазақстан тұр егіз.

2 – жүргізуші:

Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар

Қазақстан – бұл азат ел, танысаңдар.

Көк байрағы, елтаңба,әнұраны

Қазақ елі егемен сан ұлысы бар.

Қыздарымыз бен ұлдарымыздың орындауында «Қазақ» биі.

Ән: Тәуелсіздік әніміз

1 – жүргізуші: Назарларыңызды біраз теледидарға аударсақ. (Елбасы туралы слайд көрсету).

Осы 20 жылдан астам уақыт ішінде қазақ халқы үшін, таңқалатын түрлі сәулет өнері тұрғызылды. Мәселен, соның бірі – Астана қаласы. Астана десек, көз алдымызға Елбасымыз Н.Назарбаев елестейді емес пе?!

Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Т.Інкәр:

Астана – қазағымның бас қаласы

Арқада бой көтерген жас қаласы

Көшірген Астананы орталыққа

Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.

Айым:

Жаса, жайна ару қалам – Астанам

Қазақ болып туғаныма мақтанам

Өнеріне өркендеген өнерім

Сүйсінемін, қызғанамын, шаттанам.

Кәусар:

Болашағым Қазақстанның алдағы

Орындалсын қазағымның арманы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Халқымыздың сеніп алған таңдауы

Айгерім:

Ел Ордамыз бой көтерді бүгінде

Бастауында Нұр ағадай басшының

Бой көтерген зәулім үйлер керіліп

Астанам тұр анандайдан көрініп,

Бәйтерегім – елдігімнің нышаны

Тұрғандай-ақ бақ пен нұрдай төгіліп.

Аль-карим:

Шаңыраңтың шаттығы

Асқақтап тұр мұны

Елтаңбасы елімнің

Елдің тыныш тірлігі.

2 – жүргізуші:

Келесі кезекті «Жаса,Қазақстан» әніне берсек. Орындайтындар Айзере, Ш.Амина, Алихан, Абулазиз.

1 – жүргізуші:

Батыр болған бабаларым

Ел бастаған бабаларым

Байтақ жерге жау тигізбес

Жігіттері қазақтың,- дегендей, келесі кезекті «Жігіттер» биіне берейік.

2 – жүргізуші:

Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Алима:

Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып

Т.Жәнібек:

Гүлдене бер отаным

Көтерген тудың нұр ағам

Көбейткен достық қатарын

Нұр аға біздің ұлы адам

Д.Томирис:

Елбасшы Әбішұлы Нұрсұлтан

Ұлы міндетін атқарған

Халық үшін терін төккен

Елбасымен мақтанам

Азель:

Мой казахстан,живи и процветай

Ты колыбель великого народа,

Всю красоту и мудрость передай

И сохрани для будещего рода

Бекзат:

Жайдарлы жерім бар

Өрісті елім бар,

Ерлікке баулитын

Егемен елім бар

Нурасыл:

Туымызға көгілдір

Бір қарамай өтпейміз,

Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз.

2 – жүргізуші:

Жаңбырменен жер көгереді

Батаменен ел көгереді,- дегендей, ақын Оразақын Асқардың Елбасына, халқына берген бас батасын Дияр айтып берсін.

Әмір:

Елбасымыз алысты көрсін

Ел жұртымыз табысты болсын

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын.

Нарық қалтаны қақпайтын болсын

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын

Қазақстанның барлық азаматтары

Қазақша сөйлеп, алға аттайтын болсын. Аумин.

1 – жүргізуші:

Сен неткен, Отан анам ғажап едің

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағының бақыты үшін

Жайнай бер, ұлы Отан, қазақ елім! – дегендей «Казақстан» әнін қабыл алыңыздар.

2 – жүргізуші:

Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді, ақылды, өзінің ұстанған саясаты бар Н.Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық. Президент - біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз. Мақтай да аламыз. – Ендеше, балалар, Елбасымызға, қазақ еліне деген жылы лебіздерімізді тілек арқылы білдірсек.

  • Егеменді еліміз тыныш болсын! Алижан

  • Қазақстанымыз көркейе берсін! Ақылжан

  • Елбасымыз аман болсын! Инкар

  • Бар туысқан ынтымақ болсын! Азель

  • Алтын күніміз биіктей берсін! Алима

  • Көк туымыз желбірей берсін! Айым

  • Елтаңбамыз жарқырай түссін! С.Жәнібек

  • Астанам жас қалам, көркейе берсін!Айгерім

  • Ана тілім өркендей берсін! Кәусар

  • Алтын дәмді даламыз аман болсын!Айша

  • Халқымыздың мәртебесі биіктей берсін!Айназ

  • Әр таңымыз арайлап атсын! Нариман

  • Ұлттар достығы нығая түссін! Нурай

  • Барлық балалар бақытты болсын! Әсел

  • Заманымыз тыныш болсын! Аль карим

  • Шаңырағымыз биік болсын! Бекзат

1-жүргізуші: - Тілектерің қабыл болсын балалар!

2-жүргізуші: «Достық» биі.

1 – жүргізуші:

Бүгінгі ертеңгілігімізді Елбасының мынандай сөзімен аяқтағымыз келіп отыр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі