«Қызғалдақ»
бөбекжай –
балабақшасың
тәрбиешісі: Есжанова А.С.
Тақырыбы:
"Қасқыр
мен жеті лақ"
Білім
беру саласы:
"Коммуникация"
Оқу
қызметі:
"Драма"
Мақсаты:Балалардың
көркем шығармалар арқылы тіл байлығын
және ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегімен
таныстырып, сахналау арқылы сұрақтарға
толық жауап бере білуге, жағымды,
жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге
үйрету. Ертегіні кейіптендіру арқылы
дауыс ырғағын келтіре отырып рөлдерді
сомдау және шығармашылық қабілеттерін
арттыру.
Әдіс-тәсілдері:
Ертегіні сахналау.
Қажетті
көрнекіліктер:Үйшік
макеті, кейіпкерлер атрибуттары, ағаш.
Оқу
қызметінің барысы:
Балалар
музыка ырғағымен залға кіреді.
Тәрбиеші:
-Балалар
бүгін бізде ерекше күн, себебі біздің
оқу қызметімізге көптеген қонақтар
келіп отыр екен. Қане, балалар келген
қонақтармен жақсылап амандасып алайық.
Арайлап
таң атты,
Алтын
сәуле таратып,
Жарқырайды
күніміз.
Жарқырайды
даламыз,
Армысың
Аспан -ата.
Армысың
Жер-ана,
Армысың
достарым.
Үлкенге
де сіз,
Кішіге
де сіз,
Бар
адамға құрметпен,
Бас
иеміз біз.
Тәрбиеші:
-Балалар,
қазір жылдың қай мезгілі?
Балалардың
жауаптары.
-Апта
күндерін атаңдаршы?
-Бүгін
аптаның қай күні?
Балалардың
жауаптары.
-Күз
неше кезеңге бөлінеді?
Жауаптар.
Терезеден
ауа-райына бақылау жүргізу.
-Балалар
бүгінгі оқу қызметіміз ертегілерге
байланысты.Біз сендермен көптеген
ертегілерді білеміз, қане атап шығайықшы.
1."Үйшік"
.
2".Бауырсақ"
.
3."Маша
мен аю".
4."Қасқыр
мен жеті лақ" бұл ертегілердің барлығы
орыс халық ертегілері.
5."Мақта
қыз бен мысық" қазақ халақ ертегісі.
-Ал,
балалар осы аттары аталған ертегілердің
ішінен өткен оқу қызметімізде қай
ертегіні өттік? (балалардың жауаптары)
"Қасқыр
мен жеті лақ" ертегісін тағы бір рет
әңгімелеп қайталап шығу.
-Балалар,енді
осы ертегіні бүгін оқу қызметімізде
сахналап, яғни рөлдерге бөлініп,
кейіптендіріп көрейік.
Тосын
сый:
Музыканың
ырғағымен залға Жалмауыз кемпір кіріп
келеді де: "А-а мұнда жиналып қалыпсыңдар
ғой.Мен сендерді алып кетуге келдім,
себебі мен кішкентай балаларды жегенді
жақсы көремін.
Тәрбиеші:
-Жалмауыз
кемпір сен қайдан келдің? Сен асықпа
деміңді бас, төрлет қонақтармен бірге
отырып, балалардың қойылымын тамашала.
Жалмауыз
кемпір:
-Жарайды,
егер ұнамаса балаларды өзіммен бірге
алып кетемін.
"Қасқыр
мен жеті лақ"
ертегісін сахналау.
Сергіту
сәті:
"Арам-зам-зам"
Тәрбиеші:
-Ал,
балалар енді сендермен мынандай ойын
ойнайық.
Дидактикалық
ойын "Ойын
тапсырма" жағымды
және жағымсыз кейіпкерлерді (жануарларды)
ажырату.
Жалмауыз
кемпір:
-Балалар
сендерге ертегі ұнадыма? Маған қатты
ұнады.Әсіресе ешкі лақтарын тауып кезде
жүрегім елжіреп кетті. Жарайды балалар
мен кетейін, сендер ақылды балалар
екенсіңдер. Сол үшін мен сендерге сыйлық
дайындап қойдым. Оқу қызметінің соңында
апайларың сендерге береді. сау болыңдар.
Тәрбиеші:
-Балалар
ешкі жеті лағын тауып алып өз үйлеріне
оралды. Олар бәрі бірге бір шаңырақ
астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Сондықтанда оларды біз не дейміз?
-Отбасы.
-Отбасы
деген не?
Балалардың
жауаптары.
-Сондықтанда
да балалар әрқайсымыздың отбасымыз
аман болсын, деп мен сендерге бүгінгі
оқу қызметіне белсене қатысқандарың
үшін мынандай смайликтер беремін.