Материалдар / Проценті бойынша санды табу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Проценті бойынша санды табу

Материал туралы қысқаша түсінік
Проценті бойынша санды табу, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2018
960
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: математика Сыныбы: 5 «Ә» Уақыты: 03.05.17Сабақтың тақырыбы: Проценті бойынша санды табуСабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Проценті бойынша санды табу, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу. 2.Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау және ауызша есептеу қабілеттерін дамыту 3.тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, тиянақтылыққа, нақтылыққа тәрбиелеуСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, тізімдеу, оқу –құралдарын дайындау (2 минут) 2.Үй тапсырма тексеру кезеңі: №118 2) 3.Өткен сабақты қайталау кезеңі : Өткен тақырыпты еске түсіру: Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. Балалар біз процент туралы не білетінімізді еске түсірейік. 1.Бір процент деп нені айтады? 2.Берілген санның 1%-і қалай табылады3.Процент бөлшекпен қалай жазыладыМысал келтіріңдер.4.Бөлшек процентпен қалай жазыладыМысал келтіріңдер ІІ.Негізгі бөлімі.Тақырып мазмұнына қысқаша шолу:1-есеп. Мектепте бастауыш сыныптарында 480 оқушы оқиды.Бұл мектептегі барлық оқушылардың 60% - індей.Мектепте барлығы неше оқушы оқиды?

480 _____________ 60% Шешуі:

? _____________ 100% 1) 480:60 = 8 ( оқушы ) - мектептегі оқушылардың 1% -і 2) 8*100 = 800 ( оқушы ) – мектепте оқитын барлық оқушылар, яғни 800 оқушы 100% - ті құрайды.Жауабы:800 оқушы.Егер b=480,P=60 деп белгілесек, есептің шығару өрнегі әріптермен мына түрде жазылады.Проценті берілген сан b, P- процент саны, а – ізделінді сан. a = b :

Проценті бойынша санды табу үшін:
  • Процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек;
  • Берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.
а)Проценті бойынша санды табу формуласы: ә) санның процентін табу б) бөлгіш бөлінгіштің неше проценті екенін табу

ІІІ.Оқулықпен жұмыс :№1609-№1618

Деңгейлік тапсырмалар орындату. І- деңгей15%-і 9-ға тең санды тап ІІ- деңгей Жылдамдығы 80 км/сағ поезд 1 сағатта екі қала арасындағы қашықтықтың 30%-ін жүрді. Екі қаланың арасындағы қашықтық неше км? ІІІ-деңгейСатушы сатып алған көкіністі 14758 теңгеге сатып, 6% зиян шекті. Ол көкіністі неше теңгеге сатып алған?

ІV.Сергіту сәті: «Алғырлар сайысы»

Оқушыларды екі топқа бөліп, үш кезеңнен тұратын сайыс өткізу.



1. Логикалық есеп: бір қалада 5 көше, әр көшеде 5 үй , әр үйде 5,5 пәтер болсабарлығы неше пәтер бар?2Математикалық тапқызу.Әр есеп ке бір ұпайдан беріледі.1.Отырып ақ жүре беретін кім? (шахматшы)2.Бір қазанда төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал сол қазанда 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)3.Алма ағашында жұмыртқа болуы мүмкін бе? (ия,егер құс ұя салса)Қайсы топ ұпайды көп алса, сол топ «алғыр топ» атанады

V.Сабақты бекіту:Тест
  •  1. 56 санының 25% табыңыз.
А)10 В) 14 С)12
  • 2. 55 санының 20% табыңыз.
А)9 В)10 С)11
  • 3. 45 санының 30% табыңыз.
А)10,5 В)12,3 С)13,5
  • 4. 65 санының 40% табыңыз.
А)16 В)26 С)36 Тест жауаптары1. Жауабы:В) 14 2. Жауабы: С)11 3. Жауабы: С)13,5 4. Жауабы: В) 26VI .Оқушыларды бағалау. VII.Үйге тапсырма: №1610,№1614















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!