400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Психолог - болашақтың мамандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-психологтарға арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы»ММ



Эссе

Психолог – болашақтың мамандығы

«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер»
З.Фрейд.

Адам баласы өмірге келіп, ес біле бастағаннан – ақ өзінің алдына сан мақсат, армандар қояды. Болашаққа ұмтылып, жарқын да нұрлы ертеңіне сенеді. Біздің дана халқымыз «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: біріншісі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау» деген екен. Кез келген жеке тұлға өзінің мамандығын жүрек қалауы бойынша таңдауы керек. Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым – «Педагогика және психология» мамандығы.

Бала кезден өзіме сабақ берген ұстаздарыма еліктеп, мұғалім болсам деп армандап өстім. Шәкірттерге білім мен тәрбие беріп қана қоймай, олардың жан досына, сенімді серігіне айналсам деген ішкі бір ойым болғанын да жасыра алмаймын. Сол балаң үміт мені адастырмай, осы мамандығыма әкелді.

Әрбір адам жеке тұлға, оның жан-дүниесіне үңіліп, жүрек қылын шертер жан сырын, жүрек түкпіріндегі жұмбақ арнаны тауып, болашағына бағдаршам болар психолог ісі – үлкен жауапкершілік пен қажырлы күшті қажет етеді. Ешкімге батылы барып айта алмаған мәселесін алдыңда ақтарылып, өзіңе көзі мөлдіреп, жаны ауырып қарап отырған жанның кеудесіне қайтадан үміт отын жағу – қиынның қиыны деп білемін.

Әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік – жігер, тиянақтылық қажет. Теориялық білім мен адами қасиеттер ұштасып, бір-бірімен жақсы сабақтасқанда ғана кез-келген маман өз ісінің һас шебері болары сөзсіз. Менің ойымша, жақсы психолог болып қалыптасу үшін әрбір істі шығармашылықпен, адамгершілікпен шешуді қажет ететін интуиция, дәлдік, тапқырлық, мейірімділік сияқты қасиеттер болуы қажет деп есептеймін. Осының нәтижесінде психолог – көмекші, психолог – өзгелердің жан – дүниесін терең түсінетін немесе түсінуге ұмтылатын – зерттеуші, өзгелердің жан ауруын емдеп жазуға ұмтылатын – қолдаушы бола алады деп айта аламын.

Психолог – болашақтың мамандығы. Олай дейтінім, қазіргі жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан әрбір бала, әрбір ата-ана, әрбір ұжым үшін керекті маман. Өйткені, қазақы тәрбиеге батыстың үрдісі мықтап еніп бара жатқан қоғамда түрлі жағдайлар орын алатыны жасырын емес. Көрінген нәрсеге еліктегіш келетін халқымыздың ұрпақтары өзгеріп барады. Отбасының қамы деп өз баласына жеткілікті көңіл бөле алмай, тәрбиесін жіберіп алып, кейін орны толмас өкінішке ұрынып жататын жайттар да бар. Мұндай келеңсіз жағдайлармен күрес бірінші кезекте тұр. Соған сәйкес, баланың екінші отбасы – мектепте педагог-психологтың болуы заңды құбылыс. Тығырыққа тіреліп, өмір жолында адасып жүргендерге түзу жол, бағыт – бағдар беру – осы бір маман иелерінің қоғам алдындағы парызы іспеттес. “Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың, себебі ол морт сынуы мүмкін” деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой – өрісі бар, компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын.

Әрбір бала бақытты болу үшін жаралған. Баланың жанына мұң ұяламай, өзін еркін сезініп, қоғамға қажет екенін сезініп, өмірді сүйе білсе деген ғана ой бар менде. Баланың алаңсыз ұйқысы мен шат күлкісіне не жетеді?

Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог  болу үшін барлық ерік –жігерімді сарп етуге әзірмін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі