«Арал көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Тақырып: «Психолог апай – менің досым»
Студент: Нағашыбай Алтынбек Сердалыұлы
Тобы: 3курс ,№31топ
Мамандығы: “Ауыл шаруашылығын механикаландыру”
мамандығы
Жетекшісі: Абишева Гаукар Жумахановна
Байланыс телефоны: 8 705 762 19 08
Арал қаласы 2025 жыл
Психолог апай – менің досым
Ғылыми тұрғыда да психологтардың рөлі дәлелденген. Америкалық психолог Карл Роджерс адамның дамуы үшін ең бастысы – қабылдау, түсіну және қолдау ортасы қажет екенін айтады (Rogers, "On Becoming a Person", 1961). Мен үшін бұл ортаны психолог-Феруза апай қалыптастырды.
Адам өмірінде жан дүниесін түсіне білетін, тыңдай алатын, шынайы жанашыр жандар сирек кездеседі. Мен үшін сондай адамның бірі – біздің колледждегі психолог апай. Ол кісі жай ғана маман емес, маған шынайы дос, сырлас бола білді. Әрбір кеңесі мен қолдауы арқылы өмірге басқа көзбен қарауды үйретті.
Мен Арал көпсалалы колледжіне ауылдық мектептен келдім. Жаңа орта, қаланың адамдары ауылдың адамдарынан бөлектеу. Маған осы қаланың өміріне ілесу мен жаңа ортаға үйренісу оңай болмады.
Психолог – тек кеңес беруші емес, адам жанын емдейтін маман. Кейде ішкі толқуымды жақындарыма айта алмасам да, психолог апайға батылдықпен бардым. Ол ешқашан жазғырмайды, керісінше, сабырмен тыңдап, өзімнің шешім қабылдай алуым үшін бағыт береді. Бұл – мен үшін үлкен қолдау болды.
Мысалы, бір оқу жылында мамандық таңдауға күмәнмен қарап, өз-өзіме сенімсіздік танытқан кездерім болды. Сол кезде апай маған:
«Кез келген таңдаудың артында өзіңе деген сенім тұруы керек. Ал сенім – өзіңді танудан басталады» – деді. Осы сөз менің ішкі көзқарасымды өзгертті. Қазір мен өз таңдауыма сенемін, себебі мені қолдайтын жан бар екенін білемін.
Өйткені кәсіби білімінің арқасында айналасына көтеріңкі көңіл күй сыйлау, әрбір студенттің жаңаша қырынынан көрінуіне қолдау көрсету, шығармашылық ой-қиялдарына шабыт беру апайымның күнделікті жақсы көріп айналысатын ісі. Бұл дегенің керемет қой. Қазір олколледжде психолог бола жүріп, әрбір күн сайын, кездесетін қиыншылықтармен, небір мәселелермен бетпе-бет кездесіп жүр деп ойлаймын. Өзім сияқты жыл сайын жер-жерден мамандық алуға талпынған жастар колледждің студенттер қатарына кеп қосылып жатыр. Олардың риза жүздерін көргенде Феруза апайдың еңбегінің, жұмысының жемісі деп білемін.
Психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін, өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан–дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог–жәрдемші, психолог–көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан – дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейтін ізгі жан.
«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпиясырын оқи білу психолог апайымның ғажайып тылсым сыры емес пе? Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең сезімнің болуы. Бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-кунгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет. Психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Бақылау, эксперимент, әңгімелесу әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады. Психолог-Феруза апай біз алғаш колледж табалдырығын аттап, студент атанғанда топ ішінде арнайы тренинг өткізген. Нәтижесінде біз бір-бірімізбен етене таныстық. Жаңа дос таптық. Болмашыға бола ренжіскенде де апайымыз жанымыздан табылды. Жол сілтеді, ақылға ақыл қосты,азамат боп қалыптасуымызға үлес қосты.
Мен қазір өзімнің кәсіби мамандығымды жақсы көремін. Ісің пайдалы болса құрметтейді, бағалайды іздейді, өзіңнің біреуге қажет екеніңді білгенің қандай жақсы, мерейің өсіп, кәсібіме деген махаббатым арта түсті. Мен осы мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінбеймін, ризамын. Себебі мен өз туған ауылымды көркейтуге үлесімді қоса аламын. Өзіме сенімдімін. Осындай сенімділік маған алдымен ата-анам,сосын колледжегі Феруза апайымның маған деген сенімділігінен туындады.
Балаға болсын, үлкенге болсын, өзін кінәламайтын, қолдайтын, жол көрсетер және түсінетін достық қолы қажет.Сол дос — психолог. Себебі апай күніне бір рет болсын, жақсылық мен қуаныштың себепкері болып жүр!
Өзімнің пікірім: психолог тек маман емес, ол – адам өміріндегі ішкі жарықты жаққан шамшырақ. Кейде бір ауыз сөз адамның өмірін өзгертуі мүмкін. Сондықтан мұндай жандарды бағалай білу – біздің парызымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Rogers, Carl R. On Becoming a Person. Houghton Mifflin Harcourt, 1961.
2. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Психологиялық қызмет жүйесін дамыту стратегиясы, 2020.
3.К. Жұмасова, Л. Есенова “ Психология”
4. Ж. Аймаутов “Психология”
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз