Бастауышым
бастамам
Мақсаты:
-
Білімнің сара жолы бастауышта
басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз
жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы
ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен
таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.
Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген
құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға
тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі:
Қош
келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның
ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған
кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да
өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы
отыр.
Бесіктегі
баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына
түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей,
бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң
да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік
асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық
шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із
қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі
отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен
сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата-аналарына өз
өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп
«Бастауышым бастамам!» атты ертеңгілігімізді
ашық деп
жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар мен
ақ жаулықты апалар!
2-жүргізуші:
Бүгінгі
«Бастауышым бастамам!» ертеңгілігіне қош
келіпсіздер.
1-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер - әз
жандар
Білім іздеп инемен құдық
қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз
сіздерді
Би билеп, ән де бүгін
шырқалар.
2-жүргізуші:
Қош келдіңіздер ақ жаулықты
аналар мен әкелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр
төгілер
Бүгін міне, бастауышпен
қоштасады
Азамат
боп, ержеткен ұл,
қыздар!
1-жүргізуші:
Біз бүгін
көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып,
ілімнің ірге тасын қалаған бастауышпен
қоштасамыз.
2-
жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып,
білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен , алғашқы қолымызға
қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен
қоштасқалы отырмыз.
1-
жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз
баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып түлектерін ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.
)
1-жүргізуші:
Армысыздар жас достар
Болашаққа жол
бастар.
2-жүргізуші:
Білім
деген ғажаптың
Келешегі
қазақтың
Басталады
сендерден.
Тақпақ: Санжар ,Қарашаш,
Арман,
Хормен:
Мектебім
Тақпақ: Нурайым, Олжас,
Аймөлдір
2-жүргізуші:
Меруерттің орындауында
«Алақай» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Адам
өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені шәкіртінің
көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
2
2-жүргізуші: Дұрыс
айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы
еңбек.
Сондықтан
да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын
жүріп анық бас,
Еңбегің
кетпес далаға
Ұстаздық
еткен жалықпас
Үйретуден
балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
1-жүргізуші:
Олай
болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға
арнаймыз.
Тақпақтар:
Шынар, Ақерке,
Роза
Хормен:
Мұғалім, ғазиз
мұғалім
1-жүргізуші:
Болмасаң да, ұқсап
бақ,
Бір ғалымды
көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда
деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп
Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін
бойымызға сіңірдік.
Жұлдыздың орындауында
М.Клементі «Сонатина»
2-жүргізуші:
Келесі
сөзді 4 жыл бойы білім берген ұстазымызға берейік. (Мұғалім
сөйлейді)
Розаның
орындауында «Ұстазым» әнін қабыл
алыңыздар.
Көрініс: «Кітаптар
мұңы»
Автор: Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар
әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан бір топ оқулықтар қайда келдік
дегендей жан – жағына көзін сығырайта ашып, көршісін
түртті.
Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тіріісің
өзі?
Ана
тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын.
Бұданда парақтарымның жыртылып, желмен ұшып кеткені жақсы еді
ғой.
Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің
бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын
зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрайық. Кімсің өзің?
Сыртың бүп – бүтін ғой?
Ана
тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі
оқулығы боламын. Мен үшін қаншама адамдар еңбек етті. Кім үшін?
Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой,
бәрініңкі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді
бердім.
Сонымен күнім не болды? Сорыма
қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп (бір күрсініп) о – ой
өткен күнім есіме түссе, сай – сүйегім
сырқырайды.
Қазақ
тілі: Бәріміз де сол, мұңдас болдық досым.
Мен
Сотқарбай деген баланың кітабы боламын. Әдепті оқулық болып мектеп
табалдырығын аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Ол
парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып
ойнағанда «қой»- демеді ғой, анау үлкен
ағасы.
Бейнелеу: Ей, е-ей! Біздің Артықбай көзімізді бақырайтып қойып,
суреттерімді бастырып, бетімді
шимайлады.
Бірақ шындығын айтқанда әркім
өз дүниесіне ұқыпты болуы керек
қой!
Математика: Енді бізді
қайтер екен?
Қазақ
тілі: Жинап – жинап, отқа
тастайды.
Бәрі
қосылып: Отқа
тастар!!!
Математика: Мүмкін, бір
кәдеге жаратар. Түптеуі мүмкін.
Дүниетану: Иә, түптесе
мына сені түптер, жалаңаш бізді қайтсін. Жұртқа көрінуге ұялып, бір
бұрышта отырған жоқпыз ба?
Бейнелеу: Тұрыңдар, достар! Сыныпта «кітаптар
емханасы» бар емес пе? Жүріңдер, кітап дәрігеріне барып
көрінейік.
Қазақ
тілі: Иә, достар! Келер жылы ұқыпты
оқушының қолына түсейік!
Дүниетану: оқулықтың
қадірін білетін жақсы оқушылар көбейе
берсін!
(оқушылар киім
ауыстырады)
Ән: Естай мұғалім
БИ: Собачи танец
КТК жоғары сынып
оқушылары
1-жүргізуші:
Сонымен
қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға
білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар, ол -
Сіздер.
2-
жүргізуші: Бас иіп, шексіз
алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге
білдіреміз.
1-жүргізуші:
Біздің
қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған -
ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі
адамдар.
2-жүргізуші:
Құрметті
ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді
өздеріңізге арнаймыз.
Нұрайым
: «Ақ
мамам»
1-жүргізуші:
Ата-аналар атынан сөз кезегі
...............................................
..............................................................................................................беріледі.
(ата-аналардың ыстық
лебіздері)
Ақерке :
Анашым
Аяулым, Айғаным,
Меруерт
Хор: «Біз бәрін
білеміз!»
Ақжол:
Ғылымды терең
меңгеріп,
Үмітті сендер
ақтаңдар
Мектепті үздік
бітіріп,
Ұстаздың болшы
мақтаны!
Шығыңдар білім
шыңына,
Аманат осы
сендерге
Болыңдар үздік тағы
да
Оқуда және
еңбекте
Арманның орындауында
«Ұстазым» әні
1-
жүргізуші: Достар, біз бастауышпен
қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен
қоштастық.
2-
жүргізуші: Иә, бізді болашақта не күтіп
тұр екен? Қандай асулар бар алда?
1-
жүргізуші:
Оқу білім, ізденіс жолдары.
Жаңа ұстаздар күтіп тұр.
2-жүргізуші:
Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
ӘН: «Балдәурен
көктем»
1-
жүргізуші:
Өтті сенде қызық
шағым
Бастауышым
балбұлағым
Қоштасар күн жетті
міне,
Қимастықпен қол
бұлғаймын
Қоштасу
вальсі
2
жүргізуші: Оқушыларымызға ақ жол тілей
отырып, орта буынға шығарып
саламыз.
Хормен:
Қош бол, балғын
балалық,
Қош бол, сүйікті
бастауышым!
Қош қымбатты
ұстазым,
2-
жүргізуші: Осымен
«Бастауышым бастамам!» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рақмет. Қош, сау
болыңыздар!