«С.Сейфуллин
атындағы №7 мектеп-гимназиясы»КММ
"Балбөбек"
шағын орталығының әдіскер
психологы
Калибекова
Корлан Мейрамовна
Психолог
маманның дарынды балалармен жұмыс жасау
ерекшеліктері
Мақсаты: Оқушылардың
дарындылығын дамыту үшін кеңестер беру,
пікірлесу арқылы бір-біріне көмек беруді
ұйымдастыру, зейін, есте сақтау
қабілеттерін анықтау, дамыту.
Психолог
маманның кіші жастағы балалармен және
мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеу
тәжірибесі болуы тиіс. Психолог оқу
үшін жылы, жайлы, қауіпсіз орта құрады.
Психолог оқушыларға кері байланыс
ұсынады, оқытудың түрлі жолдарын
қолданады. Әр баланы құрметтеп, жеке
қасиеттерін қадірлейді, жетістіктерін
бағалап, марапаттап қолдау көрсетеді.
Жеке тұлғаның (оқушының) өзіндік құрметтеу
қасиетін жоғарылатады. Психолог маман
психологиялық білімнен басқа да саладан
білімі болуы тиіс. Психологиялық көмек
көрсетерде болатын барлық қиындықтарға
төзе біліп, байыпты, әрі төзімді болуы
өте қажет. Психолог маман жоғары оқу
орнынан кейін арнайы дарынды балалар
жөнінде мағлұматтарға ие болып,
дайындықтан өтуі тиіс. Аталған қасиеттерге
жету, оларды жетілдіру әбден мүмкін. Ең
бастысы, соны алға мақсат етіп қойып,
тура бағытпен жүріп отыру. Бұл мақсатқа
жету үшін психолог маман өзін-өзі
үздіксіз жетілдіріп отыруы қажет. Яғни,
қазіргі заман талаптарына сай тренингтерден
өтіп, өзін-өзі, қоршаған ортаны түсіне
білу арқылы, дарынды оқушыларға арналған
мағлұмат кітаптар мен шығармаларды
өзіндік оқу арқылы, пәнді тиімді,
мағлұматтарды қызықты, әрі оңай жеткізу
жолдарын қолдану арқылы үздіксіз
жаттығулар, практикалар жүргізіп отыру
қажет. Дарындылардың ұстазы мен психологі
ерекше күшті, сабырлы, сынды көтере
алатын, стресске қарсы төтеп бере алатын,
өзінің жұмысын сүйетін тұлға болуы
керек. ...