жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Психокоррекциялық ойындар
Әр адам өзін тура айтады, мәселен «Өзім жайлы 100 факттегідей» Бірақ мамандар адамның дене қимылдарына қарап қандай жауап айтар екен.
Мына
дене қозғалыстары арқылы адамның мінезін
байқауға болатын тест жақсы құрастырылған
екен. Қаншама жақын-таныстарыма жасап
көрдім дұрыс шығады. Сіздерменде бөлісуді
жөн санадым. Оның үстіне қызықты
психологияға қызығамын.
Бір
ақ парақ алып жазып отырсаңыздар үлкен
А4 алудың қажеті жоқ, бар болғаны 4-ақ
сан)) тіпті
есте сақтасаңызда болады, бірақ бәрі
ретімен болуы тиіс.
Ескерту:
суреттегі тек үлгі ретінде берілген,
оны дәл солай қайталаудың қажеті жоқ,
өзіңізге ыңғайлысын жасаңыз.
Ал
бастадық, тәуекел
1)Қолыңызды
құлыптай жұмыңыз
Егер
ең үстінде оң қолдың басбармағы болса
«2» санын, егер сол қолдың бас бармағы
болса «1» санын жазыңыз
2)бір
көзіңізді жұмып, көрінбейтін
мишеньге кез-келген
тесікке қараңыз
Егер
сол көз ашық қалса «1» санын, ал оң көз
ашық қалса «2» санын жазыңыз
3)
қолдарыңызды қиыстыра жинаңыз
Егер
сол қолыңыз оң қолдың үстінде
болса(суреттегідей) «1» санын, ал оң
қолыңыз сол қолдың үстінде болса «2»
санын жазыңыз.
4)
Шапалақ соғыңыз
Егер
үстінде сол қол болса «1» санын, оң қол
болса «2» санын
Дайын
болсаңыздар жауыбына көшейік, өтініш,
егер өзіңізге сәйкес келмейтін,
қанағаттанарлық емес жауап алсаңыз
мені жазғыра көрмеңіздер:)
«2222»-(жүзпроценттік
оңақай)- мінездің тұрақты типі,
консерватизм, кіммен болса да
пікір-таласқанды, дауласқанды
қаламайды.
«2221»-Аса
батылсыздық
«2212»-
Сіз тіл тапқышсыз, кез-келген адаммен
оңай тез тіл табыса аласыз.
«2111»-
Сіз тұрақты емессіз, барлығын өзіңіз
жасайсыз, ешкімнен қолдау іздемейсіз.
«2211»-
Аса көп кездеспейтін үйлесімділік. Тіл
тапқыштық, адамдармен араласасыз,
дегенмен де өте жұмсақ мінезді келген
жансыз.
«2122»-
Сіз «техникаға жақын адамсыз», аналитикалық
ойлау жүйесі дамыған және жұмсақ мінезді,
барлығына абайлап қарайсыз, адамдармен
араласу кезінде салқындық байқалатын
сияқты.
«2121»-
Ең сирек кездесетін үйлесімділік.
Қорғансыздық, адамдардың әсеріне
ұшырағыш.
«1112»-
Сіз эмоциялы адамсыз, жігерлі әрі тез
шешім таба аласыз.
«1222»-
Аса көп кездесетін мінез. Сіз эмоциялы
жансыз, бірақ өмірдегі маңызды мәселелерді
шешуде
сізге
табандылық пен қайсарлық жетіспейді.
Өзге адамның әсеріне ұшырағышсыз. Жақсы
тіл тапқыштық болса, адамдар сізге
ұмтылатын болады.
«1221»-
Эмоцияшыл, табандылық жетіспейді, өте
жұмсақ мінезді, аңғалдық.
«1122»-
Сіз дос құмар жансыз, соның өзінде аздап
аңғалдаусыз және қарапайым, өздігімен
жүретін өзіне есеп беретін жан,
қызығушылықтары көп, бірақ бәріне уақыт
табыла бермейді
«1121»-
Сіз адамдарға қатты сенесіз және қой
мінезді жансыз. Сіз шығармашыл
тұлғасыз
«1111»-
(жүзпроценттік солақай) – консерватизм
сізге жат, шығармашылық сіздің өміріңізде
соңғы орынға ие секілді, көп жағдайларды
сіз стандартты түрде қарамайсыз. Қатты
эмоцияшыл, тәкаппарлық, өзімшілдік. Сіз
қырсық әрі өзімшілсіз, бірақ бұлар
сіздің өмір сүруіңізге еш кедергі
келтірмейді.
«1212»-
Сіз рухы өте мықты адамсыз. Қайтпас
деуге де болады, алға қойған мақсаттарыңызға
жетесіз!
«1211»-
Өзіңізбен өзіңіз жүрген жансыз, аздап
тұйықтаусыз, дос табу сізге қиынға
соғады, бірақ рухыңыз мықты, алға қойған
мақстарыңызға жетуде сізге ешнәрсе
кедергі бола алмайды.
«2112»-
Сізде жеңіл және еркін мінез көріністері
бар, сіз оңай жаңа достар таба аласыз,
көп танысасыз және жиі әуестікті
өзгертесіз.
Үлестірмелі текшелері.
Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні
|
Ренжіп тұрған адамның бет-әлпет кескіні
|
Қайғылы адамның бет-әлпеті
|
Таңданған кейіп көрсету.
|
Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті
|
Ашуланып тұрған адамның бет-әлпеті
|
Қуанып тұрған адамның бет-әлпеті
|
Жайбарақат тұрған адамның бет -әлпет кескіні |
Ағашыңыз қандай болса, мінезіңіз де сондай
1. Тез қозу энергия, жан - жақтылық сіздің өміріңіздің бір белгісі. Сіз көңілсіз, арманшылсыз. Сіздің тез қозатындығыңыз, қатты энтузиазміңіз кейде өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Сондықтан да әрекет етпес бұрын ойланып алыңыз.
2. Өте сезімшіл адамсыз, сіз әрдайым да жүрегіңіздің әмірімен әрекет еткіңіз келеді. Өз мәселелеріңізді өзіңіз шешкіңіз келеді. Сондықтан да ылғи өз- өзіңізді бақытсыз сезініп, алаңдап жүресіз. Сондықтан таңдау мәселесінде ақылға жүгініңіз.
3. Сіз өзіңіздің адамгершілігіңізге қатты мән бересіз, атаққұмардасыз. Бірақ бұл жаман емес. Өйткені, сіздің үлкен мақсаттарыңыз негізделген. Және жетістіктерге жету үшін айналаңызға зардап жасағыңыз келмейді.
4. Сіз салмақты, байсалды адамсыз. Содан да шешім қабылдарда әділ болғыңыз келеді. Алайда өз ойыңызды сөзбен жеткізер кезде өз идеяңызды қорқынышсыз сезінгеніңіз дұрыс.
5. Сізді айналаңыз өз- өзіне сезімді және сенгіш адам деп қабылдайды. Сіз басқалардан қолдау күтесіз. Бірақ, бұні білдірткіңіз келмейді. Сол үшін айналаңызға басқаларда шаруасы жоқ адам болып көрінуге тырысасыз. Жақын жолдастарыңызға сен біліңіз.
6. Сіз өмірді сүйесіз. Сіздің іс- әрекетіңізді алдын- ала жоспарлау мүмкін емес. Ойыңызға не келсе соны айтасыз. Бұл мінездің өзіңізге ұқсамайтын жұмбақ, әсершіл адамдар арасында өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдыратынын ескеріңіз. Сондықтан да тәртіпке бағынып, өз сөзіңізге мән беріңіз.
7. Сіз толысқан тұлғасыз. Сіз жас болғаныңызбен өте тәртіпті, жауапты, өз- өзіне және айналасындағыларға сынмен қарайтын адамсыз. Сіздің жолдастарыңыз бен туысқандарыңыз сізге нұсқағысы келмейді. Бірақ, бұл сіздің өз- өзіңізге деген сенімділігіңізге сызат түсірмейді.
8. Сізге керектінің бәрі жаныңызда. Дипломат, сіз адамдарды қабылдай білесіз, оларға қолдау да көрсетесіз. Сіз үшін өмір дегеніңіз мәңгілік көктем. Қарапайым болғанды қалайсыз, және басқалардың сіздің өміріңізге араласқанын қаламайсыз. Өзіңіздің нәзік қалпыңызды сақтай біліңіз. Байсалды және сенімді әрекет етіңіз. Жоқ деп айтуға дағдыланыңыз.
9. Сіз бейбітшілік және табанды адамсыз. Сіздің өз жолыңыз бар. Жан- жағыңызға сыр шашқанды ұнатпайсыз. Мақсатыңызға тіке тартасыз. Сіз туралы жаныңыздағылар эгоист, адамдарға билік жүргізуге, таптап өтуге құмар деп ойлайды. Сондықтан да шамалы болса да жұмсаруға тырысыңыз.
10. Қорғау- сіз үшін кілт сөзі. Сіз үшін ең бастысы бақытты ошақ. Өз махаббатыңызды білдіре алатын махаббат отаны. Сіздің нәзік сезіміңіздің қайтарымына өзіңізді қорғап жүргенді қалайсыз. Соншалықты тәуелді болмауға тырысыңыз. Өз қанатыңызбен ұшуды үйреніңіз.
Робинзон Крузо
(үзінді)
Менің аралға келіп тұра бастағаныма жиырма үш жыл толып, жиырма төртінші жылға аяқ баксты. Жалғыздықтан құтылу үшін, уақытты тез өткізу үшін өзіме аз да болса көңіл көтерерліктей жағдай да туғызып бақтым. Оқушының өзіне белгілі, бірінші ермегім-тотыны сөйлету, тотым аузына келгенін анық сөйлейтін болды, тыңдауға өте қызық.. Ол менімен бірге жиырма алты жыл өмір сүрді. Мұнан кейін оның қанша өмір сүретінін білмеймін. Маған ұқсап, тотымен сөйлесуді тағдыр жұмыр басты пендеге бермесін. Егер мен сықылды бақытсыздыққа ұшыраған бейшара адам жақсы түсінеді. Өзіммен бірге келген төбетім аралда өзіммен бірге он алты жыл өмір сүрді: ақыры қартайып өлді. Ал енді мысықтарымның көбейіп өскенін орманға жіберіп, өзіме ұнаған екі-үшеуін алып қалып, үй ішімнің белгілі бір мүшесіндей көрдім. Бұдан басқа асыранды екі-үш ешкім болды, маған үйренгендігі сондай, шақырсам шөпті, жемді қолымнан жеуші еді.
Осында өткен уақыттың тұрмысыма қандай ауыр әсер еткенін айтып жеткізе алатын емеспін. Тыныш ұйқы болмады, түн сайын түрлі жаман түстер көріп, жатқан жерімен ұшып түрегелетін болдым. Күндіз де тыныш тауып тұра алғаным жоқ.
Мамыр айының орта кезі, жаңылмасын он алтысы болу керек. Қатты дауыл тұрып, ертеден кешке дейін теңіз шайқалып, толқын тулады да жатты, сол күні –түнімен соқты. Мен ол уақытта өзімнің ауыр халімді ойлап, терең қиялға шомып, ауыр күрсініп отырған едім. Бір кезде атылған зеңбіректің дауысы естілді, дауысы теңіз жақтан шыққандай болды.
Ойда жоқ жерде зеңбірек дауысы естілгесін не қыларымды білмей сасқалақтап қалдым. Мылтық дауысы естілгесімен-ақ басыма неше түрлі ой келді. Бір минут кідіріп тұрғаным жоқ, басқышты қойдым да, көзді ашып-жұмғанша өрмелеп төбенің басына шықтым. Зеңбірек дауысы тағы атылды. Зеңбіректің дауысы баяғы біздің кеменің апатқа ұшыраған жақтан шығып жатыр, байқауымша сол маңнан қашық емес.
Әрине, бұл дыбыс- кеменің апатқа ұшырауының белгісі. Бір кеме қазаға ұшыраған, ол кемеге таяу бір кеме болу керек, сол кемені бұл жәрдемге шақырады, бәрін біліп отырмын. Зеңбірек даусын естіп, толқыған көңіл аласұрып, не қыларын білмеді, мүмкін олар мені құтқарар деген ой түсті. Осыны ойладым да уақыт өткізіп тұрмай, дереу қолыма түскен құрғақ ағаштарды үйіп, от жақтым. Егер кеме екені рас болса, отты көру керек. Сірә, көрген болу керек, оттың жалыны шаршып, аспанға шыққанда, зеңбірек үсті-үстіне атылды. Отты сөндіргем жоқ, таң ағарғанша жаға бердім. Таң әбден атып жарық болған кезде аралдың күн шығыс бетінде кеменің желкені екенін немесе арт жағы екенін білмеймін, қараңдап бір нәрсе көрінеді.
Қолыма мылтығымды алдым да, баяғы өзімді алыс алып кететін жағындағы биік жартасқа қарай жүгіре бердім. Жаңылмаппын әлгі көргенім кеме екен. Кемені көрген кездегі пайда болған сезімімді суреттеп жеткізуге тілім жетпейді. Кеме екенін анық айырған уақытта аузым күбірлеп, ерінім жыбырлап сөйлей бастадым: "Әй, ең болмаса екі-үш адам, тым болмаса біреуі тірі қалып, маған келіп, қасыма жолдас болар еді, тірі адаммен тілдесер едім". Пәлен жыл бойы жалғыз тұрғанымда, адам баласының қоғамына ынтық болдым емес пе, бірақ өзімнің жалғыздық хәлімнің ауырылған нақ сол күндегідей сезінгенім жоқ. Құмартқан нәрістенің құпия тетігі болады, ол тетік көзге түсетін немесе көзге түспейтін бір заттың күшімен қозғалады, сол құмартқан нәрсеңді көруге жанталасып ынтық болсаң, ал ол талабың жүзеге аспаса, күйіп-пісіп жарылып кете жаздайсың.
Ең болмаса кемеде бір адам аман қалса игі еді- деген менің тілегім нақ сондай болды. "Е, солай болса игі еді! ең болмаса біреуі тірі қалса игі еді", - деген сөздер аузымнан күбірлеп қайта-қайта шыға берді. Әбден ынты зар болып, зарыққаным ғой әлгі сөздерді айтқанда, денем дірілдеп, жұдырығымды түйіп, тісімді қайта-қайта қайрай бердім. Егер сол кезде менің алақанымда жұмсақтау зат болса, езіліп мылжа –мылжа болар еді, тістене тістене жағым қарысып қалған екен, артымнан аузымды ашудың өзі үлкен күшке түсті.
Ғылым иесі адамдар ондай көрністің себебін өздері аша жатар, мен тек кемені көрген кездегі өз басымда болған хәлімді ғана айтып отырмын, мен көріністің шыққан жерін, ата тегін түсіндіріп отырғам жоқ, дегенмен адам баласымен кездессем, арманым болмас еді деген ынтызарлық тілектің салдарынан болғандығына дау жоқ қой деп ойлаймын...
І. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ
* «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау:
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….
ІІ. ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.
Сіз қандай мұғалімсіз?
Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күнкөріс үшін
б) бас қатыру
Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
а) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда-санда
б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
9. Мұғалім болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз
10. Ұжым арасында беделіңіз:
а) өте жоғары
ә) жақсы
б) орташа
Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
45-50 ұпай жинасаңыз:
Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.
30-21 ұпай жинасаңыз :
Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
15-11 ұпай жинасаңыз:
Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңызжөн.
ІІІ. Психогеометриялық тест
1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;
2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;
3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға
мүмкіндік береді.
Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі – 85%!
Нұсқау
|
|
|
|
|
|
|
|
Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз
Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз – Сіздің негізгі фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалғандары – Сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөліктер болып табылады. Ал соңғы фигура сіздің қарым-қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы. Егер сізді ешбір фигура тұтас қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын комбинациясы сипаттай алады.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.
Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.
Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық,пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.
ІҮ. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде өзіңізгеұнаған түсіңізді таңдаңыз.
Таңдаған түсін жазады.
АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.
ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.
КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.
ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.
Әуенді терапия
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.
Уақыты: 7-10 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.
Кіріспе:
- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
- Алма бағы …
- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
- Дәмі керемет …
- Жеген сайын жегіңіз келеді …
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.
Жүректен жүрекке
Әр адам бір- біріне жылы лебіздерін білдіріп, бір- біріне жүрекшелерін сыйлайды.
Психологтың қорытынды сөзі.
Күнде өсіп-қарап, зерттеп бағады,
Зерттеген соң, зердеге сап алады.
Не тілесе соны біліп, түсінер,
Білген сайын іштен жиі күрсінер.
Ілім білген дана атанар ақыры,
Білім елге пайда берер ашығы!
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,
Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса…
Бала білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде-ақ ілім жоғын көсеңіз…
Бала миы – дақ тимеген қағаз нақ,
Миға сөзін ұмытпасқа жазар бақ.
Жүсіп Баласағұни
Сіз
қандай ата-анасыз?
(өз-өздерін
тест арқылы тексеру)
1.
Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге
біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын
жыртып келеді.
А)
Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп,
компресс қоясыз
Ә)
Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз,
бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге
ұрынатынын айтасыз
Б)
Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін
өзі істесін.
2.
Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың
тәртібі нашар, тыңдамайды.
А)
Сіз ол балалардың ата-аналарымен
сөйлесесіз
Ә)
Балаларды үйге шақырып, оларға әсер
етуге тырысасыз
Б)
Балаңызға достарының кемшіліктерін
айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын
түсіндіресіз.
3.
Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ
жеңілгенді ұнатпайды.
А)
Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске
үйренсін
Ә)
Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді
онымен ойнаудан бас тартасыз
Б)
Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды
әдейі туғызасыз
4.
Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға
бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.
А)
Ұйқының қандай маңызды екенін
түсіндіресіз
Ә)
Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз,
бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз
Б)
Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып,
жалғыз қалдырасыз
5.
Балаларға арналған телебағдарламаларды
азсынып, балаңыз күні бойы теледидар
көруге дайын.
А)
Балаларға арналған бағдарлама бітісімен
ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін
ғана теледидарды қосасыз.
Ә)
Оған нені көруге болатынын, және нені
көруге болмайтынын түсіндіресіз
Б)
Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз
6.
Балаңыз үлкендердің сөзіне көп
араласады.
А)
Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз
Ә)
Тыңдамағаны үшін жазалайсыз
7.
Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса
да өзінше ғашық болады.
А)
Бәрін сол қалпында қалдырасыз
Ә)
Балалық махаббатқа жол бермейсіз
Б)
«Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың
қандай болу керек екенін түсіндіресіз.
8.
Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады,
келемеждейді
А)
Есесін қайтаруға үйретесіз
Ә)
Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Б)
Балаңызды сол балалармен араластырмау
үшін бәрін жасайсыз
9.
Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді,
басқа балаларға қол жұмсайды
А)
Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз
(аяушылық білдірмейсіз)
Ә)
Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл
бөлесіз балаңызға
Б)
Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді
көруге тыйым саласыз
Жинаған
баллды ата —аналар өздері санайды
a ә
б
1 3 0
5
2 2 5
0
3 0 3
5
4 3 5
0
5 0 2
3
6 5 0
3
7 3 0
5
8 5 3
0
9 0 5
3
нәтижесін
психолог хабарлайды:
0
— 18 Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан
өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп
жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы
екенін ескермейсіз. Балаңыздың заманында
ең бастысы — адамдардың өз-өзіне
сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке
орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де,
дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп,
алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз.
Сізде ескі көзқарас қалыптасқан.
19
— 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір
сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз.
Бірақ та сіз заман талабына сай болу
үшін жарасып бағасыз. Тәрбиеде ескі
әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз.
Кездескен қиындықтарды балаңызға өз
бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған
жеткілікті түрде бостандық бергенсіз,
өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз. Бірақ
әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз
балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды
қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге,
жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.
36
— 50 Сіз балаңыздың мейірімділік пен
әділеттілігі басымдырақ,ақыл, ойды,
ашық мінезді, жеке пікірді бағалап,
өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір
сүретініне сенесіз.
Сіз қандай ата-анасыз?
Сауалнама
1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай
2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай
3. Келіспеймін - 1 ұпай
0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Сіз қандай педагогсыз?
Дата: 2011-09-22 19:19:32
1. Тәрбиеленушілеріңізбен әңгімелесуге уақыт бөлесіз бе?
2. Тәрбиеленушілеріңіздің жіберген қателіктерін түзетіп, байыбына жеткізе түсіндіресіз бе?
3. Тәрбиеленушілеріңіздің даму процессін қадағалайсыз ба?
4. Тәрбиеленушілеріңіздің сұрақтарына мұқият жауап бересіз бе?
5. Тәрбиеленушілеріңізді шектен тыс мақтап жіберетін кезіңіз бола ма?
6. Тәрбиеленушілеріңізбен әңгімелескен кезде беттеріне тіке қарайсыз ба?
7. Тәрбиеленушілеріңізді өз балаңдай жақсы көре, аласыз ба?
8. Тәрбиеленушілеріңіз қателік жіберсе қатты жазалайсыз ба?
9. Тәрбиеленушілеріңіздің қандай тәрбиеде өсіп жатқанына көңіл бөлесіз бе?
10.Тәрбиеленушілеріңіз сізге қатты ауыр сөз айтса, кешіре аласыз ба?
Жауабы:
Ия - 2 ұпай, Кейде – 1 ұпай, Жоқ, қарсымын - 0 ұпай.
Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0-7 ұпай: Тәрбиеленушілеріңіз мейіріміңізге зәру. Әңгімелесуге, сабағын қадағалауға уақыт таба бермейтініңіз өкінішті. Оқушыларыңыздың санасында өзіңізге деген салқындық орнатпай тұрғанда, олқылықтың орнын толтыруға асығыңыз.
8-16 ұпай:Тәрбиеленушілеріңізбен қарым- қатынасыңыз жақсы. Әрбір олардың болмашы жетістіктеріне жаныңыз марқайып қалады. Бірақ тәрбиеленушілеріңізді тым қорғаштай бермей, біліміне көңіл бөлгеніңіз артық емес.
17-20 ұпай:Тәрбиеленушілеріңізбен тіл табысуларыңыз, қарым-қатынасыңыз қандай тамаша. Тәрбиеге, ой- сапасының дамуына, талабын арттыруға көңіл бөліп, бар жағдай жасайтыныңыз сүйсіндіреді. Тәрбиеленушілеріңіз мейірім шуағына бөленуде.
Сіз қандай ата-анасыз?
Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста Сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:
1. Саған қанша рет қайталап айтамын. 2 ұпай
2. Маған ақылыңды айта қойшы. 1
3. Мен сенсіз не істер едім! 1
4. Сонша кімге тартқансың! 2
5.Сенің достарың қандай тамаша адамдар! 1
6. Түу, кімге ұқсағансың! 2
7. Мен сенің кезіңде ... 2
8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой! 1
9. Сенің достарың өзі қандай адамдар ... 2
10.Сен тегі не ойлап жүрсің ?! 2
11. Сен менің ақылшымсың! 1
12.Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың ... 1
13. Басқаның баласы бала сияқты да, ... 2
14. Сен қандай ойлап тапқышсың! 1
Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине,Сіздің қандай ата – ана екеніңізді Сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек Сізге ой салуға ғана беріліп отыр.
7 – 8 - Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.
9 –10 ұпай – Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан Сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлар мен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.
11 –14 ұпай – Сіздің балаңызбен қарым – қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдаймыз. Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.
Ата-аналарға арналған тест
Балаларды ата-аналар тәрбиелейді. Ал ата-аналарды ше? Бұл күрделі сұраққа жауапты ата-аналардың өздері біледі.
Берілген тұжырымдардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.
а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай).
б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай).
в) қолымнан келмейді (1 ұпай).
Тест сұрақтары:
1. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.
2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.
3. Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.
4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.
5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім.
6. Баламның орнына өзімді қоя аламын.
7. Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын.
8. Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын.
9. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.
10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын.
11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.
12. Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін.
13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын.
Тестің кілті:
30-39 ұпай аралығында - өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбат адам – балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз.
16 ұпай мен 30 ұпай аралығында – бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек) ойлану қажет.
16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.
Cіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
(Қолыңыздан келе ме?)
Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.
а) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын
ә) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын
б) қолымнан келмейді
1. Кез-келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?
2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?
3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?
5. Егер баланың қылығы Сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?
6. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
7. Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?
8. Бала кезіңізде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?
9. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?
10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?
11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?
12. Егер де Сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа, елеп-ескермеу Сіздің қолыңыздан келе ме?
13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұрап тұрса, Сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?
Кілті: а – 3 ұпай; б – 2 ұпай; в – 1 ұпай
16 ұпайға дейін – баланы тәрбиелеуде Сізде үлкен мәселелер бар. Сізге не білімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.
16-30 ұпай – Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе – ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде Сіз тым қаталсыз, кей жағдайда – тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуге мән берген өте қажет деп ойлаймыз.
30-39 ұпай – бала – Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық. Сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.
Ата-аналарға арналған тест
“Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?”
1.Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды Сіз қалай байқадыңыз?
а) ол өзі маған бұл туралы айтты
б) ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады
в) мен ана болғандықтан бұны сездім
г) бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым
2.Сіздің балаңыздың досы Сізді:
а) екінші анасы сияқты сезінеді
б) Сіз кіргенде үндемей қалады
в) құрметпен, бірақ салқын қарайды
г) құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды
3.Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз Сізді шақыра ма?
а) кейде
б) жоқ, ешқашан
в) шақырды, бірақ мен келіспедім
г) олардың жиналатын орны маған ұнамайды
4.Көптеген ата-аналар балалары олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады. Ал Сіздің жағдайыңызда:
а) бұлай болмайды, себебі олар үшін бұл заттар модадан шығып қалған
б) бұлай болмайды, себебі оған сәйкес (шақ) келмейді
в) мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді
г) рұқсат бермеймін, себебі әрбір адам өз затын пайдалануы қажет
5.Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығушылығын байқап қалдыңыз, Сіз:
а) оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ
б) балаңыздан “саған бұл хабар ұнай ма?”- деп сұрайсыз
в) ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін
г) біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын
6.Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: “біздің кезімізде бұлай ... болмаған”:
а) 1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі өзгеретінін мойындаймын
б) қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ
в) аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын
г) мен бұлай оған айтқан жоқпын
Тестің қорытындысы:
4-6 рет “а” жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Ең дұрысы Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.
3 немесе одан аз “а” жауабы - өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.
Ата-аналарға арналған тест
“Сіз қандай тәрбиешісіз?”
1.Бала сыныптасымен төбелесіп қалды, Сізді тез арада мектепке шақыртып жатыр, не шара қолданасыз?
а) ызалықпен жазалайсыз
ә) жөнін сұрап, қай себеппен төбелес шыққанын анықтайсыз, содан кейін шешім қабылдайсыз
б) ең алдымен сынып жетекшісімен сөйлесесіз
2.Үйді жинап жатқанда, бала кездейсоқ вазаны сындырып алды, Сіздің әрекетіңіз:
а) ең біріншіден, желкеден бір қоясыз
ә) ашу үстінде: “Жоғал! Сенің көмегіңсіз-ақ істеп аламын”-деп айғайлайсыз
б) баланы жұбатасыз, ол әдейі істеген жоқ қой
3.Егер Сіз баланы жазаладыңыз, содан кейін өзіңіз дұрыс істемегеніңізді сездіңіз, онда:
а) өз беделіңізді түсірмейін деп, үндемейсіз
ә) кешірім сұрайсыз
б) қатеңізді түсініп, үлкендердің де қателесетінін айтып түсіндіресіз
4.Бала Сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр, Сіз шаршап тұрсыз... Сіздің әрекетіңіз:
а) итеріңкіреп: “Бір сәт сенен демалайыншы”
ә) ойланбастан, амалсыздан жауап бересіз
б) шаршағаныңызды түсіндіресіз, бұл сұрақты басқа уақытқа қойып, уақытын белгілейсіз
5.Бала Сізден шығарма жазуға көмек сұрайды. Сіз не істейсіз?
а) жазасыз, оған тек қана шығарманы көшіріп алу қалады
ә) қатаң айтасыз: “өзің жаз, сонда ғана үйренесің”-деп
б) мазмұнына көмектесіп, әдебиетіне нұсқау беруге қол ұшын бересіз. Одан кейін өз ойымен жазады
6.Бала анасына – “аквариум сатып алып, балық ұстайықшы”-дейді. Сіз не деп жауап бересіз?
а) бірден: “Ол сенің уақытыңды алады”,-дейсіз
ә) “Жарайды, сен соны қаласаң, мен саған аквариумда балық ұстауға көмектесемін”-дейсіз
б) “Егер сенің ынтаң терең болса, мен саған сатып алып берем, бірақ есіңде болсын, өзің қарайсың”-дейсіз
Тестің кілті:
Егер Сіз барлық 6 сұраққа да “б” әрпімен жауап берсеңіз, Сіз жақсы тәрбиешісіз.
Егер Сіздің жауабыңыз “б” әрпінің 3-еуіне ие болса, Сізге өз әдет-қылығыңызға назар аударғаныңыз артық емес.
Егер одан да аз жауап берсеңіз немесе жауапты ойланбай белгілесеңіз, өз психологиялық әдістеріңізге тереңірек ой салуыңызға тура келеді.
Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері
Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде.
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі:
адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының мәдени құндылығына қол жеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді;
білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақты дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады.
Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.
Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Қазақ тілін (кез келген басқа да тілді) сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.
Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.
Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ..
Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.
Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады: Қазақ тілі сабақтарында көздейтін-мақсат балаларға жалаң сөз жаттау емес әрбір сабақта үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.
Қазақ тілін оқытудағы рөлдік ойындардың орны
Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор.Ойын — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де,бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.
Рөлдік ойындардың негізгі талаптары
Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.
Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай?
Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.
Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.
Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.
Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.
Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.
Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды.
Драматизацияланған ойындар
Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.
Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
а)
шығарманы өзгертпей дәл түрінде
сахнаға қою;
б) мәтінге шығармашылық
түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.
Балаларды сөйлеуге үйрету.
Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді.Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн.
Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды.
Сіз қандай ата-анасыз?
Кез келген өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?
Балаңызбен қарым — қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
Өзіңізді балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кездің өзінде ұстай және игере аласыз ба?
Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айта аласыз ба?
Балаңыз уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
Баланың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?
Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
Баланың көз жасына еркелеген дөрекі мінезіне уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
Әрқашан жасаймын, келісемін — 3 ұпай
Кейде ғана келісемін — 2 ұпай
Келіспеймін — 1 ұпай
Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0-16
Бала
тәрбиесі сіз үшін үлкен мәселе. Бала
тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог
немесе психолог мамандардың көмегіне
сүйеніңіз.
16-30
Сіз
үшін балаға қамқорлық жасау бірінші
кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда
тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ
тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір
қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан
жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлде
жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен
ойлану керек.
30-39
Бала
сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны.
Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай,
әрі ойын тануға, сыйлы көзбен
қарауға тырысасыз.
Баланың мектепке дайындалуына қалай көмектесу керек?
Әр ата — ана баласының темпераментін білу керек.
Бұл баланы оқытуда негізгі кілті болуы мүмкін.Егер бала флегматик болса, балаға барлығын көрсетіп, қайталатып отыру керек.
Егер бала холерик болса, ата — аналар әрқашан жаңа тапсырмалар беріп отыруы керек. Егер тапсырмаларды бермей, жаңартып отырмаса баланың білімге деген құштарлығы сөніп , бала босап кетуі мүмкін.
Егер бала меланхолик болса, ол бәрін баяу және жете орындайды.Ата — ананың міндеті: уақытында баланы қолдап, мадақтап отыру.
Сангвиник — балалар алаңғасар болып келеді.Бұндай балаға ата — анасы оның зейінін әр бөліктерге әрқашан аудартып отыру керек.
Тест тапсырушы баланың ата — анасына кеңес
Бірінші. Күйгелектенбеу. Ата — ананың кернеулік жағдайы балаға ауысуы мүмкін.
Екінші. Ата — ананың бағдары көп кедергі келтіруі мүмкін.Бала анасының айтқан жауабынан аса алмай, өз жауабын ұмытып қалуы мүмкін.
Үшінші. Баладан жоғары нәтиже көрсетуін талап етпеу керек.
Кеңес
Баламен тест алдында мектепке бару, мектепті аралау, мұғалімдермен таныстыру. Бұл баланың тест беру барысында өзіне -өзі сеніп , жайлы сезінуіне көмектеседі.
Кейбір ата — аналар өз балаларын данышпан деп бағалайды, кейбіреуі балаларының жетістіктеріне көп көңіл бөле қоймайды.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Сіздің балаңыз ерте оқып үйренді, алты жасқа дейін: өздігінен — 7 ұпай, біреудің көмегімен 5-ұпай.
Тез және көп оқиды — 2 ұпай.
Өздігінен немесе біреудің көмегімен сөздік, энциклопедия оқуға қызыға бастады — 2 — ұпай
Тез оқып үйренді ме? Бірақ оқу барысында қиындықтар туындайды — 1- ұпай
Есікті жауып алып оқи ма? Оның достары өзінен жасы үлкен — 2 ұпай
Ересектермен еркін сөйлеседі — 2 ұпай
Көптеген тақырыптарда сұрақтар қоя ма? Сұрақтарға жауаптары әрқашан дайын ба? Күтпеген сұрақтар — 1 ұпай
Кейде алаңғасар бола ма? Бірақ, қорытынды жасай алады ( мысалы, өзінің көрген киносы бойынша ) — 2 ұпай
Қоршаған ортаға байланысты әңгімені жалғастырып әңгімелесуге тез араласады және өз бағасын бере алады — 1 ұпай
Әділетсіздіктер өзіне қатысты болмаса да, әділетсіздіктерді тез сезінеді — 2 ұпай
Әзілді түсінеді және әзілдесе алады -2 ұпай
Сөздік қоры мол , сұхбаттасу барысында қолдана алады — 2ұпай
Интеллектуалды қиын ойындарды ойнағанды жақсы көреді — 2 ұпай
Музыканы қабылдауы жақсы дамыған — 2 ұпай
Жиналған ұпай санын қосып санаңыз 10-12 ұпай — Бойында жақсы қабілеттер бар және оқуға деген ынтасы жоғары. Ол сізден оқытуды сауатты, толық ұйымдастыруыңызды талап етеді.
Бірінші сыныпқа қабылдау Үй тапсырмасы
Егер үйде төмендегі тапсырмаларды балалармен орындап отырсаңыз, онда бірінші сыныпқа қабылданар алдындағы тест сұрақтарынан ойдағыдай өтеді.
Үстел, орындық, диван — бұлар ……. Қызыл, жасыл, көк — бұл…….. Артық сөзді тап: аю,мысық, түлкі, арыстан, жолбарыс;
Мына сөздерде неше дыбыс бар: орман, көктем;
Бестен бір санға төмен санды атап айт.
Қай заттың саны көп: алты дәптер — жеті қалам. Суретке қарап әңгіме құр.
Мына суретті жеті бөлікке бөліп қиып, кейін қайта жина.
Он айырмашылығы бар екі суретті тауып көрсет.
Үйдің суретін қайталап сал.
Графикалық диктант өткізу: «Тор көзге нүкте қойып, екі тор оңға, бір тор жоғары т.с.с.»
Баланың есте сақтау қабілетін арттыру: заттардың санын есіңде сақта, орналасу ретін есіңе сақта.
Ата-аналарға арналған сауалнама
Баланың аты-жөні
Туған жылы,күні
Қызығушылығы
Мекен-жайы.Үйінің телефоны,көршілерінің немесе туған-туыстарының телефоны.Білімі.
Ата-анасының жұмыс орны,қызметі,телефоны.Білімі.Қызығушылығы.
Отбасы құрамы.18 жасқа дейінгі балалардың туған жылы.
Әлеуметтік жағдайы
Тұрғын үй жағдайы
Құрметті ата-аналар!
Ата-аналар,балалар және мұғалімдермен тығыз ынтымақтастық байланыста болу үшін төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінеміз.
Балабақшадан нені күтесіз?
Балабақшада не көңіліңізден шықпайды?
Балаңыздың мінезіне тән қандай ерекшеліктер бар?
Тәрбиешілер тарапы жағынан қандай ерекше жеке көңіл бөлуді талап етеді?
Балаңыздың бойында қандай қабілеттер бар?
Оның жасында ата-аналарының бойында қандай қабілеттер болды? Одан әрі қалай ақталды?
Сіз баланыздың қандай пәнге бейімділігін байқадыңыз?
Қай пән бойынша қиналады?
Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?
Психологтың көмегі керек пе? Қандай сұрақтар бойынша қажет?
Жақсы білім деп нені есептейсіз?
Мектепке, сыныпқа қандай көмек көрсетер едіңіз?
Басқару саласындағы қызығушылыққа қайсысының рөлі басым Сіз мейірімді адамсыз ба?
(психологиялық тест)
Әркім-ақ өзін кеңпейілді, мейірімді адаммын деп есептейді немесе сондай жандардың қатарында болғысы келеді. Кімнің болсын өзі туралы жақсы ойлауға қақысы бар емес пе? Бірақ шын өмірде қандайсыз, міне мәселе осында. Қазір сіздің қаншалықты мейірімді екеніңізді байқап көрелік. Мына сұрақтарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап беріңіз:
1. Сіз әжептәуір ақша таптыңыз.Осы ақшаға түгел дос-жаран мен жақын-туысқа сыйлықтар алып беруіңіз мүмкін бе?
2. Бір дос-жаран адам келіп Сізге мұңын шақты. Оның қайғысы жаныңызға батқан жоқ, осыны сіз ымдап байқатар ма едіңіз?
3.Сіз картаны немесе биллиардты керемет ойнайсыз. Ал танысыңыз нашар ойнайды. Ол қуанып қалсын деп Сіз анда-санда ұтыласыз ба?
4. Адамдар қуанып қалсын деп, оларға үнемі әзіл-қалжың, жақсы сөз айтып отырасыз ба?
5.Мысқылдап, кекеткенді жақсы көресіз бе?
6. Сіз кекшілсіз бе?
7. Өзіңіз ұнатпайтыни нәрсені асқан сабырмен тыңдап тұра аласыз ба?
8. Өзіңіздің қолыңыздан келетін дүниені ешкімге жалынбай істеп кете бересіз бе?
9. Жеңіліп бара жатқыныңызды сезсеңіз қандай да бір сылтаумен ойынды тоқтатасыз ба?
10. Егер өзіңіздің ісіңіздің ақ екеніне сенсеңіз, оппонентіңіздің сөзін тыңдаудан бас тартасыз ба?
11. Біреулердің өтініштерін бұлжытпай орындайсыз ба?
12. Жиналғандарды көңілдендіру үшін бір адамды құрбандыққа шалып келемеждейсіз бе?
Қортынды:
1,3,4,7,11 - сұрақтарға "иә" деп жауап берсеңіз, ал 2,5,6,8,9,10, 12- сұрақтарға "жоқ" деп жауап берсеңіз, әр жауапқа 1 ұпайдан жазыңыз.
8-ден жоғары ұпай жинасаңыз,онда сіз мейірімді жансыз, маңайыңызға ұнайсыз, адамдармен тіл табысып, сөйлесіп кету сізге оңай. Біздің ойымызша, сіздің досыңыз көп. Бір нәрседен ғана сақтаңыз: ешқашан жұрттың бәріне ұнаймын деп жалбақтай бермеңіз.Адамның бәріне жағу мүмкін емес.
4-8 арасында болсаңыз, онда сіздің көңіліңіз істің сәтіне, жағдайдың ретіне қарай кеңейіп, тарылып отырады. Сізді елдің бәріне бірдей жайылып жастық, көсіліп көрпе болады деу қиын. Кейбір жанмен арқа-жарқа араласа кетесіз. Кейбіреумен 2 минут сөйлесудің өзі мұң болады. "Бірде көл, бірде шөл"деген осы. Бірақ бұл сонша қайғыратын іс емес. Тек, адамдарды алаламау үшін бәріне бірдей қарауға тырысыңыз.
Сіз 4 ұпайдан төмен жинасаңыз, кешірерсіз, сізбен араласу ең жақын туыстардың өзіне де қиын соғады. Мейірімді болыңыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" дейді. Дос сонда ғана көбейеді. Өйткені достыққа ең қажетті дүние - мейірім.
а) ананың, б) әкенің?
Отырғанда:
Тізеңізді
бірінің үстіне бірін қоюға «әуес»
болсаңыз,
өзіңізге өте сенімдісіз. Қандай қиындықты
да жеңе алатыныңызға, қандай істі де
тындыра алатыныңызға шүбә келтірмейсіз.
Расында да солай: жұмыста да,
тұрмыс-тіршілікте де сіз қандай тығырыққа
тірелсеңіз де қиналмай шешесіз.
Екі аяғыңызды бір-бірімен орап «тастауға» дағдылансаңыз, өзіңізге сеніміңіз жоқ, не нәрсені де қолыңыздан келмейтіндей, шама-шарқыңыз жетпейтіндей көріп, тайсақтап, қорғаншақтайсыз да жүресіз. Бүгін шешетін, бүгін іске асыратын шаруаны ертеңге қалдыруды «жан тыныштығының» бір жолы сияқты көресіз. «Ажалдан басқаның бәрі тезірек болғаны жақсы» деген қағида сізге жүрмейді. Бірдеңелерге қол жеткізгіңіз келсе, шираңыз, батылданыңыз. Әйтпесе, бәрінен қорқып-үрке берсеңіз, қамшының сабындай қысқа ғұмыр өтеді де шығады.
Аяқты айқастырып, алға созып жіберуді әдет қылсаңыз, мінез-құлқыңыз өктем, маңайыңызды өзіңіздің айтқаныңызбен жүргізіп-тұрғызғыңыз келеді. Қашанда, қай жерде де, қай ортада да өзіңіз басшы, өзгелер қосшы болғанын қалайсыз. Жұртпен тіл табысып, тіршілік ету сіз үшін қиынның қиыны.
Екі
тізенің арасын қосып, табаныңызды жерге
қойып отырсаңыз:
Маған
кім не істер екен деп үнемі қорғаныста
жүретініңіз болмаса, өз тарапыңыздан
бастама көтеруге, ара-тұра болса да
әлдебір істің басында, тізгін ұстап
отыруға жоқ адамсыз. Жұрт өзіңізді
сабырлы көреді, бірақ сізде одан гөрі
тұйықтық, жасқаншақтық басым. Ешкімге
қосылмай, өзіңізбен өзіңіз жүретініңіз
де содан.
Табанның
ұшын қосып, өкшені алшақтатып отыруға
әдеттенсеңіз, кінәмшіл,
шамшылсыз. Сізге қай істе де кесімді
пікір айтудан қиын нәрсе жоқ. Көптен
танитын адамдар болмаса, ешқандай ортаға
сіңісіп, біреулермен емен-жарқын араласып
кете алмайсыз.
Тұрғанда:
Табандарыңызды қатар қойып, түзу тұрсаңыз, қандай жағдайда да өз қалпыңызды жоғалтпайтын, мінез-құлқыңыз салмақты жансыз. Туыстарыңыз бен достарыңыздың артық-ауыс сөзіне, іс-әрекетіне кешіріммен қарайсыз. Бұл қасиетіңізді үйдегілер де, түздегілер де жоғары бағалайды. Сондықтан да маңайыңызға ағайын-тума, дос-жараныңыз әрдайым үйіріліп жүреді.
Салмақты бір аяққа салып, екінші аяғыңызды бос ұстасаңыз, біреулермен пікір таластыруға бейім, ойдағыңызды ашық айтып тастайтын қызуқандысыз. Мақсатыңызға жетпей тыным таппайсыз. Көпшіліктің көңіл аударғанын, халықтың назарында жүргенді жаныңыз сүйеді.
Екі қалтаңызға қол салып, екі аяқтың арасын алшақ қойып, төңірекке нығыздана көз тастауды ұнатсаңыз, алған бетіңізден қайтуыңыз қиын, өзіңізге аса сенімді жансыз. Бірдеңені мақсат етсеңіз, соны қалайда орындап шығуға тырысасыз. Дегенмен тым бірбеткейлік жақсылыққа апармайды.
Айналаңыздағылармен қалыпты қарым-қатынас жасағаннан ұтылмайсыз.
Мінез. Қимыл. Ой.
Психологтар адамдардың кейбір әрекеттері мен қимылы оның ойы мен мақсатын да білдіретіндігін айтады.
Аяқты айқастырып отыру қорғанысқа көшуді білдіреді. Мұны көбінесе әйелдер жасайды.
Сұқ саусағын көтеріп сөйлейтіндер — жасырын түрде қарсы алдындағы адамға ескерту жасап жатқаны. Тіпті, жаңадан тағайындалған басшы күлімдеп тұрып өз қызметкерлеріне: «Біздер әлі бірге көп жылдар бойы жұмыс істейміз», — деп тұрып, жоғарыдағдай қимыл жасаса, ол оның: «Аяқтарыңды байқап басыңдар!» дегені.
Қолдарын айқастырып отыру жағымсыз көрінгенімен, ол — қамығу, қиналудың белгісі.
Қолдарын
артқа байлап тұру —
сенімділік және қарсыласын «жекпе-жекке»
шақырғандық.
Қолмен
жақты сипау —
бір шешім қабылдауға іштей дайындалудың
белгісі. Алдыңдағы адам сенің сөзіңді
тыңдап отырғанында қолымен
жағын сүйеп отырса,
қолының бас бармағы жағының астында
болса, онда оның сізді сынап отырғаны,
тіпті қарсы пікірде екендігі.
Өтірік айтып тұрғандар бетіңе тура қарамай, екі көзін алып қашады. Ер адамдар өтірік айтқанда, көбінесе, жағасын ұстап, көйлегінің алқымын кеңейтіп жатады.
Тамақ және мінез-құлық
Тәттіге әуес адамдар — мақсат-мүддесі айқын адамдар. Олардың милары ақаусыз жұмыс істейді.
Алайда шамадан тыс көп жеудің салдары семіздік пен қант диабетіне шалдықтыруы мүмкін.
Етті
өте көп жейтіндер мейірімсіздер
деп есептеледі. Олар өз мақсаттарына
жету үшін неден болса да тайынбайды.
Отбасында мазасыз, күдікшіл.
Мұндай
адамдар көбіне миокард, инфаркт, жүрек
талмасы, инсульт ауруларына шалдығады.
Ұннан
дайындалған тағамдарды
ұнататындар — жұрттың әрекеттерін
талқылап отыруға бейім. Жұмыс орнын көп
өзгертеді. Отбасында момақан, үйдегілердің
айтып жатқан сын-ескертпелерін жүре
тыңдайды.
Жүйкелері ауырады, депрессияға ұшырайды.
Экзотикалық жемістерді, ащы тұздықтар мен дәмдеуіштерді ұнататындар — ақылсыз, ұшқалақ, кірпияз. Өтірікке бейім келеді. Сын көтермейді, өкпешіл, фантастикалық кітаптар оқиды, саяхатшыл. Ақшаны жақсы табады, бірақ ұқсата алмайды. Сонымен қатар жақсы дос та, жақсы басшы да бола алмайды. Мұндай кісілердің, көбінесе, сүйектері сынады.
Картопты
жақсы жейтіндер —
жалқаулар. Бірақ
қолға алған істері өнімді. Кітапқұмар
болады. Олардың сырқаттары — подагра,
тас байлану науқастары, остеохондроз.
Тамақ
талғамайтындар жан-жақты
келеді. Олар — еңбекқор. Балаларын да
солай тәрбиелейді. Ұзақ өмір сүреді,
ауырса тез жазылып кетеді.
Күлкі
Күлген кезде аузыңызды алақаныңызбен көлегейлесеңіз, ұяң, именшек, өзіңізге сеніміңіз аз адамсыз. Қай істе де тасада, қағаберіс қалуды, көзге түспеуді қалайсыз. Түкке тұрмайтын, келіп-кетер ештеңесі жоқ нәрселер үшін жиі мазасызданып, дегбіріңізді бостан-босқа қашырасыз. Сізге іс-әрекетіңіздің бәріне мән беріп, саралай беруден, өзіңізге өзіңіз тым кінәмшіл, сыншыл болудан бой тартқан жөн.
Басыңызды шалқайтып, шалқалақтап күлсеңіз, кісіге сенгіш, тез алданғыш жансыз. Ойыңызға келгенді еш іркілмей-ақ жүзеге асырып тастауға бейімсіз. Сезімді ақылға жеңдіріп, байсалдырақ болсаңыз ұтылмайсыз.
Бетіңізді қолыңызбен көлегейлеп күлсеңіз, арманшыл, қиялшылсыз. Бұл, әрине, жақсы. Бірақ құр қиялдың жетегіне ергеннен пайда жоқ екенін ескеріңіз.
Жарқын жүзбен қарқылдап қатты күлсеңіз, жағдайға, ортаға бейімделгіш, мейірбан, ақпейіл болғаныңыз. Сезіміңізді де, іс-әрекетіңізді де қадағалай білесіз. Біреуді ренжітетін, кісінің көңіліне қаяу салатын кезіңіз сирек.
Мұрныңызды тыржитып күлсеңіз, сезімге берілгішсіз, мінез-құлқыңыз құбылмалы. Бір басыңызға жететін қырсық, қыңырлығыңыз бар.
Иегіңізді ұстап күлсеңіз, байыпты, ұстамды мінездің, өзіңізге сенімділіктің, екі аяқты нық басып тұрғаныңыздың белгісі. Сізге іскерлік, табандылық тән.
Шынашағыңыздың ұшын ерніңізге тигізіп күлсеңіз, басқаларға әсер-ықпалыңызға көп көңіл бөлесіз, жұрт көзіне қалай көріну жөнінде өз түсінігіңіз бар. Үнемі назарда болуға ұмтыласыз.
Белгілі бір қалып сақтамай, әр кезде әртүрлі мәнерде күлсеңіз, өзгенің не ойлағанына бас қатырмайтын, тек өз пікір, өз түйсігімен жүретін өзімшілдеу адамсыз. Мұныңыз жұрттың бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін.
Біле жүріңіз!
Бас терісі қалың адам — ұйқышыл. Шашы қатты кісі — қайратты. Желкесі шұқыр адам — кесір. Бойы ұзын адам — ақкөңіл. Қалың қабақты кісі — дөң, бүкпе мінезді. Ерні жұқа кісі — сөзшең. Көзі кішкене адам — қу. Көзі үлкен адам — қорқақ. Көзі көк адам — мылжың. Саусақ саласы ұзын кісі — береген, саусақ саласы қысқа кісі — сараң. Қалқан құлақ — сөзге ергіш.
Мінез. Көңіл күй. Денсаулық
Жайдары жүрмесеңіз, бүйрегіңіз ауырады, ішкі құрылысыңыздың жұмысы нашарлайды.
Мейірімді, қайырымды болмасаңыз, бұлшық еттеріңіз бос болады, әсіресе, іш-құрылысының, жүректің бұлшық еттері босайды.
Қатыгез адамдарда тас пайда болады, ісік ауруына шалдығуы да мүмкін.
Өкпелегіш, кінәмшіл, кешірімсіз болсаңыз, асқазан асты безінің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады.
Сараң болсаңыз, ағзада жиналған улы заттар сыртқа шықпай, өзіңізді улайды. Болашаққа сеніміңіз болмаса, өкпе ауырады.
Үмітіңіз үзілсе, туберкулезге шалдығасыз.
Сабырлы, қарапайым болмасаңыз, қалқанша бездерінің шеміршектері зақымданады.
Пайдакүнем, қанағатсыз адамның қан қысымы көтеріледі.
Жақсылық ойлайтын адамның, жақсы іске тілектес адамның иммунитеті күшті болады.
Сезімталдық — ақыл-ойды топтастыра алатындарда кездеседі. Дәмді жақсы сезу — қанағатшылдарға тән.
Ешкімге сенбейтіндер көбіне буын ауруына шалдығады. Ал өз-өзіне сенбейтін адамдардың сүйегі ауырады, тістері тез түседі.
Біреудің арқасында күн көргілері келгендердің ішінде үлкен құрттар пайда болып, ағзаны улайды.
Шаш түсу — қиыншылықтан қорқудың белгісі. Көп уайымдаған адам қаназдыққа шалынады.
Отбасы – қасиетті ұғым. Үйленіп үй болғаннан кейін отбасының барлық ауыртпалығын көтере білу ердің де әйелдің бұлжымас парызы. Ер адам табыс тауып әкелуге міндетті. Ал, жары оны ұқсата білуі қажет. Алайда отбасының тұтастығы, әсіресе бала тәрбиесіне келгенде екеуі бірдей жұмыла әрекет еткені жөн. Көп жағдайда еркектер “мен ақша әкеліп берсем болды, қалғаны әйелдің шаруасы” деп түсінеді. Ол дұрыс емес. Ал, сіз қандай отағасысыз? Өзіңізді тексеріп көріңіз: әрбір “иә” жауабына 1 ұпай, “жоқ” жауабына 0 ұпай.
1.Жұмыстан
соң үйге қайтуға асығасыз ба?
иә
жоқ
2.
Күнде кешкісін әйеліңізге бірер
минутыңызды бөліп, онымен пікір алысып,
ойларыңызды бөлісуді қажет деп санайсыз
ба?
иә
жоқ
3.
Балаңыздың немесе қызыңыздың сынып
жетекшісінің аты-жөнін білесіз бе?
иә
жоқ
4.
Отбасының керек-жарағы үшін аптасына
қанша қаражат жұмсалатыны сізге мәлім
бе?
иә
жоқ
5.
Әйеліңіз сіздің қызметіңізден хабардар
ма?
иә
жоқ
6.
Жұбайыңыз сіздің қызметіңіздің маңызын
түсіне ме?
иә
жоқ
7.
Ол сіздің қанша табыс табатыныңызды
біле ме?
иә
жоқ
8.Әйеліңіз
сіздің іскерлік қарым-қатынастағы
достарыңызбен таныс па?
иә
жоқ
9.
Сіз іскерлік кездесуден, жарыңызбен
бірге киноға немесе қонақтыққа бару
үшін бас тартып көрдіңіз бе?
иә
жоқ
10.
Сіз әйеліңіздің достарын жақсы танисыз
ба?
иә
жоқ
11.Сіз
әйеліңіздің соңғы оқыған кітабын білесіз
бе?
иә
жоқ
12.Оның
таңертең ұйқыдан қай уақытта тұратыны
сізге мәлім бе?
иә
жоқ
13.
Жарыңызбен бірге демалысты қайда
өткізетіндеріңізді жоспарлайсыз
ба?
иә
жоқ
14.Болашақтағы
жоспарларыңызды әйеліңізбен бөлісесіз
бе?
иә
жоқ
15.Ол
сіздің жоспарларыңызбен келісе ме?
иә
жоқ
16.Әлі
күнге бір-бірлеріңізді сүйетіндіктеріңізге
сенімдісіз бе?
иә
жоқ
Жауабы:
11-16
ұпай:
Сіз жақсы қызметкер, әрі адал
жар, үлгілі әке екенсіз. Өзіңізді қызметте
де, үйде де еркін ұстай аласыз. Айналаңызды
қоршаған адамдардың бабын таба білу
сізге қиынға соқпайды. Сіз жақсы
отағасысыз.
6-10
ұпай:
Сіз өте жұмысбасты адамсыз.
Мұрныңыздан су кеткенше жұмыс жасауға
әзірсіз. Сіз үшін отбасы мәселелері
екінші орында. Отбасының ортасында
көбірек болуға уақытыңызды қимайсыз.
Ол уақытты жұмысқа арнағанды артық
санайсыз. Әрине қызметіңізде мін болмағы
жөн. Дегенмен жарыңыз бен балаларыңызға
да жиі көңіл бөлуіңіз қажет. Әйтпесе,
жалғыз қалуыңыз ғажап емес.
0-5
ұпай:
Сіз қызметтен кейінгі уақытыңызды
сыртта өткізгенді ұнатасыз. Көңілді
кештер мен түнгі клубтар сіздің тұрақты
мекеніңізге айналған секілді. Көп
уақытыңыз серілік құрумен өтіп жатқанға
ұқсайды. Бір мезет отбасыңыз бар екенін
ойланып көріңіз. Ақыл тоқтататын уақыт
жетті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген