ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕЗИЛЬЕНТТТІЛІК ФЕНОМЕНІН ЗЕРТТЕУ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕЗИЛЬЕНТТТІЛІК ФЕНОМЕНІН ЗЕРТТЕУ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада психология ғылымындағы «резильенттілік» феноменінің мәні мен оны зерттеу бағыттарының эволюциясы қарастырылады. Шетелдік, ресейлік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып, автор резильенттіліктің тұлғаның күйзелістен кейін қалпына келу және бейімделу қабілеті ретіндегі мәнін ашады. Шетелдік зерттеулерде бұл ұғым тұлғаның бейімделу процесінің негізгі механизмі ретінде қарастырылса, ресейлік еңбектерде «өмірге төзімділік» және «өмірге қабілеттілік» ұғымдарымен ұштасады. Қазақстандық психологияда резильенттілік зерттеулері әлі бастапқы сатыда болып, әдістемелік бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, мақалада резильенттілікті зерттеу психологиядағы өзекті және болашағы бар бағыт ретінде сипатталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айсақан А.А,Болтаева А.М.

Әл-Фараби ат.ҚазҰУ


ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕЗИЛЬЕНТТТІЛІК ФЕНОМЕНІН ЗЕРТТЕУ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Резильенттілік ұғымы (лат. resilientia - «бастапқы күйге оралу») психологияда тұлғаның қиын немесе күйзелісті жағдайлардан кейін қалпына келу қабілетін білдіреді. Тұрақтылық немесе төзімділік сияқты басқа ұғымдардан айырмашылығы, резильенттілік стресстен кейінгі қалпына келудің динамикалық процесіне баса назар аударады. Бұл тек күйзеліске берілетін реакция ғана емес, сонымен қатар бейімделудің белсенді процесі болып табылады, ол тәжірибені қайта өңдеуді және қалыпты жағдайға тез оралу үшін қажетті ішкі ресурстарды пайдалануды қамтиды [6,98 б].

Шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде «резильенттілік» феномені үш негізгі тәсіл тұрғысынан қарастырылады: когнитивтік бихевиоризм, конструктивизм және экологиялық реализм бағыттары.

Бірінші тәсілге сәйкес, ғалымдар стресс жағдайындағы балалардың мінез-құлық реакцияларының эмоционалдық реттелу үдерістерін және олардың өмірлік қиындықтармен күресу жолдарын зерттеуге баса назар аударады. Ұзақ уақыт бойы қиындықтарды еңсерудің нақты мінез-құлық стратегиялары назардан тыс қалып келді. Бұл олқылықты В. Хайнц, И. Ламонтейн және Р. Стивенсон сияқты ғалымдар түзетті, олар копинг-мінез-құлықтың (ішкі диалог, әзілді дамыту, физикалық белсенділік) практикалық әдістерін ұсынды.

Адамның белсенді өмірлік ұстанымының өміршеңдікті сақтаудағы жетекші рөлі конструктивистік тәсіл аясында қарастырылады. Д. Геллерштейннің пікірінше, резильенттіліктің екі құрамдас бөлігі бар: физикалық және психологиялық. Экологиялық тәсілдің өкілдері өмірлік қиындықтарды еңсерудегі басты рөлді әлеуметтік факторларға береді.[1,3 б] Үш бағытты ұштастыра отырып, шетелдік ғалымдар резильенттілікке: адамның жағымсыз өмірлік жағдайларда қиындықтарды жеңе білу, және қауіпті деп танылуы мүмкін жағдайларда психологиялық тұрақтылықты сақтап тұру, ішкі және сыртқы ресурстарды пайдала отырып, өзін қалпына келтіре алу, бейімделе алу, және даму мен қалыптаса алу қабілеті деп түсіндіреді [5,13 б].

XX ғасырда пайда болған «резильенттілік» феномені зерттеушілер тарапынан әртүрлі тұрғыда түсіндіріледі.Шетелдік ғалымдар resilience ұғымын адамның күйзеліс пен қолайсыз жағдайларда бейімделу, қалпына келу және ішкі тепе-теңдігін сақтау қабілетін сипаттайтын динамикалық процесс ретінде қарастырады.

  • М. Rutter (1985) резильенттілікті жеке, отбасылық және әлеуметтік-мәдени факторлардың өзара әрекеттесуі ретінде сипаттайды.

  • Garmezy (1991) оны адам күйзелістен кейін қайта бейімделуге қабілеттілік деп түсіндіреді.

  • E. Werner (1993) резильенттілікті тәуекел мен қорғаныс факторлары арасындағы тепе-теңдік ретінде қарастырады.

  • E.D. Miller (2003) бұл – адамның физикалық және психикалық күшін тез қалпына келтіру қабілеті дейді.

  • G.A. Bonanno (2004) резильенттілікті қолайсыз оқиғалар жағдайында оң бейімделу процесі және психологиялық тепе-теңдікті сақтау қабілеті деп түсіндіреді.

  • Дж. Ричардсон (2007) оны күйзеліс пен өмірдегі өзгерістерге қарсы тұру процесі ретінде сипаттайды.

  • N. Henderson (2013) ішкі қорғаныс факторларының рөлін атап өтсе, С. Ackerman (2019) адамның қиындықтан кейін «қайта серпілу» қасиетін көрсетеді [1,4 б].

Көршілес ресейлік психологтар резильенттілікті- алғаш «өмірге төзімділік» ұғымын ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Б.Г. Ананьев енгізіп, оны адамның жалпы өз функцияларын эффективті орындай алу қабілеті деп түсіндірген. [2, 90 б] Заманауи ресейлік зерттеулердің нәтижесі ретінде А.А. Нестерованың «Тұлғаның өмірге қабілеттілігі» әдістемесін, және Е.А. Рыльская, А.В. Махнач және А.И. Лактионованың еңбектерін айтуға болады. Алайда, Ресейде аталған мәселе зерттеліп басталғанымен, оны ұғуда бірегейліктің жоқтығынан мәселелер туындайды. Бірқатар ғалымдар резильенттілікті «өмірге төзімділік» деп ұғып, адаптация-дезадаптация шеңберінде қарастырса (К.А. Иванова, Ф.И. Валиева), келесі ғалымдар оны «өмірге қабілеттілік», яғни тұлға сипаты ретінде қарастырады[[2, 303 б]. Тағы бір зерттеулерде ғалымдар тобы резильенттілікті «өмірге төзімділік», не «өмірге қабілеттілік» емес, оған жетудің құралы (И.А.Хоменко), немесе «өмірге қабілеттілік» өмір бойы қалыптасатын, ал резильенттілік, тек қиын өмірлік жағдайлар орын алғанда қалыптасатын феномен (Л.В. Бударина) деп анықтама береді. Бұдан бұл сұрақты қарастырудағы ресейлік ғалымдардың зерттеулері әлі бастапқы деңгейде тұрғанын ұғамыз[5,13 б].

«Резильенттілік» термині қазақстандық психология ғылымы үшін жаңа ұғым болып табылады. Бүгінгі таңда аталған феноменге қатысты зерттеулер енді ғана жүргізіліп бастап жатыр, соған орай оны зерттейтін әдістемелер де адаптациялауды талап етеді. Қазақстанда резильенттілік феноменін зерттеу әзірге бастапқы сатыда тұр. Қазіргі уақытта бұл құбылысты зерттеу мақсатында «Резильенттілік шкаласы» (RS-25) әдістемесін қазақстандық үлгіге бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қазақстандық зерттеушілер - Л.А. Лимашева, С.К. Бердібаева, А.Б. Альчимбаева және Б. Ибатуллин өздерінің «Ұялы байланысты шамадан тыс пайдалану жағдайындағы стресс пен резильенттілік деңгейлерінің көрінісі» атты мақаласында (Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Психология» сериясы, №4(81), 2024 ж.) және Дуанаева Сандуғаш Ерубаевна («Шетелде оқитын студенттердің стресс пен резильенттілігінің этнопсихологиялық аспектілері», PhD диссертациясы, 2024) еңбектерінде бұл феноменді эмпирикалық деңгейде қарастырған [4,132-139 б],[5,3-178 б].

Авторлар «резильенттілік» ұғымына нақты анықтама бермесе де, зерттеу бағытының отандық психологияда қалыптасып, дамып келе жатқанын байқауға болады.Шетелдік және ресейлік еңбектермен салыстырғанда, Қазақстанда әзірге теориялық база мен әдістемелік құралдар жүйесін қалыптастыру кезеңі жүріп жатыр, ал басқа елдерде бұл сала қолданбалы және пәнаралық зерттеулер деңгейіне жеткен. Дегенмен, қазақстандық ғалымдардың бастамашыл еңбектері бұл бағыттың дамуына негіз болып, оны әлемдік ғылыми кеңістікпен интеграциялауға мүмкіндік береді.

Зерттеулерді қарастыру нәтижесінде резильенттілік феноменінің шетелдік, ресейлік және қазақстандық психологиядағы зерттелу деңгейлері әртүрлі екені анықталды. Шетелдік еңбектерде бұл ұғым жан-жақты зерттеліп, тұлғаның бейімделу процесінің маңызды механизмі ретінде қарастырылады. Ресейлік зерттеулерде «өмірге төзімділік» және «өмірге қабілеттілік» ұғымдарына сүйенген түрлі теориялық бағыттар байқалады, алайда біртұтас түсініктің қалыптаспағаны көрінеді.

Қазақстандық ғылымда резильенттілік тақырыбы енді ғана даму сатысында тұр: отандық зерттеушілер бұл феноменді эмпирикалық деңгейде қарастырып, әдістемелерді бейімдеу жұмыстарын жүргізуде.Сонымен, резильенттілікті зерттеу қазіргі психологияда маңызды әрі болашағы зор бағыттардың бірі болып табылады. Бұл феноменді терең зерделеу жеке тұлғаның психологиялық тұрақтылығын арттыруға, қоғамдағы бейімделу мен өміршеңдік стратегияларын дамытуға мүмкіндік береді.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Селиванова, О. А., Быстрова, Н. В., Дереча, И. И., Мамонтова, Т. С., Панфилова, О. В.Изучение феномена резильентности: проблемы и перспективы // Мир науки. Педагогика и психология. — 2020. — № 3. — С. 1–10.

  2. Валиева Ф.И. Резилиантность: подходы, модели, концепции // Вестник СанктПетербургского университета. 2014 (Сер. 12). № 2. С. 39–50. 24.

  3. Иванова К.А., Валиева Ф.И. Развитие резилиантности у подростков // Неделя науки в СПбПУ: материалы научного форума с международным участием. Лучшие доклады. СПб: СПбПУ, 2016. С. 302–305.

  4. Лимашева, Л. А., Бердибаева, С. К., Альчимбаева, А. Б., Ибатуллин, Б.Выражение уровней стресса и резильентности в условиях чрезмерного использования мобильной связи // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы. Серия «Психология». — 2024. — № 4(81). — С. 132–139.

  5. Дуанаева, С. Е.Шетелде оқитын студенттердің стресс пен резильенттілігінің этнопсихологиялық аспектілері : дис. … PhD : 6D050300 – Психология. — Алматы, 2024.

  6. Чжан, Лицзя.Резильентность и жизнестойкость: сравнительный анализ понятий и их применение в психологии // Психология. Историко-критические обзоры и современные исследования. — 2025. — Т. 14, № 2А. — С. 98.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2025
26
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі