400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Психология – болашақтың мамандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология – адамның психикалық әрекетін, оларға тигізетін сыртқы факторлардың әсерін және жеке адамдардың мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым. «Психология» сөзі грек тілінен аударғанда «жан туралы білім» деген ұғымды білдіреді. Яғни, жоғарыда жазылған ұлы неміс ғалымының сөзін құптайтындай, адамның мінез-құлқы туралы, адамның өзі, оның өмірі туралы білім.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Психология – болашақтың мамандығы

(Мақала)

«Мінез-құлық әркімнің кейпін көрсететін айна»

И.Гёте

Психология – адамның психикалық әрекетін, оларға тигізетін сыртқы факторлардың әсерін және жеке адамдардың мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым. «Психология» сөзі грек тілінен аударғанда «жан туралы білім» деген ұғымды білдіреді. Яғни, жоғарыда жазылған ұлы неміс ғалымының сөзін құптайтындай, адамның мінез-құлқы туралы, адамның өзі, оның өмірі туралы білім.

Адам үшін психология дегеніміз не және ол адамдарға не үшін қажет?

Психология қазіргі қоғамда қандай мамандық рөлін атқарады деген сұрақтарбүгінгі таңда өзекті мәселе болып табылады.

Психология – адамның жан дүниесі. Адамдар көп қобалжиды, қайғыға батады, біреулермен жанжалдасады. Жалпы, адамның өмірі зебра секілді, ақ пен қараға толы болады. Кез-келген психология маманының иесі алдына келген адамның қадір-қасиетін сақтауға, айналасындағы адамдармен жайлы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, кеңес береді. Адамдарға өздерінің ішкі жағдайларын түсінуге жәрдемдеседі. «Өзіңді өзің танып-біл» деп атақты грек ғалымы Сократ бекерден-бекер айтпаса керек.

Әрбір мемлекеттің болашағы білімді, білікті мамандармен шыңдалады. Бүгінгі таңда, психология мамандықтардың ішіндегі ең қажетті әрі сұранысы көп мамандық деп саналады. Себебі, бүгінде күйзеліске ұшырап, түзеу жолдан адасып жүргендер, тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түсіп жүргендер өте көп кездеседі. Өмірде жолы болмай, көптеген қиыншылықтарды басынан өткеріп жүрген адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, сүйеніш бола білу әркімнің қолынан келе бермейді. Өз-өзіне қол жұмсап, өмірден қыршын кетіп жатқан жастар баршылық. Осындай сәттерде психолог мамандардың тигізер көмегі аз емес. Осындай сәттерде өмірден түңілген жандардың жағдайын түсініп, көмек қолын созатын адам – психолог қана. Жақсы, жағымды қасиеттер де психологтың бойынан табылады. Психологпен әңгімелесу сананы сілкіндіріп, тұнық ойлардың тұма көздерін ашары бүгінгі күні дәлелденген шындық. Қазіргі таңда психология мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді, сонымен қатар, адам іс-әрекетінің түрлі салаларында алдыңғы қатарлы орын алуда. Сондықтан, психолог мамандығы өзінің өміршеңдігін жоймайды деп ойлаймын. Бұл кәсіп адамзат баласы тіршілік етіп тұрған уақытта қай кезде құндылығын жоғалтпайдығында өз тәжірибемде көзімді жеткіздім. Сол себепті де, менің ойымша, психология – адам жанының рухани азығы, суалмас нәрі.


Педагог-психолог: Касенова Г.Ж.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
16.11.2022
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі