Тақырыбы:
«Ойын арқылы балалардың сезімдік әлемін
дамыту»
Мақсаты:Балалардың
өзін-өзі бағалай білуге үйрету, бір-бірімен
достық қарым-қатынас онату, жылдамдыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Зерттеу
әдіс-тәсілдері:
тренинг, жаттығу, ойын.
Жүру
барысы:
Ұйымдастыру.
Жылулық шеңбері
Сергіту
жаттығуы
«Орнымыздан
тұрамыз, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар
жасату)
Қолды белге қоямыз,
Иілеміз
оңға бір,
Иілеміз солға бір,
Жоғары
қолды созамыз,
Аяқтың ұшында
тұрамыз,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз
тынығып аламыз.»
І.
«Қызыл, сары, ақ қолдар» жаттығуы
Мақсаты:
балалардың зейінін бір арнаға тоғыстыру,
педагогтың айтқанын тыңдауға үйрету
және тыныс алу жаттығуын жасату.
Нұсқау:
«Қызыл
қол» — шулаймыз «А-А-А-А-А-А»
«Сары
қол» — сыбырлаймыз «У-У-У-У-У-У-У»
«Ақ
қол» — тынышталамыз. (үнсіздік)
ІІІ.
«Тоқыма жіпті жинау» ойыны
Мақсаты:
баланың бойындағы ызаны, ашуды сыртқа
шығару және баланың саусақ моторикасын
дамыту.
Нұсқау: Балалар тарқатылған
тоқыма жіпті жинау арқылы шыдамдылыққа
үйренеді, әрі бойындағы ашу-ызаны жіпті
тездетіп жинау арқылы сыртқа шығарады.
ІV.
«Қағаз умаждау» ойыны
Мақсаты:
барлық жағымсыз эмоцияларды қағаз
умаждау арқылы сыртқа шығару және одан
құтылу.
Нұсқау: қағаз умаждау арқылы
жағымсыз күйлерді сыртқа шығару және
қағазды шелекке салу арқылы сол күйден
мүлдем арылу.
V.
Сергіту сәті.
Мақсаты:
балалардың бойын сергіту
«Тербеледі
ағаштар, (оңға, солға тербелу)
Алдымнан
жел еседі. (екі қолдарымен беттерін
жуу)
Кіп-кішкентай балалар (жүресінен
отыру)
Үп-үлкен боп өседі.» (қолдарын
көтеріп, тұру)
VІ.
«Ақ лақ пен көк лақ» ертегісі бойынша
рөлде ойнау.
Мақсаты:
балалардың бойындағы жағымсыз эмоциялардан
арылту.
Нұсқау: «Ерте-ерте ертеде екі
лақ өмір сүріпті. Бір күні екеуі көпірдің
үстінде кездесіп түйісіп қалыпты:
«Жол
бер!» — деді ақ лақ.
«Жол бер!»- деді
көк лақ.
Сөйтіп екеуі ұзақ мүйіздерін
түйістіріп тұрып алады.»
Балалар
екі-екіден бөлініп, ақ лақ пен көк лақ
болып ойнайды. Және сол арқылы агрессияны
сыртқа шығарады.
VІІ.
«Түрлі-түсті макарондардан мойыншақ
жасау»
Мақсаты:
саусақ моторикасын дамыту, қолды жазуға
дайындау және балаларды щыдамдылыққа
үйрету.
Нұсқау: балалар екі
топқа бөлініп түрлі-түсті макорондардан
моншақ жасайды.
Сол арқылы саусақ моторикасын дамытады.
VІІІ.
«Жеміс-жидекпен ат қою» ойыны
Мақсаты:
бір-бірін жеміс-жидекпен атау арқылы
балалардың көңіл-күйін көтеру және
бір-бірін жаман сөздермен балағаттауға
болмайтындығын түсіндіру.
Ескерту:
балалар бір-бірін жеміс-жидекпен атағанда
ренжімеу керектігін ескертеміз.
Нұсқау:
«сен алмасың», «сен қарбызсың» т.б
ІX.
«Мейірімді жануар» ойыны
Мақсаты:
балаларды мейірімділікке, достастыққа
шақыру.
Нұсқау: шеңберге тұрып қолдарын
ұстайды. Шеңбердің ішіне және сыртына
қарай кезегімен мейірімді жануар сияқты
терең тыныс алады. Соңында әр бала
көршісінің жүрегін тыңдап жүрек соғысын
бақылайды. Сол арқылы бір-біріне
жақындасады.
X
«Күн
шуағы»
Мақсаты:
саусақ моторикасын дамыту, қолды жазуға
дайындау.
Нұсқау: балалар күн тәріздес
шеңбер картонға айналдырып сары
қағаздан күннің шуағын бір-бірден
жабыстырады.
Сол арқылы саусақ моторикасын дамытады.
XV.
«Тілек айту»
Мақсаты:
жағымды ахуал қалыптастыру.
Нұсқау:
балалар күнді
бір-біріне
беріп
жақсы
тілек айтады.
Қорытынды:
Бейнеролик «Біреуге жақсылық жасасаң
өзіңе қайтып келеді».