жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Психология пәні және міндеттері. Психологиядағы зерттеу әдістері
«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі
Учреждение «Медицинский колледж «Семей»
Оқу-әдістемелік кешені
Учебно-методический комплекс
Пән: Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар
Предмет:
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Специаность:
Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»
Квалификация:
Тақырып: Психология пәні және міндеттері. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Тема:
Оқытушы: Заманбеков Қ.Ж.
Преподаватель:
ӘБК мәжілісінде қаралды
Хаттама №________________
«____»____________ 20__ ж.
ӘБК төрайымы __________
Рассмотрено за заседании ПЦК
Протокол №________________
«____»____________ 20__ ж.
Председатель ПЦК __________
1
Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны
Содержание УМК
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.
Выписка из ГОСО РК
-
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Выписка из типовой учебной программы
-
Жұмыс бағдарламасынан көшірме
Выписка из рабочей программы
-
Сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Методическая разработка занятия
2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандартынан көшірме
Выписка из государственного стандарта РК
ҚР МЖМБС 29.07.2016 - 661
ГОСО РК 29.07.2016 - 661
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар
Основы психологии и коммуникативные навыки
- психикалық әрекет нәтижелерін зерттеу арқылы емделушінің психологиялық жағдайындағы өзгерістерді айыра білу дағдыларын көрсетеді.
- медициналық сұхбат құрылымын, қарым-қатынас жасау жолдарын, құрылымын түсіндіреді.
- емделушіге бейімделінген медициналық сұхбаттың лайықты үлгісін таңдайды.
- «Өзін-өзі реттеу және аутогендік жаттығу» әдісіне бейімделеді.
Білуі керек:
- басты танымдық үрдістер айырмасын түсіндіреді;
- медицина қызметкері әрекетіндегі сезіну, қабылдау, ұсыну және басқа да танымдық үрдістерді қолданады.
- парасаттылық деңгей мен ойлана білу стилін бағалайды.
- түрлі жағдайларда медицина қызметкері, емделуші мен емделушінің туған туыстары арасында тиімді қарым-қатынас жасау әдісін қолданады.
- емделушінің медицина қызметкеріне айтқан проблемасын анықтайды.
- қарым-қатынас жасаудың вербалді және вербальді емес тәсілдерін қолданады.
- қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас үрдісі мәселелерін қолданады және оларды практикада тиімді қолданады.
- тестілеу және сауалнама жүргізу дағдыларын қолданады және алған нәтижелерін өзінше түсіндіреді.
- қарым-қатынас құзыреттілігінің маңызын қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының денсаулық сақтау ұйымы әкімшілігімен, медицина қызметкерлерімен, емделушілермен тиімді жанжалсыз өзара әрекет ету үшін бағалайды.
- психоэмоциялық шиеленісушілік, жеке бас тынышсыздық жағдайын бағалайды.
Знать:
Істей білуі керек:
- ес, көңіл жаттықтыру дағдыларын жаттықтырады.
- емделушінің психикалық үрдісінің бұзылысын танып білу дағдыларын жаттықтырады.
- емделушілермен әңгімелесулер жүргізу жағдайларын жаттықтырады.
- емделушінің мінез-құлқына қадағалау жүргізеді;
- емделушімен, туған туыстарымен, оның отбасымен және айналасындағылармен тиімді қарым-қатынас жасау қағидасын қолданады.
- медициналық сұхбаттың құпия болу қағидасын қадағалайды.
- емделушімен, оның отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасау кезінде азабы мен қасіретін бөліседі.
- өндірістік дау-жанжалдар кезінде даулы жағдаяттарды жоюға көмектеседі.
Уметь:
Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:
6.4 0301013 - «Фельдшер» біліктілігі бойынша бүтіндей оку-тәрбие процессі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс.
БҚ-1.1 – Өзін-өзі дамыту: ұзақ мерзімді жоспарлау машықтары игерген, кәсіпке және өзінің әлеуметтік міндеттеріне тұрақты, оң көзқарас қалыптасқан.
БҚ-1.2 – Ақпарат: ақпаратты жинайды және талдайды, білімін практикада қолданады.
БҚ-2.2 – Этикалық қағидаттар: кәсіптік этикалық құндылықтарды дәріптейтінің, әлеуметтік-мәдени диалогке дайындығын көрсетеді.
БҚ-3.1 – Коммуникативтік дағдылар: дағдайды ескере отырып, әртүрлі адаммен тиімді қарым – қатынас жасай алатынын көрсетеді. 3
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Выписка из типового учебного плана
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Специальность:
Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»
Квалификация:
Тақырыптық жоспар:
1.Түсіндірме жазба
2. Пән сағаттарын бөлу
3. Пән мазмұны мен шамамен алынған тақырыптық жоспарлары
4. Теория мен практикасының шамамен алынған тақырыптық жоспарлары
5. Оқыту және сабақ беру әдістері
6 Пәнді бағалау
7. Жабдықтары мен жарақтары
8. Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Тематический план:
Пән бойынша барлық сағат: 108
Всего часов по предмету:
Теория: 36
Тәжірибе:72
Практика:
Типтік оқу бағдарламасы: «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» медициналық білімдегі базалық оқу пәні ретінде кәсіби бағытталған тұлғаның шығармашылық потециалын ашуда маңызы зор. Психология мен коммуникативтік дағдылар бойынша алынған білім болашақ маманның қалыптасуы үшін психологиялық құбылыстарды, емделуші тұлғасы мен мейірбике қызметін талдауға, тұлғаның өзін-өзі талдауы мен өзін-өзі тануына және өзін-өзі жетілдіруіне арналған біліктер мен дағдыларды меңгеруге қажет.
Типовая учебная программа:
Пәннің мазмұны: тұлғаның психологиялық құзыреттілігін психика және психикалық қызмет механизмдерін дамыту үрдісінің негізгі заңнамалары білімі негізінде қалыптастыру, тұлғаның психогигиеналық қатысымы мен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын, сондай-ақ кәсіби маңызды коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Содержание дисциплины:
Теориялық сабақ: 2
Теоретическое занятие:
Тәжірибелік сабақ: 2
Практическое занятие:
4
Жұмыс бағдарламасынан көшірме
Выписка из рабочей программы
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Специальность:
Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»
Квалификация:
Пән: Психология негіздері
Предмет:
Курс IІІ семестр V
Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2
Общее количество часов на данную тему:
Теория: 2 сағат
Тәжірибе/Практика:
№ 1 сабақ
Тақырып: Психология пәні және міндеттері. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Тема:
Сабақтың түрі: дәріс
Вид урока:
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру
Тип урока:
Сағат саны: 2
Количество часов:
Сабақтың өтетін орны:
Место проведения урока:
Білім алушы білу керек: Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы. Психологияның даму кезеңдері. Психологияның объектісі, мәні мен міндеттері. Психология бағыттары. Психология салалары. Психика түсінігі мен психикалық үрдістер туралы ұғым. Психиканың даму кезеңдері. Психорлогиядағы зерттеу әдістері –тесті, сұрау, сауалнама, сынақ, әрекет ету нәтижелерін талдау. Психодиагностика.
Обучающийся должен знать:
Білім алушы игере білу керек: Диагностикалау технологиясы, сұраулар, сауалнамалар құрастыру.
Обучающийся должен уметь:
Оқытушыға арналған әдебиеттер: Ш.С. Сатиева. «Психология» (дәрістер курсы) - Семей: «Талант» баспасы. - 2007. - 196 бет.
Литература для преподавателя:
Білім алушыға арналған әдебиеттер: Жарықбаев Қ.Б. «Психология негіздері». Алматы. 2005. - 415 бет;
Литература для обучающихся:
5
Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Методическая разработка теоретического занятия
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Специальность:
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру
Тип занятия:
Өткізу әдісі: дәріс
Методика проведения:
Сағат саны: 2
Количество часов:
Сабақтың өтетін орны:
Место проведения занятия:
Сабақтың тақырыбы: Психология пәні міндеттері. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Тема урока:
Сабақтың мақсаты: Студенттердің сабақтың барысында психология ғылымымен таныстырып, оның салаларын ажырата алу және медицина саласында зерттеу әдістерін тиімді қолдана білу.
Цель занятия:
Сабақтың міндеттері: Жаңа тақырыптың барысында жаңа мәлімет беру
Задачи занятия:
Білімділік: Жаңа тақырыпты меңгеру, психология ғылымына, салаларына байланысты білімідерін кеңейту.
Образовательная:
Дамытушылық: Студенттердің психологиялық әдістерді медицина саласында тиімді пайдалану.
Развивающая:
Тәрбиелік: Оқып білгенін әр жағынан үздік және тәжірибеде қолдана білу.
Воспитательная:
Сабақтың жабдықтары:
Оснащение занятия:
Пәнаралық байланыс: Тарих
Межпредметная связь:
Пәнішілік байланыс: Коммуникативтік дағдылар
Внутрипредметная связь:
6
Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы
Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия
|
|
Сабақ бөлімдерінің атауы Название раздела занятия |
Уақыт тәртібі Временной режим |
|
1 |
Ұйымдастыру кезеңі Организационная часть |
2 минут |
|
2 |
Оқытушының кіріспе сөзі Целевая установка занятия |
3 минут |
|
3 |
Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме |
25 минут |
|
4 |
Жаңа тақырыпты түсіндіру Изложение нового материала |
40 минут |
|
5 |
Жаңа тақырыпты бекіту Закрепление новой темы |
10 минут |
|
6 |
Баға қою Выставление оценок |
5 минут |
|
7 |
Үй тапсырмасы Домашнее задание |
5 минут |
7
Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия
-
Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен сәлемдесу, отырғызу, жоқ студенттерді белгілеу, сабақты босату себептерін анықтау
Организационная часть.
-
Оқытушының кіріспе сөзі. Кіріспе. Психология міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері. Студенттердің сабақтың барысында психология ғылымымен таныстырып, оның салаларын ажырата алу және медицина саласында зерттеу әдістерін тиімді қолдана білу.
Целевая установка занятия.
-
Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Изложение нового материала. -
Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Психология пәні және оның міндеттері
2. Психология ғылымының даму тарихы
3. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары
4 .Психология ғылымының зерттеу әдістері.
Закрепление новой темы. Вопросы, задания для закрепления.
-
Баға қою
Выставление оценок
-
Үй тапсырмасы.
Тақырып: Психология пәні және міндеттері. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Пайдаланатын оқулықтар: Жарықбаев Қ.Б. «Психология негіздері». Алматы.2005. - 415 бет;
Домашнее задание.
Тема:
Литература:
8
Психология пәні және міндеттері. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан- салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі бөлімдерін қарастырамыз:
1) психикалық процестер;
2) психикалық қасиеттер;
3) психикалық қалып.
1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес;
2) Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану) т.б. компоненттері.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақ та жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұланғайыр, ал тарихы қысқа деген болатын.
Психология ғылымының даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф.Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф.Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан - алысқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф.Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Ф.Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф.Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.
Психиканы зерттеу және түсіндіру психология пәнінің қалыптасуыны алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Тек ХVІІІ ғасырда психология ілімдерінің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де психикаға қатысы жоқтығын көрсетті. Р.Декарт ғылымға бір мезгілде екі ұғымды енгізді. Сана және рефлекс. Бірақ ол өз ілімінде жан мен тәнді бір-біріне қарама-қарсы қойды да, өзара тәуелсіз екі болмыс – материя және рухтың жасайтынын уағыздады. Сондықтан психология тарихында бұл ілім «дуализм»(екі тарапты) деген атаққа ие болды. Дуалистік ілімнің негізінде ХІХ ғасырда психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен тарады. Бұл бағыттың өкілдері – В.Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Бине,Джемс және т.б.
Осы кезде психологияда эксперименттік әдістің болуына қарамастан, бұл теориялардың бәріне тән ерекшелік – психикалық құбылыстардың мәнін түсіндіру ғана емес, тек қана суреттеп сипаттау болды. 1879 жылы В.Вундт Лейпцигте алғашқы экспериментальдық лабораторияны ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-насыр әл-Фараби дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, психика денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский психиканың мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді дамытты. Психика дүниесінің сыры жайлы дәйекті материалистік пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Мұндай ой-пікірдер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жанда өледі», «Жан бар жерде қаза бар» т.б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болады.
Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы бар. XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше, оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем шығармалар туындату мүмкін емес деген.
Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді. Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп, нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, өсіп-дамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б. ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға кеңінен еніп, оның жан-жақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясы, инженерлік психология, арнайы психологияның бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология - мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – соқыр немесе нашар көретін адамдар психологиясын зерттейді, заң психологиясы, зоологиялық психология, салыстырмалы психология, педагогикалық психология, медициналық психология, әскери психологиясы, спорт психологиясы, даму психологиясы, ғарыш психологиясы, өнер психологиясы, әлеуметтік психология, басқару психологиясы. Сонымен, психология ғылымының өмірде араласпай отырған саласы жоқ деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сөзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.
Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Сондықтан ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек. Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).
2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.
Ұйымдастыру әдістері көбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады. Психологияның осы жүйесінің азды-көпті өзіндік ерекшеліктері бар.
1)Салыстырмалы әдіс. Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады. Салыстыру жолының мұндай түрі «кесінді» тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып зерттейді.
Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Мұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да көп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс деп атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын.
Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады. Байқау әдісі. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздері мен сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін - фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жаңғырту үшін магнитофон, диктофон т.б. пайдаланылады. Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар: 1) байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету; 2) байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінүшінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; мұндағы басты фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.
Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.Эксперименттің өзі лабораториялық және табиғи болып бөлінеді. Лабораториялық эксперимент XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастады. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н.Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Француз психологы А.Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І-ші дүниежүзілік конгресінде (Париж қ., 1889 ж.) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының карамағыңда оңдаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін орыс психологы Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты психологиялық институтының, (Мәскеу қ.) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар. Профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің даму жолдарын, ал профессор А.Г.Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген. Психикалық процестерді зерттеуде көптеген аспаптар қолданылады. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшандығын өлшеу үшін - хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін - эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін - тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін - аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін - эргографты пайдаланады.
Әңгіме әдісі, анкета әдісі, салыстырма – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Салыстырмалы потологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл-ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның психика дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарымен өзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сөйлеуге зақым келуін (афазия) қимыл әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің алжып, бәсеңдеп бұзылуын (амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен салыстыра талдаудың ғылыми мәні зор. Психологиялық тестілер. Тест дегеніміз - күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Аутотренинг. Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу - психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ төтенше жағдайдағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы өмір жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты болады.
Топтық тренинг. Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады.
Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бөлінеді: топтық пікір сайыс және ойындар. Топтық пікір-сайыс әдісі көбінесе белгілі бір жағдайларды, топтың өзін-өзі талдау түрінде пайдаланылады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің ойын әдістерінің ішіндегі рөлдік ойындар әдісі кең таралған.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген