400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психодиагностика

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің психологиялық қызметінің психодиагностика жұмысын анықтамалары. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі, 2-4 сынып оқушыларының танымдық, зейін процестерін анықтау жұмыстарына анықтама.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0-1 сынып оқушыларынан алынған графикалық диктант

(Д.Б.Эльконин әдістемесі)



Анықтама

20-24 күндері аралығында 0-1 сынып оқушыларынан Д.Б. Эльконин әдістемесі бойынша графикалық диктант алынды. Мақсаты: үлкендердің тапсырмасын мұқият тыңдап, дәл орындауларын, берілген сызықты парақта дұрыс белгілеуін, өз бетімен үлкендердің тапсырмасы бойынша әрекет етуін тексеру. Оқушыларға нұсқау бойынша 4 нүкте белгіленген торлы парақ таратылады. Оқушыға осы нүктеден бастап қай жаққа неше торға сызу керектігі айтылды. 1-өрнек: 1 тор төмен, 1 тор оңға, 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 1 тор төмен, 1 тор оңға, 1 тор жоғары.

Әр өрнекте диктантты орындау және өз бетінше өрнекті жалғастыру бағаланды. Өрнекті тура жаңғырту 4 ұпай, бір сызықтығы қате 3 ұпай, біренеше қателермен жаңғырту 2 ұпай жеке элемнеттерінде де, ұқсастықтың болмауы 0 ұпай.

Нәтижесінде:

0 «А» «Б»-сынып.Жалпы оқушы саны 36 қатысты.

4 ұпай 12 оқушы.

3 ұпай 17оқушы

2 ұпай 5 оқушы

0 ұпай 2 оқушы

1 «А» «Б» сынып. Жалпы 29 оқушы қатысты.

4 ұпай 15 оқушы.

3 ұпай 14оқушы

2 ұпай 0 оқушы

0 ұпай 0 оқушы

Нәтижесінде: Оқушылардың зейін қою, тыңдау, оң,сол жақтарын дұрыс сала білуде түзету жұмыстарын жүргізу керектігі анықталды.



Педагог-психолог: Кемелова Г.





Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1 - сынып оқушыларынан алынған социометрия әдісіне

Анықтама

Мектеп табалдырығын аттаған 1 «А», «Б» сынып оқушыларынан қыркүйек айының 27-30 күндері аралығында оқушылар арсында қарым- қатынасты зерттеу бойынша социометрия әдісі алынды. Зерттеу барысында оқушыларға мындай сауалнама үлестірілді. Кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді? Кімді туған күніңе шақырғың келеді? Таңдау матрицасы кім таңдайды, кімді таңдайды?өзара бірін бірі қанша адам таңдады. Таңдау матрицасындағы мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалды. Социограмма 4 шеңберден тұрады.

І. Ең көп таңдалынған оқушылар

ІІ. Орташа таңдалғандар

ІІІ.Елеусіз (менсінбейтін) балалар орташа саннан төмен

ІҮ.Оқшау қалған, шеттелген балалар бірде бір рет таңдалынбаған.

Сараптама нәтижесі бойынша


1«А» сынып 1 «Б» сынып

Нұрдәулет

Арнат

Айсұлу

Ұлбосын

Мереке

Рабиға

Шыңғыс



Еркебұлан

Ерсін

Айсұлу

Ілияс

Зарина

Алихан



Айтжан

Алинұр

Шапағат

Жасмин

Нұрсая

Анар Балнұр Аягөз Арқабай

Ануар

Дамир

Нұржігіт





Дария

Інжу

Болат Алинұр















Қорытынды: 1-сынып оқушыларының қарым-қатынасы жақсы қалыптасқан. Шеттетілген бала жоқ.



Педагог-психолог: Кемелова Г.



Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімділік деңгейін зерттеу


Анықтама



Бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға психологиялық даярлығы мен бейімділігін анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді.

Қолданылған психодиагностикалық әдістемелер:

  1. Керн Йерасектің әдістемесі бойынша 1-сынып оқушыларының мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау:

    1. «Ер адамның бейнесін сал» тесті.

    2. Сөздер көшірмелері.

    3. Нүктелер көшірмесі

  2. Ақыл-ой деңгейін анықтау диагностикасы: К.Йерасектің ауызша сұрақтары

  3. Оқу мотивін зерттеу әдістемесі

  4. Мектепте оқу қабілетін зерттеу

    1. «Моншақ әдістемесі»Зейінін анықтау

    2. «Не артық?» әдістемесі. Балалардың ойлауын анықтау

    3. «Не жетпейді?» Баланың қабылдау ерекшелігін анықтау әдістемесі алынды. Сынып оқушылары барлығы қатысты.

Нәтижесінде:

1 «А» сыныбы.Барлығы14 оқушы. Сынып жетекшісі: Ибалиева Гүлсім. 1 «Б» сыныбы. Барлығы 15 оқушы. Сынып жетекшісі: Қалқабаева Қарлығаш. Барлық оқушы «Ер адамның бейнесін сал» тестін жақсы орындады. Салынған суретте адамның басы, денесі мен аяқтары көрсетілуі тиіс. Басы мен денесі үлкен болмауы керек. Адамның басында шашы, құлақтары, бетінде - көздері, мұрны, ауызы болады. Қолдары бес саусақтарымен бірге анық көрсетіледі. Аяқтары төменге созылған. Киімі – ер адамдікі. Салынған суреттерде кейбір оқушыларда детальдар құлақ, саусақтар салынбаған. Жалпы оқушылардың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі өз дәрежесінде.

«Сөздер және нүктелер көшірмесі». Барлық оқушылар әріпті дұрыс әрі нақты көшіріп жазды. Тек 1 «А» сыныбынан Болатхан Ануар, 1 «Б» сынып Пойызбек Сағындық жазуы баяу.

Ақыл-ой деңгейін анықтау диагностикасы: К.Йерасектің ауызша сұрақтары қойылды:

Жануарлардың қайсысы үлкен – жылқы ма, ит пе?

Шие, алмұрт, өрік, алма – бұл не?

Кішкентай сиыр – ол бұзау, кішкентай ит – ол ..., кішкентай қой? Сұрақтары қойылды. Оқушылар еш қатесіз, нақты жауап берді.

Оқу мотивін зерттеу әдістемесі бойынша оқушылар әріптерді толық таниды. Буындап оқи алады. Кейбір оқушылардың тіл кемістігі бар. Атап айтқанда 1 «А» сыныбы Суан Нұрдәулет ауызекі сөйлеуде «Д» әріпін көп қолданады. Мылтықбай Шыңғысхан «Р» әріпін айта алмайды. 1 «Б» сынып оқушысы Дуанбай Сағындық «СШ» әріптерін шатастырады.

«Моншақ әдістемесі»оқушылардың зейінін анықтау. Баланың оқу әрекетінде есту арқылы шарттарды қаншалықты дұрыс қабылдаған мүмкіндіктерін табу. Оқушыларға 5 дөңгелек моншақ салу керектігі, Барлық моншақтар әр түрлі түсті, ал ортаңғы моншақ көк түсті болу керек екендігі екі рет қайталанды. Нәтижесінде барлық оқушы тапсырманы орындай алды. Бірақ тапсырмаға сай айтылған саннан артық сан көрсеткен оқушылар бар. Сондықтан оқушылардың зейіндік қабілетін арттыру мақсатында сынып жетекшімен бірлесіп жұмыс жасауды ұсынамын.

«Не артық?» әдістемесі. Балалардың ойлауын анықтау

«Не жетпейді?» Баланың қабылдау ерекшелігін анықтау әдістемелері алынды. Нәтижесінде берілген екі тапсырма бойынша оқушылар толық жауап берді.

Оқушылардың мектепке деген көз қарасы жақсы қалыптасқан. Сабақ оқуға ынталары даму ерекшелігіне сай қалыптасып келеді. Оқушылардың танымдық процестері дамыған. Есте сақтау, зейін қасиеттерін дамыту қажет.










Педагог-психолог: Кемелова Г.



























Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2 -4 сынып оқушыларымен жүргізілген «Мен бақытты баламын» арт терапияға


Анықтама



Қыркүйек айының 13-17 күндері аралығында 2-4 сынып оқушылармен «Мен бақытты баламын» тақырыбында арт терапия жүргізілді. Мақсаты бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру. Бақытты бағалауға тәрбиелеу. «Бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру. Оқушылармен «Үнсіз сыйлық сыйлау» ойыны жүргізілді. «Ой қозғау» Бақыт деген не? «Мен бақытты баламын» оқушылар өз пікірін білдірді.Бақыт –балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз екендігі түсіндірілді. Бақытты адам күн сәулесіндей жан-жағына нұр шашып тұрады. Сондықтан күн суретін салып сәулесіне сөздер жазды. Оқушылар өте жақсы белсене қатысып, кері байланыс орнатылыды.

























Педагог-психолог: Кемелова Г.



Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


1- сынып оқушыларымен жүргізілген «Танысу» және «қарым-қатынас пен эмоциялық күйі» жаттығуларына


Анықтама



Қыркүйек айының 10 және 17 күндері 1- сынып оқушыларымен«Танысу» және «Қарым-қатынас пен эмоциялық күйі» жаттығулары жүргізілді. Танысу жаттығуының мақсаты оқушылардың етене жақын танысуы үшін жағдай жасау, зейін және байқағыштығын дамыту.Барысында «Доп» ойыны ойнатылды. Шарты бойынша шеңбер құрып, шеңбер бойынша балалар есімдерін атып шығады. Екінші айналымда есімді атап, сол балаға допты лақтырады.

«Коррекатуралық байқау» қағазда қыздар бейнесі бейнеленген.Оларды сыныптарға бөлу қажет. Шарты: қара бантигі бар қыздарды тік сызықпен, қара шашы мен қара бантигі бар қыздарды көлденең сызықпен, қара шашы мен ақ бантигі бар қыздарды қатесіз астын сызу берілді.10-11 қатарды қатесіз қарап шыққандарды жоғарғы нәтиже, 8-9 қатарды қатесіз жазғандарды мақтан тұтуға болатындығы айтылды.

Оқушылар 0-сыныпта бірге оқығандықтан бір-бірін жақсы таниды. Сыныптарда өзара жақсы қарым-қатынас орнаған.
























Педагог-психолог: Кемелова Г.







Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


1- сынып оқушыларынан алынған зейінін диагностикалау «Үйшік» және «Өрнек» әдістемесіне


Анықтама



1-сынып оқушыларының зейінін диагностикалау мақсатында «Үйшік» және «Өрнек» әдістемесі алынды.

«Үйшік» әдістемесі бойынша оқушыларға үйшіктің суреті көрсетілді.Бұл әдістеме үлгіге қарап бағытталу шеберлігін анықтауға, үйді тура, дәл көшіруге, зейін еріктілігінің даму дәрежесіне, кеңістікті қабылдауының қалыптасуына көмек жасайды. Нақты дұрыс қабылдауы 0 балмен , әр қатеге 1 балл қосылады. Қатесіз дұрыс көшірілген суретке 0 балл қойылса, неғұрлым тапсырма қате орындалған сайын, соғұрлым баға қосылды.

«Өрнек» әдістемесі оқушылардың зейін қабілеттерін анықтау мақсатында алынды. Шарты бойынша берілген суреттен ұқсас заттарды тауып біріктірді.

Нәтижесінде «Үйшік» әдістемесі бойынша

Сынып

0-ұпай

1-ұпай

2-ұпай

1 «А»

Бейсен Нұрдәулет


Кеңесбек Нұрдәулет

Суан Нұржігіт Өрікбай Айсұлу

Шашубай Рабиға


Қыдырәлі Дамир

Қанатқызы Айсұлу

Ізбасар Балнұр

1 «Б»



Айтжан Алинұр

Марат Інжу

Серік Зарина

Боранбай

Ерсін

Әшімхан Айсұлу

Дуанбай Сағындық

Елемес Шапағат
















Педагог-психолог: Кемелова Г.





Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


1- сынып оқушыларымен жүргізілген зейінді дамыту және түзету жаттығуына


Анықтама



Қазан айының 9 күні 1-сынып оқушыларымен зейінді дамыту жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Зейінді дамыту. Ширату

Барысында «Ұқсасын тауып сыз» оқушыларға бірнеше суреттер көрсетілді. Суреттен ұқсастық пен айырмашылықты тапты.

«Кері оқы және жаз» Ішік –Қысым-Есек –Тас –Мата –Түс –Қазақ –Кеш -

«Үлкен –кіші» Үй –терезе Піл – тышқан Алма –қарбыз Әке –бала Ата –әке Дәптер –парта Машина –кеме жаттығулары орындалды.































Педагог-психолог: Кемелова Г.





Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


4- сынып оқушыларынан алынған «Түймедақ» әдістемесіне


Анықтама



Қазан айының 16 күні 4-сынып оқушыларынан «Түймедақ» әдістемесі алынды. Мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылығын анықтау.Түймедақтың суретін салып күлтелеріне сүйікті пәндерін жазды. Нәтижесінде оқушылар барлық пәндерді атап көрсеткен. Қай пән қызықты? сұраққа математика, қазақ тілі, ағылшын, музыка пәндерін атады.





















Педагог-психолог: Кемелова Г.





Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2-4 сынып оқушыларынан алынған «Менің жанұям» әдістемесіне



Анықтама



Қазан айының бірінші аптасында 2-4 сынып оқушыларынан «Менің жанұям» әдістемесі алынды. Мақсаты: баланың жан дүниесіне тереңірек үңіліп, оның қалай өмір сүретінін, оны не мазалайтынын, не туралы армандайтынын байқау.

Барысында балаға «Отбасыңды сал» деп сұралды. Оқушыларға еркіндік берілді. Суретті аяқтағаннан кейін жетекші сұрақтар қойылды. Кім қай жерде, отбасы мүшелері не істеп жатыр, кім қандай көңіл-күйде екені сұралды.

































Педагог-психолог: Кемелова Г.



Мойынқұм ауданы білім бөлімінің

№2 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


3-4 сынып оқушыларымен жүргізілген «Өз қорқынышыңды жеңе біл» тренингіне


Анықтама



Қазан айының 22-23 күндері 3-4 сынып оқушыларымен «Өз қорқынышыңды жеңе біл» тренингі жүргізілді. Мақсаты: оқушыларға түрлі жаттығулар арқылы бойындағы қорқыныш сезімдерін жою, өзара қарым-қатынастарын нығайту, өзіне деген сенімін арттыру.

Тренинг барысында «Танысу», «Қорқынышыңды суретте», «Мен басқаның көзімен», «Афримациялар», «Сенімділік бейнесі» жаттығулары орындалды.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі