400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Прзидент ел-тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Президент-ел тірегі

Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. 2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. 3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта, слайд, бейнетаспалар. Барысы:

-Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар,оқушылар сіздерді келе жатқан 1-желтоқсан Президент күнімен құттықтаймыз. Жоғарғы Парламенттің бекітуімен 2012 жылдың 1 желтоқсанында еліміз алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өтіп,баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс-шараға айналуға ерекше орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Президент күніне орай ұйымдастырылып отырған 4-сыныптар арасында өткізілгелі отырған мектепшілік «Президент-ел тірегі атты көркем сөз» сайысына қош келдіңіздер! Ендеше ортамызға 4-сынып оқушыларын шақырайық

4 «А» Серікбай Әсел, Джолдасбаева Мадина

4«Ә» Шайхи Сымбат, Абилова Перизат, Бақытжан Ақжүніс

4 «Б» Абатова Жаңылай, Абдуллаев Балқасым

4 «В» Таңатар Рақымжан, Ургенчбаев Сымбат

4 «Г» Елдесова Айгул, Таласбай Даулет

4 «Ғ» Мухитжан Аружан, Данабаева Нурсауле

Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған сайысымыз ашық деп жарияланады.

ГИМН

Ендеше бүгінгі сайысымыздың бөлімі екі бөлімнен тұрады

1. Мәнерлеп оқу

3.Сұрақ –жауап

Бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып өтейін

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кайбуллаева Таниза

Директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Машанова Айнаш



1.Елі үшін көтеріп нар жүгінде,

Сенімі нық сезілетін үнінде

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

2.Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз,-дей келе Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған

өлеңдерін оқуға 4-сынып оқушыларын шақырамыз.

4 а,ә,б,в,г,ғ сыныптарын ортаға шақырамыз

3.Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы алдын ала ала болжай біліп

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін

Нұрлы жол,Нұрлы заман бағытына ,-дей келе сұрақ- жауап бөліміне кезекті берейік. Бұл бөлімде оқушыларға сұрақтар қойылады жауап беру керек. Жауап бере алмаған оқушының орнына келесі бала жауап береді.

1.Президенттік сайлау алғаш рет қай жылы өткізілді? 1991ж 1 желтоқсан

2.Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасының есімін атаңыз?Анасы-Әлжан, әкесі-Әбіш.

3. Назарбаев алғаш жұмысшы болып қайда орналасады? Теміртауда металлург болды.

4. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікті қашан және қай жылы алды? 1991ж 16 желтоқсан

5.Назарбаев қай жылы қай жерде туылған? 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шымалған ауылында дүниеге келді.

6. Днепродзержинск қаласын лицейін қай жылы бітірді? 1960 жылы Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірді

7.Елімізде тұңғыш президент күні қай жылы аталып өтті? 2012жыл

8.Назарбаевтың бастамасымен қандай оқу орындары ашылды? Назарбаев Университеті,Назарбаев зияткерлік мектептері,ҚожаАхмет Иассауи Университеті

10.Желтоқсан көтерілісі қай жылы ,қай күні болды?1986ж16желтоқсан

11.Президенттің 2017 жылғы бағдарламасын атаңыз? Рухани жаңғыру

12. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікті қашан және қай жылы алды?

13.Назарбаев туралы қандай кино шығарылды? Атын атаңыз? «Балалық шағымның аспаны », «Елбасы-жолы»

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!- деп келесі кезекті мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Кайбуллаева Таниза Сайлаубайқызына сөз кезегін береміз.

Осымен бүгінгі шарамыз аяғына жетті.. Барлықтарыңызға рахмет. Сау

Болыңыздар!























Ақпарлама

2018-2019 оқу жылында «№14 жалпы білім беру орта мектебінің» КММ-де 4 -сыныптар арасында, мектепішілік «Президент –ел тірегі » атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оқушылар мәнерлеп оқу байқауда өз Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа арналған ақын, жазушылардың өлеңдерін ортаға салып, бірнеше өлең шумақтарын айтып өз өнерлерін көрсетті. Кеш өте жақсы ұйымдастырылып, оқушылар жоғарғы деңгейде дайындықпен қатысты. Байқауды саралай келе 4 - сыныптар арасынан І-орын 4 «Ә» сынып оқушысы – орын Абилова Перизат,4 «Б»сынып оқушысы Абдуллаев Балқасым жеңіп алды.ІІ-орын 4 «Ә» сынып оқушысы Джолдасбаева Мадина,ІІІ-орын Серікбай Әсел 4 «А» сынып оқушысы ,4 «В» сынып оқушысы Ургенчбаева Сымбат, 4 «Ғ» сынып оқушысы Мухитжан Аружан жеңіп алды.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі