Материалдар / Психология ғылымы туралы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психология ғылымы туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. "Психология" сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: "пcюхе "-жан, психика және "логос"-ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
1668
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1.1.Психология ғылымы туралы түсінік

Біздердің әрқайсысымыз күнбе-күн адамдармен кездесе отырып, олармен қарым-қатынас жасаймыз, олардың айтқан сөздеріне көңіл күйіміз қобалжу, не орнықты жағдайда жауап береміз, адамдар кейде бізге сүйкімді көрінеді, ұнатамыз, ал кейбіреулерін жақтырмаймыз.

Қоршаған дүниеде белгілі бір заттар немесе құбылыстар туралы біздер ойланамыз, ой елегінен өткіземіз, көңіл-күйімізге әсер етеді немесе ол құбылыстарға қалай болса, солай қараймыз, демек, бір жағдайлар біздерді қызықтырады, басқалары бізге бәрібір сияқты көрінеді.

Әрқайсысымызды жақсы кітап, әсем әуен, бейнелеу өнері шығармалары қанағаттанғандық сезімге бөлейді. Біз адамның жағымсыз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын көре отырып, қынжыламыз, оны сынаймыз, жағымсыз сезім пайда болады, ал жағымды іс-әрекет пен қасиеттер бізді қуантады, көтеріңкі көңіл-күйде боламыз.

Еңбек ету барысында біз табанды түрде, ерекше жігерленіп, белгіленген жоспарды іске асыруға қол жетеді, кейде баяу жұмыс істеуге тура келеді.

Әртүрлі заттар мен құбылыстарды көре отырып, олар бізге ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, кейбіреулерін еске сақтаймыз немесе ұмытамыз, біреулеріне зейін аударамыз, басқаларына көңіл бөлмейміз. Осы құбылыстардың барлығы - біздің психикамыз.

Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. "Психология" сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: "пcюхе "-жан, психика және "логос"-ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.

Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).

Психиканың өмір сүруі органикалық өмірдің жоғарғы түрлерімен байланысты, психиканың пайда болуы тек ғана жануарлар мен адамдарға тән. Бір ерекше айта кету керек, бақылаулар мен ғылыми зерттеулер көрсеткендей, адам психикасына қарағанда жануарлар психикасы ерекше қарапайым келеді.

Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психиканың ең жоғарғы түрі -сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы құбылыс болып табылады. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез-құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.

Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.

Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі -барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.

Сонымен, психология - психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.

Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің "Жан туралы" атты еңбегінде алғаш рет психикалық құбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотелді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші жағынан, психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдік түрде зерттеу шын мәнінде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады.

Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге болады:

Психикалык үрдістер - бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау,.

Психикалық қасиеттер - бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.

Психикалық жағдайлар (қалып) психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, сезім және эмоция, белсенділік немесе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар.

Ғасырлар бойы адам ғалымдардың көптеген ұрпақтарының зерттеу пәні болып келді. Адамзат өзінің тарихын, пайда болуын, биологиялық табиғатын, тілін және салт-дәстүрін танып біледі және оны танып білуде психология ғылымына ерекше орын береді. "Адам үшін басқа адамдардан қызықты нысана болуы мүмкін емес" деген екен ертедегі бір данышпан. Ол қателеспепті. Психологияның дамуының негізіне адамзаттың тұрмыс табиғатына, адамзат қоғамындағы оның дамуы мен қалыптасу жағдайларына, оның басқа адамдармен өзара қарым-қатынасы ерекшеліктеріне әруақытта да өсіп отырған қызығушылық жатады.

Қазіргі кезде өндірісте, ғылымда, медицинада, өнерде, оқытуда, ойында және спортта психологиялық заңдылықтарды білмей және түсінбей көптеген іс-әрекеттің түрлерін іске асыру мүмкін емес. Адамның даму заңдары туралы ғылыми білімдердің жүйесі, оның потенциалдық мүмкіншіліктері туралы барлық қоғамдық даму үшін қажет. Бірақ адам әртүрлі ғылымдардың кешенді зерттеу құралының нысаны болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар мәселелері болады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттегенде психологиялық факторларды ескеру қажетігі туындайды, әрбір ғылым басқа ғылымдардан өз пәнінің ерекшелігімен сипатталады. Кезінде белгілі психолог-ғалым СЛ.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" атты кітабында былай деп жазды: "Психологияның зерттейтін өзіндік құбылыстардың ішінен анық та айқын, ерекше бөлініп тұрғандары - біздің қабылдауларымыз, сезімдеріміз, ойларымыз, талпыныстарымыз, қажеттіліктеріміз және т.б., демек, біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтындар жатады".

Психология ғылым ретінде нені зерттейді? Оның зерттеу пәніне не жатады? Біздің ойымызша, бұл сұрақтарға жауап беру оңай емес. Оған жауап беру үшін психология ғылымдарының тарихын, оның дамуының әрбір кезеңін қарастыра отырып, мән беруіміз қажет. Бір жағынан, оны өте ертеде қалыптасқан ғылым, сонымен қатар тіпті жас ғылым ретінде қарастыруға болады. Мындаған жыл тарихы бола тұрып, оның болашағы алда.

Жанды зерттеу, түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Демек, алғаш рет психология жан туралы ғылым ретінде қарастырылады. Психиканың мәні туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуы мен дамуы әр уақытта философияның негізгі мәселесі — материя мен сананың, материалдық және рухани бастаманың арақатынасын шешумен тығыз байланысты.

Осы мәселені шешудің төңірегінде екі бір-біріне қарама-қарсы философиялық бағыттар пайда болады: идеалистікжәне материалистік.Идеалистік философияны жақтаушылар психиканың материяға тәуелсіз, өз бетімен өмір сүретін бірінші алғашқы құбылыс деп қарастыру. Психиканы материяның туындысы бойынша психиканы екінші құбылыс, материядан туады деп қарастырады.

Идеалистік философияның өкілдері материямен байланыссыз ерекше діни бастаманың өмір сүретіндігін мойындайды, олар психикалық іс-әрекетті материалдық және өлмейтін жанның көрінісі ретінде қарастырады. Ал барлық материалдық заттар мен құбылыстарды тек ғана біздің түйсіктеріміз бен елестетулеріміз немесе кейбір белгісіз "абсолюттік" рухтың, "әлемдік ерік-қайраттың", "идеялардың" байқалуы деп түсіндіреді.

Адам психикасын матералистік тұрғыдан түсінуді идеалистік философтар көптеген ғасырларға ығыстырды, адам психикасын оның рухани өмірінің көрінісі ретінде қарастырады, ол барлық материалдық табиғат сияқты заңдарға бағынбайды деп есептеді. Тек қана XVII ғасырда Рене Декарт психологиялық білімдерді дамытуда жаңа дәуірді бастады. Оның түсіндіруінше, "тек ішкі органдардың жұмысы емес, сонымен қатар ағзаның сипаттамасы, олардың басқа да ішкі денелермен өзара іс- әрекеті жанды қажет етпейді деген болатын-ды. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше үлкен әсер етті. Декарт бір уақытта екі ұғымды енгізді: рефлекс және сана. Оның түсіндіруінше, бір-біріне байланыссыз, екі бастама материя мен рух өмір сүреді. Сондықтан да психология тарихында бұл ілімді "дуализм" (сіиаіі"- гректің сөзі, қазақшалағаңда "екіжақты" мағынасын береді). Философияда бұл бағыт объективтік идеализм деген атпен дамыды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!