400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Психология. Бала психологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық сұрақ жауап
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 3 1 билет



Picture 1 Picture 2 Picture 4



2 билет

1.Психика қызметтері

Психика -

  • 1. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т.б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны — адам санасы.

  • 2. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы.[1]

Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Психика —

  • 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;

  • 2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.

Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады



2.Психикалық үдерістерді топтастыру

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарга жіктеуіміз керек.

Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша психикалық құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланысты 3 үлкен топқа топтастыруға болады: психикалық үрдістер, психикалық қасиеттер және психикалық жағдайлар (қалып).

Психикалық үрдістер - бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдестердісонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім, эмоцияжәне ерік.

Психикалық үрдістер - бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді.

Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім, эмоция және ерік.

Психикалық қасиеттер - бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.

Психикалық жагдайлар (қалып) - психикалық іс-әрекегтің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, белсенділік немесе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық пхикалық қүбылыстар бір-бірімен өзара байланысты.

3.Зерттеудің эксперимент әдісі

Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып,  психологиялық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Экс­перимент зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін психологиялық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі — эксперименттік, екіншісі — бақылау объектісі деп аталады.

«Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Психологиялық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды.

Эксперимент әдісінің маңызды артықшылығы – зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында.

Белгілі жағдай жасай отырып, зерттеуші, біріншіден, осы жағдайдың тексеріліп отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге, екіншіден, бір жағдайды өзгертіп, басқасын өзгертпей сақтауға, сол арқылы белгілі бір психикалық құбылыстардың себептерін ашуға, үшіншіден, тәжірибені қайталауға, сөйтіп зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың типтілігі немесе кездейсоқтылығы солардың  негізінде анықталатын сандық деректерді жинақтауға мүмкіндік алады.

Психологияда ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады. Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи.


Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда жүргізіледі, жүргізу кезінде сыртқы әсер ерекшеліктері мен адамның оған жауап ретіндегі психикалық күйін айнытпай жазып алып отыратын құрал-жабдықтар қолданылады. Лабораториялық эксперименттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің физиологиялық механизмдерін зерттеу барысындағы маңызы үлкен. Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсік, еске түсіру) зерттеу үшін де табысты қолданылады. Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі.

Табиғи жағдайдағы эксперименттің барысында қызметтің (ойын, оқу, еңбек) әдетті жағдайы сақталады. Табиғи жағдайдағы экспериментті жүргізу кезінде алдын-ала баланың белгілі іс-әрекеттері зерттеледі және онда қандай психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс беретіндігі анықталады. Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және эксперименттің жақсы қасиеттерін – біріншісінің табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде.

Табиғи жағдайдағы экспериментті одан әрі дамыту  оның мынадай, психологиялық-педагогикалық эксперимент сияқты екінші түрінің тууына әкелді. Мұның мәні – оқушыны зерттеу тікелей оқыту және тәрбиелеу процесінде, зерттеу объектісі болып табылатын психикалық ерекшеліктердің белсенді қалыптасуы процесінде атқаралатындығында.

Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді. Соңғы кезде психологиялық зерттеулерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент — бұл психологиялық мәселелерді зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.

Психологиялық құбылыстарды жаңадан құру үшін — арнаулы эксперимент жүргізіледі.

Психологиялық құбылыстарды ұқыптылықпен бақы­лау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алына­ды да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін зертханалық эксперимент деп атайды.



3 билет

1.Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы

Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен тұрады:

Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады).

Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.

Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен байланысты болды. Жануарлардың түйсіктерінің дамуының нәтижесінде оларда қабылдау туады. Сонымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен, маймыл тығып қойған нананды іздей бастайды.

Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар, бірақ ол адам ойлауынан әлдеқайда шамалы келеді. Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының, қоршаған ортасының маңызы зор. Басқа жануарларға қарағанда ұшатын құстар мен балықтардың психикасы нашар дамыған. Бұл жағдай олардың тіршілік ететін ортасына байланысты, бірақ та құстың көзі жақсы көреді. Жемін алыстан көруіне көп көмек көрсетеді. Маймылдардың психикасының басқа жануарлармен салыстырғаңда жоғары дәрежеде дамуының себебі орманда өмір сүруіге бейімделуінен. Ағаш арасындағы тіршілік жағдайында иіс айырудың қажеті азайып, көру рөлі арта түседі. Ағаш бұтақтарында отырып теңселу, ағаштан-ағашқа секіру, көзбен мөлшерлеуге жаттықтырады, дененің сезімталдығын жетілдіреді, әрі жылдам қозғалуды талап етеді. Маймыл жаңғақтың ішіндегі дәнін, түрлі миуа атауылыны, шөптің сабағын тауып жейді. Ол үшін ептілік керек. Маймыл қолын жүру қызметіне де, ұстау қызметіне де қолдана алады. Маймылдардың психикасының даму сатысын аңғаруға негіз болатын маңызды бір факт - көз бақылауы мен ептіліктің пайда болуы. Бұл бейімділік бұтақтан-бұтаққа секіріп, тамақ тауып жеуіне көмектеседі. Жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекет бар. Олар: 1.Инстинкт 2.Дағды 3. Интеллект

2.Жануарлар психикасының негізгі түрлері

. Жануарлардың инстинкті.

Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде түқым қуалай отырып, бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады.

Инстинктің мынадай өзіне тэн ерекщеліктері бар:

1)Амалдық-тұтастық егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып жануар үшін биояогиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді (ін қазу, үя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау).

2)Туа пайда болу. Бүл жануардың нерв жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті. Бүл инстинкт қайталап отыруды тілемейді.

3)Санасыздық. Сырт қарағанда саналы сияқты болып жануарлардың "ақылына" байланысты көрінгенімен, жануарлар ісінде саналылық деген болмайды.

Мәселен, бал арасының балауызын тесіп қойсаң да бал арасы оған бұрынғысынша бал келтіре береді. Ұяда жұмыртқа басып отырған қасқалдақ жем іздеп ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқаларын басқа орынға көрсетіп ауыстырып қойсақ, қасқалдақ оны байқамай үйреншікті орнына отыра кетеді. Жұмыртқаның жоқ екендігінде қасқалдақтың жұмысы болмайды, қасында көрініп жатқан жұмыртқаларының үстіне қонуға ақылы жетпейді, Өйткені оның бұл атқарып отырған іс-қимылдары тек қана инстинкт.

Сонымен инстинкт - жануарлар мінезінің бейімделу қасиетінің өте жай өзгеретін түрі. Инстинкт - «инстинк-тус» деген латын сөзі, қазақша «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді.

Инстинкт - омыртқасыздардың, құстардың, балықтардың сондай-ақ т.б. жануарлардың мінез-құлық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Инстинкт адамда да болады. Бірақ адамның іс-әрекеті әдетте интеллектіге, ақыл-ойға бағынады.


Жануарлардың дағдылары.

Жануарлардың мінез-құлықтарының көптеген формалары тұқым қуалаған емес өз өмірінен, өзінің тәжірибесінен алғаны. Бір әрекеттің қайталана беруінің нәтижесінде бірте-бірте жасалған іс-әрекеттер - дағдылар деп аталады.


Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез-құлықтың икемді түрі. Сондықтан да, хайуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д. Дуров өз аңдарына кітап оқытты, үй сыпыртты, есеп шығартты, тіпті орамалмен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырылған аңдар бұрышын В.Д. Дуров "шартты рефлекстердің фабрикасы" деп атады. В.Д. Дуров осындай табысқа И.П. Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені, В.Д. Дуров жануларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарды шартты рефлекстерді жасады. Мәселен, цирк алаңына келтірілген поезға тышқандар жапа-тармағай міне бастайды. Кішкене көк вагондарға сұр тышқандар, қызыл вагондарға ақ тышқандар кіріп орын алады. Тышқандарды осылайша жаттықтырып, үйрету ісі оларды тамақтандыру арқылы жүргізіледі (сұр тышқандар көк вагонда, ақ тышқандар қызыл вагонда тамақтандырылды). Тамақтандыруды сан рет қайталағаннан кейін вагондардын, бөлгілі бір түрі мен түсіне қарап қоректендіру тышқандарда шартты рефлекстерді қалыптастырады.

Дағдының физиологиялық негізі - шартты рефлекстер. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді. Мәселен, балықты дағдыға үйрету үшін, мынадай тәжірибе жасалған. Аквариумды шынымен екіге бөліп бір бөлігіне екі алабұға, екінші бөліміне тірі шабақ жіберілді. Шабақ – алабәғаның жемі. Сондықтан шабақты көре салысымен алабәғалар оған ұмтылады. Бірақ басы шыныға соғылып жей алмайды. Эксперимент екі ай бойы жүргізілді. Көп уақыт өткен соң алабүғалардың жеміне қарай үмтылу бәсендеп, мүлдем жойылды. Осыдан кейін аквариумды бөліп тұрған шыныны алып тастасақ, шабақ алабұғалардың бөлмесіне жүзіп, араласып кете барады. Бірақ алабұғылар шабаққа тимейді. Себебі шыны түрған кезде тауы шағылған алабұғалардың олармен бірге тұруға бойы үйрене бастайды да, ұмтылу инстинктісін жоғалтып алады. Сондықтан екінші бөлмеге ауыспайды. Алабұғаның мінезіңдегі мұндай шабуыл жасамау сипаты бірнеше күн қайталаудың яғни шартты рефлекс жасаудың арқасында пайда болады. Бұдан инстинктінің өзгеретіндігін байқаймыз. Инстинктінің өзгеруінде дағдының үлкен себебі бар.


Жануарлардың интеллекті.

Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) ақылды деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады. Мінез-құлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған тәжірибеден сан рет байқалған. Мәселен: маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әлдеде қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып, биіктеткеннен кейін қара тер болып бананды алуға шамасы келеді. Мұндай әдіспен маймылдың осы қылығында қандай болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда тұрған бөгетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллекті хайуанның жеке өзіне ғана тән, оның ғана тапқан әдісі.

Интеллект - "интеллектус" деген латынның сөзі, қазақша "ақыл" деген мағынаны білдіреді. 



3.Түйсіктердің түрлері

Бізді қоршаған және әсер ететін заттар мен құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім мүшелері - көру, есту, дәм және т.б арқылы біздің санамызда бейнеленеді.

Түйсіктердегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.

Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б түйсінеміз. Мысалы: бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, дәмі, көлемі және т.б жекелеген қасиеттерін түйсінеміз.

Түйсіктер - бұл алғашкы психикалық таным үрдісінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төмендегі жағдайлар қажет:

Қандай да болсын сезім оргаңдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері негізінен сезімдік жүйкенін аяқталған тармақтарының тітіркендіргіштеріндеанғарылады, осы зат, құбылыс тітіркендіргішдеп аталады.

Түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады:

а. Сезім мүшелерінен(рецептордан), оңда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан. Сезім мүшелері дегенді басқаша түйсік мүшелері деп атаған дүрыс болар еді.Сезім оргаңдары деп ауызекі сөйлеу тілінде айтылғанымен, түйсік мүшелері деп айтқан дүрыс болады. Сезім – бұл өз аддына дербес психикалық үрдіс.

б. Өткізгіш жолдан, демек сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің, ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу.

в. Бас ми қыртысындағысәйкесті ортадан (жасушылар жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа - түйсінуге өтеді.


 

Жоғарыда көрсетілген үш бөлік қабылдау аппаратын құрайдыды, оны И.П.Павлов анализатордеп атады. Егер де анализатордың көрсетілген бөліктерінің қандай да болмасын бірі бұзылса, түйсіктер жұмыс істемейді.

Түйсіктер - бұл бізді қоршаған дүниені танудың алғашқы түрі. Ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Субъективтік идеализм теориясы сыртқы дүниені объективтік бейнелеудің мүмкіншіліктері туралы материалистік түсініктерге толықтай қарама-қарсы болып табылады. Адам өзін қоршаған ортаны танып біледі. Сезім мүшелері адамға қоршаған жағдайларды бағдарлауға мүмкіндік береді, өзінің әрекетін соған бейімдейді. Егер адам барлық сезім мүшелерінен айырылған жағдайда, ол өзінің айналасында не болып жатқандығы туралы ешқандай да мәліметтер ала алмас еді. Көру, есту, иіс, дәм сезу сезімдерінің бағынатын зандарын білу әртүрлі мамандық иелеріне қажет. Көру қабылдауын алғашқы зерттеушілердің бірі Италияның ұлы суретшісі Леонардо да Винчидің болуы кездейсоқ емес. Сонымен қатар орыстың ұлы ғалымы, әрі ақын, суретші М.ВЛомоносов түстерді көру заңдылығын зерттегенің білеміз. Сезім мүшелері жұмысының бағынатын заңдылықтарын білу дәрігерге қажет, сезім мүшелерінің бұзылуы неде екенің анықтайды және оның бірқалыпты қызметін қалпына келтіреді, соқырлар үшін оқу машинасын және саңыраулар үшін жасанды қүлақ жасайтын инженерлерге қажет.

Түйсіктердің түрлері

 Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі мүшелеріне сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм сезу, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлерге бөлеміз.

Түйсіктердің мүшелері қайда орналасқанына және қайдан тітіркеңдіргішті алуына байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.

Экстерорецепторлар ағзаның сыртқы бөліктеріңде орналасқан -оған жататындар: көру, есту, иіс, дәм,
сипай сезу (тері) мүшелері жатады. Бұл көп жағдайда сыртқы сезімдердің мүшелері деп атайды. Олардың көмегімен біздің ағзадан тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттері бейнеленеді. Түйсіктер бұл мүшелерге сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.

Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл мүшелердің
көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түйсінеміз.
Осы түйсіктер 
проприорецепторлардеп аталады. Бұл түйсіктер - бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).

Интерорецепторлардененің ішкі мүшелерінде ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың
көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналымы және т.б ішкі мүшелерде тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.

Көру түйсіктері.Көру түйсіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түйсінетін түстеріміз хроматикалық және ахроматикалық деп екіге бөлінеді.

Хроматикалықтүстерге кемпірқосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, көк, қара көк, күлгін.

Ахроматикалықтүстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан қоңыр түстер жатады.

Көру түйсігінің мүшесі көзболып табылады. Ол негізінен көз алмасынан және одан шығатын көру жүйкесінен түрады. Көз алмасы үш түрлі қабаттан тұрады: сыртқы, тамырлы, торлы.

Есту түйсіктері

Есту түйсіктері - бұл дыбыстарды түйсіну. Дыбыстар екі түрге бөлінеді: музыкалық дыбыстар (әннің әуендері, музыкалық аспаптардың дыбыстары) және шулы дыбыстар (сылдырла ысқырық, тарсылдау, түрсілдеу, үрғылау және т.б). Ес түйсіктерінің мүшесі құлақ болып табылады.

Иіс түйсіктері

Иіс мүшелеріне ауыз қуысының жоғары бөлігінде орналасқан иіс жасушалары жатады. Иіс анализаторы үшін тітіркендіргіштер болып табылатын иіс шығатын заттардың бөлшектері ауыз қуысына ауамен бірге енеді. Иіс заттары мен сезгіштік жүйкенің қозуы бас миға беріледі, біз әртүрлі иістерді түйсінеміз. Иіс пен дәм айыру түйсіктері адамның дүниетану үрдісінде де, жалпы психикалық әрекетінде де онша елеулі орын алмайды. Ал жануарлардың, әсіресе дамудың төмен сатысында тұрған ағзалардың тіршілігінде ерекше орын алады. Бұл түйсінулерді соқыр, саңырау, сақау адамдардың тіршілігінде маңызы ерекше. Белгілі ғалым, сокыр, әрі саңырау О.И.Скороходованың айтуынша, ол иіс түйсінуін көзі көретіндер көзді қалай пайдаланса, мен солай пайдаланамын деген екен. О.Скороходова иіс түйсігі бойынша белгілі жерлерді анықтайды және таныс адамдарды танып біледі.

 

Дәм түйсінулері

Дәм түйсінулеріне тәттіні, қышқылды, ащыны, тұздын түйсіну жатады. Дәм түйсінулері иіс түйсінулері сияқты белгілі дәмге тән заттар мен құбылыстар бойынша аталады. Мәселен, біз сүттің, еттің, майдың, нанның т.б. дәмі туралы айта аламыз.

Дәм түйсіктерінің мүшесіне тілдің жоғары жағы мен таңдайдың жұмсақ бөлігі жатады. Тілдің сілекей белігінде ерекше дәм орталықтары орналасқан. Ерекшеліктері бойынша әртүрлі дәм түйсіктері тілдің жоғары жағына әртүрлі орналасқан. Тілдің негізгі немесе артқы бөлігі ащы дәмге ерекше сезімтал, тілдің: ұшы тәттіге сезімтал, ал шеттері қышқылға. Тілдің ортаңғы бөлігі дэм түйсіктеріне сезімтал емес.

Тері түйсіктері

Тері түйсіктеріне түйсіктердің екі тобы жатады: сипай сезу және температуралық. Бұл түйсіктердің тері түйсіктері деп аталуының себебі: осы түйсіктердің аяқталған жүйке аппараттары (рецепторлар) теріде және біздің ағзамыздың сілекей қабықтарында орналасқан.

Сипай сезу түйсіктері - бұл түйсіктер сипай сезу немесе тактилдік түйсіктер, сонымен қатар тегістік және бұдырлық түйсіктер. Тері сезгіштігінің барлық түрлері контактылық сезгіштікке жатады. Тері сезгіштік адамның бүкіл денесіне бірдей бөлінбеген. Тері рецепторларының ерекше көп жинақталуы -алақанда, саусақтардың ұштарында және еріндерде. Сипай сезуде қол және қолдың саусақтары ерекше үлкен рөл атқарады. Адамның қолы мен оның саусақтары қоршаған дүниені тануда сипай сезудің арнаулы мүшесі қызметін атқарады. Мәселен: көзі көрмейтін, құлағы естімейтін белгілі ғалым О. Скороходова қоршаған дүниені сипай сезу мүшесі арқылы, яғни қолдың саусақтары немесе алақаны арқылы қызыл және жасыл жарықты түстерді ажырата білгендігін айта кеткен жөн. Оның көру, есту мүшелері істемегенмен, сипай сезу түйсінулерінің күшті дамығандығын мысалға келтіруге болады.

Температуралық түйсіктерге жылылық пен салқындық түйсіктерін жатқызуға болады.






4 билет

1.Түйсік туралы жалпы түсінік

Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне.

Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады. Ол біздің өзіміздің организмімізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді.

Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды дабілеміз. Түйсік күрделі психикалық процестерге – қабылдауға, ойлауға, қиялға материал береді. Егер адам барлық түйсінуден мұқтаждық көрсе, онда ол қоршаған әлемді танып біле алмайды.

Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын белгілейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атайды.

Түйсіктер заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін ғана миымызда бейнелейді.

И.В.Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.

Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т.б.) үш бөліктен тұрады.

1) Қабылдағыш прибор (лат. сөз. - рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдыратын жер.

2)Қозуды рецептордан миға жеткізетін жалғастырушы нерв жолдары (талшықтары).

3)Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы үлкен тиісті клеткалар.(мидағы түрлі нерв орталықтары).

Барлық анализатор бөлімдер біртұтас қызмет атқарады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлімінің біріне зақым келсе (мыс, көзге зақым келсе) сол түйсіну бұзылады. Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады. Бұл түйсіктердің ең үлкен тобы дененің сыртқы жағында болатын сезім органдарының қозуынан болатын түйсіктер – экстерорецепторлар. (көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады).

2.Ішкі сезім органдарынан (ішек, қарын, қан тамырлары) пайда болатын түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Мыс., ашығу, шөлдеу, органикалық түйсіктер.

3. Қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс түйсіктері кинестезиялық түйсіктер тобына жатады. Бұл қозғалыс түйсіктерінің рецепторлары – проприорецепторлар. Мыс., бұлшық ет, сіңірлер жатады.


2.Түйсік қастиеттері

1. Адаптация – сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс.

2. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А.Р.Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланыстытосыннан болған әсерлерден туындайды.

3. Синестезия – грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады.

4. Сенсибилизация – сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Яғни талдағыштардың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады. Мысалы адам 2-3 секунд бойы көзін алмай шамға қараса, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін байқауға болады. Бір ізді образдың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады. Қасымызға екі парақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортсына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін бұл қызыл қағаздан көз алмай 20-30 сикунд қарап отырып, көзімізді ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түстер көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар.


3.Түйсіктің негізгі заңдылықтары

1. Адаптация – сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс.

2. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А.Р.Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланыстытосыннан болған әсерлерден туындайды.

3. Синестезия – грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады.

4. Сенсибилизация – сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Яғни талдағыштардың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады. Мысалы адам 2-3 секунд бойы көзін алмай шамға қараса, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін байқауға болады. Бір ізді образдың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады. Қасымызға екі парақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортсына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін бұл қызыл қағаздан көз алмай 20-30 сикунд қарап отырып, көзімізді ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түстер көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар.

Түйсікті дамыту және қалыптастыру.

Балаларда түйсіктер дүние келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Бұлар баланың дәм түйсігінің ерте дамитындығын көрсетеді. Баланың есту түйсігі де біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суғак толы болады да ештеңені естпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елемесе, оның саңырау болып қалуы ықтимал. Үш айлық бала анасының даусын тани бастайды. 2-3 айдан кейін бала жарыққа елеңдей бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тұрақтатуға тырысады. Жарықты түйсінуді жаңа туған нәрестелерден де байқауға болады. Заттың түсін айыру кейін пайда болады. 5 айлық бала алдымен заттың түріне, түсіне, , біртіндеп көлеміне, одан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы ,оның жүре бастауы – түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке барғаннан кейін балада түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипап сезу, қозғалыс.т.б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да қаласақ жетілдіруге болады. Адам егер алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және соған жетуге жаттығатын болса, оның түйсігі ойдағыдай дами түседі. Түйсік адамның іс-әрекетіне байланысты дамитындығын көптеген мамандықтардың тәжірибелері сипаттайды. Мәселен, ұшқыштың көзі өткір, көргіш болады, композиторлар мен шекарашылар естігіш, сақ құлақ болса, шарап жасаушылар мен тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері дәмді татып білуге шебер келеді. Мектеп оқушыларының түйсіктерін де жан-жақты дамытуға мүмкіндік мол. Бұл үшін оқушылардың оқу әрекеті белсенді, шығармашылық, қызықты ұйымдастырылуы керек. Түйсіктің дамуына кері әсер ететін факторлар да бар :

  • бала партада дұрыс отыра алмайтын болса

  • отырғанда , жазғанда қисайып жазатын болса

оның көру қабілеті нашарлайды. Ана тілі, көркем жазу, ауызша сөйлеуге жаттығу балалардың фонематикалық (дыбыстардың айырмашылығын ести алу) түйсіктерді дамытады. Мәселен, төменгі класс оқушысы көпке дейін дыбыстарды бір-бірінен айыра алмайды, жазу дағдыларын бірден қалыптастыра алмайды. Көп қайталау нәтижесінде жаттығып, кейін айыра алатын болады.





5 билет

1.Қабылдау туралы түсінік

Егер түйсік сыртқы дүние заттары құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Адам тек түйсік арқылы қоршаған әлемнен байланыс алып қана қоймайды, сонымен бірге қабылдау арқылы да білім алады. Түйсік және қабылдау-сезімдік танымның тұтастай топ процесі болып табылады. Олар бір-бірімен өзара байланысты, бірақ та өзіндік айырықша ерекшеліктері бар. Түйсік арқылы адам заттардың белгілі қасиет сапалары жайында білім алады (заттың түсі, температурасы, дәмі, дыбысы). Бірақ та шынайы өмірде біз көреміз, күн сәулесі немесе электр жарығы адамның дауысы немесе электр жарығы адамның дауысы немесе музыкалық аспап үнін тыңдаймыз. Қабылдау заттар мен құбылыстардың, қасиет қатарын меңгерген тұтастай бейнесін береді. Түйсіктен өзгешелігі адам қабылдау кезінде заттар мен құбылыстардың тұтастай таниды.

Қабылдаудың негізінде түйсік болады. Мысалы, біз кітапты қабылдасақ, оның түсін, пішінін, көлемін түйсінеміз. Түйсіксіз қабылдау болмайды. Қабылдау процесінде сөйлеу сөздік түрінде затты атап айту үлкен орын алады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дәмі, формасы тағы басқа қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы алайық. Қабылдауға материалды бізге таныс анализаторлар береді. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі тағы басқа заттардың қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де миымызда тұтас бейне пайда болады. Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінен арқылы белгілі бір тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Сөйтіп, қабылдауда бір мезгілде бірнеше анализатор қызмет істейді.

Қай анализатор басымдылық орын алуына байланысты көріп қабылдау кинестезиялық, иіс және дәм сезіп қабылдау. Қабылдау күрделі түрлері кеңістікті қабылдау, уақытты қабылдау. Қабылдау процесі қалай жүреді ? Қабылдаудың арнайы органдары жоқ. Қабылдауға материалды бізге белгілі анализаторлар береді. Қабылдаудың физиологиялық негізі болып анализаторлар жүйесінің комплексті іс-әрекеті табылады. Шындықтағы қандай да болмасын зат , құбылыс күрделі және комплексті тітіркендіргіш болып табылады. Қабылдау бас ми қабының аналитико-синтетикалық іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады : белгілі бір толық жүйе қалыптастыратын жеке қозу, бір-бірімен байланысты түйсіктер. 

2.Қабылдаудың негізгі қасиеттері және түрлері

Қабылдаудың түрлері.

Қабылдауда анализаторлардың басым рөлдеріне байланысты қабылдауды көріп қабылдау, естіп қабылдау, дәм сезіп қабылдау, кинестизиялық қабылдау, сипап сезіп қабылдау деп бөледі. Қабылдаудың күрделі түрлері қабылдаудың бірнеше түрлерінен тұратын жиынтықтан тұрады.

Түйсіктерге қарағанда қабылдау бейнелері бірнеше анализаторлар жұмысының нәтижесінде пайда болады. Қабылдаудың күрделі түрлеріне мысалы, кеңістікпен уақытты қабылдауды жатқызуға болады. Кеңістікті қабылдай отырып, яғни заттардың бір-бірінен алшақтығын, олардың көлемі мен формасын, адам көріп , естіп, тері және қозғалыс түйсіктеріне сүйенеді.

Уақытты қабылдағанда көру және есту түйсіктерімен бірге қозғалыс , ішкі, органикалық түйсіктер үлкен рөл ойнайды. Сонымен қатар уақытты қабылдауда болып жатырған құбылыстардың ұзақтығы, бірізділігі бейнеленеді. Тікелей қабылдауда уақыттың өте қысқа бөліктері қабылданады. Ұзақ уақыттық оқиғалар туралы айтқанда, қабылдау емес , уақытты елестету туралы айтқан жөн.

Егер адамдар қазір қай сағат және керекті уақытта ояна алса, олардың уақытты қабылдау сезімінің жақсы дамыған деп айтуға болады. Уақытты қабылдау сезімітуа пайда болмайды, тәжрибенің житнақталу процесінде пайда болады.

Жинақталған тәжірибе көбейген сайын уақытқа бағдарлану оңайырақ болады.



Қабылдаудың қасиеттері.

Қоршаған ортаны сезім органдары емес, белгілі бір көзқарасы қызығушылығы бар , белгілі бюір жынысты, тәжрибесі бар, белгілі бір жастағы адам қабылдайды.

Көз, құлақ , қол басқа сезім органдары қабылдау процесін қамтамасыз етеді. 

Қабылдаудың таңдамалығы – көп бейнелік әсер етуден біз ең негізгісін ажыратамыз. Адам зейіндегі орталық заттар қабылданғанда қабылдау объектісі (пәні), ал қалғандары- фон деп аталады. Объектімен фон уақыт өте орындарын ауыстырып тұрады, қазір қабылдау объектісі болған зат фонға айналады, немесе керісінше. 

Қабылдаудың тұрақтылығы – (константтылығы) деп өзгерген сыртқы жағдайларға қарамастан, заттың кейбір қасиеттерінің біртекті сақталуын айтамыз. Көбінесе зат түрі, түсі көлемі, формасы. 

Қабылдаудың тұтастығы – заттарды тұтастай қабылдау. Қабылдау обьектісі жекеше қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей тұтастай қабылдаймыз. Мысалы, әуеннің алғашқы ырғағы естілгенде өандай әуен екенін тұтас қабылдау. 

Қабылдаудың мағыналығы – қабылданған нысанның тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны мағыналығымен тұжырымдалады.

Қабылдау нәтижесінің жеке психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшелігіне тәуелділігі апперцепция деп атайды.

Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжірибесі үлкен роль ойнайды. Әрқашан да қабылданатын затқа не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді.

Қабылдау нәтижесінің жеке психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшелігіне тәуелділігі апперцепция деп атайды.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерде қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Көру қабылдауда иллюзиялар жиі кездеседі. Көру қабылдау барлық адамдарда болады.

3.Кеңістік пен уақытты қабылдау

Кеңістік пен уақытты кабылдау 

Кеңістік пен уақыт — материяның өмір сүруінің негізгі форма-лары. Сондықтан, кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулак өмір сүреді деу шындыққа сай келмейді. Бүкіл әлемдегі барлық заттар мен қүбылыстар кеңістікте белгілі төртіппен орналасып қана қоймайды, сонымен қатар материя қозғалысының нәтижесінде уақыт арқылы үздіксіз өзгеріске үшы-рап, қайтажаңғырып, дамып отырады. Материядан тәуелсіз, оның қозғалысынан тыс жеке-дара ешбір кеңістік те, уақыт та жоқ. 

Кеңістікті қабылдау — заттар мен қүбылыстардың көлемін, түрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін, ба-ғыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау — көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады.

Тек адамның нақтылы тәжірибесі жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дүрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашықтығын, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және фор-масын қабылдау арқылы ғана кеңістікті дүрыс кабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да ксңістікке орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түрқы (үзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т. б.) болады. Сондай-ақ, олар бізден түрлі қашықтықта түрады.

Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық керу) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (мо-нокулярлық көру) терендік жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мүны бір көзді жұмып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады.

Бинокулярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады. Нәрсенің көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосы-лып көрінуі маңызды рөл атқарады. Екі көзбен көруде түрлі зат-тардың түтасып көрінуі, оның қашықтығы мен қоршауын, шама-сы мен түсін, рельефін жан-жақты қабылдауға мүмкіндік туғызады.

Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвер-генциясы46 яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әре-кет етуі қажет болады. Бүл қүбылыс жақындағы нәрсені ажырату-да байқалады. Көз тіккен нәрсе неғүрлым жақын түрса, конвер-генция да сонша күшті болады да, көз ішке бүрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заітарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомодация деп атайды. Көздің аккомодациясы хрусталь дөңестігінің езгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.

Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру-қозғалыс анализаторы-ның мәні ерекше. Бір эксперименттік зерттеуде48 көру қозғалыс қабылдауы қатыспайтын бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі, шәкірттердің оқу материалдарын тиянақты үғынуы, жіберген қателерін кезінде көре біліп, түзетуі, әр пәннің (сызу, сурет, еңбек т. б.) өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен жүмыс істеуге ықпал ететіндігі жақсы байқалған.

Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, іштен соқыр болып туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында түрғанға үқсайды. Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқтығып қалатындай көреді.

Адам қашықтықты айыруды да өмір тәжірибесі арқылы үйренеді. Мәселен, қашықтықтағы нәрсенің дәл шамасын білу

Конвергенция — латынның конвергере деген сөзі. казақша"жақындату деген мағынаны білдіреді.

Аккомодация — латынның аккомодатио деген сөзі, қазақша көз уйрету деген мағынада.

Зерттеуде — Ғ. Айманов. Оқушылардың көру - қозғалыстык, қабылдауының қалыптасуы мен дамуындағы жас және даралык өзгешеліктері. Қазақстан мектебі, 1965, 7, 20-26 - беттер.

үшін бала алғашқыда сол нәрсенің көрінуіне лайықты тиісті қоз-ғалыс жасауға әдеттенеді.

Заттың бізге немесе басқа нәрселерге қарап түрған бет алысы — көздің торлы қабығында сәулеленумен бірге, дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Заттың бет алысын адам тік түрып не-месе отырыи горизонталь жағдайда ғана жақсы қабылдай алады. Мүндайда адам өзінің түрған жерінен алдындағы бір затты ныса-на етіп, қалған заттардың бет алысын соған бағдарлайды. Мәсе-лен, қүла түзде түрып бет алдымыздағы затгарды көрсеткенде, на-зарымызды бір затқа ғана тігіп, басқа заттарды сол заттың не оң жағында, не сол жағында, не бер жағында, не түбінде, не үстінде т. б. деп айтамыз.

Кеңістіктегі заттарды қабылдауға тек көру мүідесі ғана қатыс-пайды, мүнда қозғалыс, сипай сезу түйсікте де елеулі рөл атқара-ды. Мәселен, іштен соқыр болып туған баланың операциядан кейін көзі көрсе де, шарды жай дөңгелектен, төрт бүрышты затты үш бүрышты заттан айыра алмаған. Сондай-ақ, жаңағы бала екі нәрсенің арасындағы қашықтықты да ажырата білмеген. Бір нәрсені қашықтыққа қойып, оны енді ал дегенде ол қолын олай-бүлай созып, дәл үстай алмай, қармалап жүріп қолын нәрсеге әз.ер жеткізген. Бала нәрсені қолына алып, сипап байқағаннан кейін ғана оның үлкендігін, формасын т. б. айыра алған. Бүл ай-тылғандар кеңістікті қабылдауда кинестезиялық түйсіктер де қаты-насатындығын көрсетеді.

6 билет

1.Ес туралы түсінік

Ес психикалық процесс ретінде. Естің адам өміріндегі маңызы. Ассоциация туралы түсінік. Аристотель еңбектері. Естің физиологиялық негізі. Естің физиологиялық теориясы. Ес туралы теориялар (гештальтпсихологиядағы ес мәселесі, естің биохимиялық теориясы, П.Жане мен Л.С.Выготскийдің зерттеулеріндегі естің жоғары формаларының қалыптасту мәселесі). Ес түрлерінің топтастырылуы.

Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс- әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.

Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс- әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.

Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы замаңғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған- есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.

Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді.Соңғы жылдар ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқанпсихологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт- биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.

Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зертеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдаланады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал, ес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгерісінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні (“материалды”)немесе таза сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс- әрекетінің материалға қатыс жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.

Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы- ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы- ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланыстыпайда болып отыратын әсерлер мынадай үш типке бөлінеді:

а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі;

б) өзара ұқсастығы;

в) бір- бірінен айырмашылығы мен қарама- қарсылығы.

Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мыныдай үш түрі жасалады:

1.Аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк)- сары).

2.Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер).

3.Қарама- қарсылық ассоциациялар (ақ- қара; ұзын- қысқа т.б.).

Мұндай ассоциациялық принциптерді тұнғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған- ертедегі грек философы Аристотель (б.з.д. 384- 322 жж.). Атақты физиолог ғалым И.П.Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бүл нейрондық модель теориясы деп те аталады.

Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жарамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелкей әсер еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болуп, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол – естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.

2.Естің түрлері

Қимыл- қозғалыс есі дегеніміз – ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл- қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең- сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл- күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітііркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс- әрекеттерді атқаруға жетелейді. 

Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл есттің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады. 

Бейнелі- көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады.Осыған орай бейнелі- көрнекелік ес- көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшесту есі мен көру есінің маңызы зор болса,ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.

Кейде эйдетикалық есі бар адамдарда да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.

Сөздік- мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік- мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажнт кезінде бір сөз, не олардың мәнін еске сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік- мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән- жайын есте сақтау логикалық- мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу- механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік- мағыналлық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарынесте сақтауында жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс- әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат- мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады. 

Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілілігіне байланысты. Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс – тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтарды есте берік қалуы деп аталады. Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ, мұндай процестер тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жанғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылданған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі – қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, олрды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдыруың тағы бір ерекшелігі - әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан, нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырып, түпкілікті еске айналды қиындатады. Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес «алғашқы ес», «шапшаң көрініс» деп те айтыла береді. Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес ( түрлі амал – тәсілдер есі ) деген атпен белгілі.

3. Ұмыту және оның түрлері

мыту процесі — есте қалдыру процесіне карама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді үмытып отыру — адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есіңде сақтай беретін болса, онда кез келген үсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді. Эксперименттік тексерулерге қарағанда қайта жаңғыртылган материалдардың дәл болып келуі өте сирек кездеседі. Материалды қайтадан қүрастыру кезінде оның көлемі кемиді, онша маңызы жоқ үсақ жерлері шығып қалады да, негізгі түпкі мағынасы  қорытылып есте қалады. Қабылдаған материалдың тіршілік қажетімізге жарайтындары  (түрлі жолдармен арнайы есте қалдырылганы) көбінде үмытылмайды. Ал біздің тіршілігімізге тікелей байланысы жоқтары өзінен-өзі ұмытылып отырылады. Үмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде үмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Материалды оқыған бойда (көлемді, күрделі түрлерін) бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмүны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ бүлар екі-үш күннен кейін тым тәуір кайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кешігіп еске түсіруді психологияда реминисценция қүбылысы деп атайды. Кешігіп еске түсіру, көбінесе, мектепке дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Өйткені олар көлемі үлкен, күрделі материалдарды бірден толық айтып беруге шамалары келмейді де, ойларына келген жерін айта береді. Ой-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне және есте қалдырудың жолдарын меңгере білуге байланысты ересек адамдарда реминисценция қубылысы көп кездеспейді.

Үмыту процесінде байқалатын екінші бір қүбылыс төмендегіше сипатталады: өткен материалға үқсас екінші бір материал оқылса, бүл қайта жаңғыртудың сапасының төмендеуіне эсер етеді. Бүл құбылыс-ретроактивтік тежелу деп аталса, бүрын есте сақталған материалдың екіншісіне бөгет жасауы проактивтіктежелу деп аталады.

Айтылган қүбылыстардың табиғатын білудің улкен педагогикалық мәні бар. Өткен шығармадан көлемді, мазмүны үқсас шығарманы жаттағанда, олардың басы мен аяғы есте жақсы сақталып, орта жері тежелуге үшырайтындығы көрініп отыр. Мүғалімдер мүндай тежелулерді оқушыларда болдырмау үшін, сабақ кестелерінде үқсас пөндердің қатар Ітүрмауын қадағалап, әр жастағы оқушылардың үй тапсырмаларының нормасы қатаң сақталынып, оқу әрекетін үнемі түрлендіріп отырулары керек.

 



7 билет

1.Зейін және оның физиологиялық негізі

ейіннің физиологаялық тетіктер арқылы қажетті мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.

Адамның сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз ток (электр) қуат анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да білуге болады. Әдетте, сергектік 5 күйде көрініс беретіні дәлелденген: терең үйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабыр сергектік, белсенді (қатерлену) сергектік, шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергсі жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін сапасы кеміп, кейбір қызметтерін гана орындай алуы ықтимал. Мысалы, мүлгіген жағдайда адам бір не екі әсерге ғана жауап беріп, қалған тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған ана ешбір әсерді елеместен, терең үйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестенің сәл ғана дауысынан оянып кетері сөзсіз.

Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлекстін рөлі өте кушті. Бұл құбылыс тың негізі адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті: Мысалы, сәл ғана. сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарам құлағын туреді . Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған окушылар кенет есік ашылудан, жұмыстарын қоя салып назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл рефлексті И.П.Павлов "немене?" рефлексі деп атаған.

Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып туратын күрделі процестермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық (шеткі) және орталық. Перифериялық механизмдерге сезім (тұйсік) мүшелерінің икемдесу эрекеті жатады. Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады, сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшық еттср құлақ жарғағын кереді. Ал күшті дыбыста жарғақ кернеуі босаңсып, миға ететін жағымсыз әсерді басады.

Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты басқа жүйке көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады. Туындау әсері күшті болған қозу өзімен бір уақытта жүріп жатқан әлсіз деу процесті басып, психикалық іс-әрекеттің бағыт-бағдарыы айқындап отырады. Сонымен бірге, бір-біріне қуат қосатын бір уақыттағы элденеше тітіркендіргшггердің бірігіп, эрекетке тұсуі де мүмкін Қозулардың мұндай өзара байланысты ықпалы қажеті болған әсерді таңдап, психикалық әрекеттің белгілі бағыттаі жүруіне негіз қалайды.



Зейін эрекетінің физиологиялық көрінісін тұсінуде Ч.Шерингтон ғылыми дәлелдеп, кейін И.П. Павлов кең қолданған жүйке процестерінін индукция заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабығының бір аймағында туындаған қозу оның басқа бөлектерінде тежелу пайда етеді (бір мезгілді индукция) немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады (бірізді индукцңя), себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдайымен ерекшеленеді, сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталады, жаңа шартты байланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте үлкен ми сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына ие. Ал мидің басқа бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның астар саналы немесе автоматтандырылған ерекетімен байланысьш жатады.

Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А.А.Ухтомский) де жетекші мәнге ие. Доминантаң түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтпрының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп турган импульстер бірігеді әрі жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының эрекеті күшейе түседі. Үстем қозу көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес, бүрын болған әсерлердің және жүйке байланыстарының өткен тәжірибеден қалыптасқан іздері де негіз бола алады.

Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі тағылимат та динамикадағы зейін құбылыс ын, әсіресе оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебі адамдарда жануарларға тән бол-маған өз зейінін мақсат бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында Мақсат қою мен оны нақтылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бірінші және екінші сигналды жүйкелердің өзара ықпалды байланысымен түсіндірген жөн себебі қозу тілдік (екінші) сигналдың таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді. Өз кезегінде алғашқы тітіркеңдіргіштер сөздік баламаға келіп, мақсатты нақтылауға себін тигізеді де қажетті қозу көзінің одан әрі күш алуына көмектеседі.

Сонымен, зейін табиғаты өзара бір-біріне тәуелді байланыста болған ми құрылымының біртұтас жүйесінің іс-әрекетімен байланысты, бірақ олардың зейін тұрлерін реттеудегі ролі бірқалыпты емес.



2.Зейіннің түрлері мен қасиеттері

Зейіннің түрлері – адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишағакөзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекетке (оқу, еңбект.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине,бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.

  1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейініңді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

  2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

  3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдер де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде [[ұйымдастыруды айтады. Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола батстағаны. Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.



Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне:ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығышоғырлануы жатады.

Зейіннің ауыспалылығы- бұл зейіннің бір нысанадан екіші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мысалы, кітап оқудан шәкірт өз зейінін суреттеркөруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Зейіннің ауысуының жүйкелік-физиологиялық негізі бас ми қыртысының негізінен екінші сигнал жүйесінің шақыруы мен қозудың оптимикалық орталығының ауысуы болып табылады. Бір ғана нысанаға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануыдейді. Мысалы біздің зейініміздің шоғырлануына инені жіппен сабақтау, қолмен тігін тігу, математикалық есептерді шығару, студенттің лекцияны тыңдауы мысал бола алады.

Зейіннің орналасуыдегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға бағытталуын айтады. Мысалы, трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінің дүрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жолаушылардың, автомобильдердің және басқа трамвайлардың қозғалысы сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы керек.

Шоғырлану мен орналасу кез-келген зейіннің қасиеті болып табылады.

Зейіннің көлеміөте шектеулі уақыттың ішінде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Колеміне қарайзейін тар немесе кең болуы мүмкін. Зерттеуші неғүрлым көп нысанды қамтыса, солғүрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысандарды экран арқылы тез арада көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін.

Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ турактай алса, оны зейіннің тұрақтылығыдейді. Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойы белгілі бір нысанда зейінді шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісінде қысқа мерзім ішінде зейін басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атайды.

Өтеәлсіз зейінді алаңғасарлықдеп атайды. Алаңғасар адам белгілі бір нысанға зейіннің шоғырлануына қабілеті болмауымен сипатталады. Алаңғасар адамның зейіні еріксіз бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, олардың бірде-біріне тұрақтамайды. Алаңғасарлық жағдайды мектеп оқушыларының омірінен байқауға болады. Алаңғасарлық үлкен адамдарда да кездеседі, мысалы шаршағанда, жүйке ауруларымен ауырғанда байқалады. Мектепте алаңғасар шәкірттер кездеседі. Олар әр уақытта бір орнында отыра алмайды, бірде-бір нысанға зейінін жинақтай алмайды.

3.Зейіннің дамуы және оны тәрбиелеу жолдары

Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен қүбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, түрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бүлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі.

Мектеп — оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мүғалім — балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі түлға. Бүрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті — есеп шығаруды үмытып кетеді. Бүл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мүғалім осы жағдайды есінде қатты үстағаны дүрыс. Ол сабақты бала үғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі қүралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге түрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мүғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды. Зейін тәрбиесінде әрбір мүғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына төмендегілер:

1. Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бүл жөнінде К. Д. Ушинский былай деген: "Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бүлжытпай орындауды талап ету керек, бүл жүмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттыктырып отыру керек".

2. Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін.

3. Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.

4. Зейінді күшті және түрақты ететін қүбылыстың бірі — ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен үштастырып отыру қажет.

5. Төменгі сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлде де болса, "қатая" қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар шаралар.

Оқушылардың зейінін дүрыс қалыптастыруға мүғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мүғалімнің өз зейіні дүрыс үйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып түрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мүғалім оқушылардың зейінін дүрыс тәрбиелей алмайды.

Мүғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дүрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, үқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мүғалім: "Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймаған-дықтан үлгірмейді" дейтін болса, бүл алдымен оның сабақты дүрыс үйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жүмысындағы кемшілігі болып табылады. Ы. Алтынсарин: "Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінөлауға тиіс" —деп өте дүрыс айтқан.



8 билет

1.Қиял туралы түсінік

Қиял туралы жалпы ұғым\r\n\r\n \r\n\r\nҚиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «…барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.\r\n\r\nАдамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:\r\n\r\n \r\n\r\n1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;\r\n\r\n2)  қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;\r\n\r\n3)  қиял адамның    өскен    ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».\r\n\r\n4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл — қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде  алатын  орны  ерекше.   Өйткені  ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет      етеді. Ойлау  мен   қиял   бір-бірімен   тығыз   байланысты. Жан қуаттарының   осы   екеуі  де   мәселені   шешуге,   сұраққа жауап беруге қатысады.  Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік  ерекшелігі  болады.   Қиял   —  мәселені   суреттеу, жанды  көрініс  арқылы шешсе,  ойлау оны тірі  суретсіз жалпылай, ұғым, пікір,   тұжырым түрінде шешеді;\r\n\r\n5)  адам қиялы еңбек процесінде,    іс-әрекет      үстінде жарыққа шығып, дамып отырады.  Мұндағы негізгі  шарт: саналы   мақсаттың   болуы,   болашақты   болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. 



2.Қиялдың түрлері

Қиялдың түрлері. Қиял екіге бөлінеді: ырықты (актив) қиял, ырықсыз (пассив) қиял.

  • Ырықты (актив) қиял

Қиялдың бұл түрі - адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.Қиялдың мұндай белсенді түрі балалардың ойнау әрекетінен де байқалады. Ырықты актив қиял үшке бөлінеді: қайта жасау, шығармашылық, арман.

Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады.Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Шығармашылық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.

Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның шығармашылыққиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі.

  • Ырықсыз (пассив) қиял

Қиялдың бұл түрі-адам алдына ешбір мақсат қоймай,басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі.

Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру.

Түс көрудің физиологиясын жан-жақты түсіндірген И.П. Павлов.Бұл – дәстүр сабақтастығы. Яғни, қиял адамның ырқынан тыс болады. Қиялдың өз ғылымда дамымай тұрған кезде түс көріп, жору арқылы бағыт-бағдар беріп отырған. Мысалға алатын болсақ,

  1. Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

  2. Жылаған болса – өңінде қуанады.

  3. Алма жесе - өңінде тілегіне жетеді.

  4. Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады. 

  5. Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.
    Түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы – түсті тек жақсылыққа жору керек.



3.Қиялдың дамуы және қалыптасу жолдары

r\nҚиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мүны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады.Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері қүралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да).\r\n\r\nҚиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қияжа дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек.\r\n\r\nАдам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бүрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор.\r\n\r\nҚиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Рас, қиял мен ойлау бір-біріне өте үқсас. Себебі, екеуінің де физиологиялық негізі бар. Бірақ та олардың әрқайсының атқаратын қызметі әр басқа. Психология оқулықтарында берілген қиял анықтамалары да оның мәнін жете ашпайтын тәрізді. Ол бойынша қиял дегеннің не екенін бірден түсіну қиын. Кітап бойынша қиял елестерді.қайта қүру, жаңғырту, бейнелер жасау делінген де, қиялдағы үғымдар рөлі еске алынбаған. Біздіңше қиял, яғни фантазия дегеніміз өмірде бар, әзірше жеке тәжірибемізде кездеспеген, келешекте жүзеге асуға мүмкін болмасты күні бүрын санамызда елестету мен үғымдар негізінде өзгертіп, жаңғыртып, бейнелейтін психологиялық процесс.\r\n\r\nКейде қүр қиялдану, мүндануды да қиял деп түсінетіндер бар. Бүл — теріс пікір. Қиял — психикалық қүбылыс. Ал қиялдану мен мүндану — көңіл күйі. Көңіл күйін өзгертуде тек қана қиял ғана емес, басқа да психикалық қүбылыстар да қатысады.\r\n\r\nКейбіреулер екінші сигнал беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түс көруді де қиял түріне жатқызады. Бүл да қиялдың мәнін бұрмалағандық. Түс көру — психикалық процесс емес. Ол үйқы  кезінде мидың кейбір бөліктерінің қызметінен пайда болатын физиологиялық қүбылыс.\r\n\r\n         

9 билет

1.Сөйлеу туралы жалпы түсінік

Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеупроцесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудіңкоммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б.[1]

Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи —белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.



2.Сөйлеудің анатомиялық негіздері

Сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмін жақсы білу, (сөйлеу әрекетінің құрылымы мен оның функционалды ұйымдастырылуын) біріншіден, қалыпты жағдайда сөйлеу тілінің күрделі механизмін, екіншіден, сөйлеу тілінің ақаулықтарын талдауына дифференциалды түрде қарау, үшіншіден, түзету жұмысының жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу әрекетінде бас ми қызметі басты роль атқарады.

ХХ ғасырдың басында сөйлеу тілі қызметі бас мида орналасқан ерекше «оқшаланған сөйлеу орталықтарымен» байланысты деген көзқарас таралған болатын. И. П. Павлов бұл ойға жаңа бағыт беріп, ми қыртысының сөйлеу қызметінің шоғырлануы (локализациясы) тек күрделі ғана емес, сонымен қатар өзгермелі екенін дәлелдеп, оны «динамикалық локализация» деп атаған.

П. К. Анохин, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия және т.б. ғалымдардың зерттеулері бойынша кез келген жоғары психикалық қызметтің негізі жеке «орталықтар емес», орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бір бірімен біртұтас әрекетпен байланысты күрделі функционалды жүйелер болып табылады.

Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психиқалық қабілет. Ол шартты рефлекс заңдарына бағынады. Сөз арқылы қатынасқа түсу процесінде (коммуникация) адамдар бір бірімен ой бөлісіп, бір біріне ықпал етеді. Сөздік қатынас тіл арқылы мүмкін болады. Тіл дегеніміз – қатынас құралының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесі.

Сөйлеуші өз ойын жеткізу үшін керек сөздерді іріктеп, оларды тілдің грамматикалық ережелерімен байланыстырып, сөйлеу аппаратының артикуляциясы арқылы айтады.

Адамның сөзі түсінікті және анық болу үшін, сөйлеу мүшелерінің қимылы заңды және нақты болуы тиіс. Сонымен бірге бұл қимылдар әдеттенген болып, еріксіз іске асуы керек.

Әдетте, сөйлеуші тек өз ойының ағымын ғана ескереді де, ал сөйлеген кезде оның ауыз қуысындағы тілі қандай қалыпта болуы керек екені, қай кезде тыныс алу керек екенін, т.б. ойламайды. Бұл сөйлеу механизмінің әрекеті нәтижесінде іске асады. Сөйлеу механизмінің әрекетін түсіну үшін сөйлеу аппаратының құрылымын жақсы білу қажет.

Сөйлеу аппараты дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе (Правдина О. В.).

Сөйлеу аппараты бір бірімен тығыз байланысты екі бөліктен тұрады: орталық (реттеуші) және перифериялық (шеткі- атқарушы).

Сөйлеу аппаратының орталық бөлімі адамның миында орналасқан. Ол реттеу функциясын атқарады. Бұл бөлім ми қыртысынан (көбінесе сол жақ мидың), ми қыртысы асты ядролардан, ми өзегі, ми өзегі ядроларынан, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс алу, дауыс, артикуляциялық бұлшық еттеріне баратын жүйкелерден тұрады.

Орталық сөйлеу аппаратының және оның бөліктерінің қызметі қандай? (неде?)

Сөйлеу жоғары жүйке жүйесінің басқа да көріністерімен қатар рефлекстер негізінде дамиды. Сөйлеу рефлекстері мидың әр түрлі бөліктерінің әрекетіне байланысты, дегенмен сөйлеудің жасалуында ми қыртыстарының кейбір бөліктері басты роль атқарады. Әсіресе мидың сол жақ қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері (солақайларда оң жақ).

Ми қыртысының шеке бөлігінің төменгі қыртысында Брока орталығы орналасқан. Адамның дауыс шығару және сөйлеу процестері осы орталық арқылы іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігінде басқа адамның сөйлеген сөзін естіп – түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан

(Вернике орталығы). Осыған байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.

Ми қыртыстарының төбе бөлігі естіп, сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігінде орналасқан көру орталығы арқылы көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Баланың тілінің дамуы ересектердің артикуляциясын көріп қабылдау арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Ми қыртысы астындағы ядролар адамның сөйлеген кезде анық, байсалды және әсерлі сөйлеуіне әсерін тигізеді.

Сөйлеу аппаратының барлық мүшелері ми өзегі ядроларына шығатын бас сүйек-ми жүйкелермен қамтамасыз етілген.

Сөйлеу аппаратының орталық және шеткі бөлімі мидан шығатын қос жүйкелермен қамтамасыз етіледі



3.Сөйлеудің дамуы және оның қалыптасу жолдары

Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау) байқалғанымен, оларда әлі де дыбыстық сипат болмайды. Балада түрлі дыбыстар 2-3 айдан кейін байқалады. Мұны оның уілдеуінен жақсы көруге болады. Оларда әуелі былдырлар пайда болады. Бұлар баланың естіген сөздерге, дыбыстарга қайтарған реакциясы. Мы-салы, «мә», «ға», «ге» секілді жеке буындарды 5-6 айда «ма-ма», «па-па» деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. 8 айлық бала сөздің интонациясын, дауыс ырғағын ажырата алады. Бірақ сөздердің айырмашылығын, олардың мән-мағынасын әлі толық ұға алмайды. Оның алғашқы сөздері «ата», «әке», «әже», «аға» болады. Бірақ олар үш-төрт буыннан тұратын сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек оның қатаң, ұяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен ысылдап шығатын дауыссыздарды (ж, ш) ұғыну қиынырақ болады, сондықтан кейбір бала «р, л» дыбыстарын 4-5 жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Отбасында ата-ана тарапынан жеткілікті тәрбие алған жас жарымдағы бала 10-15 сөз, екіге келгенде 300, үш жаста мың жарымдай сөзді игереді. Кейде жеткізе алмай жатқан сөздерін ым-ишарамен жеткізеді. Балада сөз нақтылы заттың сигналы ретінде көрініп, ылғи да белгілі нәрсеге деген әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың бүл кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, олар оның айналадағы заттармен, адамдармен қарым-қатынастарында елеулі рөл атқарады. Кейін уақыт өте келе сөздік қоры етістік, есімдік, тағы басқа сөз таптарымен толығады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересектер-дің дұрыс және мағыналы сөйлеуі үлкен әсер етеді. Өйткені бала-лар оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастай-ды. Ол басқа балалардың, тіпті үлкендердің сөздерінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни балалардың «тіл сезімі» күшті бо-лады.
Жанүяда баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жет-кілікті көңіл бөлінсе, ол мектепке келгенде қиналмай жақсы үлгеріп кетеді. Осындай балалардың ана тіліндегі сөздік қоры 4500-ге дейін жетіп отырады. Біз балалардың дүрыс, анық, дәл сөйлей алуына ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Мектепке дейінгі балаларды сөйлеуге тәрбиелеу — ата-аналар мен тәрбиешілердің ерекше көңіл бөлетін мәселесі. МектепКе дейінгі баланың сөйлеуі, негізінен, тек қарым-қатынас қызметін атқаратын болса, ал мектепте білім жүйелерін меңгерудің қүралы бола бастайды. Мектеп бала тілінің жүйелі түрде дамуына өте қолайлы жағдай туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейін стихиялы түрде жүргізілсе, енді бала анатілін арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық түрғыдан) оқып-үйренеді. Бұл оның тілінің дамуына бүрын-соңды болып көрмеген үлкен өзгерістер енгізеді. Ана тілін жақсы меңгеру арқылы балада тек сөйлеу ерекшеліктері ғана емес, бүкіл жеке басының қасиеттері де жетіліп дами түседі. Жазба сөйлеу — баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Мүны меңгеруге бала мектеп табалдыры-ғын аттағаннан бастап белсене кіріседі. Оны жазуға үйрету бастау-ыш мектептегі оқудың пайызға шаққандағы жарымына жуығын ала-ды. Өйткені жазу техникасын меңгеру — психологиялық түрғыдан өте күрделі процесс. Бастауыш мектеп оқушыларының ауыз-екі сөзі мен жазба сөзін салыстыра зерттеу көптен бері қолға алынып келе жатқан жүмыс. Ертеректе жүргізілген зерттеулердің бірінде 2, 3-сы-нып оқушыларының жазба сөзі ауызша сөйлеуінен сан жағынан да, сана жағынан да көп кейін қалып отырғандығы, оларда зат есім мен етістіктердің көп үшырасатындығы, сөздік қоры жеткілікті дамыған балалардың жазу жүмыстары да жоғары болатындығы байқалған. Соңғы кездегі зерттеулер де осы пікірдің дүрыстығын анықтап отыр. Орфографиялық дағдылармен қатар жазу дағдыларын үйрену — осы жалпы ауызекі сөздің өзін меңгерудің негізгі элементі.



10 билет

1.Ойлау үдерісі:жалпы сипаттама

Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.



2.Ойлау түрлері

Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда.

I)Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері – дискурсивті: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.

II)Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет:

1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық;

2) нақты тұлға ой – өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Шығармашыл ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: а) шектен тыс сыншылдық; ә) шешім іздеудегі асығыстық;

3) ішкі шек қоюшылық (цензура);

4) регидшілдік (ескі білімдерді қолдануға әуесқойлық);

5) конформизм (сырт көзге мазақ болу қаупінен туындаған тартыншақтық). Қайта жаңғыртушыой әрекетінің шығармашылдықтан айырмашылығы – дайын білімдер мен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу.

III) Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялықжәне тәжірибелікболып бөлінеді.

IV)Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі шешілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау: 1) затты – әрекетті; 2) көрнекі – бейнелі; 3) сөзді – логикалы болып түрленеді. (Бұл да сонда. 162 б).





Ой операциялары

Адамныңойы бір жолмен, бір ағыммен ғана жүрмей, бірнеше жолдармен, тәсілдермен әрекет етіп отырады. Ой тәсілдеріне анализ, синтез, абстракция, жалпылау, нақтылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыружатады.

Анализ – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Анализ (талдау) тәжірибелік (ойлау-сөйлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді.

Синтез – бұл әр түрлі бөлшектер, қасиеттер мен әрекет – қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Анализ бен синтез тұтас нәрсенің қарама-қарсы екі жағы. Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, демек ой тәсілінің осы екі түрін қатарынан қарастыру керек.

Абстракциялау дегеніміз – ұғымдардың кездейсоқ белгілеріне көңіл аудармай, тек маңызды ерекшеліктерін оқшаулап бөліп алу.

Нақтылау – ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. Яғни, жалпы ұғымдардан жалқы, нақты ұғымдарға көшу.

Топтастыру – заттар мен құбылыстардың, жағдайлардың топқа және шағын топтарда белгілеріне қарай ойда топтастыру және біріктіру.

Салыстыру – бұл әр түрлі заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой-әрекет. Салыстырудың түрлері: а) бір жақты; ә) көп тарапты; б) үстірт және тереңдей; в) тікелей және жанама.

Гипотиза – болжау, жағдайларды шешудің проектісі.

Инсайт – кейбір мәселелерді тез арада шешуді түсіну.

3.Ойлау сапалары



11 билет

1.Сезім және эмоция туралы түсінік

Адам өмірінде сезімдер ерекше рөл атқарады. "Сезім" немесе "эмоция" сөзімен адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнер шығармаларына, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамға қатынастарына байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады: оның ықпалымен адам әрекет етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.

Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға көңіл-күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жек көреді.

Күнделікті сөйлеу тілімізде "сезім" деген сөз "түйсінудің" мағынасында жиі қолданылады, оларды сезім органдары деп атаймыз, дұрысында, оларды түйсіну органдары деп атауымыз керек.

Мәселен, "Мен иісті сеземін демей", "иісті түйсінемін" деген дұрыс болады. Түйсіну органдарының орнына сезім органдары деген тіркес жиі қолданылады.

Көптеген психология оқулықтарының авторлары, психолог ғалымдар "сезімдер" мен "эмоцияны" бір-біріне синоним ретінде қарастырады, ал шын мәнінде, бұл екі ұғымның мағыналық айырмашылықтары бар. Сезім – бұл өте күрделі, тұрақты қалыптасқан адамның қатынасы, жеке тұлғаның белгісі. Мысалы, борыш сезімі, патриотизм сезімі, жауапкершілік сезімі және т.б, ал эмоция - өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді, Сезім эмоциялар арқылы байқалады. Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер тек адамдарға ғана тән болады. Жануарларда сезім болмайды, оларға эмоцияның қарапайым түрлері тән. Жоғары сатыдағы жануарлар қанағаттану, қанағаттанбау, қуану, қайғыру, қорқыныш сияқты эмоцияларды басынан кешіреді.

Эмоциялар кездейсоқ қалыптаспайды. Эмоцияның қайнар көзі — объективтік шындықтың адамдардың қажет-тіліктерімен сәйкестікте болуы.

Сезімдер немесе эмоциялар дегеніміз —адамның басқа адамдарға, өзіне, коршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл-күйі. Адамдар шыңдық дүниенің заттары мен құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама қанағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық ретінде және қоғамдық тұрмысқа байланысты қабілеттіліктер оларда жағымды эмоцияларды шақырады (қанағаттану, қуаныш, махаббат). Осындай қажеттіліктерді қанағаттандыруға кедергі келетіңдері жағымсыз эмоцияларды (қанағаттанбау, қайғы, жек көру) қалыптастырады.

Оқу әрекетіңде сезімдер мен эмоцияларының мәні өте жоғары. Олар адамды іс-әрекетке талпындырады, оқудағы, жұмыстағы, шығармашылықтағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сезім және эмоциялар адамның мінез құлқын, белгілі бір өмірлік мақсаттарының қойылуын жиі анықтап отырады.

Сезімдер объективтік, әлеуметтік мәні бойынша жағамды және жағымсыз болып бөлінеді: мұндай жағдайда жеке және әлеуметтік бағалау әруакытта сәйкес келе бермейді, белгілі бір құбылыстар, деректер бізге жағымды көрінеді, жиі оларды қолдаймыз, басқа құбылыстарды айыптаймыз және жоққа шығарамыз. Осыдан келіп, адамдардың сезімі жағымды немесе жағымсыз сипатқа ие болады.

Жағымды сезімдерге қанағаттану, куаныш, бақыт, шаттық, махаббат сезімдері жатады. Жағымсыз сезімдерге қанағаттанбау, қайғы-қасірет, жек көру, қорқыныш сезімдері жатады.

Күшті сезімдермен адамдардың ерлік істері байланысты. Адамдардың сезімдері даралық және жан-жақтылық қасиеттерімен ерекшеленеді: бұл сүйіспеншілік, қуаныш, құрметтеу мен мақтану, қайғы мен қасірет, қорқыныш сезімдері.

Адамның сезімі әруақытта да белгілі қоғамдық мәні бар іс-әрекетке бағытталған. Жай ғана сыйлау немесе жай ғана сүйіспеншілік болуы мүмкін емес. Мәселен, сүйіспеншілік сезімі міндетті түрде белгілі бір іске бағытталады және байқалады: Отанды сүю (елжандылық) еңбекті сүюге, адамды сүюге бағытталады.

Адамның сезімдерінде оны қоршаған дүние бейнеленеді, сонымен қатар онда заттардың өзі бейнеленбейді, оған адамдардың қатынасы бейнелейді. Сондықтан да әрбір адамның сезімінің мазмұны осы заттардың ол үшін қандай мәні барлығына байланысты. Адамды қоршаған дүниедегінің барлығы бірдей оның сезіміне әсер ете бермейді, тек ол үшін мәнді, оның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталғаңдары әсер етеді.

Сонымен, адамның сезімдерінде оның қоршаған дүниеге қатынасы, оның қажеттіліктері, дүниетанымы мен көзқарасы, моралдік қасиеті бейнеленеді. Біз әрбір адамның сезімінің осы қасиеттеріне қарай оның қандай адам екендігін айтып бере аламыз.

Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз.

Стеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділігін арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін, сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім ("стиеяос" — грек сөзі, қазақшалағанда — күш деген мағынаны береді). Мысалы, күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады.

Астеникалық сезім дегеніміз адамның белсенділігін, қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім.

Астеникалық сезім ("астенос" - грек сөзі, казақшалағанда - әлсіздік мағынасында қолданылады). Мысалы, нәзіктік, қайғы-қасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.

И.П. Павлов эмоцияны инстинктерге жақындатты. Сезімдерді ол бас ми қыртысының жартышарлары қызметі ретінде қарастырды, адамда әруақытта екінші сигнал жүйесімен байланысты болады.

Сезімдер — бұл қоғамдық өмір жағдайында адам дамуының жемісі. Эмоция дегеніміз, - деп жазды. И.П. Павлов, — инстинктің жұмысы, сезім — қайғы, қасірет және т.б. — бұл оның мәні басқаша, үлкен жартышарлардың қызметінің қиындауымен байланысты, сезімдер жоғары белгілермен байланысты және олардың барлығы II сигнал жүйесіне тәуелді.

Сонымен, эмоциялар — бұл органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырумен немесе қанағаттандырмаумен байланысты қарапайым көңіл-күйлер.

Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған қажеттіліктермен байланысты. Сезімдердің пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты.

Сезімдердің негізіне ең алдымен адамдардың арасындағы қатынастармен байланысты қажеттіліктер жатады. Эмоциялар органикалық қажеттіліктермен байланысты, ол адамдарда да болады. Сезімнің эмоциядан айырмашылығы тек адамдарға тән болады.

Эмоциялар

Сезімдер

Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне туып отыратын қысқа ситуациялы көңіл күйі адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса,не болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.

Сезімдер адамдардың бір бірімен қарым қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын бір сыдырғы тұрақты процес. Достық, адалдыө сезімдердің адамда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Бұларға жажпыламалық сипат тән, Мәселен, ата атаны, атамекенді, Отанды сүю секілді патриотттық сезімдер осы айтылғандардың мысалдары

Эмоция мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ымишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады.

Сезімдерге мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.

Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі мен гипоталамус бөлігі басқарып отырады.

Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда динамикалық стереотиптердің әркез жасалып, өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал жүйесінің басқарушылық ролі күшті болады. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді. Мәселен, сөз адамның интеллектікғ эстетикалық, моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды тәрбиелеуге кең жол ашылады.

Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында кездеспейді.

Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық тарихи сипатта болып отырады



3.Эмоциялар мен сезімдердің қалыптасуы және оның дамуы

Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі - оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері - қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу, т.б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болу әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материал рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерлеуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс. «Эмоция» ұғымының төркіні - «емовера» деген латын француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні - тітіркендіру, толқу. Бұл - жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция - адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі - эмоция - жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар. Сонымен, эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.


 

Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана бейімделеді. Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанаттар дүниесіне тән ызалану, қорқу, жыныстық еліктеу, таңдану, қуану, мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық – әлеуметтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болады. Ч. Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып, сезімнің тек ақыл иесі - адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді. Адам - эмоцияларының ішінде оның күрделі түрі «көңілдің» алатын орны зор. Көңіл - адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Көңіліне қарап адамдарды, шат-жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады.

Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністердің ми қыртысы астындағы орталықтардың нервтік қозуынан және вегетативтік нерв жүйесінде жүріп жатқан физиологиялық процестерден болатынын көрсетеді. Сол сияқты, ми қыртысы астының өзі де үлкен ми сыңарлары қыртысына күш беруші ретінде оған жағымды әсер етеді. Эмоциялық процестер адам организмінде, оның тыныс алу, ас қорыту мүшелерінде, жүрек-тамыр қызметтерінде біраз өзгерістер туғызады. Эмоциялық күй кезінде тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді, көз қарашығы үлкейеді, терлеу, бозару, қызару байқалады, жүрек, өкпе, орталық нерв жүйесіне қарай қанның ағысы күшейеді. Әр түрлі көңіл-күйлері вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі арқылы қозатын ішкі мүшелердің өзіндік өзгерістерімен қосарланады.



12 билет

1.Ерік туралы ұғым,ерік жайлы негізгі теориялар

Жалпы ерiк проблемасы XVIII−XIX ғасырларда психологиялық зерттеулерде негiзгi мәселелердiң бiрi болып табылатын. Алайда XX ғ. психологиядағы жалпы дағдарысқа байланысты ерiктi зерттеу екiншi орынға ығыстырылып қалды. Зерттеулер жүргiзiлгенiмен, тар көлемде болды. Қазiргi психологияның ұғымдық жүйесiн талдай келе, психология тарихшысы М.Г. Ярошевский ерiк ұғымы ХХ ғ.-дағы психологияның негiзгi ұғымдары қатарына кiрмейтiнiн атап өттi. Ал АҚШ психологиясында “ерiк” терминi iс жүзiнде қолданылмайды екен. Тiптi психология жайлы көптеген оқулықтарда ерiк туралы тараулар жоқ. Тек кейiнгi кездерi ғана оған қызығу қайта ояна бастады. Ерiк мәселесiне қатынастың бiрде олай, бiрде бұлай болып өзгерiп тұруының сыры неде?

В.А. Иванниковтың көзқарасы бойынша, ерiк психологиясы саласындағы зерттеулерге деген қызығудың төмендеуiне үш себеп бар көрiнедi: 1) әдiснамалық қиындықтар; 2) ерiктi теориялық түсiнудегi қиындықтар; 3) зерттеудiң әдiстемелiк қиындықтары. Сонымен, ерiк туралы түсiнiктiң дамуында қандай тұрғылар мен бетбағыттар бар, соған келейiк.

Бiз жоғарыда айтып кеткендей, ерiк ұғымына антикалық ғылымда неғұрлым айқын әрi дәл мағына берген Аристотель. Оның айтуынша, ерiк ұғымы адамның тiлек, қалауына негiзделмеген, керiсiнше адамның қаламаған, бiрақ қажеттi және ақыл-парасатқа, саналы түрде қабылдаған шешiмдерiне сүйенiп iстелiнетiн әрекеттерiн түсiндiруге арналады. Аристотель тұңғыш рет психологиялық ұғымдар жүйесiне енген әрi өзiн түсiндiру үшiн ерiк ұғымын қажет ететiн ақиқат болмысты сипаттаған. Ондай болмыстар қатарына жататындар: әрекеттi таңдау, оны тудыратын күш және өзiн меңгеру. Сонымен, ерiк ұғымы психологияға әуел бастан-ақ түсiндiрушi ұғым ретiнде, теориялық конструкт (құрылым) ретiнде енгiзiлген екен.

Сөйтiп, шеңберiнде ерiк проблемасы арнайы қойылған бiрiншi парадигма немесе реалдық адамның өзiнен туындайтын әрекеттiң пайда болуы. Оны шартты түрде ерiкке мотивациялық тұрғыдан келу деп те атайды. Ол кейiн ерiктi өзiн-өзi детерминдеу проблемасы ретiнде зерттеудiң мықты бiр бағытына айналады. Мұның басында Аристотель тұрғанын айта кеткен жөн. Қазiргi уақытта мотивациялық тұрғы аясында ерiк табиғаты жайлы үш дербес нұсқаны бөлiп көрсетуге болады. Бiрiншi нұсқада ерiк әрекет мотивациясының бастапқы сәтiне келiп саяды (тiлек, талпыныс, аффект). Екiншi нұсқада ерiк дербес психикалық не психикалық емес табиғаты бар және өзге ештеңеге саймайтын әрi басқа психикалық процестердi анықтайтын жеке дербес күш ретiнде бөлiнiп көрсетiледi. Ал үшiншi нұсқада ерiк мотивациямен тығыз байланысты, бiрақ онымен тура дәл келмейтiн, кедергiлердi жеңуден тұратын әрекетке қозғаушы қабiлеттiлiк ретiнде қарастырылады.

2.Еріктің физиологиялық негіздері

Психиканың  басқа  да  көріністері  сияқты  ерікте  мидің  
жүйкелік процестеріне негізделген заттасқан құбылыс.   
Ырықты  əрекеттердің  негізі  алдыңғы  орталық  жүйке  
сайларындағы (извилины) ми қабықтарынық бірінде орналасқан  
аумақты  пирамидалы  жасушалар  (клеткалар)  қызметінде  
көрінеді.  Əрекетке  келтіретін  импулъстер  осы  жасушаларда  
пайда  болады,  осы  арадан  түйдектелген;  жүйке  талшықтары  
бастауын  алып,  миға  тереңдейді,  одан  төмен  түсіп,  жұлынды  
(арқа  ми)  бойлай  отырып,  дененің  қарсы  тарапындағы  бұлшық  еттерге  жетеді,  яғни  
пирамидалы  жол  жүреді.  Осы  жасушалардың  қай  бірі  жарақаттанса,  адамның  оларға  сəйкес  
бір қозғалыс мүшесі істен шығады (паралич).  Алайда,  ырықты  əрекеттер  бірбіріне  байланысты  өзара  ықпалды əрі ниеттелген қимылдардың күрделі жүйесінде пайда  болады.  Бұл  прогресте  қозғалыс  түйсіктерінің  маңызы  үлкен.  Егер  алдыңғы  орталық  жүйке  сайларының  артына  жайғасқан  бөліктердің  бірі  зақым  алса,  адам  өз  əрекеттерін  сезбей,  қарапайым  қимылдардан  қалады,  қалаған  қозғалысын  таңдап,  реттей  алмайды.  Əрекеттердің  бір  ізділігі  мен  байыптылығы  
алдыңғы  орталық  жүйке  сайларының  қызметімен  басқарылады.  Бұл  ми  қабығы  бөлігінің  зақымдануы  қозғалыс  икемсіздігіне  соқтырып, бұрыннан  қалыптасқан дағдыларды жояды.  
Аталған  ми  аймақтарынан  басқа,    еріктік  əрекеттердің   бағыты мен қуатын қолдап барушы құрылымдарды да ескерген  жөн.  Мидың  маңдай  профронталъ  бөлігі  істен  шығуынан  
қимылəрекеттер  ырықты  реттелуден  ауып,  қажетті  бағдарламаға  көнбей,  ерік  жоспарына  икемдесуден  қалады.  Мұндай  аппраксия  жағдайында  адам  қандай  да  ісін  бастағанымен,  аяқтай  алмайды,  бастамай  жатып,  доғарып  та  қоюы  мүмкін  немесе  еленбес  себептерден-ақ  жұмысын  басқа  арнаға  бұрып  жібереді.  Клинникалық  тəжірибеде  кездескен  жағдай:  аппраксияға  ұшыраған  бір  науқас  ашық  тұрған  шкафтың  жанынан  өте  бере,  ішіне  кіріп  алыпты  да,  енді  не  істерін  білмей,  жан-жағына  алақтап  тұрған  құсайды.  Мұндай  сырқатты адамның əрекетқимылының басы бірікпей, басқаруға  келмейді.  Ми  сырқаты  негізінде  адам  абулия  (зақымды  еріксіздік)  
ауруына  ұшырайды.  Мұндайда  əрекет  иесі  өз  қадамының  қажеттігін біле тұра, оны іске асыруға ерік күші жетпей, керекті  шешім мен əрекетке келе алмай, жан күйзелісіне түседі. Абулия  
ми  қабығындағы  шектен  тыс  (зақымды)  тежелу  мен  мидан  берілетін  импулъстік  ықпалдардың  қажетті  деңгейінің  бəсеңдеуінен  болады.  Осыдан  сырқат  адам  көбіне  ырықсыз  қылықтар шырмауынан шыға алмай, қиналады.  Ерік  əрекеттерін  орындауда  адамның  саналы  əрі  мақсатты  қимылқозғалыстарын  реттеуші  екінші  сигналдық  жүйенің  маңызы  орасан.  Екінші  сигналдық жүйе  адамның  қозғалыс  (моторная)  қуатын  арттырумен  бірге, барша  психикалық процестерінің: ойлау, қиял, ес, зейін, сезім бастау  көзі.  Осыдан,  ырықты  əрекет  бас  миі  қабығының  барша  
бөліктерінің  біргелкі  қызметінің  нəтижесі  ретінде  көрінеді  (И.П.Павлов).  Тұтастай  алғанда  ерік  шартты  рефлекстік  сипатқа  ие.  Уақытша  жүйке  байланыстарының  негізінде  əрқилы  
ассоциациялар  жинақталып,  бекиді.  Енді  келіп  түскен  ақпарат  
бұрыннан  бар  біліктермен  салыстырылады.  Егер  келіп  түскен  
хабар  ми  қабығында  бұдан  алдын  түзілген  бағдарламамен  
сəйкес  келмесе,  не  əрекет  өзгереді,  не  жоспар  қайта  жасалады.  
Ерікті  реттестірудің  рефлекторлың  негізі  бас  миындғы  қажетті  
қозу  ошағының  пайда  болуына  тəуелді.  Бұл  жүйкелік  қозу  
ұдайы  энергиялық  қуатты  керек  етеді.  Мұндай  ми  қажетін  
ерекше аккумлятор сипатты ретикулярлы формация қамтамасыз  
етеді.  Осы  ретикулярлы  формация  қажетті  қозу  ошағының  
қуатын  қолдауынан,  адам  қандай  да  жұмыс  орындауда  үлкен  
жігерлілік  танытып,  көздеген  мақсатына  жетуге  батыл  қадам  
жасайды.  


3.Адамның еріктік қасиеттері және олардың дамуы

Адам тек түйсiк, қабылдау, ес, қиял, ойлау арқылы дүниенi танып қана қоймайды, оны сонымен қатар өзгертедi, оған ықпал жасайды әрi өзiнiң қажеттiлiктерiне орай бейiмдейдi. Алайда қажеттi нәтижеге жету үшiн адамға белгiлi бiр күш жұмсауына және кездескен кедергi мен қиындықтарды жеңуiне тура келедi. Жалпы адамның өз көңiл қалауына, тiлектерiне қарамай iстеуге мәжбүр болатын, бiрақ қажеттi әрi саналы түрде ақыл-парасатқа негiзделген әрекеттердiң тууын қамтитын психикалық реалдықты, болмысты түсiндiру үшiн ерiк деген ұғымды қолданамыз. Қазақ тiлiнде ерiк сөзiне синоним ретiнде қайрат, күш-қуат, қажыр, жiгер, ырық сияқты сөздердi пайдаланады. Отандық психология ғылымының негiзiн қалаушы Жүсiпбек Аймауытұлы 1926 жылы жазылған “Психология” кiтабында: “Iшкi өмiрдiң барып-барып тиянақтайтын жерi – амал (iс) мен сыртқа шығу, осыны қайрат дейдi. Қайрат кең мағынада да, тар мағынада да жүретiн сөз”- деген түсiнiк берiп кетедi. Кең мағынасында, қайратты iс-әрекеттерге итеретiн жалпы қабiлеттер, ал тар мағынада зейiннiң мiндеттi қатысуын талап ететiн, санаға салу мен ақылмен шешу арқылы жүзеге асатын қасиет ретiнде сипаттайды. Ж. Аймауытов “Олай болса, қайрат... бiрiмен-бiрi алысқан бiрнеше пернелердiң (елестердiң) жүйелерi болғанда орын алатын нәрсе екен; қайрат сана майданы күрделi болудан тұратын нәрсе екен.”-деп жазады. Жалпы қазақы ойлау жүйесiнде “ерiк” сөзiнен гөрi “қайрат” сөзi көбiрек қолданылғанын Абай, Шәкерiм, Мағжан Жұмабаев шығармаларынан да байқауымызға болады. Мәселен, М. Жұмабаев “Педагогика” (баланы тәрбия қылу жолдары) атты кiтабында “... бiр мақсатқа жету үшiн жанның аңды (саналы- Ж.С) ұмтылуы қайрат деп аталады. Әрине, жан құр ұмтылып қана қоймайды, сол ұмтылғанын болдыру үшiн дененi iске қосады. Жанның қайрат күшi арқылы iстелетiн iсi ерiктi iс деп аталады”-деген анықтама бередi. Және қайраттың тартылу,ұмтылу және тiлеу сияқты түрлерiн бөлiп көрсетедi әрi оның қалай жасалатынына түсiнiк бередi.

Ал бүгiнгi психология ғылымы ерiкке қандай анықтама бередi, соған келейiк.

Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi.

Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады.

Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең әуелi- кедергi-қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана ерiк көрiнедi. Бұл кедергiлер сыртқы не iшкi болуы мүмкiн. Сыртқы кедергiлерге уақыт, кеңiстiк, заттардың физикалық қасиеттерi, өзге адамдардың қарсы iстелетiн әрекеттерi жататын болса, iшкi кедергiлер мазмұнына- адамның қатынасы мен бағдары, бiлiмiнiң аздығы, ерiншектiгi, енжарлығы,ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйi және т.б. кiредi. Сыртқы және iшкi кедергiлер санада бейнелене отыра, ерiктiк күш салу тудырады. Ол қиындықты жеңге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.

13 билет

1.Қабілет ұғымына жалпы сипаттама

Күнделікті ауызекі сөзде "қабілет"деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мүғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жүмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің үйьшдастыргыштық,екіншісінің - музыкалық,үшіншісінің - суретшілік қабілетіеске алынып, бүған ерекше мән беріліп отырылады. Бүл мысалдар әр адамның өрекетің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мүндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бүрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп түр.

Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді.

Қабілеттіліктің өлшемі — белгілі бір істің нөтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрііі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т. б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілетдеп атайды.


 

Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің

ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың қүрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мүғалімдер өз оқушыларының (тіпті ол жақсы оқитын окушы болса да) үлгірі-міне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жүмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бүдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бүл жерде мүғалім қолынан істесе іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнді үсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

Оқу-төрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық үғымдарды өз мәнінде түсіне алмау — мүғалімдерді педагогикалық қателерге үшыратуы да мүмкін. Мүны дөлелдейтін мысалдар коп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да о л академияға қабылданбаған. Академияның мүғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне кажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бүл жайт академиядағылардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын аңғартады. Бүл мысал адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дүрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мүғалімдердің зер салуын керек етеді.



Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілетдеп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінстін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттіліктіайтып жүр. Бүған үйымдас-тырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлінеді.

Адам қабілетінің дамуы қоғамдық прогреске, оның өлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогресс байланысты болып отырады. Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дөуірде, гылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне колайлы жағдай туғызды. Сол кездері жан-жақты қабілетті, аса дарынды адамдар көп болды. Өйткені бүл қогамның қажетінен туған қүбылыс еді. Ф. Энгельс "Қайта гүлдену дөуіріне"105 берген сипаттамасында сол дәуірді: "күшті ой-өрісі, қүштарлығы мен сипаты, сан қырлылығы, ғылымдығы жағынан алыптарды керек еткен және сондай алыптарды туғызған заман болды... Ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт-бес тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде-бір ірі адам болған жоқ дерлік еді. Леонардо да Винчи ұлы художник болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, үлы математик, механик және инженер бфлды, физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альберхт Дюрер суретші, гравер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзіндік кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бүл идеяларды көп заман өткеннен кейін барып, Монталамбер

және фортификация жайындағы ең жаңа неміс ілімі қайтадан көтеріп кетті. Макиавелли мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бірінші әскери жазушы болды... Ол замандағы геройлар кісінің өрісін тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың ізбасарларының бойынан ықпалы бізге сондай жиі байқалып жүрген еңбек бөлінісінің қүлдары бола қойған жоқ-ты". Ф. Энгельс айтып отырған Орта ғасырдағы "қайта гүлдену" (дүрысы "қайта өрлеу. қ. Ж.) ХХ-ға-сырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белең алған еді. Осы кездегі тарихи аренага жан-жақты қабілетті адамдар Ш. Қүдайбердиев, А. Бай-түрсынов, X. Досмухамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жүмабаев, т. б. шыққаны белгілі.

Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандықка таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді.

Әрине, бүдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің үштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекеттің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дүрыс үштасқанда ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып, оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.

 

2.Қабілеттің психологиялық теориялары

Қабілет дегеніміз не?
Ол – адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», — деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.
Қабілеттілікті қалай таниды?
Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», — депті. Ол рас. Сол себепті әрдәйім өз ісіңе сын тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет. Сірә, сондықтан да шығар, Дельфий храмында: «Өз бойыңа өзің үңіл» деп жазылып қойыпты. Мұны психологтар көпке дейін айтып та, жазып та жүрді. Мұнан туатын қорытынды: әрбір адамның өмірдегі бағыт, бағдары да, іс-әрекеті де, бәрі-бәрі өзінің бойына үңілуден басталады.
Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шарты-
на айналады. Қабілет-тілікті анықтайтын қаси-еттер: сезімталдық, бай-
қағыштық, аңғарымпаз-дық, зеректік, ойлампаз-дық, көрегендік, зерделі-лік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бей-імділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», — деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын. Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбек-кер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз».
Қабілеттің дамып, қалыптасуы
Бұл үрдіс әртүрлі деңгей-де өрістеп отырады. Он-ың алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.
Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат.
Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ.
Қабілеттілікті жіктеу
1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.
2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.
Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілет-тілік.



3.Қабілеттің категроиялары



14 билет

1.Нышан және қабілет

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.

Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілеь – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.

Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. с. с.

Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала кезінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің «Еңлік - Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші К.П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А.С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н.Н. Лузин, биолог К. Линней, жазушылар В. Скотт, С.Т. Аксаков, И.А. Гончаров т. б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.

 

4. Қабілетті дамыту.

Қабілет – жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.

Жеке адамның потенциалды күшін қаншалықты толық пайдаланатындығы және қабілетін дамытуы оның қасиеттерінің жиынтығына тәуелді болады.

Маңызды әлеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады. Іске деген сүйіспеншілік талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. Қабілеттің дамуындағы маңызды кезең – кедергілерді жеңе білу / мұндайлар адамға қолайсыз сыртқы жағдайлардың, не мүше кемістігінен: сақау, соқыр, сңырау/ және адамның өз көңілі ауған және бұған біршама ыңғайы бар істі меңгеруі.

Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екеншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты әс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы соалалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылық мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

Іс-әректпен айналысқан адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күшқуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапарларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.



2.Нышанның теориялық негіздері

3.Ғылым саласындағы дарынды адамдар

Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің турін дарындыяық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, жүйке процестерінің қозғалғыштығы, динамикалық стереотип-тердің шапшаң жасалып, оңай өзгеруі т. б.) байланысты болып келеді.

Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде болсын мүндай мысалдар өте көп.

Осыдан 200 жылдай бүрын Германияда "үстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектік торт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі" деген кітап жарық көрді. Аса дарынды бала жөніндегі алрашқы кітап осы болатын.

Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих "суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын" болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың төрт амалымен есеп шығара алады, қөп үзамай сәби француз тілін үйреніп, "географиядан жақсы мағлүмат алады" және мыңнан астам латын мәтелін біледі.

Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды сәби торт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған.

Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зерттеу жүмыстары байқатып жүр. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. 5—6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық білетін болады. Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В. Скотт, Ч. Дарвин бала күндерінде түк білмейтін кеще саналған. Олардың көпшілігі өз уакыттарын өлең жазып, сурет салып, көбелек үстап, коллекция , немесе химиялық тәжірибе жасауға сарп етеді. Мүндай дарынды адамдардың балалық шақтағы ерекшеліктер туралы жазылған шығармалар есепсіз. Айталық, Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт торт соната жазып үлгерген., Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Тоғыз жасар Гете неміс, латын, грек тілдерінде өлең жазатын болған.

Қазіргі математиканың негізін салушы Гаусс үш жарым жасында әкесінің салық төлеу жөніндегі есебін көріп, соның қатесін шығарыпты, сөйтіп әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есептермен сандар теориясы жөніндегі өзінін дарынын ерте танытқанға үқсайды. Гаусс өзінің ең басты жаңалықтарын негізінен 14 пен 17 жастын арасында ашыпты.

Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасынан бастап ғылымга ден қояды да, тоғыз жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оган ғылыми атақ беріледі.

Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Шокан Уәлиханов, та аз гана ғүмырының ішінде адамзаттық ғылымға, оның көптеген саласына (әдебиет, тіл, этнография, география, шығыс тану т. б.) баға жетпес коп үлес қосты. Ол музыка, сурет саласында да, публицистика мен жазушылық онерде де, өзін жоғары биіктен корсете білді. Шоқан жөнінде С. Мүқанов былай деп жазады: "Аз өмірінде осынша тығыз, зүлымдықпен арпалыса жүріп атқарып үлгерген еңбегінде қисап жок... Шоқанды... 27 жасында өлген Лермонтовтың, 24 жасында өлген Добролюбовтың қатарына қоюға болады. Шоқан да солар сияқты: шын мағынасындағы талант, шын мағынасындагы данышпан"107.

Алты жасар Таня Федина музыкаға мейлінше дарынды болды. Ол фортепьянода көптеген композиторлардың, сондай-ақ, өз шығармаларын тамаша орындады. Оның фортепьяно ұшін жазған пьесалары, космонавтар туралы әндері бар. Таня отыздан аса ән және осындай аспаптық шығармалар (вальстер, прелюдиялар, фантазиялар т. б.) жазған. Мәселен, оның космонавтарға арнаған "Титов маршы", "Терешковаға", "космонавтарға хат" деген шығармалары бар. Ол Мәскеу Консерваториясы жанындағы орталық музыка мектебінде оқып жүргенде бір актілі опера жазған.

Дарынды адамдарды ғылым саласынан да көптеп кездестіреміз. Мәселен, қазіргі аттары әйгілі математик С. Мергелян 16 жасында университеттің бірден екінші курсына қабылданды. Ол жиырма жасында ғылым докторь; атағын алды. Академик Л. Ландау орта мектепті 13 жасында үздік бітіріп, он торт жасында университеттің екінші курсына түседі. Мүндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

Қабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін талант деген сөзбен белгілейді. Талант — бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте. гылымда, техникада т. б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.- А. М. Горький "талантты өсіретін нәрсе — істі сүю" деп бекер айтпаған.



15 билет

1.Тұлға туралы түсінік

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.[1]

Философиялық түсінік бойынша[өңдеу]

Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.

Психологиялық түсінік бойынша[өңдеу]

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.[2]

Тұлғааралық қатынас[өңдеу]

Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.

Тұлғалық белгілер[өңдеу]

Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.

Тұлғаның бағыттылығы[өңдеу]

Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.



2.Тұлға,индивид және даралық ұғымдарының айырмашылығы

Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.

Адамды көптеген ғылымдар қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика, психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.

Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін:әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.

Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.



Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.



3. Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп,өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі – «Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді «футболға қызығады» десек, ол адамның футбол ойынына үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып, отыратындығын, біреумен әңгімелесуде де көбінесе осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.

  • Қызығулар да бейімдіктер тәрізді балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге, тракторға, жалпы техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балалардың есіл-дерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді.

  • Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуы өте тайыз, ой-өрісі тар адмның образын Н.В.Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мәселен, «Шинель» әңгімесіндегі Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізі арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының барлығын қағаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып, ләззат алған.

  • Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақүлгіруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.

  • Адамда қызағудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды, әрі кең, өрісті болуы – оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнысыз адамның рухани өмірі дамымайды. К.Маркс бір сөзінде: «Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес» деген екен. Бұл қызығуы шар тарапты дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл – үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығуы ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі.

  • Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т.б.); кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне т.б. орай бөлініп жатады.

  • Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанaма болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу– бұл әрекеттік түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы кетіп отырады. Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бір адамдар саяси-қоғамдық мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға қызығады. Ал үшінші біреулер ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.

  • Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен бөбектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін жері – мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар қалыптасады. Қызығу көбінде баланың бір нәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға бейімділігінен туады. Бірақ қызығулардың бейімдіктен бөлек те пайда болатын кездері кездеседі. Мәселен, футболға қызығатындардың футбол ойынына жөнді бейімділігі болмаса да қызығуы өте күшті келеді. Бірақ мұндай қызығуды белсенді, пәрменді қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әрекетпен айналысуы қажет. Мұғалім балалардың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты, қабілетті адам болып шығады.



16 билет

1.Жеке тұлға туралы түсінік

Жеке тұлға –

  1. әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;

  2. белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.

Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.

Азаматтық құқықтық қабілет туған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиетжәне өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар.[1]

Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның азаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады.[



2.Тұлғаның ерекшеліктері

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіңдік ой-пікірі көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі занды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа тандана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.

Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына физиологиялық, психологиялық, биология. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екі адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулеі сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалар ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.

Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына ” білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасын білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқаймыз. Міне, осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, К. Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде “Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез-құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси-экономикалық, идеологиялық, адамгершілік-эстетикалық, діни т.б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек” — деген қорытындыға келді. Оның себебі, ол қатынастардың өзара байланысы, бір—біріне ықпалы қоғамдық ортада біркелкі болмайды да, ол адамдарға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, сондай-ақ адамдардың басқалардың көзқарас, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады.



3.Дүниетаным,сенім,мұрат

Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі — адамның дуниетанымы мен сенімі. Дүниетаным — адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі — ғылымға негізделетіндігі. Бірден-бір ақиқат — дүниенің, даму заңдарын дүрыс түсіндіретін ғылымға негізделгеп дүниетаным ғана адам психологиясына дүрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше керітартпа өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты көретүра бүрмалау, пессимизмге салыну — керітартпа дүниетанымның басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы үжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын қүрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта қүру жолындағы жанқиярлық күреске баулиды. Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойган мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты бекімеген дүниетаным берік болмайды. Сенім гмен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нүрлана түседі. Өйткені бүл екеуі, қүстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, түрақты мінез-қүлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дүрыстап айыруға, өмірден өз орнын дүрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мүнда соқтырады да, мінез-құлықты көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. Осындай адамдардың психологиясын орыстың ұлы жазушысы Н. В. Гоголь тамаша көрсеткен: "Әрі-сәрі адамдар, ар ол да емес, бүл да емес, қандай адамдар екенін түсіне алмайсың, қаладагы Богдан да емес, селодағы Селифан да емес". Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дүрыс болып келе бермейді. Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен, іс-әрекетімен тығыз үштасқан дүниетаным  бірден-бір дүрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан гасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың үлы қозғаушы күші - сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің, мәні де шамалы. Сенім, пікір-талас, көзқарас қақтығысында, империализмге кең қол ашылғанда  шыңдала түседі. Ол  бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп , тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мүндай дүниетанымды қалыптастыру үшін  бәрінен бүрын білім негіздерін меңгеру қажет. Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені білім — дүниетанымды қалыптастыратын негізгі қүрылыс материалы. Ал адамның алған білімі бөлек-бөлек кірпіш сияқты шашылып жатса (өңгіме білімді қалай болса солай, жеңіл "меңгеретіндер" туралы болып отыр), әрине, ондай білім түкке түрмайды. Тек зердесіне қүйылған, саналылықпен меңгерілген, белгілі жүйемен алған білім  адамның дүниетанымына негіз бола алады. Сайып келгенде, ғылымга негізделген белгілі дүниетанымы, айқын мақсаты бар адамның  психологиялық қасиеті жогары болатыны белгілі. Ондай адам үнемі ар-үятымен жүріп-түрады. Мәселен, бір адам жүмыс үстінде ағаттық істеп, қателескен екен дейік. Оның қатесін жасырып, бүркеп қалуға да мүмкіндігі бар еді, бірақ өзі бүл ағаттығын адамгершілікке жатпайтын қылық деп түсінеді. Жаңағы қателескен адам өзінің қатесін мойнына алуды бірден-бір дүрыс деп табады.

Жеке адамның психикасын нүрландыратын қасиеттің енді бірі — мүрат (идеал). Бүл — адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ түтып, қастерлеуі. Мүрат — адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайда-ланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мүрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде гана болады. Оқушы-ларды асыл мүраттар рухында тәрбиелеу — бастауыш мектеп мүғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.

Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бірі — талгам. Бүл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мүратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Коммунистік қоғамда тәрбиеленген кеңес адамының талғамы буржуазиялық қоғамдағы үстем тап адамының талғамынан сапалық айырмасы бар. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі де елеулі эсер етеді. Модаға (сән) байланысты да адамдарда түрлі талғам орын алады. Мәселен, кейбір адамдардың ала-қүла, көзге қораш киінуін талғамы дүрыс қалыптасқан адам деп айту қиын. Өйткені дүрыс талғам дүрыс, жүйелі жақсы тәрбиенің нөтижесі.



17 билет

1.«Тұлға» ұғымы

Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.”

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.



2.Тұлғаны әлеуметтендіру

Тұлғаның дамуында әлеуметтенудің маңызы да ерекше зор. Әлеуметтену ұғым ретінде адамның қоғаммен өзара әсерлесуін сипаттайды. Ал әлеуметтену ұғымының толық мағынасы екі бағыттағы көз-қарастар негізінде түсіндіріледі. Бірінші бағыттағы американ әлеуметтанушылары (Т.Парсонс, Р.Мертон) әлеуметтенудің мағынасын биологиядағы «ағзаның орта жағдайларына бейімделуі» идеясына сәйкес әлеуметтік факторларға байланысты анықталатын бейімделуі деп қарастырады.
Екінші бағыттағы гуманистік психология өкілдері (А.Оллпорт, А.Мас-лоу, К.Роджерс және баскалары) әлеуметтенуді «Мен -тұжырымдаманың өзіндік жандануы, тұлғаның өзінің әлеуеті мен шығармашылык қабілеттіліктері дамуы өзін-өзі дамыту мен өзін бекітуге теріс әсер ететін ортаның теріс әсерлерін жою аркылы жүретін үдерісі» деп қарастырады.
Қазіргі кезде орыс педагог-ғалымдары (И.С. Кон, А.В. Мудрик, Б.Д. Парыгин) көбінесе бірінші бағыттағы пікірге басымдау назар аударады.
Педагогикалық практикада да не әлеуметтік ортаның, не өзін-өзі тәрбиелеудің рөлін басым көрсету байқалады. Қоғам әлеуметтік жүйені жаңғыртып отыру, әлеуметтік қүрылымын сақтап отыру үшін белгіл і бір элеуметтік стереотиптерді, стандарттарды, рөлдік мінез-қүлық үлгілерін (топтык, таптық, этникалық, кэсібилік және т.с.с.) қалыптастырып отыруға тырысады. Тұлға коғамға қарсы келмеу үшін элеуметтік ортаға, ондағы элеуметтік байланыстар жүйесіне ене отырып, әлеуметтік тэжірибені меңгереді. Демек, әлеуметтік типке енуге ұмтылуы әлеуметтенуді әлеуметтік тәжірибені, құндылықтарды, нормаларды, бағдар-нұсқаларды меңгеру жолымен жүретін адамның бейімделуі (адаптациялануы) мен ықпалдасуы (интеграциялануы) деп қарастыруға мүмкіндік береді.
Бірақ табиғи белсенділігіне байланысты тұлғада дербестікке, тәуелсіздікке, өзінің жеке позициясын, қайталанбас ерекшеліктерін калыптастыру тенденциясын сақтауға үмтылу жэне дамыту байқалады. Бұл тенденция нэтижесінде гұлғаның өзі ғана емес, қоғамның да дамуы байқалады.
Тұлғаның өз алдында бөлектенуі (автономизация) тенденциясы әлеуметтенудің жүру барысында меңгерілген элеуметтік байланыстар жүйесі мен тәжірибені жандандыру ғана емес, сонымен бірге жаңа тұлғалық. дербестік тэжірибенің де пайда болуына алып келетін өзін-өзі дамыту жэне өзін-өзі толық жүзеге асыру үдерісі деп қарауды негіздейді.
Тұлғаның өзін-өзі дамытуы — рухани, денелік жэне элеуметтік үй-лесімге қол жеткізуді жүзеге асыру, яғни өзінің рухани жэне денелік мүмкіндіктерін саналы сезінумен байланысты ішкі еркіндіктің бай-қалуы.
Әлеуметтік типке ену мен автономдылыққа (бөлектенуге) үмтылу тенденциялары бір жағынан әлеуметтік ортаның, қоғамдық өмірдің өзін-өзі жаңартуын, екінші жағынан — тұлғаның әлеуетін, нышандарын, кабілеттіліктерін дамыта отырып, руханилығы мен субъектілік жаңғыртуды қамтамасыз ете отырып, тұрақтылығын сақтайды.
Сонымен элеуметтену мағынасы адаптация, интеграция, өзін-өзі дамыту, өз мүмкіндігін толык іске асыру үдерістері негізінде анық-талады. Олардың диалектикалык бірліктері адамның бүкіл өмірінде коршаған ортамен өзара әсерлесе отырып, тұлғаның тиімді дамуын қамтамасыз етеді.
Адам бүкіл өмірінде жаңа әл еуметтік тэжірибені меңгереді, сонымен бірге қоршаған ортаға эсер ете отырып, қандай да бір элеуметтік қатынастарды жаңғыртады.



3. «Әлеумет» білім беру саласының мазмұны

«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.



Мақсаты: жалпы адамзаттық құндылықтармен және ережелер негізінде жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру. 

Міндеттері:

- ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастармен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту;

- отансүйгіштік сезімдерін, әлемдік қауымдастыққа қатысты сезімдерін тәрбиелеу;

- өзінің еңбегіне, басқа адамдардың еңбегі мен оның нәтижелеріне құндылықты қатынасқа тәрбиелеу;

- құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. 
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 

Қоршаған ортамен таныстыру


Бала, оның отбасы, үйі

Баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету.

Балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым- қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру. 

Заттық әлем

Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру.

Білімдерін қалыптастыру:

- таныс емес заттардың қолданысы туралы;

- қоршаған ортадағы заттардың қолданысы, құрылысы, материалы арасындағы байланысы туралы;

- ұлттық киімді дайындау, әшекейлер туралы;

- жүк және жеңіл көлік түрлері туралы;

- жүктің сипаты және белгіленуі машинаның құрылысына тәуелділігі туралы;

- құрылыс мамандықтары және ересектердің еңбегі туралы;

- автомашинаның бөлшектерінің ерекшеліктері, құрылыстағы машиналардың қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. 

Әртүрлі мамандықтағы адамдар туралы ұғымдарын кеңейту.

Балабақша қызметкерлері мен олардың еңбек әрекеттері жайлы білімдерін жетілдіру. Адамның тұратын үйі туралы білімдерін жетілдіру.

Балабақша, мектеп, ересектердің еңбектері туралы білімдерін жетілдіру.

Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері , ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.

Біздің еліміздің қорғаны әскер туралы білімдерін қалыптастыру.

Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру.

Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу.

Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Елтаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру.Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.



18 билет

1.Психологиялық өлшем

Өлшеу – бірқатар құрылымдық элементтердің өзара қарым-қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу міндеті, өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі, өлшем құралы және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу субъектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері.

Атаулар шкаласы – зерттелген объектілерді атаулары бойынша жіктеу шкаласы: nomen (лат.) – атау, есім. Әлдененің атауы санмен өлшенбейді, ол тек бір объектіні екінші объектіден айыруға, жіктеуге мүмкіндік береді. 
Реттік шкала – объектілерді «үлкен-кіші» принципі бойынша жіктеу шкаласы. Атаулар шкаласында жіктелген объектілерді орналастыру еркін түрде болса, реттік шкалада объектілер ең кіші көрсеткіштен ең үлкен көрсеткішке қарай ретпен орналасады. Реттік шкала жіктеулерінде «төмен», «орташа», «жоғары», немесе «бірінші», «екінші», «үшінші» және т.с.с. мәндер қолданыларды. 
Интервалды шектер шкаласы – көрсеткіштерді мәндерінің шектері бойынша жіктеу шкаласы. Барлық көрсеткіштер бір-бірінен тең қашықтықта орналасады. 
Тең қатынастар шкаласы – көрсеткіштерді зерттеу деңгейлеріне сәйкес жіктеу шкаласы. Мысалы, абсолютті сезімталдық табалдырығының көрсеткіштері тең қатынастар шкаласы болып табылады (Стивенс С., 1960; Гайда В.К., Захаров В.П., 1982). Қатынастар өзара пропорционалды сандармен жазылады.

Математикалық статистика — математиканың бір саласы, бақылау немесе өлшеу арқылы анықталып, сандар түрінде тізілген деректерді жүйеге келтіру, өңдеу және солар бойынша тиісті ғылыми және практикалық қорытындылар шығару жайындағы ғылым.
Байқалған құбылыстар, өлшеу жұмыстары немесе арнайы жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері ретінде табылған сандар жиындарының белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын элементтерінің сандары 
статистикалық деректер деп аталады.
М. с. статистик. деректер жиынындағы 
әрбір элементтің жеке қасиеттерін сипаттамайды, олар бір топқа жататын бірнеше элементті бірге қамтиды. Әдетте статистик. деректер жолдар мен бағаналар-ға бөлініп, реттеліп жазылады, олардың негізінде жүргізілетін ғыл.-зерт. әдісі статистик. әдіс деп аталады. Ол ғылым салаларының барлығында қолданылады, бірақ табиғаты әр түрлі нысандардың статистик. мәліметтерін бірге қарастыруға болмайды. Соның нәтижесінде әлеум.-экон. статистика, статистик. физика, жұлдыздар астрономиясы, т.б. дербес ғылым салалары қалыптасқан. М. с-ның әдістері аса маңызды параметрлері белгісіз немесе оларды жеткілікті дәлдікпен бақылауға болмайтын көптеген есептерде шешім табудың тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. М. с-да матем. заңдардың бәрі де қолданылады.
Статистик. деректерге негіз болатын бақылаулар мен өлшеулерде кездейсоқ қателер болмай қоймайды. Бұл қателер ықтималдықтар теориясы бойынша айқындалады (қ. Қателер теориясы). Кейде қолда бар деректер бойынша зерттелетін заңдылықтың жорымал матем. моделі жасалады. Әрине жорымал болғандықтан, ол модель шын заңдылықтан алшақтау болады. Алшақтық, яғни модельдің шындықтан ауытқуы ықтималдықтар теориясы арқылы зерттеліп, анықталады. Белгілі бір деректің модельде қайталану жиілігі жуық түрде ықтималдық есебіне, қайталанудың орташа шамасы матем. үміт есебіне келтіріледі. Матем. үміттің бағаламасы — бір белгінің үйлестіру сипаттамасы ретінде орта шама, дисперсияның бағаламасы ретінде қосындысы алынады. М. с. көптеген дербес тарауларға бөлініп, онда сан алуан әдістер қолданылады: 
таңдап алу, параметрлерді бағалау, статистик. болжамды тексеру, жүйелі талдау, өнімнің сапасын тексеру әдістері, т.б. М. с. қазіргі уақытта экон. және ххсоциологиялық зерттеу|социол. зерттеулерде]], а. ш-нда, биология, медицина, физика, геология, психология ғылымдарында, ауа райын бақылауда және т.б. салаларда зерттеу жүргізу үшін қолданылады. М. с-ның алғашқы ұғымдары ықтималдықтар теориясының негізін салған математиктер (Я.Бернулли, П.Лаплас, С.Пуассон) шығармаларында кездеседі. М. с-мен алғаш шұғылданған Ресей ғалымы Б.Я. Буняковский М. с-ны демография мен қауіпсіздендіру мәселелеріне қолданды. М. с-ның өркендеуіне 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басындаықтималдықтар теориясының классик. орыс мектебі үлкен үлес қосты (П.Л. Чебышев, А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н. Бернштейн). Қазақстанда Қ.Бектаев ықтималдықтар теориясы мен М. с. әдістерін ақпараттық жолмен ұтымды қолдана білді.



Социометриялық әдіс - саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.

Адам іс-әрекетінің кез-келген сферасынан ғылым өзінің мақсатымен, құралымен, мотив және жағдайымен ерекшеленеді. Ғылымның мақсаты- шындықты аңдау , ал тәсілі-ғылыми зерттеу.

Зерттеудің қорашаған ортаны қарапайым танудың қарапайым формасынан ерекшелігі, іс-әрекет нормасына- ғылыми әдіске негізделген. Зерттеудің эмпирикалық және теоретикалық зертеу деп бөлінеді. Зерттеудің көбісі теоретико-эмпирикалық сипатқа ие. Кез-келген зерттеу бөлек жүзеге асырылмайды, ол ғылыми бағдарламаның немесе ғылыми бағытты дамыту мақсатында жүзеге асады.Зерттеуді сипаты бойынша фундаменталды және қолданбалы, монодисциплинарлы және дисциплинааралық, аналитикалық және кешендік т.б. деп бөлуге болады. Фундаменталды зерттеушынайылықты білімді қолданудың практикалық тиімділігін ескерусіз тануға бағытталған. Қолданбалы зерттеунақты практикалық міндетті шешуде қолдануға қажет білімді алу мақсатында жүргізіледі. Монодисциплинарлы зерттеуарнайы ғылым шеңберінде жүргізіледі. Дисциплинааралық зерттеу, зерттеудің бұл түрі түрлі облыс мамандарының қатысуын талап етеді және бірнеше ғылыми пәндердің жапсарында жүргізіледі. Бұл топқа генетикалық зерттеу, инженерлік психофизиология облысындағы зерттеулер, және этнопсихология және әлеуметтану жапсарындағы зерттеулер жатады. Кешендік зерттеулерәдіс және әдістемелер жүйесінің көмегімен жүргізілетін зерттеу. Бірфакторлы немесе аналитикалық зерттеузертеушінің ойы бойынша, шынайылықтың неғұрлым мәнді аспектісін бөліп көрсетуге бағытталған.

Кез-келген зерттеулерде өзіне қажетті кезеңдер болады. Әрбір кезеңде белгілі бір міндет атқарылады. Зерттеу міндеттерді қалыптастырумен басталады: не нәрсе белгісіз? Келесі кезеңде ғалым зерттелетін проблема бойынша ақпараттарды талдайды.

Келесі маңызды кезең болжамдарды-гипотезаны қалыптастыру болып табылады. Оларды тексеру үшін ғылыми зерттеудің жоспары құрылады. Ол жерде объектіні таңдау болады- адамдар тобы. Зерттеу пәні нақтыланады- зерттелетін шынайылық бөлігі. Зерттеу жері және уақыты таңдалады және эксперимент нәтижесіне кедергі болатын әсерді азайту үшін эксперименталды сынақ анықталады.

Зерттеуді белгіленген жоспар бойынша жүргізу- келесі кезеңде жүзеге асырылады.

Эксперимент нәтижесін тіркегеннен кейін мәліметтерге алғашқы талдау, оларға математикалық өңдеу, интерпретация және қорытынды жасалады. Бастапқы болжамдар сенімділікке тексеріледі. Жаңа фактілер немесе заңдылықтар қалыптасады. Дәлденген теориялардың негізінде жаңа қорытындылар және болжамдар жасалады.

=Статистикалық өңдеу әдістері дегеніміз

Сандық есептеулер тәсілдері, оның көмегімен эксперимент барысында алынатын көрсеткіштер жалпыландырыладыСтатистикалық әдістерАрнайы математикалық формулаларМәліметтерді өңдеудің сандық әдістеріЭксперимент барысында алынатын мәліметтерді өңдеудің сапалық әдістері



2.Тұлғаның маңызы

Тұлға – табиғат, қоғам және өзін-өзі белсенді меңгеретін жане бағыттандырылған түрде түрлендіретін адам, оның бойында, кеңістік, уақыттық икемдердің, өзін-өзі анықтау бостандығын және табиғат алдында өзінің қылықтары үшін жауапкершілік мөлшерін қамтамасыз ететін қажеттілік-еріктік бастан кешірушілердің ерекше динамикалық қатынасы болады.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға – бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

«Индивид» түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.

Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.

Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.

 «Тұлға» ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.

3.Оқу

 


Оқу - жеке тұлғаның іс-әрекетінің түрі, оқыту (өзі оқу, бірін-бірі оқыту) жүргізіледі де, оқымыстылыққа жетеді 




19 билет

1.Іс-әрекет түрлері

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.Іс-әрекет – әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті. Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ, өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді. Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады.. Психикалық іс-әрекет – субъектінің объектімен өзара әрекет ету функциясын сипаттайтын ұғым.

Іс-әрекеттің түрлері. Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі 4 түрі бар. Олар: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас.Еңбек әрекетінің мәні – өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету.Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы қарастырады. Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу).

2.Дағдылар

Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.[1]

Дағды — алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз қинаһлады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Өйткені, соңғыда жазу дағдысы автоматталынған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.

Дамыған дағдылардың кейбір белгілері:

  • 1) Дағды алудың белгісі — әртүрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау (мысалы, спорттық ойындардағы спортсменнің дағдысы);

  • 2) Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады (мысалы, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға төселмей тұрғандағы балада байқалатын ебедейсіздік т.б. адамда әлі де дағдының жоқтығының белгісі);

  • 3) Дағдыланудың үшінші белгісі — бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одантұтас бір амал жасай алу. Мысалы, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады;

  • 4) Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады (мысалы, жазу дағдысы баланың қозғалыс түйсіктерінің жетіле түсуін қажет етеді, тәжірибелі машинистка да қағаз басуда көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөледі);

  • 5) Дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы, мысалы, машинистка мәтінді көшіргенде, әрдайым оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады. Қолы бір сөзді басқан кезде, оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп оқуда да көз бірер сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше сөйлемді қамтиды. Адам мәтіннің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алады. Мұны психологияда дағдының антиципациясы (лат. антиципатиодеген сөзі, қазақша күні бұрын біліп қою деген мағынаны білдіреді).

Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңызды орын алады. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылып табысты болуын қамтамасыз етеді. Дағдылар сенсорлық (тікелей қабылдау) және интеллектілік дағдылар болып бөлінеді. Дағды — көп рет қайталаулар арқылы автономды орындалуға бейімделген іс-әрекет. Дағды — бірнеше рет қайталаулардың нәтижесінде пайда болған және оның саналы қадағалауының қысқартылуымен сипатталатын жеке әрекеттер — операцияларды орындаудың таптаурын тәсілі. Дағды бірнеше түрлері бар: перцептивті, интеллектуалдық, қозғалыс және мінез-құлық дағдылары.

  • Перцептивті дағды — жақсы таныс заттардың тану белгілерінің бірмезгілдік, таптаурын бейнелеуі.

  • Интеллектуалдық дағды — белгілі бір сыныпқа кіретін есептер мен тапсырмаларды шешудің таптаурын тәсілдері.

  • Қозғалыстық дағды— таптаурын әрекеттер, жақсы қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі. Қозғалыс дағдыларына әрекеттің әдетті құралдарын таптаурын түрде пайдалану да кіреді.

Дағды әр түрлі дәрежедегі жалпылаумен — олардың әр түрлі жағдаяттарды қамтумен, икемділікпен, тез жүзеге асырылуға даярлықпен сипатталады. Дағды деңгейіндегі әрекеттер оның кейбір реттеу компоненттерінің көрінбеуімен (болмауымен) ерекшеленеді. Осылайша, мысалы, жазу дағдысында оны қалай орындау жөнінде ойлаудың қажеттілігі болмайды. Сондықтан көптеген үйреншікті әрекеттер адаммен автоматизацияланады да, адамның саналы іс-әрекетіне күш түсірмейді. Ал оны басқа едәуір күрделі міндеттерді орындауға бағыттайды



3.Еңбек

"Еңбек" — өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.

Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және әрқилы табиғат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және тұрмыспен қатар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып есептеледі.



20 билет

1.Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы

с-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:

Қажеттілік

Белсенділік

Мотив

Іс-әрекет

Мақсат

Әрекет

Жағдай

(міндет)

Амал



А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол — іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілікқасиеті ескерілмеген, яғни,  қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.

Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.

Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.

Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан «құтылу» ізденісі белсендіріліп, сана «іске қосылады». Бұл уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап етеді .

Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.

Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі.  Саналы аңғарылған мақсат — мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады»,  яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.

Емтиханға даярланған студент «Ұлағат» журналын оқып отыр делік. Оның жанына келген курстасы бұл сабақтан емтихан тапсыру үшін лекцияларды білген жеткілікті екендігін айтты. Осыдан былай, студентен екі түрлі әрекет-қылық күтуге болады: журнал оқуын доғарады, не жалғастырады. Бірінші жағдайдағы әрекет емтихан тапсыру мотивіне жүгінген іс-әрекеттің құрамдас бөлігі болды. Енді, мотивінен айырылған мақсат мәнсіз болып, әрекет тоқтатылды. Егер журнал оқу жалғасатын болса, мотивация бір басқа сипатта болады. Онда, мақала мазмұнын білу (мақсат ретінде) емтихан тапсыру шеңберінен әлдеқайда ауқымды мотивтің әрекетіне қатысты болады. Журнал оқу тұлға үшін басқа мәнге ие болып, іс-әрекет емтиханға даярлықтан кеңірек мотив құрамында жалғаса береді.

Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.

Мотив пен мақсаттың бірігуі және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация, тұлға динамикасының кезеңі ретінде, тек «екінші ретте» ғана мүмкін болады. Бұл мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан белгілі мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы.

Мысалы, мұғалім оқушылардың алдына белгілі бір кітапты оқып шығу мақсатын қояды. Мақсат оқушы үшін маңызды мотивке қатысты болғандықтан, өз міндеттерін орындау мотиві делік, қабылданады. Оқушы өзге шаруасын шегіндетіп, қажетті мөлшерде ерік-күшін жұмсай отырып, кітапты оқиды. Осыдан соң мұғалім тағы бір кітапты оқуға тапсырады, т.с.с. Нәтижесінде, оқушыға ешбір тапсырма бермей-ақ өздігінен сол саладағы кітаптарды оқу кезеңі келеді. Кітап оқу мақсаты маңызды мотивке айналды. Сәйкесінше жаңа іс-әрекет пайда болды. Оқушы қажеттілік-мотивациялық, іс-әрекеттік, тұлғалық тұрғыда өзгерді.

Іс-әрекет және тұлға «өмірінде» мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін «кішірейтіп», мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады.

Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі.

Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол – міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін.

Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны  көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды. Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен машина арасында қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер деңгейін сеніп тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы адамның орындағанынан сенімді болады.

Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды.

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.

Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті  құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.

Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде, мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл «дұрыс орындау» мақсатына бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы малтау әрекетінде іске асырылатын амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға қатысты емес, жақсы малтауға қажетті дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.

Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен күш жұмсалады. Дағды – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы бір  дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады, негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.

Іскерлік —  тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.

Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді.

Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені «ойланбастан», әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.

Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен біріккен, жүйеленген әдет — іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар тұлғаның барлық психологиялық тәжірибесінің маңызды бөлігі болады.

Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет -, жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие.


2.Адам іс-әрекетінің түрі

Адам іс-әрекет үш түрлі параметрлерде: Қажеттілік күші, саны мен сапасымен белгіленеді.

Іс-әрекет бұл қажеттілікке байланысты болады. Ал оның қажеттілік күші – оның көкей кестілігі туындау жиілігі, тудыру потенциялы мен көрсетіледі.

Саны – туындап отырған әр түрлі қажеттіліктердің уақыт өткен сайын оның актуалды болуынан көрінеді. Оған уақыт жетімсіздігі – түрлі іс-әрекетті атқару жатады.

Іс-әрекет түрлеріне: қатынас, ойын, оқу, еңбек, жатады.

Қатынас – адам дамуы, оның жеке дамуы процесінде туындайтын іс-әрекеттің алғашқы түрі.

Қатынас іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады, ол адамдардың өзара мәлімет алмасуына бағытталады.

Онда ұстанатын мақсат: Өзара түсінісу іскерлік ,жеке қатынасты достықты құру, өзара көмек беру және бір – біріне ықпал етуді көздейді.

Адам бір-бірі мен тілдік және тілдік емесмәліметтер мен алмасады. Адамдар арасында жанама қатынастар тікелей қатынас болмайды. Мәлімет алмасу өзге адамдар, техникалық құралодар, арқылы жүре береді.

Адамның іс-әрекетінің даму жүйесін сөз еткенде, біз оның мына төмендегідей іс — әрекеттерінің прогрешіл қайта жасалу оспектілерінің түрлерін айтамыз.

  1. Адам іс-әрекетінің филогенетикалық даму жүйесі .

  2. Адам түрлі іс -әрекеттер процестер араласа отырып өзінің онтогенезде болатын жеке дамуы.

  3. Іс-әрекет түрлерінің өзгеруі және ішінара өз ішінде алмасу .

  4. Іс-әрекет диференциялциясы.  Бір іс-әрекеттің әлсіреуінен өзге жекелеген дербес іс-әрекетке айналуы.

Психиканың негігі үш қызметі: Айналадағы қоршаған әлемнің бейнелеуімен әсер етуі, мінез құлықпен іс-әрекетті ретелінуі, айналадағы қоршаған өмірден адамның өз орнын таба білуі.

Психологияның жаратылыстану пәндерімен байланысты: Биалогиялық ғылымдар- физалогия, адам анатомиясы, ЖЖӘ (Жоғарғы жүйке әрекеті) физалогиясы, еңбек физиалогиясы, механикалық ғылымдар- психатрия, психоформатология, невралогия, психоэндокриналогия сияқты ғылымдар туралы түсінік беру. Олардың әр-қайсысы туралы қысқаша анықтамалық беру. Байланысу себебін көрсету.

Психология ғылымында жаратылыстану негізінің ролі: мыналарды қамтамассыз етеді.Жаратылыстану пәндері туралы білімінің болуы мен оның психологиямен өзара байланыстылығын білу, адамның жүйке жүйесі қызыметінің құрылуымен оған тән өзгешеліктер туралы түсінігінің болуы, жүйке жүйесімен адам психикасының өзара байланысы туралы түсінік, адамның жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары туралы білімінің болуы мен оны ескерте отыруы бас ми рефлекстері туралы дұрыс пайымдау.

Психологияның ерекшелігі – адамзатқа белгілі ең күрделі құбылыстарды қарастырады, таным субъбекті мен объекті бір арнада болады, тәжірбиелікті қажет етеді.


3.Ойын

Ойын (Игра; game) — 1) ойын теориясында — тайталасушы екі жақтың мінез-құлық моделі. Антагонистік және антагонистік емес ойындарды, сонымен қатар табиғатқа қарсы екінші жақтағы ойындарды айрықшалайды; 2) есептеу техникасында — белгілі бір ойын алгоритмі бойынша үйрету, жаттықтыру, жағдайды ұқсаттыру (компьютерлік іскерлік ойындар) мақсатында, сонымен қатар көңіл көтеру мақсатында (компьютерлік ойындар) адамның компьютермен әрекеттестігі.



21 билет

1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым

2.Қарым-қатынастың түрлері және стратегиясы

Қарым-қатынас[1] – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесінтүсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.


3.Коммуникация және оның функциялары мен түрлері

Жетекші ұйымның мақсаттарын қалыптастырып оларға жету үшін өз міндетін атқарып, негізгі функцияларды жүзеге асырғандықтан ақпарат алмасудың сапасы мақсаттардың орындалу дәрежесіне тура әсер етеді. Яғни индевидтер мен ұйымдар жетістікке жету үшін тиімді коммуникация қажет.

Ұйым мен сыртқы орта арасындағы коммуникация. Ұйымның қажетіне сыртқы орта факторлары ықпал жасайды. Осы факторларға оның коммуникациялық қажеттіліктері тәуелді. Ұйым сыртқы ортамен байланысу үшін түрлі құралдарды қолданады.Ол тұтынушылармен жарнама және тауарлы нарыққа шығаратын басқа да құралдар арқылы байланысады. Қоғаммен қарым-қатынас арасында назар, бірінші ұйымның образын, имиджін қалыптастыруға аударылады. Ұйымдар мемлекеттік реттеуге бағынады және осыған байланысты жазбаша есепті толтырады. Талқылаулар, жиналыстар есеп тапсырулар және т.б. ұйымның ішіндегі құбылыстар сыртқы ортадан пайда болатын мәселелер мен мүмкіндіктерге реакциясы болып табылады.

Ұйымдағы деңгей аралық коммуникация. Ақпарат, ұйымның ішінде деңгейден деңгейге тек коммуникация аясында орын ауыстырады. Ол жоғарғы деңгейден төменге берілуі мүмкін. Мұндай жолмен басқарудың бағынышты деңгейіне ағымдық тапсырмалар, приоритеттердің өзгеруі, нақты тапсырыс және т.б. туралы хабарланады.

Сонымен қатар, ұйымға төменнен жоғарыға қарай бағытталған коммуникация керек. Бұл өнімділікке дұрыс әсер етуі мүмкін.

Кез-келген жоғарыдағы деңгейде жаңа идеяны қайтаруға шешім қабылдануы мүмкін. Жақсы идеяны қайтару менеджерге ұйымның новаторлық ұсыныс жасауына ынталандырмайтыны туралы хабар береді. Нәтижесінде ұйым өнімділікті арттыру мен үнемдеу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Жоғарғы коммуникация, сонымен бірге, жоғарыға төменгі деңгейлерге ие болып жатқаны туралы хабар береді. Мұндай жолмен басшылық болып жатқан немесе болайын деп жатқан проблемаларды анықтап, мәселенің шешу жолдарын ұсынады. Жоғарылау коммуникациясының соңғы жаңалығы - өндірістегі немесе тұтынушыларға қызмет көрсетудегі проблемаларды талқылау және шешу үшін жұмыскерлерден топ құрып жиналу. Жоғарылауда ақпарат алмасу әдетте есеп тапсыру, ұсыныс және түсініктеме жазбалары түрінде түсіріп отырады.

Түрлі бөлімдердің арасындағы коммуникация. Жоғарылау және төмендеу коммуникацияларына қосымша ретінде, ұйым горизонталды түрдегі коммуникацияны да қажет етеді. Ол көптеген бөлімдерден тұрады, олардың арасындағы ақпарат алмасу, міндеттер мен іс-әрекеттердің үйлесімдігі үшін қажет. Ұйым өзара байланысты элементтер жүйесі болғандықтан, басшылық арнайы элементтердің келісіп жұмыс істеп, ұйымды дұрыс бағытқа жылжытуға қол жеткізуі керек. Мысалы, ғылымды көп қажет ететін компанияларда өндірістік, маркетингтік жоба-зерттеу бөлімдерінің орталық буын басшылары өнімді жаңаландыру іс-әрекеттерін үйлестіру үшін жинайды. Компаниялар түрлі өнімдер шығара алады, сондықтан жоба зерттеу бөлімі арқылы нарықта неге сұраныс бар екені туралы ақпарат алу өте маңызды. Бұл ұйымның тұтынушыға жақынырақ болып оның қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Горизонтальді бойынша ақпарат алмасуда комитеттер және арнайы топтар жиі қатысады. Горизонтальді бойынша коммуникация қосымша тиімділігі тең қарым-қатынаста қалыптасуынан тұрады. Мұндай қатынастар ұйым жұмысшыларының қанағаттануының маңызды құраушысы болып табылады.

Жетекші мен қол астындағылардың арасындағы коммуникация. Ұйымдағы коммуникацияның айқын компоненті басшы мен жұмысшылар арасындағы қатынас болып табылады. Олар ақпарат алмасуының тек вертикалді түріне мысал болғанымен бұл басшының байланыс қажеттілігінің құрамдас бөлігі болғандықтан оны жеке қарастырудың жөні бар және зерттеу көрсеткендей, басқарушы арасында жүзеге асады. Басшы мен жұмысшылар арасындағы ақпарат алмасудың кейбір түрі, міндеттер, приоритет және күтілетін нәтижені түсіндірумен; бөлім мәселесін шешуге қатысуын қамтамасыз етумен, жұмысшының тиімді мәселесін талқылаумен, жұмыстың қабілетін дамытумен пайда болып жатқан ақпарат жинаумен, жұмысшыны болашақта болатын өзгерістермен хадардар етумен байланысты.

Басшы мен жұмысшылардың арасындағы коммуникация. Басшы мен жұмысшылар арасындағы ақпарат алмасудың қосымша ретінде жұмыскерлер тобының арасындағы ақпарат алмасу орын алады.

Формалды емес коммуникация бұл арнаны «өсек» тарату арнасы деп атауға болады. Өйткені ауызша тарату арнасымен ақпарат тез таратылады. Мұны басшылардың өздері де ақпарат тарату мақсатында да пайдаланылады. Зерттеулер көрсеткендей формалды емес хабарлау таратылатын ақпарат, яғни өсек көбінесе хатталған емес тура болып келеді.

22 билет

1.Ми және психика

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін қүрайтын іргетас.

Жануарлар мен адамдардың психикалык әрекетінің материалдық негізі -мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған. Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың ұзын тармақты аксон қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармагы бар. Нейрондардьщ тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық шеткі (перифериялык) және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өн-бойына _орналасқан .

Жүйке жүйесінің, кызметі жайында зерттеу жүргізіп, алғаш рет байсалды пікір айткан - француз ғалымы Р. Декарт (1596—1654). Ол өз еңбектерінде- жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір айтып, оны дәлелдеп те берді. Ал рефлекстін биологиялык сипатын ашып көрсеткен -чех ғалымы Иржи Прохаске (1749-1820), Ол ғылымға «рефлекс» ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндіреді. «Рефлекс»-латын сезі, казақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағынасы- сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің /ағзаның/ жауап қайтару реакциясы.

Ми - психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге байланысты оның кабығында пайда болатын козу мен тежелу - психиканын физиологиялық негізі. Мидың талдау және біріктіру қызметі. Талдау мен біріктіру - организмнін үнемі езгеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондай әрекеттері арқылы организм өзінін, мінез-кұлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады.

Бірінші және екінші сигнал жүйелері. Жоғары жүйке қызметіне жүргізілген ұзақ жылғы зерттеулерінде физиолог ғалым И. П. Павлов мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болатындығын ашып көрсетті.«Сигнал - латын тілінде — «сигнум» - қазақша - белгі, таңба деген сөз. И. П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән-жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.

Динамикалық стереотип. Бұл ғылыми физиологиялық терминнің мәнісі «динамикос» - қазақша - қозғалыс жағдайында болу, «стресс тупое» - казақша - қатты таңба деген грек сөздерінен шықкан.

Жоғары жүйке қызметінің заңдары – И.П.Павлов ми қабығында жүріп отыратын қозу және тежелу процестерінің ішкізаңдылықтарын ашты. Ол осы процестердің алғаш пайда болған жерінен жайылатынын (иррадиация), кейін бір жергешоғырланатынын (концентрация) эксперименттік зерттеулер арқылы дәлелдеді. Иррадиация құбылысы шартты рефлекстердің мида жайылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді.

· Мысалы, бала әліппеге үйрену кезеңінде «ы», «і» әріптерін айыра алмай қиналады, мұның себебі алғашқы кездеқозу процесінің бір орында тұрмай, жан-жаққа жайылуында болып отыр. Ми қабығында қозу мен тежелудің бір жерге жинақталып, шоғырлануы да (концентрация) үнемі болып отырады. Бірақ ол баяулау пайда болып, едәуір жүйке күшін қажет етеді.

· Мысалы, жаңағы «ы», «і» әріптерінің таңбасын, олардың естілу ерекшеліктерін бала бірнеше рет қайталағаннан кейін ғана шатастырмай танитын болады. Қозу мен тежелу процестерінің жайылу және шоғырлану заңы организмөмірінде аса маңызды биологиялық рөл атқарады.

· Мысалы, тежелу процесінің бірқалыпты жайылуы, көп жағдайларда ми сыңарлары қабығының клеткаларынмөлшерден тыс қажып кетуден сақтайды.

· Мәселен, ұйқы – бұл мидың барлық алабына тежелудің жайылуы.

· И.П.Павлов ұйқыны қорғаныс тежелуі деп атағанда, оны ми қабығын қажудан сақтайтын негізгі факторлардың бірі деп есептеген. Қозу мен тежелудің ішкі заңдылықтарының бірі – өзара индукция заңы. Бұл заң бойынша: егер мидың бір алабында қозу процесі туса, басқа бір алабында міндетті түрде тежелу процесі туады, керісінше, тежелу процесі болған жерде оған қарама-қарсы процесс – қозу пайда болады. Мидың бір алабында қозу тежелу процесімен қоршалатын болса, бұл құбылысты теріс индукция дейді.

· Мысалы, адам бір нәрсе туралы барлық ынтасын салып ойланған кезде өзінің айналасында не болып жатқанын байқамайды. Бұл біздің миымызда теріс индукция, яғни күшті қозу процесінің болып отырғандығын көрсетеді. Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналасындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл құбылыс оң индукция деп аталынады. Оң және теріс индукциялар бір мезгілде пайда болса, бір мезгілдік индукция, бірінен кейін бірі пайда болса, бір ізділік индукциясы деп аталынады. Қозу мен тежелу процестерінің заңды байланысының арқасында біздің барлық іс-әрекетіміз, саналы тіршілігіміз бір қалыпта жүзегеасып отырады да, ми сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын дұрыс бейнелейтін болады.

Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы. Организм бейнелеуінін, дәлдігі мен тендігі сезім органдарының және жүйке жүйесінің құрлысына, сондай-ақ, тітіркендіргіштің түрлерін сезіну мен оған әсерлену рецепторларының жетілу деңгейіне байланысты. Мысалы, көру рецепторы күн жарығының шапағын бейнелеу арқылы калыптасады.

Сана - психика дамуының жоғары сатысы.

Сана - адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол - ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар - тіл мен еңбек.

Бейнелеу теориясы неғізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білуден абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы - ақиқатты объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психиологияның гносеологиялық негізі болып саналады

Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Рэне Декарт. Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске өз еңбектерінде дұрыс көрсетті. Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс латын сөзі- қазақша бейнелеу деген мағына білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.Жануарлар мен адамдарда туысынан көптеген рефлексткр болады.

Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын нағыз ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И.М.сеченов болды. Ол өз еңбектерінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғыдан түсіндірді.Сеченовтың ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде дамыта түседі. Ол өзінің көптеген шәкірттерімен бірге 35 жыл бойы рефлекстің жаңа түрін шартты рефлексті зерттейді. Ол шартты рефлекстің ерекшеліктерін көрсетті.

Шартты рефлекстер үнемі өзгеріп отырады, егер оларды туғызған жағдайлар қайталанбайтын болса, олар жойылып кетеді.

Сеченов пен Павлов мидың рефлекстік қызметі екі нервтік процестен қозу мен тежелуден тұратынын анықтап берді. Қозу - әртүрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі, тежелу - керісінше - жүйке жүйесін тыныштандыратын процес. Павлов мида біріңғай қозу мен біріңғай тежелу процесі болуы мүмкін еместігін, организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз болып отыратындығын дәлелдеді.


2.Мидың рефлекторлық қызметі

Мидың шартты рефлекторлық әрекеті

XVII ғ. Рене Декарт рефлексті рецепторларды тітіркендіруден туындайтын реакция деп т‰сінді. Бірақ ол рефлекс ұғымын сананың қатысуынсыз жүреді деген көзқараста болды. Психикалыќ єрекетті мидыњ жоѓарѓы бµлімдерініњ физиологиялыќ єрекеті ретінде ќарап, оѓан талдау беруге бірінші ќадам жасаѓан И.М. Сеченов (1829-1905) болды.

1863 жылы оның «Ми рефлекстері» деген еңбегі жарық көрді. Ол сананың өзі, яѓни психикалыќ єрекеттіњ кµрінісініњ негізінде рефлекс жататындыѓын дєлелдеді. Ол µз еңбегінде «саналы және санасыз» реакциялардың ұқсастықтарын атап көрсетеді, ол бірінші ұқсастық ретінде олардың себептілігін атайды. Келесі ұқсастығын ол рефлекс пен психикалық актінің жүзеге асуындағы қозудың жүріп өтетін жолының бірдейлігін алады: екі жағдайда да қозу қабылдаушы(сезгіш) нерв түзілісінен қозғалыс органдарына қарай беріледі. Бұл жерде айырмашылық тек рефлекторлық орталықта болады. Психикалық әрекеттере флекторлық орталықтыњ ұйымдасуы қарапайым рефлекстерден күрделі келеді. Үшінші, «саналы» және «санасыз» рефлекторлық реакциялар қозғалыспен аяқталуы. Бұл саналы және санасыз әрекеттердің ұқсастықтары И.М.Сеченовқа психикалыќ єрекеттіњ рефлекторлыќ механизімді екендігі тұралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Сеченовтыњ көзқарасын И.П. Павлов дамытты (1849-1936). Павловты жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді жасаушы дейміз. Ол бұл ілімді жасай отыра тәндік және психикалық құбылыстардың бірлігін шынайы дәлелдеді. Ол ең алғаш рет үлкен ми сыңарлар қыртысының қызметін зерттеуге «шартты рефлекстер» әдісін қолданды. И.П. Павлов бүкіл рефлекторлық реакцияларды 2 негізгі топқа жіктейді: шартты жєне шартсыз рефлекторлық реакциялар.

Шартсыз рефлекстер – туа пайда болатын рефлекторлық реакциялар. Олардың туындауына арнайы жағдайлар қажет емес. Олар тұқым қуалайды, түрлік, дайын анатомиялық қалыптасқан рефлекторлық доғасы бар. Шартсыз рефлекстердің жасалуында негізгі рольді ми діңі, жұлын, қыртыс асты ядролар, мишық атқарады.


Шартты рефлекстер – бұл организмніњ қандай да бір сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштермен уақытша нервтік байланысы. Шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым қуаламайды, жеке тұлғалық, тұрақсыз, дайын қалыптасқан рефлекторлық доғасы жоқ. Олардың жасалуында негізгі рольді үлкен ми сыңарлар қыртысы атқарады. Шартты рефлекстер өзгеріп отыратын қоршаған орта мен тіршілік жаѓдайларына организмді бейімдейді. Шартты рефлекстердің қалыптасуына белгілі бір жағдайлар қажет. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасады, сондықтан шартты рефлекстердің жасалуы үшін белгілі бір уақыт аралығында организмге 2 тітіркендіргіш әсер етуі қажет: индиферентті (талѓаусыз) – келешекте шартты сигнал болатын жєне белгілі бір шартсыз рефлексті туындататын шартсыз тітіркендірігіш. Шартты сигнал шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі қажет. Шартты тітіркендіргішті шартты тітіркендіргішпен бірнеше рет ұштастырамыз (бекітеміз). Шартсыз тітіркендіргіш биологиялық тұрғыдан күшті; ал шартты тітіркендіргіштіњ к‰ші оптималды болуы қажет. Шартты рефлекс қалыптасу үшін орталық нерв жүйесі сау болуы қажет. Шартсыз рефлекстің туындауында қажеттілік болу керек. Шартты рефлекстің тез жасалуы үшін ағзаға әсер ететін бөгде тітіркендіргіштердің болмауы қажет. 

Шартты рефлекстіњ жасалу механизмі.

Белгілі бір шартсыз рефлексті туындататын тітіркендіргіш организмге єсер еткенде мида сол рефлекстіњ рефлекторлыќ орталыѓымен ќоса ‰лкен ми сыњарлары ќыртысындаѓы шартсыз рефлекстіњ µкілеттілігінде де ќозу ошаѓы 

Шартты рефлекстердің тежелуі

3.Инстинкт

Инстинкт(лат. іnstіnctus – түйсік) – организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын туа біткен реакцияларының (мінез-құлық актілерінің) жиынтығы; күрделі шартсыз рефлекстер. Инстинкт жануарлардың тіршілік жағдайларына бейімделу формасы болып саналады; мысалы, үйрек балапанының жұмыртқадан шыға салысымен суда жүзуі. Инстинкт (латынша іnstіnctus – түйсік деген ұғымды білдіреді) туралы түсініктер ежелден белгілі. Ежелгі грек философы Хрисипп(біздің заманымыздан бұрынғы 250 – 208/205) инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-құлық әрекетін сипаттауда қолданды. Француз ойшылы әрі дәрігері Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті. Чарлз Дарвин инстинкт — жануарлардың бір түріне ғана тән, кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеді. Ал Иван Сеченов пен Иван Павловинстинкттің рефлекторлық сипатын анықтады. Биологиялық маңызына қарай инстинкт: қоректік (олжасының ізіне түсу, азық жинау, т.б.), қорғаныстық немесе сақтық (қатер төнгенде айбат шегу, тырнау, қозғалмай қатып қалу, т.б.), жыныстық (уылдырығын шашу үшін балықтардың ағынға қарсы немесе ағын ығымен ауа жүзуі), т.б. түрлерге бөлінеді. Барлық бейімделу факторлары сияқты инстинкт орта жағдайының өзгеруіне байланысты өзінің мәнділігін жоғалтуы мүмкін. Құстар мен сүтқоректілерде инстинкттің экстраполяция деп аталатын ерекше түрі де кездеседі. Бұл жануарларға ортаның құбылмалы жағдайын дұрыс бағдарлауға мүмкіндік береді. Кейде олар келе жатқан апатты (мысалы, жерсілкінуді) алдын-ала сезеді. Адам инстинкті тәрбие процесі кезінде қалыптасып, көбінесе, оның саналы іс-әрекетіне бағынышты болады. Сәбилерде инстинкт ми қызметінің толық қалыптасуымен байланысты дамиды. Инстинкт туралы алғашқы ұғымдар оны саналы әрекетке, туа пайда болатын мінез-құлықтың жүре қалыптасатынына қарсы қоюға себепші болды. Этология мен мінез-құлық генетикасының табыстары бұл қарама-қарсы қою принципін жойып, мінез-құлық әрекетінің генетикалық негізі болатыны жайлы тұжырымдаманы қалыптастырды. Осыған байланысты қазіргі кезде «инстинкт» деген термин әлеуметтік ғылымдарда сирек қолданылады


23 билет

1.Психика және сананың дамуы

Психика, сана - материяның ең жоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен окиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Психиканы және оның жоғары түрде дамыған сатысы - сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері - психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.

Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм – барлық табиғатқа: биопсихизм – тек тіршілігі бар материяға нейропсихизм – тек нерв жүйесі барларға. Бұл теориялар психикаға біржақты қарап, қарапайым түсінік береді. Тіршіліктің пайда болуы – материя дамуының жаңа сатысы, ол өзінің құрылысы жағынан күрделі және ерекше қасиеттерге ие болды. Бұл қасиеттің бірі – тітіркенушілік, яғни сырттан тиетін әсерлерге организмнің беретін жауабы. Бұл тірі табиғаттың бейнелеу организмінің жалпы түрі. Оның жеке көрністерінің түріне мыналар жатады: настия, тропизмдер оның өзі - фототропизм, хемотропизм, термотропизм болып бөлінеді.

Психиканың сезімталдығының тітіркенушіліктен айырмашылықтары:

1.Сезімталдық бейнелену анализаторлар арқылы жүргізіледі, яғни денедегі әрбір сезімге, мысалы, көз, құлақ, бейімделген органдар арқылы.

2.Психиканың сезімталдығы табиғиғаттың көптеген заттары мен құбылыстарын бейнелеуге мүмкіндік береді.

3. Психика сырттағы дүниенің қасиеті мен заттарын елестете алады.

4.Жақсы дамыған жануарлардың елестері сигналдық роль атқарады. Сондықтан да олардың сырттағы өзгерістерге бейімделу қабілеттері күшті болады.


 

5. Психикасы бар тірі жандар, тіпті төменгі сатыда тұрса да, әралуан күйініш – сүйінішті сезе алады. Мысалы, желімге жабысқан дызылдауы.

Шартты рефлекстер - өмір тәжірбиесінің негізі. Психиканың эволюциясы (дамуы) тікелей емес, бірнеше бағытта болған.

Психиканың өзінің даму сатыларына келсек:

- біріншісі қарапайым сенсорлық (сезімдік) психика сатысы

- келесі даму сатысы - перцептиптік психика сатысы.

- психиканың дамуының ең жоғарғы сатысы – интеллект сатысы.

Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығын, оның өсіп, дамып отыратындығы ғылымға ерте кезден-ақ мәлім. Әсіресе, бұл жөнінде Дарвиннің эволюциялық теориясы көп жаңалықтар қосумен бірге бұл мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар енгізді. Психиканың өсіп дамуына эволюциялық теорияның көзқарасы бойынша өсіп-даму, жай ғана көбею немесе азаюды қайталаумен ғана пара-пар. Даму– сапалық даму емес, жалғыз ғана сапалық даму. Ескі сапалар құрып, олардың дамуына жаңа сапалар пайда болмайды, даму - бір қалыпта, біркелкі жайбарақат қана дамып отырады. Психиканың дамуын жалғыз ғана сыртқы өзгеріс емес - психиканың мазмұнымен байланысты ішкі сапалы даму.

2.Жануарлардың дағдылары

Жануар дағдылары – жануарлардың өмірін бақылау көрсеткендей, тек туа біткен қылықтарының түрлері – интсинктеріне негізделе отырып, олар өзгерген ортаға бейімделе алмайды.

Жануарлар қылықтарының туа біткен түрлері өмірге жаңа келгеннен кейін қалыптасқан дағдылармен толықтырылады. Дағдылар деп көптеген қайталаудың және бекітудің нәтижесінде жануарлардың жеке тәжірибесінде қалыптасатын іс-әрекетін айтады. Жануарларда дағдыны қалыптастыру күнделікті өмірдің табиғи жағдайында, сонымен қатар арнаулы, үйрету арқылы іске асады. Бақылаулар көрсеткендей, дағдыны қалыптастыруға қабілеттілігі жоғары сатыдағы жануарларда ғана емес, төменгі сатыдағы жануарларда да болады. Бірақ неғұрлым ағза күрделі болып келсе, соғұрлым жануарлардың жүйке жүйесі дағдыны қалыптастыруға жоғары деңгейде қабілетті дамығандығын аңғаруға болады. Мәселен, үйретілген ит адамға аяғын береді, есікті табанымен немесе тұмсығымен ашады, билейді, артқы аяғымен жүреді, т.б. Жануарлардың осындай іс-әрекеті дағдылар деп аталады. Дағдының жүйке-физиологиялық қызметі шартты рефлекс болып табылады. Дағдыны қалыптастыру жануарларда шартты рефлексті немесе шартты рефлекстердің жүйесін қалыптастыру болып табылады. Жануарларда дағдылар соқыр сезімнің негізінде, жаңа іс-әрекетті бірнеше рет қайталау (инстинктерден айырмашылығы) арқылы қалыптасады, оның көмегімен жануарлар белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Жаңа іс-әрекетті қалыптастыру және бекіту ең алдымен жануарлар өмір сүрген барлық жағдайларға байланысты.

Адамдар үй жануарларын қолға үйретіп, көптеген дағдыларды қалыптастырады. Адамдардың жануарларға дағдыны қалыптастыруы дрессировка немесе қолға үйрету деп аталады. Қалыптасқан дағдылар жекелеген инстинктердің байқалуын жойып жіберуі мүмкін.

Жануарларда дағдылар байқап көру және қателесу әдісімен қалыптасады.

Дағды – жануарлардың қылықтарының өзгертілген түрі, сондықтан да әбден орнықпайынша ол бірте-бірте жойылуы мүмкін. Сонымен қатар дағдының өзгеруі ауысуынан аңғарылады. Дағдының ауысуы негізінен жоғары сатыда дамыған жануарларға тән. Дағдыларды қалыптастыру мүмкіншіліктері жануарлардың жалпы даму деңгейіне және қалыптасқан дағдының жануарлар мінезінің инстинктілік түрлеріне сәйкестік дәрежесіне байланысты. Тәжірибелі үйретушілер әр уақытта да осыны ескеріп отырады. Оны цирк аренасының білгірі Р.А.Дуров орынды пайдаланды.


3.Мінездің қалыптасуы және оларды тәрбиелеу жолдары

Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға (созерцательность) бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық -әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерілген тәжірибе мен білім бозбалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.

Бозбалық (юность) шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласыпыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен белсенді араласу, тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзін басқаруың одан да күрделірек. Өмір бұрқасынында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түр–түс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқызысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдырысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, “бақыт” мән– мағынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұмтылыс енді “бақытсыздықтың” қорқынышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзінді дербес, бірде біреуге керегі жоқ дүние екеніңді сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті.


24 билет

1.Мінез туралы жалпы түсінік

Мінездің фенотиптігі, темпераменттің генотиптігі.

Әрбір адам басқа адамдардан езінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бүл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру. Психологияда бұл— дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.

Мінез — әрбір адамның жеке басына тэн өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудіні нәзіктігі, көздің кергіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, акыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.

Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекеті сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байланысты болады.

Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалык процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған — ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV—III FF). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де (XVIII ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бүл — әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент — адамда туа пайда болатын генетипті организм қасиеті. Осы кезқарасқа орай, мінез — шың туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі. ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.

И.Кант (XVIII F.) мінезді темпераментней салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттерін-туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т. б. мінездің туа пайда болумен катар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барльіқ сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді.

Мінез – адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі болып сипатталады. Мінез негізінде жеке адамның моральдық –еріктік қасиеттері жатады.Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің , адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез көріністерінде байқалады.

Мінез адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қажет.

Мінез қоғамдық-тарихи құбылыс. Олай болса, уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан жалпыға ортақ мінез де болмайды. Белгілі тарихи дәуір туғызған белгілі типтік, жеке адамдар (индивидуальды) мінезі ғана болады.

Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алсын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын саналы өзгешілік. Ол көп қасиеттің бірлігі, адамды әр қырынан көрсететін қасиет.

2.Жануарлар интелектісі

Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) "ақылды" деп айтуға түрарлықтай мінез-қүлық көріністерін байқауға болады. Мінез-қүлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған эксперименттен сан рет байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшіктерге түседі. Енді ол жәшіктің біреуін өкеліп, үстіне шығып кореді де, әлде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін "қара тер" болып бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге үқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда түрған богетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллект айуанның жеке озіне тән қылық, оның тапқан әдісі. Мұндай "әдіспен" басқа жануарлар пайдаланбайды, бүған басқа жолмен жетеді. Бұл айуанның кез-келген уақытта ("көңілі" қалағанда) айналысатын әрекеті емес. Олардың ортаға бейімделуінде инстинкт пен дағды көбірек көрінеді де, интеллект онша жетекшілік роль атқармайды. Мінез-қүлықтың (интеллект)осы түрі айуанға түрлі сатылы, басын "қатыратын" күрделі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Сондықтан да олар интеллектік амалға бара бермейді. Интеллект — жануарлар психикасының ең икемді түрі. И.П.Павлов маймылдардың интеллектісі де ассоциациялардан (күрделі жүйке байланыстарынан) түратындығын, бірақ мұның бірінші сигнал жүйесінің жұмысына тәуелді екендігін атап көрсетті.

Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың интеллекті, көбінесе, көзге көрінетін нәрселерге байланысты туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты "құрал" есебінде кездейсок пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген "мақсатпен" сақтап қоюды да білмейді. Маймылдарда кездесетін осындай интеллект оның миының маңдай бөлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бүрын білгенінен асып, ештеңе істей алмайды. Эволюциялық басқыштың түрлі сатыларында түрған айуанда психиканың бір формасы (инстинкт, дағды, интеллект) үстем болғанмен, оның басқа түрлері де кездесе береді. Мәселен, буын аяқтыларда (өрмекші, құрт-құмырсқа) инстинкт үстем болғанмен, оларда дағды да өсіп жетіле алады. Интеллектің өзі де инстинктер мен дағдылардың негізінде қүралады. Жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы ортаның жағдайына икемделуді, қамтамасыз етеді. Бұлардың бәріне ортақ ерекшелік олардың биологиялық сипатта болатындығында.

 3.Мінез

Адамдардың өмip жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа бipeyде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзi өмip cypiп отырған . қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан 6ip адамның мінезi жөнінде сөз болғанда мінездің дара жә­не типтік бітістерің қоса еске алып отыру қажет. Тип­тік мінездер — белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі типтік мінезден эр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшеліке сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алып отырады.Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірлерін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей: Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдай­да көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітестерді. Бұларға: коллективизм, гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатыгездік, тұйықтық, зымияндық т. б. бітістер жа­тады. Осы топқа сондай-ақ адамның өз iciнe, еңбегіне катынасын білдіретін мінез бітістepi де жатады. Бұларға еңбек сүйіспеншілік, құнттылық, иниңитивалық, салақтык, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бітістер кіреді.Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгi бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап коя білушілік және бұларға қарама-қарсы өр көкіректік, мактаншактық, жасқаншақтык т. б. жатады.

Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі мең­гере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері кұрайды. Бұл топты мінездің epiктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсе- тінен мінез бітістерін мазмұнынан тыс қарауға бол­майды .Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы урының жылпос «пысықтығын» мінездің epіктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.

Мінездің epiктік сапаларының өзі күштi және әлсіз, яғни нашар мінез болып eкіге бөлінеді Күшті мінезге — мақсатқа талпынғыштық, дербестшк, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылык, тәртіптік, жинақылык, ерлік т. б. жатса, әлсіз мінезге негативизм иланғыштық, қьнырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т. б. кіреді. Мінез сондай-ақ ауыр, жеңілтек, мінeзciз, сотқар, тен-тек, бейбастақ, итмінез т. б. түрлерге бөлінеді.

Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы–шапшаң, екінші–асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші–іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер–мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс-әрекет–қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.

Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.

Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам әдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен әдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық әдетінде көрінеді. Бірақ әдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тән қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал әдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылық-әрекет барасында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет–қылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса отырып, мінезде  бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылық-әрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады.

Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама– қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал–жұмсақ, тыңғылықты-өзара қайшы, кең–тар және т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез әлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасиеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе-қайшылықты мінез орнығады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, іс-әрекеттерінің жан–жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай адам әлемдегінің біріне қызығып, бәріне араласқысы келеді. Ал бұларға қарсы–мінезі “тар” адамдар өзін-өзі шектеуге бейім, ниет әрекеттерінің өрісі өте елеусіз.

25 билет

1.Мінез туралы жалпы түсінік

Мінездің фенотиптігі, темпераменттің генотиптігі.

Әрбір адам басқа адамдардан езінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бүл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру. Психологияда бұл— дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.

Мінез — әрбір адамның жеке басына тэн өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудіні нәзіктігі, көздің кергіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, акыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.

Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекеті сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байланысты болады.

Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалык процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған — ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV—III FF). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де (XVIII ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бүл — әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент — адамда туа пайда болатын генетипті организм қасиеті. Осы кезқарасқа орай, мінез — шың туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі. ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.

И.Кант (XVIII F.) мінезді темпераментней салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттерін-туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т. б. мінездің туа пайда болумен катар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барльіқ сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді.

Мінез – адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі болып сипатталады. Мінез негізінде жеке адамның моральдық –еріктік қасиеттері жатады.Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің , адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез көріністерінде байқалады.

Мінез адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қажет.

Мінез қоғамдық-тарихи құбылыс. Олай болса, уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан жалпыға ортақ мінез де болмайды. Белгілі тарихи дәуір туғызған белгілі типтік, жеке адамдар (индивидуальды) мінезі ғана болады.

Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алсын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын саналы өзгешілік. Ол көп қасиеттің бірлігі, адамды әр қырынан көрсететін қасиет.

2.Қабілет және нышан

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.

Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілеь – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.

Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. с. с.

Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала кезінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің «Еңлік - Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші К.П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А.С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н.Н. Лузин, биолог К. Линней, жазушылар В. Скотт, С.Т. Аксаков, И.А. Гончаров т. б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.

 

4. Қабілетті дамыту.

Қабілет – жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.

Жеке адамның потенциалды күшін қаншалықты толық пайдаланатындығы және қабілетін дамытуы оның қасиеттерінің жиынтығына тәуелді болады.

Маңызды әлеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады. Іске деген сүйіспеншілік талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. Қабілеттің дамуындағы маңызды кезең – кедергілерді жеңе білу / мұндайлар адамға қолайсыз сыртқы жағдайлардың, не мүше кемістігінен: сақау, соқыр, сңырау/ және адамның өз көңілі ауған және бұған біршама ыңғайы бар істі меңгеруі.

Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екеншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты әс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы соалалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылық мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

Іс-әректпен айналысқан адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күшқуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапарларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

3.Темперамент туралы алғашқы ой пікір айтқан ғалым

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелп Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460—356) еңбектерінде бұл жөнінде бipaз пікірлер ай­тылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіңде төрт турлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын — қан, салқындататын — шырын (слизь), құрғататын — бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпе- раментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттepi адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың 6ip-6ipінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, олсангвиникалық (латынша «сангнус»— қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма»— шырын), флегматик темпераментдеп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай-нехоле»— кара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе — өт) темпераменті деп аталған.



Гиппократ организмдегі сұйыктардың 6ipіншісінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарнхын түсіндіруге де жарайды деді ол мидың рөлін түсінбейді, оны бездердің бipi деп санады. Бұл — адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален (129—199) темпераменттің саның он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатының, денеа салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогресеивті маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау — сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін тepic пікірге берілген үлкен соққы еді.



Орта ғасырдағы ғалымдар темперамента организм­дегі химиялық заттардың кұрамына байланысты түсіндіругe тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрлеріне физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, iшкi секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Heмic философы И. Кант (1724—1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түpi туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез үғымдарын 6ip-6ipiнe балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы теорнялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең epic алады. Мәселен, немic анатомы Гей­не темпераменттердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н. Л. (1833—1902)1 ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837— 1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдтне байланысты деп тұжырымдады.

Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекі eтіп түсіндірген академик И. П. Павловтыц ілімi темперамент туралы түсінік ғылыми сара жолға түсіреді.

Нерв жүйесінің типтepi ми қабығындағы қозу, теже­лу процестерінің үш негізгi белгісінің (күшті, тепе-теңдігi, қозғалғьиитығы) жиынтығынан құрастырылады.

Нерв процестерінің күшіне — ми кабығының жұмыс icтeу қабілетті, яғни сыртқы ортанын түрл тітіркендіргіштерінe мидын төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тәжелудің 6ip-6ipiнe тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозғалғыштығы деп олардың біріншінің eкіншісінe алмаса алу қабілеттілігін айтады.

Сөйтіп И. П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әp6ip типінін үш белгici болады. Мәселен, күшті типтердің 6ipi — ұстамсыз тип. Ұетамсыз тип — жұмыс icтey қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері 6ip-6ipiмен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншici — ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері 6ip-6ipiнe тең келіп, тез алмасып оты­рады. Күшті типтің үшіншісі — қозу мен тежелу 6ip-6ipiнe, тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестepi баяу көрініп отырады. Күштi тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отыра­ды. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келeтiн түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негізде- piн жақсы түсіндіреді.

Павлов сангвиниктерді — ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді—ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі 6ip-6ipiнe тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді — нерв жүйесі әлсіз тиістi адамдар деп сипаттады.

И. П. Павлов осы айтылған негізгi типтерден баска да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бi- рақ аз да болса козуы басымдау тұратын), сонымен катар козу мен тежелудің күшін тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірбиесінің бip қорытындылары адам темпераменттерінің физиоло­гиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көр­сете келіп, темпераментке мынадай" анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әp6ip индивидиумның барлық әрекетіне белгіліi кейін беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы»\ Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896—1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан ары зерттеле түстін Егер И. П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. М. Теп­лое пен оның шәкірттepi осындай тәжірибелі адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйе­сінің төрт түрлі типі туралы ілiмi адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене үсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бipi В. Д. Небылиңин (1930—1972) осындай зерттеулердің біріне нерв жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күштi екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға беімделе алу қабілеті мол екіншіден зерттелді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
2061
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі