жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Бекітілді: _____________ Пәні: информатика
Күні: ________________ Класы: 7 «б»
І. Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Программалық қамтамасыз ету ұғымын, программалық жабдықтаманың түрлерін түсіндіру;
ә) Тәрбиелігі: Икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру;
б) Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру;
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: Проектор, экран, компьютерлер, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: С.Т.Мухамбетжанова, А.Е.Сағымбаева, А.С.Тен, Т.К.Даутова, Информатика 7 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі;
ә) Үй тапсырмасын тексеру;
б) Жаңа сабақ;
в) Бекіту;
г) Үйге тапсырма;
д) Қорытынды.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Балық аулау ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Тақтада жапсырылған балық суреттерінде төмендегі сұрақтар жасырылғын. Оқушылар таңдаған балығын атап, сұраққа жауап беруі тиіс. Және жасырыған құрылғыны бұзылған жүйелік блоктан көрсетіп, атқаратын қызметін атауы керек.
Ж
аңа
сабақ.
Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік бағдамалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система –ОС) негізгі болып табылады.
ОЖ - компьютердің
барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар
жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер
құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер
алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ-әмбебап жүйе, оны әр
түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша
құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес
түрде баптауға мүмкіндік береді.
ОЖ - лер өте көп, бірақ біздің қарастыратынымыз үйде және мектептерде тұрған компьютелердің операциялық жүйелері. Бұдан аз-ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ MS DOS тұратын. Қазірг кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS XP, WINDOWS 7.
Бұл операциялық жүйелердің және көпдеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жауапшысы) американың Microsoft фирмасы.
Компьютерде жұмыс істеу- негізінде оның ОЖ-мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және жақын долстықта екендігі өте маңызды.
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды.Дербес компьютерлерде қатынасудың –интерфейстің-команданың және терезелік екі тәсілі болады.
Командалық интерфейсте адам компьтермен ОЖ-нің командаларының жиынтығының көмегімен қатынас құралады,олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі.Командалық интерфейсі бар ОЖ-ға ОЖ МSDOS жатады,олкомпьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болып келді.компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін,ОЖ MSDOS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.
Терезелік интерфейстің жөні басқа,ол WINDOWS тіпті Ож-де жүзеге асырылған.Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады.Компьютермен жұмыс істеу үшін,экранда графикалық формаларды компьютермен қатынас құруды сезу дәрежесіндетүсінікті еді.
Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәсел елерді,ал MSDOS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.
Әрине, WINDOWS типті ОЖ-лар тек белгілі жағдай жасалғанда,яғни процессордың жұмысының жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының көлемі үлкейтілген ғана MSDOS-тың орнын басты.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселелерін шешуге арналған.Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеу жүргізуге және өздеріңнің демалыстарынды ұйымдастыруға көмектеседі.
Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөлінеді.
Бекіту.
Екі қатарда отырған оқушыларға Tarsia бағдарламасында жасалған, сұрақтар жасалған фигура қиындыларын құрастыру беріледі.
Компьютерде орындалатын практикалық жұмыс:
Компьютерден Word Pad мәтіндік редакторын ашып, “Менің компьютерім” тақырыбына эссе жазыңдар.
Компьютердегі:
-
орталық процессордың атауын;
-
тактілік жиілігін;
-
жедел жадтың көлемін;
-
операциялық жүйенің анықтамасын;
-
негізгі атқаратын қызметін;
-
қандай операциялық жүйе екендігін;
-
разряды қанша екендігін анықтап жазыңдар.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
§2.3 Операциялық жүйелер топтамасы және олардың қызметі.
Интернеттен “Операциялық жүйенің даму эволюциясы” тақырыбында ақпарат іздеп жазып келу.
|
Компьютер дегеніміз не? |
|
Компьютердің миы деп қандай құрылғыны атайды? |
|
Ақпаратты енгізу құрылғысын ата? |
|
Ақпаратты шығару құрылғысын ата? |
|
Ақпаратты өңеу, сақтау құрылғысын ата? |
|
Үстел үсті компьютерді ата? |
|
Портативті компьютер қандай компьютер? |
|
Қалта компьютерлерін ата? |
|
Орталық процессор қандай қызмет атқарады? |
|
Жедел жады қандай қызмет атқарады |
|
Қатқыл диск қандай қызмет атқарады? |
|
Оптикалық диск қандай қызмет атқарады? |
|
Пернетақта қандай қызмет атқарады? |
|
Сканер қандай қызмет атқарады? |
|
Монитор қандай қызмет атқарады? |
|
Проектор қандай қызмет атқарады? |
|
Колонка және құлаққап қандай қызмет атқарады? |
|
Модем қандай қызмет атқарады? |
|
Принтер қандай қызмет атқарады? |
|
Тышқан қандай қызмет атқарады? |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген