400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Прототип жасау 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіперлік негізері және бизнес пәнінен сабақ берітін мұғалімдерге әдімтемелік көмек ретінде пайдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Семей қаласы

«№35 ЖОББМ»КММ

Пән мұғалімі:Толеуконырова Жазира Жумашовна

Пән:

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері

Күні:



Сынып: 10.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Прототип жасау

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.5.1 Прототип жасауды түсінеді және қағидаларын түсіндіреді;

10.4.5.2Прототип жасаудың негізгі әдістерін қолданады.

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

- Прототип жасауды түсінеді және қағидаларын түсіндіруіне;

- Прототип жасаудың негізгі әдістерін қолдануына.

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушы:прототип жасауды түсінеді және қағидаларын түсіндіруіне (өнімсіз деңгей);

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі алған білімдерін тереңдетеді, жүйелейді (конструктивті деңгей);

3-меңгеру деңгейі.Олардың ішінен кейбірі:Прототип жасаудың негізгі әдістерін қолдануына Тақырып бойынша алған білмнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнімді деңгей). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология: прототип жасау-прототипирование-prototyping; тәжірибелік үлгі-опытный образец-preproduction model.

Құндылықтарға баулу

Тапсырмаларды орындау барысында жауапкершілікке,елжандылық,отансүйгіштік қасиетке,сын тұрғысынан ойлауға,шығармашылыққ баулу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Қиял әлемі», «Досыңды сезін»,«Сұраққа тез жауап», Джигсо»,«Робин раунд»,«Сен әдемісің»,«Шеңбер бойымен сұрақ қою»,«Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мы-салы: «Есіңе түсір!» рубрикасындағы сұрақ бойынша:1. Брейстроминг дегеніміз не? 2.Брейстроминг кезеңдерін атаңыздар.

Сабақтың басы

10 минут

1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Қиял әлемі» тренингін ұйымдастырады.

2.Сыныпты топқа бөлу. Сынып қыздар мен ұлдар тобына бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды.

3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық ситуация тудыру.

Қолайлы психологиялық климатты құру үшін оқушыларды «Досыңды сезін ойынына шақырады.Оқушылар шеңберде тұр.Мұғалім әр оқушыға кезек-кезек оның ішкі сезімін білдіретін іс-қимылдар жасауын сұрайды.Қалған оқушылар олардың көрсеткен қимыл-дарын қайталап,не сезінгенін айтады.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін өткен сабақтан қайталау сұрақтары қойылады:

1.Брейстроминг дегеніміз не? 2.Брейстроминг кезеңдерін атаңыздар.

Жұптасқан оқушылар қойылған сұрақтарды талқылайды,оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды.Оқушылар оның мақсат,міндеттерін болжайды.

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру

10 минут

1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.Сабақта өткен материалды пайдаланып,мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Прототип жасау дегеніміз не?

2. Прототип жасау қандай қызмет атқарады?

3. Прототип жасаудың қандай түрлері бар?

2. «Ойланайық,талқылайық» дағдысы. Топтық жұмысты ұйымдастырыңыздар.

Сұрақтатрды талқылаңыздар және толық жауаптарын дайындаңыздар.

1.Не себепті прототип жасау маңызды?

2. Прототип жасауда неліктен кейбір жайттарды ескеру қажет?

3.«Талдап,салыстырайық» дағдысы.

1.Бизнестегі прототип жасаудың рөлін талдаңыздар.Кестені толтырыңыздар.

Бизнестегі прототип жасауға дейінгі жағдай

Бизнестегі прототип жасаудан кейінгі жағдай






Сергіту сәті

2 минут

«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қа-шықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз.... мүмкін-дігінше баяу, терең дем алаңыз.Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барын-ша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.

4.«Дәптерге орындайық» дағдысы.Прототип жасаудың кезеңдерін кестеге толты-рыңыздар.

Прототип жасаудың кезеңдері

Сипаттамасы

Макет


Презентациялық прототип


Тәжірибелік үлгі



5.«Қолданып көрейік»дағдысы.Топтық жұмыс.Прототип жасаудың қызметін сипат-таңыздар.Топтық жұмыс.Тақырыбы бойынша сипаттама беріңіздер.

1-топ:Мәтін идеясы бойынша тақырыптық сөйлем жазыңыздар.

2-топ.Тақырыптық сөйлемдердің маңыздылығын дәлелдеңіздер.

3-топ:Тақырыптың негізгі идеясын анықтаңыздар (пікір алмасу).

6.«Ой бөлісейік»дағдысы. «Прототипті жасаудың нарықтағы маңызы»тақырыбында пікір алмасыңыздар.Электронды қосымшамен жұмыс («№30 қосымша материал»).

Сабақтың соңы.

Кері байланыс

3 минут

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өзінің атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады.

Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді.

Мұғалімнің қалауы бойынша:«Төңкере оқыту»талаптарына сәйкес, оқу-шылар келесі тақырыптағы теориялық материалды үйде өз бетімен оқи ала-ды.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осы-лайша,келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушыларды өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады.Бұл сыныптағы практикалық тапсырма-ларға қажетті уақытты үнемдейді.

Рефлекция

5 минут

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?

5.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

6.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қорытынды бағалау

10 минут

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
1462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі