Материалдар / Психология болашақтың мамандығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Психология болашақтың мамандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология барлық адамға керек.Психологиясыз қазіргі заманды елестету мүмкін емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2023
174
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психология болашақтың мамандығы


Мүсілімқызы Гүлсая

Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәнінің оқытушысы

ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова Атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі»

Ақтөбе,Қазақстан


Аннотация: Бүгінгі таңда егеменді еліміздің алға қойған мақсаттарының бірегейі білікті, білімді және еңбекке қабілетті тұлға қалыптастыру негізгі міндет болып табылады. Осы жолда психолог маманының атқарар рөлі өте зор.  Сондықтан, психология бұл – болашақтың мамандығы.

Кілттік сөздер:Психология,тұлға,мақсат,міндет,жасөспірім,білікті психолог.


Жоспар:

1.Психология ұғымына түсінік.

2.Психология мамандығының қоғамдағы рөлі.

3.Психология менің өмірімде.

«Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» -деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға –жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын айтқызбай оқи білу психологияның ғажайып бір таңғажайып сыры деп білемін.

 Психология – адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез құлығын зерттеу деп те анықталады. Психология - адамның ішкі жан дүниесін емдеуге, оның дұрыс жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған мамандық. Бүгінгі күні, адамның өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты психолог көмегіне жүгінушілер саны артты. Бұл ғылым басқа салалармен де тығыз байланысты болғандықтан болашақта өзектілігін жоғалтпақ емес. Ең әуелі, психология ғылым ретінде адамның ішкі дүниесін, яғни, оның жан дүниесін, күрделі, қайталанбас және ерекше ішкі әлемін зерттеуге және түсінуге бағытталған. Аристотель ішкі дүние туралы ілім ең керемет, әрі таңғажайып білім деп тұжырымдады. Расымен де ғылым үшін адам психикасынан гөрі күрделі пән жоқ. Бұл адамзаттың дамуымен байланысты барлық ғылымдарды, оның қызмет салаларын, мүдделер шеңберін, эмоцияларды басқару кеңістігін, жеке және пікірлес адамдар тобындағы сезімдерді, басқа адамдардың жеке кеңістігін бұзбау өнерін біріктіретін ғылым. Бейбітшілік пен жасампаздық – адамзаттың табысты дамуының кепілі, бұл қазіргі психологияны зерттеудің басты міндеті. Жалпы алғанда, өзге салалардың дамуы тікелей психология ғылымының жетілуімен байланысты. Сол себепті, психология адамзаттың болашағы бұлыңғыр болмас үшін аса қажетті болып саналады.

Жаһандану үрдісі етегін кеңге жайып, жаңа технологиялар қарқынды дамып жатқан заманда адами құндылықтар толығымен өзгеріске ұшырады. Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме белгісіз, дегенмен де бүгінгі күн жан дерті тән дертімен бірдей емді талап ететін кезеңге айналды. Осындай көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан дәуірде қажетті мамандықтар тізімі де айтарлықтай өзгерді. Осы тұста, психология адамзаттың болашақ мамандығына айнала алады ма?

Иә,себебі қазіргі таңда өмір сүру барысында күйзелісі көп ортада адамдар тығырыққа тіреліп,шырғалаңға түсіп жатқан сәттер көптеп орын алуда.Сол адамдардың көпшілігі психолог маманына жүгінуде.Сондай күйзеліс кезінде психолог маманының көмегі орасан зор.

Бүгінгі таңда егеменді еліміздің алға қойған мақсаттарының бірегейі білікті, білімді және еңбекке қабілетті тұлға қалыптастыру негізгі міндет болып табылады. Осы жолда психолог маманының атқарар рөлі өте зор.  Сондықтан, психология бұл – болашақтың мамандығы. Қай сала болмасын психологиямен тығыз байланысты  Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде бір емес оданда көп психолог маманы болуға тиiстi дегім келеді.Себебі әр түрлі жастағы жасөспірімдерге , жеткіншектерге тіпті ересек адамдардың өзіне дұрыс бағыт бағдар беру ол әрине психологтың бойынан табылуы тиіс қасиеттер.

Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Олар: білім, бизнес, саясат, басқару, медицина, жарнама т.б. салаларда үлкен сұранысқа ие. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ. Психологияның зерттеу пәні - адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр. Қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан шығатын мамандық болған және бола бермек.

Психологтардың басты миссиясы азап шегетін адамдарға жауап беру немесе кеңес беру деп қате ойлады. Алайда, психология - бұл үлкен тарихы бар ғылым,психологияға тереңінен қарайтын болсақ психолог бірінші кезекте мықты кеңесші, зерттеуші және түзетуші болуы керек.Психолог – өз ісін жетік білетін, саналы кеңес беретін жаңашыл маман болуы керек. Психолог - әр адамның жан дүниесін ұғынуға, жәрдем беруге ұмтылады. Бір сөзбен айтқанда жан дүниедегі кеселді жайлап жылы сөзбен жайлап емдеуші адам. Психолог маман – отбасында ана, өз ісіне жауапты тұлға. Жақсы психолог көңілге демеу, жанға қуат береді,ол адам тәнін жанын бірге алып екееуін ұштастыра адам ішіндегі менін қалыптастыру.

Білікті психолог болу үшін ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән қасиет деп білемін. Ал психолог мамандығы бұдан да зор қасиеттерді талап етеді. Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең интуицияның болуы. Психолог – басқа адамның мәселесіне кіріп, егжей-тегжейіне дейін түсініп, өзі бірақ бұдан зардап шекпейтін мықты тұлға, тәжірибелі маман. Жылап, эмоцияға беріліп отырған адамға, қуаныш сыйлап, езуіне күлкі ұялататын жәрдемші, көмекші адам. Өзінің ісіне жауап бере алатын өте байсалды адам. Өз өмірін тәжірибе ретінде қолданбайтын, еш нәрсеге объективті түрде қарай алатын, өзгелермен бірге қуана да, қайғыра да алатын терең эмоциялы, ақылды жан.

Білікті психолог, ол кім? Психолог – ақыл мен мінез-құлықты зерттейтін маман. Психолог – өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып, өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан. Психолог – өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан-дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог – жәрдемші, ақылшы, кеңесші және көмекші. Психолог өзгелердің жүрегін ауыртпайды, керісінше жан-дүниесі күйзеліске түскен жандарға жан азабынан қалай шығу керек жолын іздеп, әуреге түседі. Қолынан келгенінше өзінің бар білгенін, білімін салып, қол ұшын беруге тырысады.

Психолог – өмірді әр түрлі қиындықтарына оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және тағы басқа жағдайларға тап болған дені сау адамдарға кеңес беруші маман болғандықтан, көп адамдар көмек қолын созады, ақыл-кеңес сұрайды. Психологқа өмірінен өзгеріс күтетін және дұрыс жол таңдау үшін келеді. Өміріңде қиындықтар туындағанда психолог әр кезде де жаныңнан табылады. Қазақта «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Сонымен қатар, Ш.Сариев айтқандай «Өмір деген тұрмайды тек қарадан,өмір деген тұрады ақ-қарадан». Аталмыш тұжырымды баланың санасына құятын, оны өмірге баулып, ақ пен қараны ажыратуға үйретуге тырысатын - психолог. Психологтың міндеті - баланы болашаққа дайындап қана қоймай, оны осы шақпен алаңсыз өмір сүруге үйрету. Адамзат үшін келер ұрпақтың дұрыс жетілуі, адами тұрғыда дұрыс қалыптасып, тұлға ретінде дамуы - өте маңызды. Ал, осы тұрғыда қызмет етіп, бұл мақсатты жүзеге асыруға жәрдемдесетін - психологтар, яғни,психология мамандығы.

...Арман деген көп белес.Біріне шықсаң бірі бар демекші кішкентай кезімнен неге екені өзімеде белгісіз психология мамандығына қатты қызықтым. Мен адам жанын түсініп, демеу беру үшін, бағдар беру үшін осы мамандықты таңдадым. Менің өмірдегі басты мақсатым – балалар өмірге еш қорқынышсыз, зұлымдықсыз қарап, олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық, жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін. Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып, күйзеліске ұшырайды, солай дегенмен де, өмірге деген сенімін, құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылу керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай жағдай болмасын, бар күш жігерін жинап, алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп, жүрегінде де, жан-дүниесінде де тыныштық орнайтынына, барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек. С.Торайғыровтың сөзімен айтқанда:  «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу» дегім келеді. Мен психология мамандығын таңдаған себебім, жолы болмай, қиыншылықтарға кезігіп жүрген адамдарға бағыт бағдар беріп, сүйініш болғым келеді.          «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз мамандығымның биік белестерін бағындырсам, елім үшін өзімнің аз да болса үлесім тисе екен  деймін.


Қорыта айтқанда дәрігер адам жанының арашасы болса, психолог – ада жанының жанашыры. Себебі, алдына келген әр адамның жүрегіне үңіліп, онымен бірге мұңайып, қуанса қуанып, өмірге деген құштарлығын ояту – өзімнің  басты міндетім деп білемін. Психолог маманы халық үшін қызмет етеді. Десе де, XXI ғасырда қажет мамандықтың бірі – осы психолог маманы. Деңгейі күрт өспесе де, алға қарай дамып келеміз. Былдырлаған бүлдіршіндер тәлім алатын балабақшалардан бастап, ұлы тұлғалар қызмет ететін ірі-рі мекемелерде арнайы психолог мамандар жұмыс істеуі психология мамандығының қажеттілігі зор, мәртебесі биіктеп келетініне дәлел. Шынтуайтына келгенде, психолог кез-келген кісінің оқиғасын тыңдап, жан дүниесімен түсініп, қолынан келер көмегін аямайтын тұлға. Өмірден түңілген жан болса, болашақ ғұмырына қызуғушылық отын жағып, тірліктің ақ пен қарадан тұратынын, ары қарай қадам басу керектігін ұғындырып, болсақ, жарқын жаққа жол сілтейді. Сондықтан, психология – ешқашан өлмейтін, өшпейтін, қайта күн санап мәртебесі арта беретін болашақтың мамандығы деп есептеймін. Өзімнің де осы мамандықты таңдағаныма еш өкінішім жоқ, себебі әр таңды көңілді әуен, жағымды ойлармен қарсы алып, адам баласына тек жақсылық, ізгілік тілеймін. Ал болашақ тізгінін ұстайтын ұрпағымызға мамандық таңдауда қателеспей, жүрек қалауымен алға қарай ұмтылуларыңызға шын жүректен тілектеспін.Жалпы қорытындылай келе психолог – дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындыққа қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды деген сөзбен аяқтағым келеді.






















Өтініш кестесі


Қатысушының аты-жөні:

Мүсілімқызы Гүлсая

Білім беру мекемесінің атауы:

ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова Атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі»


Облыс, аудан, қала, ауыл атауы:

Ақтөбе қаласы,Шернияз 18

Телефон номері, және эл.почтасы:

8-778-140-22-38

Жетекшісінің толық аты-жөні:


Ғылыми жұмыс бағыты:

Психология

Жасын дәлелдейтін құжат (куәлік немесе паспорт фотосы)


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!