Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психикалық дамуы тежелген балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір баланың жасерекшелик кезеңде дамуына, оқуына және тәрбиесіне әлеуметтік-психологиялық жағдай жасуына көмек көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Іле ауданы

1 орта мектеп «МКМ»

Психологы Умарбекова Ардак Турсынмахамедовна



Психикалық дамуы тежелген балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету


Психикалық дамуы тежелген балаларға мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау. Психикалық дамудың тежелуі – психикалық бұзылыстардың кең таралған түрінің бірі. Психикалық дамудың тежелуі – бұл баланың психикасының немесе жеке психикалық жəне психомоторлық функциясының жетілмеуін сипаттайтын, тұқымқуалаушылық, əлеуметтік жəне психологиялық факторлардың əсерімен қалыптасатын психикалық дамуының ерекше түрі.

Психикалық дамуы тежелген балаларға психологиялық көмек көрсету жүйесінде маңызды орында , бала тұлғасының толықтай дамуы мен қалыптасуы, ересектердің көмегі арқылы өзінің күшжүгерін, мүмкіндіктерін əлеуметтік ортаға бейімделуін жүзеге асырауы болып табылады

«Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды»-деп В.Сухомолинский айтқандай, әсіресе ерекше балаларға психологиялық-педагогикалық көмектің маңызы зор екені белгілі.

Әрбір баланың жасерекшелік кезеңде дамуына, оқуына жəне тəрбиесіне əлеуметтік-психологиялық жағдай жасауына көмек көрсету. Бала дамуында деструктивті мəселелерді шешуге жəне пайда болуын ескерту мақсатында балаларға əрекетті көмекті қамтамасыз ететін, білім беру жүйесіндегі мамандандырылған əрекет.

Баланың қасында дос жəне көмекші ретінде болуы тиіс. Бала əр уақытта көмек сұрай алады, бірақ баланың орнына барлығын істейді деген мағынаны бермейді. Психологиялық –педагогикалық көмек көрсету – балаға өзбетінше мəселені шешуге қолайлы жағдай жасау.

Дамуында тежелуі бар баланың жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиындық туғызбайтын, ерекше баланың өзіне негізделген ойын түрлерін қолдану да оның шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайтыны байқалады.Сонымен қатар белсенділігі артып, адамгершілік деңгейі дамып,ерік-жігері күшейе түседі.

Дамуында тежелу бар балалармен жұмыс жасау барысында әр ұстаздың бірінші назар аударатыны баланың көңіл күйі. Ерекше балалардың тек қана өзімен жұмыс жасап қана қоймай, ата-аналарымен біріге отырып, жұмыс жасау жақсы нәтиже беретіні тәжірибеде кездескен.

Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».


Мысалы, ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі.



«Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады.


Моншақтармен немесе ілгектермен ойын: екі қолдың да бағдарлауын арттырады. Балаға тізуге арналған бау және әр түрлі теңдіктегі, әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілетті дамиды.



Баулармен ойындар – сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.

Сонымен қатар, қысқыштармен ойналатын ойындар өте нәтижелі болады. Себебі, ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады.

Сурет салу – барлық балалар жақсы көретін, әрі пайдалы ісі. Қарындаш, қылқаламмен парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. Қарда, құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға болады.


Танымдық және сөйлеу іс-әрекетінің дамуына жеткізетін әдістерінің бірі – ойын. Ойын баланың өзінің қарым-қатынасқа деген қажеттігін, сезімдерін, ойларын және эмоцияларын сыртқа шығаруын қамтиды. Ойынды дұрыс ұйымдастыру арқылы баланың сөздік қоры дамиды, басқа балалармен қарым-қатынаста өзін еркін сезінуі және қоршаған ортаға байланысты білімдерін кеңейтеді.

Мұғалім білім берумен қатар балалардың мінез-құлық, қарым-қатынас мәселесін жолға қойып, түрлі педагогикалық-психологиялық тұрғыдан туындаған қайшылықтарды реттеп отыруы тиіс.

Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әртүрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болуы қажет. Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер тұлға ретінде қалыптасары сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Образовательная интеграция и социальная адаптация лиц с ограниченными возможностями. Пособие для учителей, психологов и родителей … - Минск, Национальный институт образования, 2005.

  2. Национальная образовательная инициатива «Наша новая школа» http://mon.gov.ru/

  3. Материалы сайтов: http://inpravo.ru/, www.consultant.ru/popular

  4. http://www.perspektiva-inva.ru. // Материалы РООИ «Перспектива».

  5. Левченко И.Ю., Приходько О.Г. Технологии обучения и воспитания детей с

6.Абакумова Н. Н. Развитие творческой деятельности учителя в рамках интегративной образовательной модели: Научно-методическая работа Томск – 2002

7.Николаева И.В. Взаимодействие психолога и педагога как условие обеспечения психологической безопасности образовательной среды / Нижний Новгород, Россия Октябрь, 9-11, 2007.

8.Реализация принципа преемственности между дошкольным образованием и общеобразовательной школой: сборник статей/ Под ред. О.Б. Широких - Коломна, КГПИ, 2003.



































Қорыта айтсам, Психикалық дамудың тежелуін мектеп жасына дейінгі кезеңде үнемі танып білуге болмайды, оны әсіресе мектепке барардың алдында жаппай дәрігерлік тексеруден өткізу кезінде немесе жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында анықтауға болады. Психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беретін мектептерде оқи береді, бірақ мұғалім мұндай балалардың ерекшелігін біліп, жеке қарым-қатынас жасап, оған көмектесуі тиіс. Психикалық дамуы тежелген балалар арнайы мектептерде окып, балабақшалар жанындағы арнайы топтарға барғаны жөн. Бұлар үшін жалпы білім беру мектептерінде түзету сыныптары ұйымдастырылған. Арнайы мектептердің құрылымы бәрінен бұрын осы балалардың ерекшелігін ескереді. Егер бала бірден арнайы мектеп табалдырығын аттаса, оны дайындық (нольдік) сыныпқа қабылдайды, бастауыш мектептің бағдарламасын ол 4 жылда өтеді. Егер бала жалпы білім беру мектебінен ауысса, бәрібір бастауыш мектепте 4 жыл оқиды, содан кейін жалпы білім беру мектебінің бағдарламасы бойынша оқиды. Бастауыш сыныптың балалары үшін міндетті түрде күндізгі ұйқы қажет. Мектептерде кешенді емдік-тәрбие, санитарлық-гигиеналық, алдын-алу жұмыстары іске асырылуы тиіс. Психикалық дамудағы кемшіліктерді түзету және алдыңғы оқудағы қиындықтардың орнын толтыру үшін арнайы мектептерге күннің екінші жартысында түзету сабақтары өткізіледі.
Дерек көзі: https://erketai.kz/bala-densauligi/psihikalyk-damuy-tezhelgen-balalarga-sipattama/



Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік  өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына  жағдай жасау.



2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету туралы” Заңына сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар білім алуға және шығармашылық, дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең құқылы.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
3452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12