400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Программалаудың даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің дамуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру .

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға жай бөлшектер тарауын қайталай отырып, жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру ережелерін меңгерту, есеп шығара білуге үйрету.

Дамытушылық Тақырыптың негізгі идеясын ашу. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойларын

тұжырымдау. Өз бетімен қорытындылау

дағдыларын жетілдіру.

ТәрбиелікҰқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылыққа, өз-өзіне

деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеу.

Оқушылар нені білуі керек: Өткен сабақта танысқан жай бөлшектер,оларды қысқарту,аралас санға айналдыруды, дұрыс, бұрыс бөлшектерді ажырата білуді,ЕКОЕ – ті таба білуді.

Оқушылар нені меңгеруі керек: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіруді.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақты өту.

IV. Есептер шығару.

V. Тақырыпты бекіту.

VI.Бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Толықтыруды қажет ететін тест

  • Бөлім бөлшек сызығының ... жазылып, нешеге

бөлінгенін білдіреді.

  • Алым бөлшек сызығының ... жазылып, нешеуі алынғанын білдіреді.

  • Егер бөлшектің алымы бөлімінен ... болса, онда ол дұрыс бөлшек.

  • Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен не тең болса, онда ол ... бөлшек.

  • Дұрыс бөлшектер 1-ден ... болады.

  • Бұрыс бөлшектер 1-ден ... болады.

  • ... бөлшекті аралас санға айналдыруға болады.

  • Аралас сан ... бөліктерінен тұрады.

  • Берілген натурал сандардың ЕКОЕ қалай табылады?

ІІІ. Жаңа тақырып:

1 Мысал: 1/8, 5/6 бөлшектерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек.

2 Мысал: 7/4, 3/4, 5/14 бөлшектерін ортақ бөлімге келтіру керек.

3 Мысал: Аралас сан берілсе, олардың бөлшек бөліктерін ортақ бөлімге келтіреміз.

Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін:

1) берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін, яғни ең кіші ортақ бөлімін табу керек;

2) бөлшектердің әрқайсысы үшін толықтауыш көбейткішті табу керек;

3) әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін сол бөлшектердің толықтауыш көбейткішіне көбейту керек.

Бөлшекті жаңа ортақ бөлімге келтіру үшін оның алымын да, бөлімін де көбейтетін сан толықтауыш көбейткіш деп аталады.

ІV. Есептер шығару.

Кітаппен жұмыс

№ 534; № 537 (тақ номерлері)

V. Жаңа тақырыпты бекіту.

1. Қандай сан берілген бөлшектерге ортақ бөлім бола алады?

2. Толықтауыш көбейткіш деп қандай санды айтады?

3. Толықтауыш көбейткіш қалай табылады?

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма.

§3.8 ереже жаттау.

№ ______________

Қорытынды:_______________________

Тексерілді: _______________________


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі