400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Проценттерге арналған есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа арналған проценттер тақырыбына есептер шығару жолдарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-есеп
Заттың бағасы бірінші ретте 10%-ке қымбаттап ,екінші ретте соңғы бағасы 20%-ке арзандап , 660 тг болды. Заттың алғашқы бағасы неше теңге болған?
Шешуі:
Х - заттың алғашқы бағасы
Х+0,1Х=1,1Х (бірінші ретте 10%-ке қымбаттағандағы бағасы)
1,1Х - 1,1Х•0,2=660 (екінші ретте соңғы бағасы 20%-ке арзандағандағы бағасы)
Соңғы теңдеуден Х –ті табамыз:
0,88Х=660 ; Х=660:0,88 ; Х=750
Жауабы: Заттың алғашқы бағасы 750 теңге болған.

№ 2-есеп
Кітапханадағы 25 000 кітаптың 40% -і оқулықтар.Олардың 12%-і математика оқулықтары. Кітапханада математика оқулықтары нешеу?
Шешуі:
25 000•0,4=10 000 (оқулықтар саны)
10 000•0,12=1 200 (математика оқулықтарының саны)
Жауабы: Кітапханада математика оқулықтарының саны 1 200.

№ 3-есеп
Катер бірінші сағатта 18 км / сағ жылдамдықпен жүзіп ,екінші сағатта жылдамдығын 15%-ке кемітті,үшінші сағатта соңғы жылдамдығын 20%-ке арттырды . Катердің үшінші сағаттағы жылдамдығын табыңдар.
Шешуі:
18-18•0,15=18•0,85=15,3 (екінші сағаттағы жылдамдығы)
15,3+15,3•0,2=15,3•1,2=18,36 (үшінші сағаттағы жылдамдығы)
Жауабы: Катердің үшінші сағаттағы жылдамдығы 18,36 км / сағ.

№ 4-есеп
Картоптың 20%-і крахмал,ал сұлының 60%-і крахмал. 2 кг сұлыдан алынатын крахмалды неше килограмм картоптан алуға болады?
Шешуі:
Х- картоптың салмағы,
2•0,6=Х•0,2
1,2=Х•0,2 ; Х=1,2:0,2 ; Х=6
Жауабы: 6 килограмм картоптан алуға болады.

№ 5-есеп
Сұр қарлығаштың жылдамдығы 44 м / с .Қараторғайдың жылдамдығы сұр қарлығаштың жылдамдығының 45%-індей, ал қарғаның жылдамдығы қараторғайдың жылдамдығының 75%-індей. Қарғаның жылдамдығы қандай?
Шешуі:
44•0,45•0,75=14,85
Жауабы: Қарғаның жылдамдығы 14,85 м/с

№ 6-есеп
Массасы 2 кг қорытпаның 40%-і мыс.Осы қорытпаға 500 г мысты қосып қорытқанда,ондағы мыс неше процент болады?
Шешуі:
2•0,4=0,8 (мыс)
0,8+0,5=1,3 (қорытпаның массасы)
1,3•0,4=0,52
0,52•100%=52 %
Жауабы: 52%-і мыс.

№ 7-есеп
Банкке жылына 10%-тік күрделі өсіммен 700 000 тг салынды.Банкке салынған осы ақша 2 жылдан соң неше теңге болады?
Шешуі:
100%+10%=110%=1,1
700 000•1,12=847 000
Жауабы: 847 000 болады .

№ 8-есеп
Бағасы 4 000 теңгелік зат үш рет арзандатылды.Бірінші ретте 10%–ке арзандады. Заттың арзандатылған бағасы екінші ретте 10%–ке арзандап, содан соң үшінші ретте тағы да 10%–ке арзандады.Заттың соңғы бағасын табыңдар.
Шешуі:
4 000-4 000•0,1=3600 (бірінші ретте)
3600-3600•0,1=3240 (екінші ретте)
3240-3240•0,1=2916 (үшінші ретте)
Жауабы: Заттың соңғы бағасы 2916 тг .

№ 9-есеп
Қаладағы жолаушылар таситын көлік саны бірінші жылы 10%–ке, екінші жылы бірінші жылға қарағанда 20%–ке, үшінші жылы екінші жылға қарағанда
25%–ке өсіп ,19 800-ге жетті .Алғашқыда қалада жолаушылар таситын неше көлік болды?
Шешуі:
Х+0,1Х=1,1Х
1,1Х+0,2•1,1Х=1,32Х
1,32Х+0,25•1,32Х=1,65Х
1,65Х=19 800
Х=19 800:1,65
Х=12 000
Жауабы: Алғашқыда қалада жолаушылар таситын 12 000 көлік болды.

№ 10-есеп
Бірінші сыныптағы 160 оқушы бастауыш сынып оқушыларының 25%–індей.Бастауыш сынып оқушылары мектептегі барлық оқушылардың 40%–ін құрайды. Мектепте барлығы неше оқушы оқиды?
Шешуі:
160:0,25=640 (бастауыш сынып оқушыларының саны)
640:0,4=1600 (барлық оқушылардың саны)
Жауабы: Мектепте барлығы 1 600 оқушы оқиды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.11.2020
2911
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі