400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Программаны тестілеу ҚМЖ 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Программаны тестілеу ҚМЖ 7 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

5-бөлім. «Практикалық программалау»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

5.5. Программаны тестілеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: Python­да программа жұмысының тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге болатынын түсінеді.

Оқушылардың көбі үшін: программаны тексеруге арналған тесттердің түрлерін біледі.

Кейбір оқушылар үшін: тестілеу кезеңдерін пайдаланып есептер шығарады.

Бағалау критерийлері

  • Python­да программа жұмысының тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге болатынын түсінеді.

  • Программаны тексеруге арналған тесттердің түрлерін біледі.

  • Тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар


Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Python­да программа жұмысының тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге болады?

  • «Программаны тестілеу» (сынау) дегеніміз не?

  • Программаны тексеруге арналған тесттердің қандай түрлері бар?

  • «Программаны тестілеу» дегеніміз не? Ол қандай кезеңдерден тұрады?.

  • Тестілеудің программа жұмысына қандай әсері бар?

  • Программаны тестілеу не үшін маңызды саналады?

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Есептерді программалау.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



2 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сыныпта психологиялық жағымды ахуал орнату.

«Жылы лебіз» жүрекшелер арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.

Топтастыру «Сандар» әдісі бойынша ортаға бала санына қарай

2 түрлі сан қойылады. Оқушылар қағазды алып, артындағы сандар бойынша топтасады.





10 мин.


Ұжымдық жұмыс

«Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

  • Python­да программа жұмысының тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге болады?

  • Программаны тестілеу (сынау) дегеніміз не?

Программаны тексеруге арналған тесттердің қандай түрлері бар?

Бағалау Мұғалім оқушыларды «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.


Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Тізбектей оқу» әдісі бойынша оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін тізбектей кезекпен-кезек оқып, талдайды.

Сабақтың ортасы











21 мин.


Практикалық жұмыстар

(Т) Талдау

1-тапсырма

Практикалық жұмыста 2 және 3-суреттерде берілген программа кодтарын құру жолдарын салыстыра отырып, талдаңдар.

  1. Қай программа кодының жазылу құрылымы ұнады? Себебін түсіндіріңдер.

2) 1-кестедегі үлгілік тесттерді талдаңдар. Осы тесттер екі тестілеу кезеңінің біріне жатқанмен, негізінен оларды туындайтын шарттарға қарап, топтарға жіктеңдер.

Дескриптор.

  • Берілген программа кодтарын құру жолдарын салыстырады және талдайды.

  • Өздеріне ұнаған программа кодының жазылу құрылымын таңдап, себебін түсіндіреді.

  • Берілген тестті талдап, оны топтарға жіктейді.

Бағалау Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды


(Ж) 2-тапсырма

Шахмат тақтасының торкөздері берілген. Берілген екі тордың координаталарына қарап, олардың түстері бірдей ме? Анықтаңдар. Егер торкөздердің түстері бірдей болса «Ia», әйтпесе «Jok» сөздері экранға шықсын. Тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептің дұрыстығын анықтауға арналған

5 түрлі тест дайындаңдар.

Мысалы

Нәтиже

2 1 3 2

Ia



Дескриптор

  • Берілген екі тордың координаттарына қарап, олардың түстерін анықтайды.

  • Егер торкөздердің түстері бірдей болса «Ia», әйтпесе «Jok» сөздерін экранға шығарады.

  • Тестілеу кезеңдерін пайдаланып есептің дұрыстығын анықтауға арналған 5 түрлі тест дайындайды.

Бағалау Жұптар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы

7 мин.

Рефлексия





Сабақты бекіту

(Д) «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.



  • Программаны тестілеу дегеніміз не? Ол қандай кезеңдерден тұрады?.

  • Тестілеудің программа жұмысына қандай әсері бар?

  • Программаны тестілеу не үшін маңызды саналады?

Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Басбармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
14.05.2024
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі