400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Проект: «Үш тілді меңгеруде қолданатын әдіс – тәсілдер мен технологиялар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұрпағымыз тек ана тілін меңгеріп қана қоймай ,бірнеше шетел тілін меңгеруі керек. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде оқыту-тәрбие үрдісін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін бірнеше тілдегі (қазақ, орыс,ағылшын) әдіс – тәсілдерді қолдануымыз керек. Соның негізгісі, яғни бала тез қабылдап үйрене алуы үшін "Ойын" технологиясын қолданған тиімді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үш тілді меңгеруде қолданатын әдіс – тәсілдер мен технологиялар»






Мақсаты:


Бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.


Міндеттері:


  • Үш тілді оқытуды жүргізу тиімділігін және оның нәтижелілігін диагностикалау және мониторингтеу жүйелерін әзірлеу;

  • Мектепте үш тілді білім беру ортасын құруға ықпал ету;

  • Эксперименттік үдерістің тең құқылы қатысушылары ретінде педагогтардың ата – аналарымен өзра әрекеттестігін ұйымдастыру.





















«Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі- тіл, бірі- дінің жүректегі»

Жүсіп Баласағұни



Егеменді ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге,мемлекеттің іргесін нығайтуға, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасындағы оқушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйретудегі талап, міндеттер мектебімізде жақсы іске асырылуда. Мектптегі балалардың ( басқа ұлт өкілдері балаларының) қазақ тілін және орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге қойылатын мақсаты:

  1. Балалардың қазақ, орыс және ағылшын сөздік қорын дамыту, қазақ тілінде сөйлесе білуге үйрету.

  2. Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.

  3. Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту.

  4. Сабақта өтілген сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс құрастыруға жаттықтыру, мазмұнын түсініп, айтуға үйрету.

  5. Ұсынған ойын-тапсырмаларды дұрыс орындау, не істегені туралы айтып беруге үйрету.

  6. Байланыстырып сөйлеуге, шығармашылыққа ( өздігінен 4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыруға үйрету. Қысқа өлең, тақпақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттап айтуға үйрету.

  7. Балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту. Зейін, сезімін қабылдау әрекеттерін дамыту.

  8. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлесуге, тілді құрметтеуге, сүйіспеншілікке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

  9. Айналадан, табиғаттан, күнделікті өмірде көрген-білгенін үш тілде айтуға үйрету.

  10. Қазақ ертегілерін, әңгімелерді тыңдап түсінуге, мұғалімнің жетекші сұрағына сүйеніп әңгімелеуге үйрету.

Мектептегі бала әр түрлі тілді меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі- ауызша сөйлеу. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Сабақта әр түрлі технологияларды қолданады.

Сол технологияның бірі - ойын арқылы оқыту технологиясы. Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни оқу іс-әрекеттің кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланылуы керек. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан- жақты тұлға дамиды.

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы- тіл болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Тіл ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы, баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрі, сана сезімі, ойлау тәсілі, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру- баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Кішкентай бүлдіршіндерге мектеп қабырғасынан тіпті, балабақша қабырғасынан бастап тіл үйренудің маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету күрделі жұмыс. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеуде балалардың тілі тез даму үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Мектеп жасындағы оқушылар (1-сынып) көрген-білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен жауап береді. Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным, қабілеттерін жетілдіру керек. Шешендікке, тапқырлыққа баулу үшін ойын технологиясын пайдалану қажет.

Мақсаты: оқушыларды күнделікті тұрмысқа қажетті сөздерді меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын ойын, тірек сызбалар арқылы қалыптастыру, сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру.

Мақсатқа сай бірнеше міндеттер қойылды:

  1. Ойын арқылы сөздік қорды молайту;

  2. Тірек сызбалар бойынша сөйлемдер құрастыра білу;

  3. Сөздік қорды монолог, диалог арқылы нығайту;

  4. Мемлекеттік тілдерде еркін сөйлей білу;

  5. Ұлтымыздың салт- дәстүрлерінің элементтерін ұғындыру;

  6. Мәдениет нышандарын қалыптастыру ( амандасу, сәлемдесу).

Жорамалдау:

Егер ойын және үлестірмелі карточкалар арқылы әр балаға жеке тірек сызбалар жасап, сабақтарда жиі қолданса, осының барлығы балалардың қызметіне ойлау қабілеттерін белсендіреді, сөздік қорларын байытады, білімдерін тереңдетеді, балалардың тілдерді оқуға жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, білімдерінің сапасы 85-90%.


Күтілетін нәтиже:

Бастауыш сынып оқушылары тірек сызбалардың көмегімен 7-8 сөзден құралатын сөйлемдерді, ал жоғары сыныптар диалог, монологтарды еркін құрай алады:

  • Жаңа сөздер тез меңгере алады;

  • Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтары арта түседі:

  • Әрбір сабақ қызықты өтеді;

  • Әрбір баланы жан-жақты тани аламыз;

  • Бала өзіне тән тапсырмаларды орындай алады.


Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, балаларға тілдерді үйретуде тек қана жаңа сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді. Ойын мен көрнекілік- балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Солардың арқасында балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір- бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Ойын мен көрнекіліктердің түрлері әр қилы. Ойын түрлері: дидактикалық ойындар, сюжеттік- рөлдік ойындар, қимылды ойындар, драматизациялық ойындар. Көрнекіліктер де әр түрлі : тірек сызбалар, қима қағаздар, сюжеттік суреттер, пәндік суреттер, логикалық тапсырмалар, ойыншықтар. Оқушыларға тілдерді тірек сызбалар мен ойын арқылы байланыстыра отырып үйреткен жөн.

Қазақ тілі, орыс және ағылшын сабағында балалардың сөздік қорын дамыту үшін мынандай әдіс-тәсілдер қолданылуы керек. Олар: драматизация әдісі, байқау әдісі, түсіндіру әдісі, тест әдісі, әңгіме әдісі.

Драматизация әдісі: ертегіні сахналау арқылы үйрету. Баланың түсіну және тілін дамыту қабілетін арттыру. Әр бір рөл бала қабілетіне қарап бөлініп беріледі. Бұл әдіс арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.

Байқау әдісі: бұл әдіс балалардың қабілетін байқай отырып, тілге деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.

Түсіну әдісі: дәлелдеу. Балаларға берілетін білімді түсіндіру, жаңа сөздердің мағынасымен таныстыру.

Тест әдісі. Бақылау жұмыстарының бір түрі. Алған білімдерінің деңгейін анықтауға тиімді тәсіл.

Әңгіме әдісі: Оқу материалын қаншалықты білетінін аңғаруға арналған сұрақ-жауап арқылы немесе пікірлесу шартымен жүзеге асырылады. Олар: сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, диалог, монолог.

Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер,үлестірмелі карточкалармен көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүруіміз керек. Сонымен қатар тілдерді үйреткенде оқушылардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсәлдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын түрлері қойылады. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.

Ойындардың түрлері:

1.Дидақтикалық ойындар

2. Драматизациялық ойындар

3. Қозғалыс ойындар

4. Ұлттық ойындар

5. Логикалық ойындар

6. Рөлдік ойындар

7. Фонетикалық ойындар

8. Интеллектуалды ойындар


Әр түрлі тілді үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын – оқушылардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық оқушыларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсене жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап,өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Ойын оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.

Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блэхер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың көріп есте сақтау қабілеттері жоғары болады. Сондықтан бұл балаларға көбінесе глобальды оқыту әдістемесі көпетеген жетстіктермен қолданылып келеді. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Көптеген белгілі тұлғалар жас кездерінде аутизм синтромына шалдыққан.

Аутизмі бар балаға өзiнiң басты проблемаларын, яғни қарым-қатынастағы және өзара әрекеттiк жағдайдағы қиындықтарды жеңу үшiн қатарларының, құрбыларынын, құрдастарының, кластастарының, достарының әдеттегi ортасы ауадай қажет екенін ескерген жөн.
Балабақша мен мектеп оған тек тәрбие мен бiлiмді ғана берiп қоймайды, сонымен бiрге ең алдымен, басқа адамдармен бiрге өмiр сүру мүмкiндiгiн де үйретеді. Сондықтан, мұндай балаларды үйде оқу түрiне көшiрмей, мектепте қалдыру, яғни инклюзивті оқыту өте маңызды.

Аутизмі бар баланы ауру немесе ауырады деп санаудың орнына, оның дамуы мен оқуына белгiлi бiр жайлы жағдай мен тәсiл қажеттiктен «өзгеше бала» деп санаған дұрыс.

Қоғамның мiндетi – аутист балалардың құрдастарынан қалмай балабақшада тәрбиеленуіне, мектепте мүмкіндігіне қарай оқуына және оған қажеттi тәсiлдердi пайдалануына жағдай тудыру қажеттілігіне түсіністікпен қарау.

Аутист балаларды оқытуда жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы – оқу материалын визуалды түрде елестете алу қабілеті болып табылады.

Ақпаратты көрнекі түрде көрсету қандай іс-әрекет болсын оның әсерлілігін жоғарылатады. Арнайы білім беруде бұл әсердің маңызы зор. Заманауи құралдарды, диагностикалық әдістерді және технологияларды қолдану баланың тек сол кездегі ғана функциясын анықтамай, сол кезде пайда болатын обьективті қиындықтарды анықтап, оларды қолжетімді тәсілмен жеңуге көмектеседі.

Яғни, аутизмі бар балалармен жұмыс жүргізу барысында түрлі технологияларды қолдану – баланың сауығуына барынша мүмкіндік береді. Ең алдымен баламен қарым-қатынас орнату оңайға түседі, қызығушылығы оянады.

ЮНЕСКО XXI ғасырды «полилингвизм ғасыры» деп атады. Болашақ ұрпағымыз тек ана тілін меңгеріп қана қоймай ,бірнеше шетел тілін меңгеруі керек. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде оқыту-тәрбие үрдісін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін бірнеше тілдегі (қазақ, орыс,ағылшын) әдіс – тәсілдерді қолдануымыз керек.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі