400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психология Мақала Қыдырбек Нұрболат

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыдырбек Нұрболат Менеджмент к1
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талай дарындылар мекені


Талай дарындылар мен білімділердің іргетасы қаланған қазақ интеллигенциясының қара шаңырағы ҚазҰУ толассыз тоқсан жыл бойы тамырын тереңге жайып келеді.Елеулі яки мерекелі жылда университетіміздің халықаралық деңгейде әлемге танылуы - студенттердің ғана емес,сол студенттердің санасына өшпес ілім қалдырып жатқан ұстаз,мамандардың да еңбегі зор.Әртүрлі бағыттағы мамандықтардың бір арнаға тоғысып бір жоспар пен бір мүддені мақсат тұтуы - білім қалашығының жоғары деңгейін дәлелдейді.Соның ішінде адамның дамуы мен санасына әсер ететін ол – Психология.



Адамнын ішкі жан дуниесін, онын сырттай болмыспен өзара ыкпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеуімен арнайы ғылым - психология .Пән атының езі де грек тілінен аударғанда психология - жан туралы ғылым дегенді айтады. Кең тараған тусініктерге жүгінсек, алғашқы психологиялық кезқарастар діни ырымдарға байланысты дуниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының алғашкы тұжырымдары адамды практикалык тану негізінде бастау білімдерін жинақтаған, жаңадан калыптасып келе жатқан ғылыми ой- пікір бағыттарының жалпы дүние, соның ішінде жан жөніндегі діни- мифологиялық кезқарастарға карсы күресінде дамуын тапты.

Психология ерте заманнан бері келе жаткан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. Жан туралы адамдар арасындағы ен алғашқы ырым турпайы материалистік сипатта болган.

Материализмнің ең алғашқы турі.

Адам үшін психология дегеніміз не? Оның қазіргі қоғамдағы құндылығы қандай? Бұл сұрақтар бүгінде өте өзекті. Психология негіздерін білу үлкен рөл атқарады, дегенмен біз бұл туралы ойламаймыз. Адамдар көп қобалжиды, қайғыға батады, біреумен жанжалдасады немесе ақпаратты қатты қабылдайды. Жалпы, адам өмірі зебра секілді, ақ пен қараға толы… Психология- бұл жан дүниесі. Көптеген мамандар психологияға адам туралы маңызды ғылымдардың бірі ретінде жүгінеді. Бұл ғылым барлық қызмет салаларында көрініс табады және кез-келген мамандық иесіне өзінің қадір-қасиетін сақтауға және айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Психология адамдарға өздерінің ішкі жағдайларын түсінуге жәрдемдеседі.


Тек ғылыми статустағы жетістіктермен ғана шектелмей,студенттік өмірдің қызық айнасы - активистиканың жарқын сәттерімен белгілі университетіміз жылдан-жылға қала белсенділігін қалыптастыру жолында өз орнын нық бекітуде.Орта Азия елдеріндегі оқу орындарының ішінде ең ірі,көп кітап орналасқан кітапхана болып саналатын - “Әл-Фараби” кітапханасы да біздің қалашығымыздың басты көркінің бірі.Шет мемлекеттердің азаматтары Отанымыздың алғыр студенттері жиналған оқу орнына келіп,Алатаудың құшағында орналасқан мекенімізге тәнті болатыны сөзсіз.Қашан да,көршілес мемлекеттің жоғары оқу орындарымен келісім-шартқа отырып,саналы сабақтастық жасау да - кез келген білім үйінің қолынан келе бермейді.Күні кеше ғана Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ресей Ғылым академиясының Қытай және қазіргі Азия институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Қос елдің ғалымдары да практика жүзінде ізгілікке толы зерттеу жұмыстары арқылы алмаса алады.

Қорытындылай келе, Фараби университеті - мүмкіндіктер мен ғажайыптар мекені,білім мен активистикалық өмірдің ошағы.Осындай ресурстары бар оқу орны Қазақстандық студенттердің асқақ арманы болып қала беретіні анық.



Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Cтасюк А.А.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Қыдырбек Н., 1 курс студенті

Менеджмент мамандығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.05.2024
103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі