Психолог – болашақтың
мамандығы
(Эссе)
Қазіргі қарқынды даму үстіндегі қоғамда адамның
ішкі жан дүниесіне, психологиялық жай-күйіне көңіл бөлу – маңызды
қажеттілікке айналып отыр. Технология дамығанымен, адам табиғаты –
күрделі. Қоғамда стресс, депрессия, күйзеліс, жалғыздық секілді
мәселелер көбейіп келеді. Міне, осы орайда психолог мамандығының
маңызы арта түсуде.
Психолог – адам жанын емдеуші. Ол – ішкі күйді
тыңдап, түсініп, бағыт-бағдар беретін маман. Қиын жағдайда қалған
адамға үміт сыйлап, өмірдің жаңа қырын көрсете алады. Бұрын көп
адам психологқа жүгінуді артық санаса, қазір бұл – қалыпты жағдайға
айналып келеді. Себебі менталдық саулық – физикалық денсаулықтың
негізі. Психолог мамандығы – тек біреуді жұбату немесе
тыңдау емес. Бұл – терең білімді, төзімділік пен үлкен
жауапкершілікті қажет ететін сала. Психолог балабақшада – баланың
мінез-құлқын бақылайды, мектепте – жасөспірімнің ішкі күйін
түсінеді, ал отбасылық кеңес беру барысында – адамдар арасындағы
қарым-қатынасты реттейді. Демек, бұл мамандықтың қолдану аясы өте
кең.
Мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істейтін
балабақша психологінің рөлі өте маңызды. Себебі бұл – баланың тұлға
болып қалыптасуы басталатын кезең. Балабақшадағы әрбір бала – ерекше, әрқайсысының
мінезі, қызығушылығы мен эмоциясы бөлек. Психолог баланың ішкі
әлеміне үңіліп, оның қажеттілігін түсінеді, даму ерекшелігін
анықтайды, қиындықтарды ерте кезеңде байқап, алдын алады. Бұл –
баланың болашақ өміріне берілетін үлкен көмек.
Болашақ ұрпақтың психикалық денсаулығына жауапты
тұлға. Ол – баланың жанын түсініп, өмірге сеніммен қадам басуына
көмектесетін маңызды маман. Сондықтан бұл қызметті таңдаған жан
үлкен жауапкершілік пен махаббатқа ие болуы тиіс.
Психолог – тек балалармен ғана емес,
ата-аналармен, тәрбиешілермен де тығыз байланыста болады. Ол –
тәрбиешіге кеңес беруші, ата-анаға қолдаушы, балаға – жанашыр дос.
Психологиялық диагностикалар, түзету-дамыту жұмыстары, тренингтер
мен ойындар арқылы маман баланың сөйлеуін, мінез-құлқын,
қарым-қатынасын дамытады. Мектепке дейінгі кезең –
баланың тұлғалық негізі қаланатын ең жауапты уақыт. Сондықтан
балабақша психологінің жұмысы – тек мамандық емес, үлкен жүрекпен
атқарылатын қызмет. Бұл
– сенім мен махаббатқа негізделген жұмыс.
"Адамды өзгерту мүмкін
емес, бірақ оған өзін түсінуге көмектесу – әр психологтың
міндеті." - Карл Роджерс (гуманистік
психологияның негізін қалаушы) психолог маманының рөлін дәл
сипаттайды. Бүгінде технология қаншалықты
дамыса да, адамның ішкі жан дүниесін жасанды интеллект түсіне
алмайды. Жан дүниені ұғу – тек адамның қолынан келетін өнер.
Сондықтан психолог – ешқашан маңызын жоғалтпайтын, керісінше,
болашақта сұранысы артатын мамандық. Психолог – болашақтың қажет
мамандығы Қазіргі заманда адамдардың өмір сүру қарқыны жылдам, ал
талаптар күннен-күнге күшейіп келеді. Осы орайда қоғамның әр мүшесі
эмоционалды, психологиялық тұрақтылыққа мұқтаж. Сондықтан психолог
мамандығы – болашақта ең қажетті әрі бағалы кәсіптердің бірі
болатыны сөзсіз. Бүгінде адамдар тек дене саулығына емес, жан
саулығына да назар аудара бастады. Өйткені күйзеліс, шаршау,
жалғыздық, өз-өзіне сенімсіздік сынды мәселелер тек ересектерге
ғана емес, балаларға да әсер етеді. Мұндай жағдайда психологтың
көмегі – адамды құтқарып қана қоймай, оның өміріне жаңа бағыт
береді. Болашақта жасанды интеллект
көптеген кәсіптің орнын басуы мүмкін. Бірақ адам жанының
тереңдігін, ішкі уайымын, эмоциясын сезіп, түсіне алатын – тек
адам. Сондықтан психолог мамандығы өзектілігін ешқашан жоғалтпайды,
керісінше – беделі арта түседі.
Қорыта айтқанда, психолог –
болашақтың емес, бүгіннің де, болашақтың да ең қажетті мамандығы.
Ол – жанның емшісі, үміттің сәулесі. Бұл мамандықты жүрекпен
сезініп, жан-тәнімен орындайтын жандар ғана таңдай алады. Себебі әр
адамның тағдырына араласу – үлкен жауапкершілік. Психологтар
көбейсе, қоғамдағы жан жарасы азаяды.